Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 11:12, реферат
Сұраныс пен ұсыныс бүкіл нарықтық экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басқа тұтқа. Нарық, өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті қажет етеді. Бұл теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік түрінде көрінеді.
КІРІСПЕ ..................................................................................................3
1 СҰРАНЫС .........................................................................................................5
1.1 Сұраныстың шамасы. Сұраныс заңы ....................................................5
1.2 Сұраныс факторлары .............................................................................7
1.3 Икемділік..................................................................................................8
2 ҰСЫНЫС..........................................................................................................12
2.1 Ұсыныстың шамасы. Ұсыныс заңы.................................................... 12
2.2 Ұсыныс факторлары ............................................................................14
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.................................................15
3 СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ.........................17
3.1 Нарық тепе-теңдігі................................................................................17
3.2 Тепе-теңсіз жағдайлар: тапшылық пен артылып қалу......................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................22
Сұраныстың баға бойынша икемділігі тауар бағасы 1%-ға өзгерген жағдайда сол тауарға сұраныс шамасы нше пайызға өзгеретіндігін көрсетеді.
Сұраныстың бағаның өзгеруіне үн қатуының «өлшегіш безбені» сұраныс икемділігінің еселігі(EDP) болып саналады.
Сұраныс икемділігінің еселігі дегеніміз сұраныс шамасының бағаның өзгеруіне жауап түрінде өзгеру дәрежесін көрсететін сан.
Тұтас алғанда сұраныс икемділігі сұраныс шамасының бағаның пайыздық тұрғыдан өзгеруіне қарай пайыздық өзгерісінің қатынасы ретінде белгіленеді:
(1)
Cұраныстың баға бойынша икемділігінің факторлары
Алмастыратын нәрселердің
болуы және оларға қол жеткізудің
жеңілдігі
Тауардың қажеттілік деңгейі. Егер әлгі тауар(қызмет көрсету) бірінші қажетті зат болмаса өнімге деген сураныс неғұрлым икемді болады: алтыннан жасалған бұйымдар бағасының не туристтік агенттер қызметінің ақысыныңартуы(сәндік заттар) көптеген сатып алушылардың олардан бас тартуына әкеледі. Егер әлгі тауар(қызмет көрсету) бірінші қажетті зат болса өнымге деген сұраныс икемсіздеу болады: азық-түлік, медициналық қызмет бағасының қымбаттауы тұтыну көлемінің елеулі түрде азаюына әкелмейді.
Тұтынушы бюджетіндегі шығатын шығынның үлесі. Тұтынушы бюджетінде өнімнің бағасы көбірек, оғансұраныс та соғұрлым икемдірек бола түседі: қымбат тұрмыстық техника, автомобиль, жылжымайтын мүлік бағасының қымбаттауы көптеген сатып алушыларды сатып алуды кейінге қалтыруға мәжбүр етеді, сұраныс шамасы елеулі түрде өзгаріске ұшырайды. Тұтынушы бюджетінде өнімнің бағасы аз орын(улес) алған сайын оған сұраныс та соғұрлым икемсіздеу бола түседі: арзан тауарлардың бағасының қымбаттауы тұтынушының бюджетіне елеулы әсер етпейді, сол өнімдерге сураныс елеулі өзгеріске ұшырамайды.
Уақыт. Сұраныс қысқа мерзімдік
кезеңде икемсіздеу және ұзақ мерзімдік
кезеңде икемділеу: әдете қандай да бір
тауар бағасының қымбаттауы сатып алушы
үшін "күтпеген жағдайда" болады,
тұтынушының шешім қабылдауына уақыт
керек. Пәтердің жалға беру ақысының, көлік
қызметі ақысының қымбаттайтындығы туралы
хабар таяу уақытта сұранысқа онша әсер
ете қоймайды. Бірақ уақыт өте қымбаттап
кеткен тауардың орнына бір алмастырғыш
табуға тырысамыз: бағасы арзандау үй
іздестіріп, қоғамдық көлікті пайдалануға
көшеміз.
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі
Сұранысқа әсер етуші бағадан
тыс факторлардың бірі сатып алушының
табысы екендігі белгілі. Сұраныстың табыс
бойынша икемділігі тауар тұтынушының
өз табысындағы өзгерістерге қалайша
үн қататындығын көрсетеді. Сұраныстың
табыс бойынша икемділік
(2) немесе (3)
Формула (2) сұраныс пен табыс шамаларының пайыздық өзгерістері келтірілген кезде есептеу жасағанда ыңғайлы. Мысалы табыстың 25% өсуі тауарға сұранымды 10% өсірді. Бұл жағдайда сұраныстың табыс бойынша икемділіг мынаған тең:
(3) формула табыс бойынша сұраныс икемділігінің көрсеткішін есептеп шығаруға мүмкіндік береді, егер өзгеріске дейінгі және өзгерістен кейінгі сұраныс пен табыс шамаларының абсолют мәні белгілі болса. Мысалы, орташа табыс деңгейі айына 9000 теңгеден 15000теңгеге көтерілді. Отаудың шабдалы шырынына сұраныстың шамасы айына 4 литрден 6 литрға өсті. Сұраныс бойынша сол тауарғы сұраныс икемділігін анықтау үшін (3) формуланы пайдаланымыз:
Сұраныстың тоғыспалы икемділігі
Сұранысқа әсер етуші бағадан тыс факторлардың бірі өзара байланысты бағалар болып саналады.
Өзара байланысты тауарлар
нарығының өзара тәуелді
Өзге тауар бағасының өзгеріске түсуінен бір тауар сұраныстың сезімталдықпен осындай өзгеріске түсуін тоспалы сұраныс икемділігі көрсетіп береді.
Сұраныстың тоспалы икемділігі(
Комплементерлық не бірін
бірі алмастыратын тауарлар арасындағы
өзара тәуелділік дәрежесін тоғыспалы
икемділік еселігінің абсолют мені
боцынша анықтауға болады: сол
еселік нөлге жақын болған сайын
бұл тауарлардың өзара
2 ҰСЫНЫС
2.1 Ұсыныстың шамасы. Ұсыныс заңы
Тауар сатушылардың нарықтағы қисыны ұсыныс ұғымымен сипатталады.
Ұсыныс дегеніміз сатушылар
нарыққа шығаруға әзір тауар саны
мен сол тауар бағасының
Ұсыныс шамасы дегеніміз сатушылар сол бағамен ұсынуға әзір тауардың белгілі бір саны.
Сатушыларды(сізді) сатып алушылар тілеген баға қанағаттандырмауы да мүмкін. Сіз пайданы көбірек тапқыңыз келеді. Сондықтан шығаратын шығыныңызды есептей келіп жұртшылық арасында жүргізілген сауалнама мәліметтерін және шабдалы шырынын шығаратын басқа кәсіпкерлердің пікірін топтаған бір кесте жасадыңыз. Ұсыныс шкаласында сатып алушылар нарыққа әр нақты баға бойынша қанша өнім шығаруға дайын екендігін көрсеттіңіз, мұндағы Р (price -- баға), Q(quantity -- саны), S(supply -- ұсыныс).
Кесте 7- Ұсыныс шкаласы
Р, (бағасы, 1 литр үшін теңгемен) |
Qs (апта ішіндегі, литрге шаққандағы сұраныс шамасы) |
100 |
80 |
110 |
120 |
120 |
160 |
130 |
200 |
140 |
240 |
150 |
280 |
160 |
320 |
170 |
360 |
180 |
400 |
190 |
440 |
200 |
480 |
Ұсыныс шкаласы кестесінен сатып алушылар литріне 100 теңге бағамен нарыққа 80 л шырын шығаруға әзір екендігі көрінеді. Бұл анықталған заңдылық мынадай қорытынды жасауға негіз береді: ұсыныс шамасы тауардың бағасына байланысты және бұл тәуелділік -- тура(жағымды), яғни ұсыныстың бағасы мен шамасы бір бағытта өзгаріп отырады: тауардың бағасы жоғары болған сайын ұсыныс шамасы да көбейеді Р Qs . Бұл көрсеткіштер сатып алушының нарықтағы қисығының заңдылықтарын тұжырымдауға мүмкіндік береді: сатып алушылар төмен бағаға қарағанда қымбат бағамен көбірек тауар ұсынуға құштар(ұсыныс заңы).
Сатушының «нарықтық әрекетін» түсіндіру үшін келесі кестені зерттеуіміз қажет.
Кесте 8- Сатушының нарық әрекеті
Баға эффектісі |
Шабдалы шырынының ұсынымын график бойынша ұсыныс қисығы түрінде көрсетейік. Кестедегі мәліметтерді графикке көшірейік, мұндағы абсцисс сызығымен ұсыныстың шамасын, ал ординаттар сызығымен бағаны көрсетеміз.
Р(теңге/л)
200
180
160
140
120
80 160 240 320 400 Q(л)
График 2- Шабдалы шырынының ұсыныс шкаласы (л,апта)
Шабдалы шырынының ұсыныс шкаласы графигінде ұсыныс қисығы S. Қисықтың S әр нүктесіне сатып алушы бір бағамен сатуға шығаруға дайын тауардың белгілі бір саны сәйкес келеді. Бағаны 140 тг/л-ден 180тг/л-ге қымбаттату ұсыныс шамасының 240-тан 400л-ге өсуіне әкеледі (ұсыныс қисығы бойымен А нүктесінен В нүктесіне қозғалу-баға факторының әсері). Ұсыныс қисығы жағымды горизонталь жағдайға ие, мұның өзі баға мен ұсыныс шамасы арасындағы тікелей тәуелділікке байланысты: Р Q ; Р Q сондай-ақ ұсыныстың көтеріліп келе жатқан (өсу үстіндегі) қисығы табыстың қысқару заңымен түсіндіріледі, оған сәйкес әр қосымша өнім бірлігін шығару шығынды көбірек тілейді: TR , себебі ТС .
Ұсыныстың ұсыныс шкаласы, ұсыныс қисығы түрінде ғана емес, сонымен бірге аналитикалық тұрғыдан, математикалық формула түрінде көрсетуге болады. Егер ұсыныс атқарымы линиялар түрінде берілсе және тым болмағанда екі комбинация белгілі болса, онда сұраныс функциясы формуласын есептеп шығарғанымыз тәрізді ұсыныс функциясын да табамыз: у=kx+,мұндағы у -- ұсыныс шамасы(Qs), х -- баға(P). Ұсыныс функциясы мына түрде болады: Qs= =kP+b.
2.1 Ұсыныс факторлары
Эконмистер ұсыныстың
өзгеру себептеріне ұсыныстың бағадан
тыс факторларын (
Басқа тауарлардың бағасы. Тауар шығарушы пайда табу мақсатында өзінде бар шектеулі ресурстарды орналастырудың неғұрлым тиімді нұсқаларын іздейтіндігін бұған дейін айтқанбыз. Сол себепті өндірілуі кезінде тектес (сондай) өндіріс факторлары пайдаланылатын сипаттас өнім бағасының өсуі тауар шығарушыны өзіндегі ресурстардың бір бөлігін пайданы аз беретін өндіріс саласынан пайдасы көбірек болуы мүмкін салаға көшіруге әкеледі. Мәселен Қазақстанда 2003 жылғы жаз-күз айларында бидай бағасының рекордтық дәрежеге жетуі басқа дәнді дақылдар өсірумен айналысатын фермерлердің дереу бидай өсіруге көшуіне күшті түрткі болды. Соның нәтижесінде басқа дәнді дақылдардың ұсынымы азайып, бидай ұсынымы көбейді.
Ресурстар бағасы. Өнім шығару үшін ресурс (өндіріс факторлары) қажет. Өндірістік ресурстар қымбат болған сайын өнім өндіруші нарыққа да соғұрлым аз тауар шығарады, яғни ұсыным азаяды, ал керісінше ресурс бағасының төмен болуы өнім өндірушілерге өндірісті кеңейтуге мүмкіндік жасайды (ұсыныс көбейеді).
Технологиялар. Технология дегеніміз 1) шикізатқа, материалдарға әсер ету тәсілдері туралы ғылым; 2) өнім шығару барысында шикізатты, материалды өңдеу, әзірлеу тәсілдерінің жиынтығы. Технологияларды жақсартып отыру(жетілдіріп отыру) әр өнім бірлігін шығаруға шығатын ресурстарды азайтуға мүмкіндік береді.
Салықтар мен дотациялар. Салық дегеніміз заңды және жеке тұлғалар мемлекетке төлейтін міндетті төлемдер.
Сондықтан салықты көбейту өнім шығару ммкіндігін азайтады, ал салықтың азаюы керісінше кәсіпорынның өнімді көбірек шығаруына жағдай жасайды. Дотациялар және субсидиялар дегеніміз қандай да бір кәсіпорынды, саланы қолдауға, «сауықтыруға» мүмкіндік беретін мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдер. Сондықтан дотациялар өндірісті ынталандырады, соның нәтижесінде аталған саладағы, кәсіпорындағы шығарылған өнім ұсынысы көбейеді.
Сатушылар саны. Бизнесті дамытудағы қолайлы жағдайдың бірі -- бір тауарды шығарушы санының көп болуы. Қандай да бір тауар түрін шығарумен айналысатын кәсіпорындар санының көп болуы түтас алғанда тауардың нарықтағы ұсынысын көбейтуге әкеледі.
Келер күннен үміт ету. Бұл ұсыныс факторы ең алдымен кәсіпкерлік шешім қабылдауына мүмкіндік беретін ақпаратпен байланысты. Айталық, ТМД елдері аумағында бірнеше жыл қатарынан дәнді дақыл шықпай қалуы мүмкін екендігі туралы болжамда деректер, яғни соған орай оған бағаның өсу мүмкіндігі фермерлерді алаңдатып, олар бидай алқаптарын көбейтуі мүмкін. 2003 жылғы қуаң жыл салдарынан бидай бағасының өсуі және одан әрі өсу мүмкіндігі фермерлердің өз өнімдерінің бір бөлігін алда баға өскенде пайда табу ойымен қамбада сақтап қалуына әкелді.
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі
Сатушылардың қымбат бағамен көбірек тауар сатуына келіп тірелетін нарықтық қисын ерекшелігі жөнінде ілгеріде айтылды. Графикте бағаның өзгеруінен туған ұсыныс шамасының өзгеруі ұсыныс қисығы бойымен бір нүктеден екінші нүктеге қарай қозғалу түрінде көрінеді және ол сатушылардың тауар бағасының өзгеруіне қарай өзгеру дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін.
Ұсыныстың баға бойынша икемділігі тауар бағасы 1% өзгергенде тауар ұсынысының шамасы қанша пайыз өзгеретіндігін көрсетеді.
Баға бойынша ұсыныс икемділігі мына формуламен есептеп шығарылады: