Ақша- несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 20:32, реферат

Описание

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен айналысады.

Содержание

1. Банк жүйесі. Ақша-несие саясатының түрлері,
құралдары,мақсаты........................................................................
2. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ақша нарығындағы операциялар.......................................................................................
3. Салыстырмалы қатаң ақша саясаты және салыстырмалы икемді ақша саясаты.........................................................................................................



Негізгі түсініктер
Тест
Есеп
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Банк жүйесі.doc

— 167.00 Кб (Скачать документ)


 

 

 

Банк жүйесі. 

Ақша- несие саясаты.

 

 

 

1.      Банк жүйесі.  Ақша-несие саясатының түрлері,

           құралдары,мақсаты........................................................................

2.       Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ақша нарығындағы операциялар.......................................................................................

3.      Салыстырмалы  қатаң ақша саясаты және салыстырмалы икемді ақша саясаты.........................................................................................................

 

 

 

Негізгі түсініктер

Тест

Есеп

     Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банк жүйесі. Ақша-несие саясатының түрлері,құралдары, мақсаты.

            

           Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен айналысады.
            Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының  және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
          Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының  нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
           Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
          Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты.
      Қазақстан  Ұлттық банкі  мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
             

Ақша-несие- бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі- Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері.
         Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1)    рекстрикциялық ақша несие саясаты;
2)    экспанциялық ақша несие саясаты.
      Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
        Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Пайыз саясаты.
 

0ҚҰБ  өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге  асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
      ҚҰБ пайз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

 

 

 

2.      Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ақша нарығындағы операциялар.

       Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салымиелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін қолданады.

       Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама акшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сактандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үдерісін реттеу қызметтерін атқарады.

      Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген Қазақстан Республикасынын, коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы нұсқауға сәйкес, бастапқыда міндетті резерв нормасы депозиттік міндеттемелердің 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Кейіннен оның мөлшері 6%-ға дейін темендеді.

        Банк резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтікталаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқгы резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын еңтөменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

         Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдық нормативтерді орыңдауына байланысты еңтөменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

                    міндетті резервтер;

                    резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық Банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінін. 50% көлеміндетеңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50 % көлемінде пайыз төлейді.

          Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің «Ең төменгі резервтік талаптар туралы» ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті.

           Осыған байланысты 2004 жылдан бастап, банктер ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең теменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады.

Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі қолданылды:

  1. Баламалы — ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін еңтеменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.
  2. Балшасыз — қаражаттарды Ұлттық Банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.

2006 жылы ең төменгі резервтік талаптар бұрынғы 6% деңгейінде сақталғанына қарамастан, ең төменгі резервтік талаптарды есептеубазасы кеңейді және резервтік активтердің тізбесі қысқарды.

2006 жылың 12 шілде айынан бастап, міндетті резерв нормасын белгіленетін банктік міндеттемелер құрылымы төмендегідей түрлерге өзгертілді:

                    банктердің ішкі міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасын 6% деңгейінде белгілеу. Мұндағы банктің ішкі міндеттемелері қайтару мерзіміне байланыссыз резиденттердің алдындағы банктің міндеттемелерінің сомасын сипаттайды.

                    банктердің өзге де міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасы — 8%-ға белгіленді. Мүндағы банктің өзгеде міндеттемелері бейрезвдент алдындағы банктің міндеттемелері мен резидентгік белгісіне байланыссыз қарыздық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің сомасын білдіреді.

           Ақша нарығындағы оперяциялар      — бұл Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасының келемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

            Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің етімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді б сс і ю       ячя  лдіреді.

          Ұлттык Банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шыға- руды ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

 

 

3.      Салыстырмалы  қатаң ақша саясаты және салыстырмалы икемді ақша саясаты

 

         Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр бейнеленед. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырыды. Ал икемді монетарлық саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады.

 

 

 

 

Негізгі түсініктер

 

 

Банк  жүйесі дегеніміз-банктік қызметтер көрсетумен айналысатын мекемелер жүйесі. 

 

Коммерциялық банк- жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағыкәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.

 

Орталық банк-ұлттық валютаны айналымға шығарады,мемлекеттік алтын резервтерін сақтайды,коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланады.

 

 

Міндетті резервтер

 

Міндетті резервтер нормасының өзгеруі

 

Тіркелген пайыз мөлшерлемесі

 

Қатаң ақша саясаты

 

Икемді ақша саясаты

 

Ақша-несие саясатын  — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады.

 

 

 

Тест

 

 

1. Ақшаға сұраныс түсінігі нені білдіреді:

A) бағалы қағаздарды ұстау, қажетті жағдайда фиксировалған бағамен ақшаға жеңіл;

B) ақша сомасың кәсіпкер несие берудегі және пайдалану мүмкіншілігі белгіленген ставка бойынша;

C) табыстын бөлінетің кризистік күндерге алып қалу;

D) сол сұраныста ақшаға активтер жағынан белгіленген

Е) сол да ақша сомасына активтер жағынан және сұраныстын ақшаға жасаған шарты.

 

2.Банктер немен шұғылданбайды:

А) бағалы қағаздарды сатады және сатып алады;

В) өздерінің клиенттерінің операциялары бойынша шоттарды жүргізеді;

С)тауарлардысатпайды;             
D) ақшаны сатады және сатып алады;

Е) несие береді.

 

 

3.Ақша және «ақша дерлік» арасындағы айырмашылық неде:

А) «ақша дерлік» өзіне банктік шоттағы депозиттарды жатқызады;

В) ақшаны «ақша дерлікке» қарағанда көп жұмсауға болады;

С) ақша «ақша дерлікке» қарағанда тезірек айналымға түседі;
D) «ақша дерлік»- бұл ұсатылмайтын қағаз ақшалар;

Е)   «ақша дерлік» өзіне ақшаға сатылатын барлық тауарларды қосады.

 

4. «Қолма-қол ақша және депозиттер» қатынасының ұлғаюы неге әкеледі:

А)ақша ұсынысының төмендеуіне;
В)  ақша ұсынысының жоғарлауына;

С)ақша сұранысының төмендеуі;
D) ақша сұранысының жоғарлауына;

Е) ақша нарығындағы тепе-теңдікке.

 

5Ақша қандай қызмет атқарады

А)Жауаптардың барлығы дұрыс

B)Айналым қүралы

C)Құн сақтау құралы

D)Есеп құралы

E)Дұрыс жауап жоқ

 

6.коммерциялық банктердің резерв көлемі 1,5 млрд.теңге,ал депозиттер көлемі 6 млрд. теңге,міндетті резервтің нормасы 25%.Егер орталық банк міндетті резерв нормасын 20% төмендетуге шешім қабылдаса,ақша ұсынысы қандай шамаға өседі? 

A)1,5 млрд,теңгеге

B)0,9 млрд,теңгеге

C)1,2 млрд,теңгеге

D)1,8млрд,теңгеге

E)0,8 млрд,теңгеге

 

7.Қолма-қол ақшаның депозиттерге қатынасы (cr) 15%-ға тең,ал депозиттер шамасы (Д) 120 млрд.ңге. Ақша ұсынысы қаншаға тең?

A)138 млр.тенге

B)102млрд,теңгеге

C)18млрд,теңгеге

D)120млрд,теңгеге

E)Дұрыс жауап жоқ

 

8. «Қолма-қол ақша және депозиттер» қатынасының ұлғаюы неге әкеледі:

А)ақша ұсынысының төмендеуіне;
В)  ақша ұсынысының жоғарлауына;

С)ақша сұранысының төмендеуі;
D) ақша сұранысының жоғарлауына;

Е) ақша нарығындағы тепе-теңдікке.

Информация о работе Ақша- несие саясаты