Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 21:04, курсовая работа
СТЖК- халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін шешумен айналысатын, қазіргі кезде Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қор атымен танымал «Бреттонвудтық» ұйымдармен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін уакытша пайда болған.
СТЖК құрамына алғаш мүше ретінде енген жиырма үш мемлекет БҰҰ- ң жаңа арнайы ұйымы- Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) уставы бойынша келісімге келген елу елдің құрамына кірді. Бұл уставта тек халықаралық сауда нормаларын дамыту мақсаты ғана көзделген жоқ, сонымен қатар жұмысбастылық, шикізат тауарлары бойынша келісімдер, кәсіби тәжірибені, халықаралық инвестициялар мен қызметтерді шектеу сияқгы мәселелер туралы ережелер болған.
- ұлттық сауда саясатын бакылау;
2.2. Сауда жүйесінін принциптері
ДСҰ келісіміне 29 бөлек
құқықтық мәтіндер кіреді. Бұл қосымша
министрлер деңгейінде қабылданған. ДСҰ
мүшелерінің міндеттемелерін
50 жыл бойы СТЖК-ң негізгі ережелері мүшелер мен импортталатын және ел ішінде өндірілетін тауарлар дискриминациясына рұқсат берген жоқ. 1 бапта аталған «ең жағымды ел» ұғымына сәйкес, барлық мүшелер басқа кез-келген елдің өніміне жасайтын сауда жағдайларына мүше елдер өніміне де жасауға міндетті. Яғни еш ел басқа елге қарсы дискриминациялық немесе ерекше жағымды жағдай жасамауы тиіс: барлығы бірдей жағдайда тұрып, сауда шектеулерін азайтумен байланысты артықшылықтарға бірдей дәрежеде ие болуы тиіс.
1 бапта бірқатар салдары бар, мысалы кеден одактары мен еркін сауда зоналарына байланыстылары. Алайда ең жағымды ел режимі дамушы және т. б. экономикалық әсері аз елдер, елдер жағымдырақ сауда жағдайларын қолдана алады.
«Ұлттық режим» деген
атпен белгілі
Қайта қаралған СТЖК мәтінімен қатар, ең жағымды ел мен ұлттық режимге байланысты ДСҰ-ң бірқатар келісімдері бар. Интеллектуалды мүлік құқықтарының сауда аспекгілері келісіміне сәйкес, интеллектуалды мүлікті қорғауға байланысты ЕЖЕ және ұлттық режим міндеттемелеріне кірмейтін жағдайлар қарастырылған. Қызметтер саудасының жалпы келісіміне (ҚСЖК) сәйкес. қызметтерді тасымалдаушы мүше елдерге ЕЖЕ режимін ұсыну. Алайда ол белгілі жағдайда, ДСҰ мүшелері бастапқыдан лсындай режимді ұсына алмайтын жағдайларда орындалмайды. Осындай босату туралы шешім қабылданған кезде, ол 5 жыл өткеннен кейін қайта қаралуы тиіс және қызмет ету мерзімі 10 жылдан аспайды.
Басқа дескриминацияламауға байланысты келісімдерге шыгу тегі туралы ережелер келісімі; жүктегенге дейінгі қарау бойынша келісімдер; капитал салымдары саласындағы саудамен байланысты келісім; санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану туралы келісімдер кіреді.
Нарыктарға болжалынатын және өспелі кіруге рұксат.
Көпжақты сауда жүйесі
аркылы үкімет инвесторларға, кәсіпкерлерге,
кызметкерлерге. тұтынушыларға капитал
салымдарын арттыруға және жаңа жұмыс
орындарын жасауға
Нарықтарға кауіпсіз және болжанатын кіруге рұқсат алу тариф және кедендік баждар арқылы жүзеге асырылады. Квоталар заңсыз болып табылғанымен, тарифтер заңды болады да. үкіметтер оларды отандық өндірісті және табыс жинауларын қорғау үшін қолданылады. Алайда олар реттеуге ұшыратылады. Мысалы олар дискриминациялы емес және «байланған» болып табылады. Байлану дегеніміз- нақты тауар бойынша тариф деңгейі ДСҰ үшін міндеттеме болып табылады және ол негізгі сауда партнерлерінің келісімінсіз арттырыла алмайды. Көп жағдайларда кедендік одақтың кеңеюіне байланысгы кейбір аймақтарда тарифтер артып кетеді, осыған байланысты компенсациялық келесім сөздерін жүргізу керек болып табылады.
Тарифтердің 5 жылға арналған төмендетілуі дамыған елдердің өнеркәсіптік өнімдеріне 40 % төмендетуіне әкеледі, бұл орташа 6,3 % 3,8 % дейін және дамыған елдер бажсыз режим қолданатын импортталатын өндірістік тауарларға 20 44% дейін күрт өсті.
Барлық бейтарифтік импорттық шектеулерді «тарификациялау» ауылшаруашылығы нарығының болжамдалу деңгейін жоғарылатты. Ауылшаруашылық өнімдерінің 30 % квоталық және импорттық шектеулердің объектілеріне айналды. Қызметтер саудасы кезінде тарифтер қолданылмаса да, болжанатын шартгарды қажет етеді. Осыған байланысты мемлекет өзіне қызметпен байланысты қызметті реттеу міндеттемелерін алды. Бұд міндеттемелер тарифтерге байланысты міндеттемелермен қатар міндетті ұлттық схемаларда болады және әрі қарайғы қызметтер туралы келісім сөздер раундтары кезінде кеңейтіледі.
ДСҰ басқа келісімдері
алдын-ала түсінікті болғысы
Сауда шарттарының түсінікті болуы ішкі заңдар, тәжірибелер мен нұсқаулар транспарентті болуы тиіс. ДСҰ көптеген келісімдерінде транспаренттілік туралы сөз болады. олар ұлттық денгейде ресми жарналарда жоспарларды көпшілікке жария етуі керек. Сауда саясатын бақылау механизмі арқылы ұлттық сауда саясатына әрдайым бақылау жасап отыру арқылы ішкі және көпжақты деңгейде транспаренттілік қамтамасыз етіледі.
ДСҰ шектеулі және қорғаныс мақсатында тарифтерді қолдануға рұқсат беруіне байланысты «еркін сауда» ұйымы бола алмайды. Ол адал, ашық және өзгертілмеген бәсекеге арналған ережелер жүйесі болып табылады.
Демпинг пен субсидиялар жөніндегі ережелер сияқты, дискриминацияламау ережесі де сауданың әділетті жағдайларын қамтамасыз етеді.
ДСҰ-ң ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімі ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасы кезінде адалдықты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Интеллектуалды мүлік жөніндегі келісім идеялар мен өнертабыстар арасындағы бәскелес жағдайларды жақсартады. ДСҰ-ң т.б. адал және реттелген бәсекеге жәрдемдесу мақсатында жұмыс істейтін ережелер жұмыс істейді.
ДСҰ мүшелерінің төрттен үш бөлігін нарықтык емес жүйелерден өтпелі кезеңде тұрған, экономикалық реформаларды өткізгелі жатқан және дамушы мемлекеттер кұрайды. 1986- 1993 ж.ж. Урувай раунды өткен 7 жыл ішінде 60- тан астам осындай мемлекеттер сауданы либеризациялау бағдарламаларын жүргізді.
Кейбіреулері оны СТЖК- не ену шегінде жүргізсе, қалғандары өз бетімен жүргізді. Уругвай раундында бұрынғыға қарағанда, өтпелі экономикасы бар және дамушы елдер едәуір белсенді қатысты.
Мұндай жағдай сауда жүйесі тек өндірістік дамыған елдерде болды деген ойды жоққа шығарады. Бұл дамушы мемлекеттерді СТЖК-ның кейбір келісімдерінен босату керектігіне көзқарасты өзгертті. Уругвай раунды аяқталган кезде дамушы мемлекеттер дамыған мемлекеттерге жүктелетін міндеттемелерге дайындығын көрсетті. Сонымен қатар оларға ДСҰ- ң қиын міндеттемелеріне бейімделудің өтпелі мерзімі беріледі. Бұл алдымен ең кедей және ең нашар дамыған елдерге қатысты еді. Сонымен қатар министрлер деңгейінде қабылданған дамушы елдерге жеңілдіктер беру жөніндегі келісім экспорттаушы тауарларды нарықтарға жеңілдікпен енгізуге және бұл елдерге техникалық көмек көрсетуге шақырады.
СТЖК- де қабылданған дамушы елдерге байланысты келісімдер ДСҰ-да да, өз күшін сақтап қалды. Мысалы 1994 ж. СТЖК - ның 4 бөлімінде 1965 ж. қабылданған өндірістік елдерді дамушы елдерге көмектесуге ынталандыратын және жасалған жеңілдіктер үшін келееім сөздер кезінде жеңілдіктер күтпеуге шақыратын 3 бап қалдырылған. 1979 ж. Гокиолық раунд аяқталған кезде қабылданған екінші шара Жалпы преференциялар жүйесі негізінде дамыған елдер дамушы елдерге нарықтарға ену жөніндегі жеңілдетулерге негізделен.
Көпжақты сипатта негізделген ашық экономиканың экономикалық себептері қарапайым және саудаға тән ойға қонымдылықпен ерекшеленеді.
Барлық елдердің, оның ішінде ең кедейлерінде де, ресурстар болады. Мысалы адамдық, өндірістік, табиғи және қаржылық ресурстарды ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекелесуші тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қолданады. «Салыстырмалы артықшылықтар» елдердін өз активтерін ең тиімді жолмен қолданып, ең тиімді өндіру жолдарын қарастырады. Әлемдік нарықта қызмет атқару аясы кеңейіп, тұтынушылардың ең үлкеи санына жол ашылады. Яғни либералды сауда саясаты тауарлар мен қызметтердің шектелмеген ағымын мүмкін қылады да, жоғары сапалы, бағасы тиімді өнімдерді өндіру аркылы табысты жоғарылатуға көмектеседі.
Алайда саудадағы табыс өзгермейтін сипатқа ие емес. Нарықтың өзгеруі мен жаңа технологияларды енгізуге байланысты арзан және сапасы жоғары тауарлар өндірісін әртүрлі компаниялар қамтамасыз ете алады. Алайда ашық экономиканың ынталандырушы сипатына байланысты олар дамып, басқа аймақтарда бәсекелестік сипатқа ие болады.
Импорттан қорғау мен
әрдайым мемлекеттік
2.3.ДСҰ СТЖК- нен калай ерекшеленеді
Дүниежүзілік сауда ұйымы-СТЖК ісін жалғастырушысы емес, керісінше оны толығымен орнын басып, басқа сипатқа ие болады. Келесі ерекшеліктерді атап көрсеткеніміз жөн:
2.4. ДСҰ құрылымы
Ұйымның барлық уәкілдерін біріктіруші ең жоғарғы орган- Министрлер копференциясы. Конференция сессиялары екі жылда бір реттен кем емес жиналады да, Уругвай раундының мәселелері бойынша шешім қабылдайды. Бірінші конференция 1996 ж. желтоқсанда Сингапурде өткен; екіншісі 1998 ж. мамырда Женевада СТЖК/ДСҰ елу жылдық қызметі нәтижесінде қол жеткізілген нәтижелер жөнінде қорытынды жасалды; 2001 ж. Доха (Катар) өткен Министрлер конференциясынан кейін көпжақты келісімдердің жаңа раунды басталды; келесі конференция 2003 ж. Канкун (Мексика) өткен.
Мииистрлер конференциясы Сауда мен даму жөніндегі комитетті, Төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер бойынша комитет, Бюджет, қаржы, әкімшілік бойынша комитет, Сауда және қоршаған орта бойынша комитеттерді тағайындайды.
Министрлер конференциясы ДСҰ Басты директорын тағайындайды. Казіргі кездегі ДСҰ Басты директоры-Супачай Панитчпакди. Басты директор ДСҰ-ң Секретариатының қызметкерлерін тағайындайды да, Министрлер конференциясында қабылданған кұжаттарға қатысты олардың міндеттері мен қызмет ету шарттарын анықтайды.
Сессиялар арасында қажет туындаған жағдайда (жылына 8-10 рет) ағымдағы сұрақтарды шешу үшін ДСҰ барлық мүшелерінің уәкілдерінен тұратын Жалпы кеңес шақырылады. Жалпы кеңес Дауларды реттеу органының және Сауда саясатын бақылау органынын қызметін бақылайды. Жалпы кеңестің қол астында Тауарлармен сауда жкөніндегі кенес, Қызметтер саудасы жөніндегі кеңес, Интеллектуалды меншік құқығының саула аспектілері жайындағы кеңес және т.б. қызмет етеді. Қызметтер және тауарлар саудасы жөніндегі кеңес шеңберінде Келісімдер жөніндегі комитеттер және келісімшарттар топтары кұрылған. Кеңсетер мен комитеттердегі мүшелік ДСҰ-ң барлық мүшелеріне ашық.
Шешімдерді қабылдау. ДСҰ-да жалпы шешімге келу негізіндегі шешім қабылдау жүйесі қолданылады. Жалпы шешімге келе алмаған жағдайда шешім дауыстар басымдылығымен қабылданады. Тауарлар, қызметтер, интеллектуалды мүлік, қабылдаған міндеттемелерден босатылу шешімлері дауыстардың 3/4 қабылданады. Мүшелер құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайтын өзгертулер мен жаңа мүшелерді қабылдау дауыстардың 2/3- мен қабылданады.
2.5. ДСҰ - ның секретариаты және бюджеті
ДСҰ секретариаты Женевада орналасқан. Оның кұрамына Басты директор Супачай Панитчиакди басқаратын 500 қызметкер кіреді. Секретариаттың міндеттеріне келісімдер мен келісімдерді орындаумен байланысты ДСҰ уәкілді органдарына қызмет көрсету жатады. Ол дамушы елдерге техникалық көмек көрсету үшін міндетті болады. ДСҰ экономистері мен статистиктері сауда және сауда саясаты жөнінде анализ жасайды, ал юристер ДСҰ ережелерін анықтаумен байланысты мәселелерді шешеді. Секретариаттың басты қызметіне жаңа мүшелерді қабылдау келісімдері мен үкіметтерге кіру жөнінде кенес берумен байланысты. ДСҰ-ның бюджеті 134 млн. Швецар франкын құрайды, кұрамына 146 ел мүше болып кіреді. (7)