Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 21:04, курсовая работа
СТЖК- халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін шешумен айналысатын, қазіргі кезде Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қор атымен танымал «Бреттонвудтық» ұйымдармен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін уакытша пайда болған.
СТЖК құрамына алғаш мүше ретінде енген жиырма үш мемлекет БҰҰ- ң жаңа арнайы ұйымы- Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) уставы бойынша келісімге келген елу елдің құрамына кірді. Бұл уставта тек халықаралық сауда нормаларын дамыту мақсаты ғана көзделген жоқ, сонымен қатар жұмысбастылық, шикізат тауарлары бойынша келісімдер, кәсіби тәжірибені, халықаралық инвестициялар мен қызметтерді шектеу сияқгы мәселелер туралы ережелер болған.
Ауылшаруашылығын ішкі субсидиялау мәселелерін шешу қиынға түседі. ДСҰ- ның ережелері бойынша ең үлкен деңгей дамығаи мемлекеттер үшін -6 жыл ішінде 20%, ал дамушы елдер үшін 10 жыл ішінде 13% төмендетілуі керек.
2001 ж. тікелей және жанама көмек көрсету соммасы 80,9 млрд. теңге немесе 551,5 млн. долл., яғни ауылшаруащылық жалпы өнімнің 27,8% және мемлекеттік бюджеттің 11,3% құрады.
Егер ауылшаруашылығын мемлекеттік субсидиялаудың ең үлкен деңгейін Ресей үшін 1 млрд. долл. көлемінде орнатса, Қазақстан үшін 90 млн. долл мөлшерінде орнатуы мүмкін. Бұл көлемді 550 млн. АҚШ долл. көлемінде орнатуға болады, алайда мемлекеттік бюджет мүмкіндіктерімен тиімсіз субсидиялау керексіз болуы мүмкіндігін қарастырған жөн.
3.3. ҚР ДСҰ- на кіруі жайындағы келісім сөз үрдісі.
Қазақстанның ДСҰ- на кіру үрдісі 1996 ж. 26 қаңтарында басталды. 1996- 2002 ж.ж. аралығында ДСҰ- на кіру жөнінде көптеген ақпараттық мәліметтер көлемі бағытталған.
Осы уакыт ішінде Жұмыс тобының 7 отырыстары мен Қазақстанның нарығына тауарлар мен қызметтердің енуі жайында бастапқы ұсыныстарды талқылау жөнінде 13 екіжақты келісім сөздер жүргізілген.
Халықаралық сауда ережелеріне республика заңнамасының сәйкестенуі арта түсті. Ішкі нарықты, селекционды жетістіктерді қорғау, стандартизация, патенттер жайында жаңа заңдар қабылданып, кедендік заңнамаға өзгертулер енгізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді.
15 жыл ішінде жеткен
жетістіктер қорытындысы
Тауарлардың нарыққа кіруі жайында нақты келісім сөздерді жүргізуге Қазақстанның ДСҰ- на кіру жайындағы, жұмыс тобының 38 мүшелдері ішінен 15 мемлекет қатысуға ынта білдірді. Олардың ішінде ықпалы көптері: АҚШ, ЕК, Жапония, Канада, Австралия және Швейцария. Қызметтер бойынша 8 мүше елдер келісім сөздерді белсенді түрде жүрізіп келеді: АҚШ, ЕК, Канада, Швейцария, Жапония, Австралия, Латвия және Польша.
Қазақстан Республикасы ЕврАзЭС-тің мүше мемлекеттерінің Үкіметтік кездесулеріне белсенді түрде қатысатындығын атап көрсеткен жөн.
“Үкіметке мынаны тапсырамын:
...ДСҰ-ға кіру
шеңберінде біздің
Қазақстан халқына Жолдаунан 1 наурыз 2006 ж.
Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуді жақтаушылар да, оған қарсылар да уақыт озған сайын өз дәлелдерін алға тартып, дауыстарын айқынырақшығарып жатыр. Бұл заңды да. өйткені дүниежүзілік сауда ұйымы секілді әлемнің 149 мемлекетін біріктірген экономикалық алпауыт ұйымның құрамына ену ойласпай шеше салатын мәселе емес. Себебі бұл ұйым қайырымдылық одағы емес, керісінше қиян-кескі бәсекелестік өтетін алаң ұйымды күшті тауар өндірісі бар ел ғана жеңіске жетеді. Күшті деген сөзді ең бірінші “арзан” тауар өндіре алу деп түсіну керек. Екіншіден, күшті деген сөзді “сапалы” деген сөзбен алмастыруға болады. Яғин өзіндік құны төмен, бірақ жұрт қызығатындай сапалы тауар өндіре алсаң ғана бұл ұйымның қызығын көресің. Ал ондай мүмкіндігі болмағандар импорт тұтынушысы шеңберінде өмір сүреді. Ақиқат осы. Ал осындай бәсекеге біз төтеп бере аламыз ба? Міне, бүгінгі әңгіме осы жайлы болмақ.
Бұған дейін қазақ пен орыс елі Дүниежүзілік Сауда ұйымына “қол ұстасып”, бірге кіруге сөз байласқан –тын. Алайда осыдан біраз ай бұрын Въетнам астанасы- Ханойда Ресей АҚШ-пен “ДСҰ-ға кіру туралы Хаттамаға” қол қойғанда, Қазақстанның енді жападан-жалғыз қалғандығы анық болды.
ДСҰ-ға мүше болмасқа амал жоқ. Замана талабы осыған міндеттеп отырғандығын дұрыс түсінгеніміз игі. Жаһандану үрдісінің алдыға айналған алып доңғалағын тоқтату мүмкін емес. Керісінше, біздің одақ қалып қоймай, ертерек бейімделе бергеніміз жөн. Экономикалық қарым-қатынастарымызды, сауда-саттығымызды жаңа талаптарға сәйкестендірудің алғышарттарын нақты белгілеп алуымыз қажет. Сонымен Қазақ Елі 1996 жылдан бері ДСҰ-ға кіреміз деп осы ұйымға мүше елдермен толып жатқан келіссөздер жүргізіп келеді. Талай-талай заңдар өзгерілді, жаңа стандарттар (ГОСТ) енгізілді. Не ойлағаны барын кім білсін Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің кейбіреулері оған бөлек-бөлек болмай, кірсек бәріміз бірге кірейік деген ұсынысты да айтып жүр. Сонда Қазақстан сыртқа шығаратын өнімі де (егер өнім бар болса!) солар шығаратын өнімнің есебіне кіріп кетпей ме деген күдік тағы мазалайды. Қазақ атам мұнайда “Ортақ өгізден оңаша бұзау артық” дейтін еді – ау...
Ал осы Одақтың мүше елдері ДСҰ – ға бөлек – бөлек кірсе де олар бізге “торговый партнер” болып шыға келеді емес пе!
Қазақстан ДСҰ – на
кіреді дегеннен – ақ көңілімізге
қатты бір күдік ұялайтын еді.
Әрине, ол ауылшаруашылығына байланысты.
Ауылшаруашылығы дегенде
Бұл аз болса, мынаны да еске алыңыз. ДСҰ – ға мүше елдердің ішінде ауылшаруашылығы шарықтап, әбден дамыған Канада, Бразилия, Аргентина, Австралия сияқты мықты – мықты елдер бар. Оладың өздері мүше болып отырған осы ДСҰ – ға деген ауылшаруашылығы бойынша өте қатаң өз ұстанымдары бар. Ауылшаруашылығына пайдаланылатын жердің әр гектарына бірнеше жүздеген доллар төленеді. Ал Қазақстанда ауылшаруашылығына көмек деп аталатын көмекті ортақ бөлімге келтірсек, әр гектарга бар болғаны 14 доллардан келеді екен. Сөйтіп отырып ДСҰ – ға кіреміз, сөйтіп отырып ауылшаруашылығында бәсекеге түсаміз деу өзіңді - өзің алдап, не қаратабан ауыл қазағын алдау емес пе? Олай болса, кейбіреулердің “ДСҰ – ға кіргесін көп ұзамай – ақ Қазақстан Республикасы дегеніміз үлкен – үлкен бірнеше қала болып қалады” деген сөзі расқа айналмай ма? Оның аржағында не боларын не боларын айтуға ауыз бармайды... “Аттыға ерем деп, жаяудың таңы айырылыпты” деген осы шығар, сірә!