Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 17:41, реферат
Экономика ғылым ретінде қадағаланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем баласының жағдайын зерттейді. Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алған ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемінің, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымылылардың қысқа мерзімдегі тербелістерін (ауытқуларын) да зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадығы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мұндай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.
Курс 1
Семестр 1
Кредит саны 2
Барлық сағат саны 90
Барлық аудиториялық сағат 18
Оның ішінде:
Лекциялар 2
Семинар сабақтары 2
F2F консультациялары 14
Барлық қашықтықтан оқыту сағаты 72
оның ішінде:
СӨЖ: 57
лекциялар 13
семинар сабағы 13
ӨЖ 31
Оn-line, off-line консультациялары 15
Аралық бақылау 2
Емтихан 1 семестр