Макроорта факторлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 18:27, реферат

Описание

Маркетинг ортасы дегеніміз – фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып , оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы.
Макроорта кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды.

Содержание

1. Макроорта
2. Макроорта факторлары :
а) демографиялық факторлар
ә) экономикалық факторлар
б) табиғи факторлар
в) ғылыми – техникалық факторлар
г) саяси факторлар
ғ) мәдени факторлар

Работа состоит из  1 файл

мар.doc

— 67.50 Кб (Скачать документ)

Ғылым мен техниканың дамуы үлкен мүмкіндіктермен қатар, қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп тудырады. Сондықтан да кәсіпкерлер өз қызметінің қоғам дамуына кері әсері тимеу үшін  ғылыми-техникалық ортадағы өзгерістерді ескеруі қажет.

 

Саяси орта. Белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлікті реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жағдайы мен мемлекеттің рөлі  анықталатындықтан, тауарлар мен қызметтер нарығының дамуы саяси -құқықтық орта әсерінен де болады. Кәсіпкерлік және маркетингтік қызметке тікелей қатысты заңдар мен  құқықтық жалпы ережелерден мамандар әрдайым хабардар болып отыруы қажет.  Бұл, әсіресе, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Салық кодексі, «Жарнама туралы», «Сауда-өндірістік палаталары туралы», «Теріс пиғылды-бәсекелестік туралы», «Бәсекелестік және монополиялық қызметтерді шектеу туралы», «Лицензиялау туралы» және т.б. заңдар мен нормативтік актілерге қатысты.

Маркетингтің құқықтық ортадағы қазіргі заманғы бағыты – тұтынушылар құқығын қорғау үшін ұйымдастырылған консьюмеризм қозғалысы (тұтынушылардың мүддесін коммерциялық фирмалардың арамзалық әрекетінен қорғауға бағытталған қызмет) болып табылады. Қазақстанда консъюмеризм нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасының төмендеуіне және қоршаған ортаның ластануына байланысты пайда болды. Нарықтың импорттық ырықтандыру жағдайында сапасыз тауарлармен толуы, кәсіпкерлердің түзу ниетті, іскерлік тәжірибеге дайын болмауына байланысты, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселе болып саналады. Қазіргі кезде тұтынушылар құқығын қорғау жүйесі қалыптасу кезеңінде, олардың мүддесін 100-ге жуық қоғамдық ұйымдар қорғауда.

 

Әлеуметтік-мәдени орта. Кәсіпорын маркетингтік қызметінің дамуына әлеуметтік-мәдени факторлар да әсер етеді. Маркетинг мамандары маркетингтік мүмкіншіліктерді анықтау үшін әлеуметтік-мәдени ортадағы тенденциялардың өзгерістерін алдын ала болжауға тиіс.

Бұл ортада ең алдымен нормалар жүйесі, қоғамда орын алған ережелер мен құндылықтар, адамдар арасындағы қарым-қатынас маңызды мәнге ие болады. Дәстүрлі көзқарастар мен  құндылықтар жүйесі ұрпақтан ұрпаққа беріліп, негізгі әлеуметтік институттар қызметімен нығайтылады. Бастапқы құндылықтар тұрақты болғанымен, кейінгі құндылықтар уақыт өте келе кейбір өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, жастар мәдени ортадағы әйгілі адамдарға ұқсап киінуге, тарануға еліктейді.

Қазіргі кезде адамдар өздерінің бос уақыттарын демалуға және спортқа арнауға тырысады. Ол диеталық тамақтар индустриясының пайда болуына, сонымен қатар қызмет көрсету саласының өсуіне ықпал етті.

Ұлттық-экономикалық психология Қазақстанда тұратын ұлттардың дәстүрлерін, мәдениетін және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қалыптасады. Нарықтық реформалар қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын, менталитетін, мәдениеттің алғашқы көздерін, сонымен қатар басқа халықтардан келген дәстүрлерді де ескеруі қажет. Мұнда соғыстан кейінгі жартылай күйреген экономикадан толысқан нарыққа өту кезіндегі Жапонияның ұлттық сипаттағы түбегейлі әлуетті қолданып, экономикалық өсуге жеткенін мысал ретінде келтіруге болады.

Мәдениет – бұл адамдық сананың рухани өлшемі, реформалардың әлеуметтік базасының сапалық компоненті, әрі маркетингтің маңызды факторы. Тұтынушы мінез-құлқымен тығыз байланысты болғандықтан  маркетингте оны зерттеуге үлкен мән беріледі.

Қазіргі таңдаѓы зерттеушілердің мәліметтері бойынша, қоғамдық прогрестің индустриалды-технократиялық тенденциясының орнына адамдардың материалдық қажеттіліктерін ескере отырып, олардың рухани құндылықтарына, творчестволық жағына назар аударатын мәдени бағыт дамып келеді.

Нарықтық экономикаға өтумен бірге қоғамның әлеуметтік таптарға бөлінуі орын алды. Осыған байланысты мәдениет таптарының, яғни байлар мен кедейлер, ауыл тұрғындары мен қала тұрғындары, сондай-ақ маркетинг мақсаттары үшін маңызды болып саналатын әр түрлі әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін бағалау және талдау қажеттілігі туындап отыр.

Бүгінгі дәстүрлі қазақ мәдениеті полиэтикалық және плюрализммен сипатталады. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақстандық әлеуметтік және мәдени парадигмасының негізі этикалық және геосаяси дәстџрлерді, сондай-ақ љөкениеттің жарқын жолымен мәдени құндылықтарды сақтауға мүмкіндік беретін Еуразия мәдениетінің идеясы болып саналады. Сонымен бірге қазіргі кездегі мәдениеттің дамуының жаңа бағыттары ретінде элитарлық және бұқаралық мәдениеттің бірігуін, плюрализм мен стильдердің араласуын сипаттайтын постмодернизм екенін атап өтуіміз қажет.

 

Нарықтың өзгермелі жағдайына бейімделу үшін фирма үнемі маркетингтің макроортасын қалыпты түрде бақылап отыруы қажет. Бірақ ол факторлардың барлығы кәсіпорын қызметіне бірдей әсер етпейді. Ұйым өз тарапынан макроортаның қандай факторлары қызметке зор әсер ететінін, ал қайсысы дамуына қауіп төндіретінін анықтауы қажет.

 



Информация о работе Макроорта факторлары