Менеджмент и маркетинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 05:48, курсовая работа

Описание

1. Нарық - маркетинг әрекеттеріне байланысты мүдделер тоғысатын біртұтас құрамды орта. Ал қажеттеліктің нақты бағытына қарай ондағы болашақ тауарларды топтарға немесе түрлерге бөлу нарықты сегменттеу деп аталады.

Нарықтың жалпы мүмкіндіктерін тұтынушылардың мұқтаждык айырмашылықтарына немесе оларды тауар өткізуге қатысты шаралар қабылдау дәрежесіне байланысты реттеп отыру - нарықты зерттеуге қолайлы жағдай туғызумен бірге, өндіріс-тауар өткізуді соған сәйкес икемді ұымдастыруға жәрдем етеді. Тұтынушылар қабілетін және олардың тауарға деген көзқарасын бейнелейтін тауар топтары нарықтың сегменттік сайымдылығы мен сапалық құрамын көрсетеді және бұл стратегиялық бағдарлама жасауға негіз болады.
Нарықтың құрамы және сегменттік қалыптасуы тұтынушылар ортасын өзіне тән географиялық орналасуына, табиғи жағдайына, олардың ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесіне және тұтынушының сатып алу қабілетіне тікелей байланысты. Сондай-ақ ол нарық түрлерін ажырата алуына септігін тигізеді.
Нарықты сегменттеу өзіндік ерекшелектері бойынша мынадай біренше түрге бөлінеді:
Макросегменттеу - мұнда тұтынушылар жеке мемлекет, ірі аймақтар шеңберінде қарастырылады. Олардың табиғи-географиялық орталары, экономикалық потенциалы, шаруашылық құрамдары, жетекші басты салалары, технолгиялық даму деңгейі есепке алынады.
Микросегменттеу - түрлерін белгілі бір мемлекеттің ішкі ерекшеліктеріне сәйкес бөледі. Онда экономикалық аудандардың кәсіптік бағдарға қарай мамандандырылуы, олардың жергілікті ерекшеліктері, сол жерді мекендейтін халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, салт-дәстүрлері мен өндіріс жаңалықтарына деген өзіндік көзқарастары сегмент құрамына жатуы мүмкін.

Работа состоит из  1 файл