Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 12:38, реферат
Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы (түрі).
Нарықтағы экономикалық
Экономикалық
әдебиетте «нарық»
Сұраныс пен ұсыныс
Сұраныс – сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:
Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда
Qd – тауарға сұраныс (guantity of demand)
P – тауар бағасы (price)
I – сатып алушының кірісі (табысы)
T – сатып алушылардың ұнатулары
PS– субститут – тауарлар (substitutes) бағасы
PC – тауарлар – комплементарийлердің (комплементтер – complements) бағасы
N – нарықтағы сатып алушылар саны (number).
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі (бейнеленеді)
Р
Сұраныс қисық сызығы
Сұраныс қисық сызығының практикалық мәні: оның көмегімен өндірушілер тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады.
Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:
Бағалардан
басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар
да әсер етеді, олар: сатып алушының
табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы
сатып алушылар саны, солармен қатар,
ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық
емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс
көлемін өзгертеді де графикте сұраныс
қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді.
Сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты
жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан
– Д1 ге дейін), ал азаюы –
төмен және солға (Ддан – Д2
ге дейін).
P
Сұраныс қисық сызығының
Кейбір жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс заңының парадоксы (қайшылығы) деп аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.
1. Бай сатып алушыларға көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың «көпшілік алдында көрсету үшін», үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.
2. Бағасы бойынша сапасы жөнінде айтылатын тауарлар. Сатып алушыларда тауар туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға қарап, тауарды сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы туралы белгі беріп, сұраныс заңының әрекетіне қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.
3. Гиффен тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда «нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады», кейін бұл байқаулар «Гиффен парадоксы» (қайшылығы) деп аталатын болды. «Гиффен парадоксының» мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. «Гиффен қайшылығы, парадоксы» тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.
4. Инфляциялық күтулер – инфляция кезінде бағалардың көтерілуі сұраныстың үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар келешекте бағалардың одан да жоғарылауын күтеді.
Жеке сұраныс (бір тұтынушының сұранысы) пен нарықтық (салалық) сұранысты (осы нарықтағы немесе саладағы барлық тұтынушылардың сұранысы) айыру қажет. Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:
QS = f (P, PS, PC,pres, K,T,N), мұнда
QS – тауар ұсынысы (supply)
P – тауар бағасы
PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары
Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы
K – технология деңгейі
Т – салықтар мен жәрдемақылар (taxes)
N – нарықтағы сатушылар саны
Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады да графикалық – ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар.
P
Ұсыныс қисық сызығы
Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып жатады – өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді.
Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.
P
.
Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.
Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі мына жерде көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.
P
.
Ұсыныс қисық сызығының
Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде – қысқарады. Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.
P
А1
А
S
Мысал
ретінде еңбек нарығындағы
Қысқа мерзімді кезеңде (SR – short run), кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде (LR – long run) өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады.
Информация о работе Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі