Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 12:38, реферат
Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы (түрі).
P
S
P
S P
. Ағымдағы қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі
ұсыныстың қисық сызығы.
Нарықтың тепе-теңдігі
Нарық тепе-теңдігінің моделі А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.
Неоклассикалық мектебінің негізін қалаушысы ағылшын экономисті А.Маршаллдың бейнелі, нақысты сөзі (сөйлемшесі) бойынша сұраныс пен ұсыныс «бір қайшының екі жүзі» болып, нарықтық бағаның белгілеуінде бірдей қатысатынын дәлелдеді. Бір тауардың сұраныс қисық сызығы графигін осы тауардың ұсыныс қисық сызығына жатқызып, біз жартылай нарықтық тепе-теңдік моделін (үлгісін) – бір тауар нарығындағы тепе-теңдікті аламыз.
Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының нүктесі – нарық тепе-теңдігі нүктесі, ол теңсалмақты баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді, яғни сатушы мен сатып алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.
P
S
D
Q
.
Жартылай нарық тепе-теңдік
Егер тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары – Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады (9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD > QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі:
QD = f (P); QS = f (P); тепе-теңдік шарты QD = QS
P2
P2
E PE E
PE
P1
QS QE
QS'
QS QE
QS'
. Вальрас бойынша Маршалл бойынша
тепе-теңдік
Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты шамасының тепе-тең шамасынан ауытқуынан болады . Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 > Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты мынадай болады:
PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS
Нарық тепе-теңдігінің модельдері (үлгілері) статикалық болып келеді, өйткені олар уақыт факторын есептемейді. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мысалы – «өрмекші тәрізді» модель. Оны көрсету үшін сұраныс ағымдағы кезеңнен (t), ал ұсыныс – өткен кезеңнің бағасынан тәуелді дейік (t-1).
P
S
Pt
P*
P*
Pt-1
а) Qt-1 Q* Qt б) Q*
P
Нарық тепе-теңдігінің «
Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3 ахуалы мүмкін:
а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады
б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде
в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұр
Сонымен, тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша, нарықта оның жоқ болатын ахуалдары мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе пайда болады:
1.Егер сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары бірдей еңкіштігінен қиылыспайды. Бұл жағдайда тұрақты тепе-теңдікке жетпей:
а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады.
б) нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені не сатушылар, не сатып алушылар оған ешқандай қызығушылық білдірмейді.
D
a)
б)
Сұраныс
пен ұсыныс қисық сызықтары
қиылыспайды.
2.Әр түрлі еңкіштігі (наклон) болса да, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ:
а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі
б)
кез келген (оң) көлемде ұсыныс бағасы
сұраныс бағасынан жоғары – мұндай
жағдайда сұраныс қисық сызығы төмен
болса да, нарық пайда болуы мүмкін
D
S
а)
.
Сұраныс пен ұсыныс қисық
Орындаған:
Қуанышева Балнур
Информация о работе Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі