Негізгі капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 08:11, реферат

Описание

Өндірістің негізгі капиталына өндіріс үдерісіне түкелей қатысатын нысандар жатады. Олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет. Материалдық жағдайын жасайды.

Содержание

1.Өндірістік негізгі қорлардың саралануы?
2.Негізгі қорлардың технологиялық құрылымы?
3.Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері?

Работа состоит из  1 файл

Улжан.doc

— 109.50 Кб (Скачать документ)


Негізгі капитал.

1.Өндірістік негізгі қорлардың саралануы?

2.Негізгі қорлардың технологиялық құрылымы?

3.Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері?

1.1Өндірістік негіздегі қорлардың саралануы

Өндірістік үдеріске қатысу сипатына қарай негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.

Өндірістің негізгі капиталына өндіріс үдерісіне түкелей қатысатын нысандар жатады. Олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет. Материалдық жағдайын жасайды.

Өндірістік емес негізгі капиталдың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі капитал жатады. Оларға тұрмыстық үй жай шарушылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі капитал жатады.

Иелігіне қарай негізгі капитал меншіктік, яғни, кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып бөлінеді.

Меншіктік капитал дегеніміз – субьектіге тиесілі және оның теңдестігіне көрініс табатын негізгі капитал. Белгіленген мерзімге сәйкес басқа субьектіден алынған негізгі капитал жалға алынған құрадар болып саналады.

Өндірістік-шаруашылық қызметтегі пайдалану барысына қарай негізгі қорлар жұмыс істейтін , жұмыс істемейтін және сақтада тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни, қолданыстағы негізгі кпитал жатады. Жұмыс істемейтін негізгі кпиталың қатарына тоқталып қойылған, белгілі себептермен әзірге басқа жаққа да берілмеген басы артық жабдықтар жатады. Сақтауда тұрган негізгі капиталдың катарына келешекте, яғни, алдыңғы уақытта тозуына немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі капиталдың орнына пайдалануға арналған құрал жабдықтар жатады.

Заттық құрамына қарай негізгі капитал мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни, санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланатын жер, орман алқабы, су ресурстары сияқты күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады.

Халық шаруашылығының әр түрлі даму сатларында негізгі қорларды жүйелеу әр қилы болғандығын айта кеткен жөн. Саралау топтарының саны мен құрамы өзгерип отырады. Бірақ , ұлттық экономиканың барлық даму кезеңінде негізгі өорларды саралау ісіне аталған әдістемелік тәсіл пайдаланылып келді.

ҚР халық шаруашылығында барлық қызмет салалары меншік түрлері үшін міндетті негізгі қорларды саралау жүйесі қолданылады. Саралаудың біртұтастығы оны халық шаруашылығы салаларында еспке алуда, салыстыруда, саланың дамуын анықтауды маңызды шарт болып табылады.

Өзінің құрамы, мақсат-міндетіне және еңбек үдерісінде атқаратын қызметіне қарай негізгі қорлар топтар мен ішкі топтарға бөлінеді: үйлер, ғимараттар, өткізгіз тетіктер, машина және құрал жабдықтар (өндірістік негізгі қорлар құрамындағы бұл топ ең маңызды әрі көп санды болып табылады. Және ол шағын келесі топтарға: күш машиналары мен құрал жабдықтар , жұмысшы машиналары мен құрал жабдықтар, өлшеіш және реттеуіш заттар, есептуіш техника, сонымен қроса автоматты машиналармен құрал жабдықтар болып бөлінеді. ) тасмалдау құралдары, құрал сайман мен жабдықтар, шаруашылық құрал жабдықтар, жұмыс және өнім малдары, жылдық өсімдіктер мен көшеттер, жерді жақсартуға жұмсалған кұрделішығындар және басқа да негізгі қорлар.

Халық шаруашылығының салаларына және істейтін қызметерінің үрлерне қарай барлық негізгі капитал: өнеркәсіп, ауылщаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату өткізу ұйымдары, басқару орындары, әлеуметтік сақтандыру, білім мен ғылым беру және тағы басқа салалар бойынша топталады.

Екінші жағынан алғанда негізгі қорларды басқа әдістемелік амалды пайдалана отырып саралауға болады. Мұндағы басқа қағида – негізіг капиталды мыңдаған түрі бар жеке капиталдар жиынтығы ретінде карастырудан бас тартып, «жаңа тұжырымдамаға» көшу. Әрқайсысына сәйкес негізгі капиталдың «мөлшерлі қызмет ету мерзімі» бойынша саралау топтарын барынша мол қолдану болып табылады, яғни, оның құныны жою мерзімінен тұратын ауқымды саралау топтарын құруға кірісу. Негізгі капитал саралауын құрудағы мұндай тәсіл бірқатар экономикасы дамыган елдерде қолданылады.

ҚР Президентінің 1999 жылдың 3 қазанында №1308 қаулысы бойынша мемлекеттік мекемелер үшін бекітілген негізгі қорлардың жылдық тозу мөлшерін пайдалана отырып, негізгі қордың пайдалану уақытын анықтаймыз.

Мемлекет мекемелері үшін негізгі қорлардың пайдаланылу уақыты

Негізгі қорлардың түрі мен топтары

Тозу мөлшерінің цифры

Жылдық  тозу мөшері (бастапқы құнмен салытырғанда % көрсетілегн)

ғимараттар

010

 

Өндырыстык шаруашылық үшін ғимараттар

0101

50

құрылыстар

011

 

Стадиондар, бассаейіндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтың және қоғамдық бақтың қоршауы, бұрғы құбыры және басқалар

0111

14,3

Өткізгіш тетіктер

012

 

Эдектр энергиясы мен байланыс қондырғылары

0121

25

Трансмиссия мен құбырлар

0122

20

Манилар мен құрал-жабдықтар

013

 

Күш беретін машиналар мен құрал-жабдықтар

0131

10

Жұмысшы машиналар мен құрал-жабдықтар

0132

8,3

Өлшеуіш аспаптар

0133

5

Реттеуіш аспаптар мен құрылғылар

0134

5

Зертханалық құрал-жабдықтар

0135

10

Компьютерлік құралдар

0136

4

Медициналық құралдар

0137

10

Офистік құралдар

0138

10

Басқа да машиналар мен құралдар

0139

6,7

Материалдық емес активтер

014

 

Лицензиялар, мүлік құқықтары, брокерлік орындар, гувилл, компьютерлік бағдарламалар, ұйымдастыру шығындар және т,б

0141

10

Көлік құралдары

015

 

Теміржол, су , автомобиль көліктерінің түрлері

Әуе жолдары

Арба

Өндірістік көлік

Спорт көлігі

0151

0152

0153

154

0155

6,7

6,7

6,7

5

4,3

Құрал саймандар, өндірістік және шаруашылық заттар

016

 

Құрал-саймандар

0161

3,3

Өндірістік заттар

0162

10

Шаруашылық заттар

0163

6,7

Басқа да өндірістік және шаруашылық заттар

0164

10

Жұмыс малы

017

 

Жұмыс малы

0171

8,3

Басқа автивтер

019

 

Көпжылдық өсімдіктер

0191

12,5

Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар

0192

8,3

Типтік жоспарды жасай үшін қажетті құжаттар

0193

10

«салық және  бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі бойынша қалдық құнына сәйкес салық салу мақсатымен амортизацияланатын мүліктер сараланып, олардың шекті амортизациялық мөлшері бекітілген. Осыған байланысты негізгі капитал амортизациялау мерзімі бойынша келесі санаттарға бөлінеді:

1.       Ғимарат, құрылыс - 10 жыл.

2.       Машиналар мен құрал жабдықтар, мұнай –газ өндіретін машиналар мен құрал жабдықтарды санамаганда – 4 жыл.

3. Кеңес машиналары мен компютерлер -2,5 жыл.

4. Басқа топтарда саналмаңан тіркелген активтер – 6,7 жыл.

Негізгі міндеті мен атқаратын жұмысының сипатына қарай салалар,  касіпорындар, бірлестіктердің негізгі қорлары келесі саралану түрлеріне сәйкес болінеді:

-          Жер-субьект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай акті берілген болса, онда жер тізімі мүліктік нысан болып табылады.

-          Үйлер- халыққа еңбек етуге,тұрұға, әлеуметтік-мадени  қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға  арналған әлеуметті құрылыс нысандары. Әр-бір тұрғын үй мүліктік нысан болып табылады.

-          Ғимараттар- еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау арқылы өндіріс удерісін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс нысандары. Барлық жағдайы бар әр-бір жеке ғимарат мүліктік нысан болып табылады.

-          Өткізгіш тетіктер –злектр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары. Электр желілері бойынша , мысалы , элертр стансасы болу  қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін және қабылдау көмнкші стансаларынан трансформатор жайына дейін мүліктік нысан бола алады.

-          Машна мен құрал жабдықтар – күш беретін машиналар мен жабдықтар; әр-бір машина егер ол басқа мүліктік нысананың бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралда, соған тиісті заттар, аспаптар, қоршау, іргетастың барлығы мүліктік нысан болып саналады. Негізгі капиталдыі бұл тобы бес ішкі топтан тұрады:

а) күш беретін машиналар мен жабдықтар;

ә) жұмысшы машиналар мен жабдықтар;

б) өлшеуіш және реттеуіш аспаптар мен қондырғылар мен зертханалық жабдықтар;

в) есептеу техникасы;

г) басқа машиналар мен жабдықтар.

-     күш беретін машиналармен-жабдықтар тобына электр және жылу  энергияларын өндіруге пайдаланылатын генератор – машиналар , сондай –ақ әр –түрлі энергия түрлері қозғалыс энергиясына , яғни механикалық энергияға түрлендіруге пайдаланылатын барлық қозғалтқыш машиналар жатады. Аталған топқа өнеркәсіптің барлық саласындағы бу машиналары  мен қазандықтар, локомобильдер, турбинаның барлық түрі, атомдық реакторлар , электр қозғалтқыштар мен электр генераторлар іштен шығу қозғалтқыштары  тракторлар және өз бетімен жүретін щасси, энергопоездармен жылжымалы  электр стансалары, электр аппараттары мен күш трансформаторлары , түзеткіштер т.с.с. құрал жабдықтар кіреді.

-     жұмысшы машиналар мен жабдықтар тобына жұмысшы машиналардың , агрегаттар мен құрал- жабдықтардың өнім өндіруде немесе өндірістік сипвттағы қызиет көрсетуді орыгндау кезінде еңбек заттарына механикалық , химиялық және жоғарғы температурада  әсер етуге арналған ,өндіріс удерісінде еңбек заттарын қозғалтқыштар адам немесе малдың күшімен қозғалтұға арналған барлық түрі жатады.

-     өлшеуіш және реттеуіш аспаптар құрылғылар мен зертханалық жабдықтар тобына барлық түрдегі диаметр, аудан, қалығдық, салмақ, қысым, ұақыт, құат кернеу т.с.с. өлшеулерді жүргізуге арналған әр түрлі аспаптар мен құралдар,  электрлі, пневматикалық және гидравликалық реттеу құрылғылары, автоматты басқару және дабыл беру пульттері, сондай- ақ зауыт және ғылыми-зертеу зертханаларының қондырғылары мен құрал- жабдықтары кіреді ;-есетеу техникасының тобына әр түрлі ЭЕМ-дар,басқару ,аналогтық және сандық есептеу          машиналар мен құрылғылар ,ақпарат жинау, белгілеу және беріліске арналған жабдықтар кіреді;

-өзге машиналар мен жабдықтар тобына машиналар,аппараттар және басқа құрал жабдықтар жатқызылады;

-көлік құралдарына адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған әр түрлі құралдар жатады, яғни теміржол,теңіз, өзен,әуе жолдары және зауытішілік көліктің барлық түрінің жылжымылы құрамдары кіреді. Бұған өндірістік құрал-жабдықтар қатарына енгізілген конвейр, транспортер секілді құралдар жатпайды. Көлік құралдарына, сондай-ақ, магистралдв мұнай-газ құбырлары, құбыр өткізгіштер және оның тармақтары, яғни сұйық және газ тәрізді заттарды тасымалдау құралдары да кіреді;

-құрал-сайман, өндірістік және шаруашылық заттар тобына барлық қолмен атқаратын және механикаландырылған құрылғылар кіреді: кескіш,соққыш, жаншу құралдары, нығыздағыш және т.с.с., соған қоса,еңбек заттарын өңдеуге, бекітуге,құруға және т.б. арналған ір түрлі құралдар жатады. Осы топқа қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын саймандар мен құралдар жатқызылады;

-өндірістік мүлік және соған жататын заттар тобына өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар, еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар, сұйық, сусымылы және материалдарды сақтауға арналған сыйымды заииар, өндірістік қажеті бар басқа да заттар жатады;

-шаруашылық мүлікке кеңселік және шаруашылық мақсатта ұсталатын заттар кіреді;

-жұмысшыжәне өнім беретін малңа –ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін малға-ірі қара мал, асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер, бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен межегіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар жатады;

-көпжылдық өсімдіктер мен көшттерге қлдан егілген, көпжылдық өсімдіктер жатады. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бқлек есепке алынады;

-жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар –ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалынатын жер қыртысын жақсарту шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындыр;

-басқа да негізгі қорлар-кітапхана қорлары, спортмүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі капиталдың сапалық тозуының екінші себебі – ғылыми-техникалық өркендеумен байланысты жаңадар толық жетілген, өніміліг жоғарғы, әрі тиімді негізгі капиталдың пайда болуы. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізігі капиталдың  орнына , техникалық жағынан жетілдірілген, үнемі негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылдаы. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құрал-жабдықтардың пайда болуы және олардың бағасының арзауы бұрын пайдаланылып келген негізгі капиталдың сапалық тозуына әкеліп соқтырады.

Сапалық тозу әсерінің нәтижесинде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдық нысандары жаңасына , әрі неғұрлым пайдалы түріне ауыстырылады. Сапалық тозуды бодырмай максатында негізгі құрал жабдық нысандары қайта құрылып, жаңартужұмысары жүргізіледі.

 

1.2.Негізгі қорлардың технологиялық құрылымы мен құрал жабдықтың жұмыс істеу мерзімінің құрылымы

Негізгі қорлар құрылымының өзгеру бағытын зерттеп, күрделі талдау жасау үшін және оларды әс жүзінде пайдалану тиімділігін арттыру жолдарын анықтау үшін жасалған сараптау мен катар басқа да топтарға бөлу қолданылады. Мысалы, негізгі қордың белсенде және енжарлы бөліктері құрылымын зерттеу көпшілік қабылдаған тәртіп. Енжарлы бөлікке, әдетте, құрылымдар, шаруашылық құрал-жабдықтар тағы сол сиякты, ал белсенді бөлікке – машиналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары, саймандар және т,б жатады.

Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің көп үлес салмағы оның құрылымының озықтығын жалпылама түрде сиппаттайды. Ол саланың, бірлестіктің, кәсіпорынның, цехтың , негізгі қорлардың  жалпы құнына қатысты белсенді бөлігінің пайыздық үлесін бейнелейді.

Негізгі қорлардың технологиялық құрылымы негізгі қорлардың әр түрінің белгілі бір топ ішіндегі меншікті үлес салмагын сипаттайды. Мысалы, металл кескіш құрал-жабдықтар  тобына жекеленген токарьлық, фрезерьлік, бұрғылау, аралап кесу және т,с,с станоктардың олардың жалпы құнына немесе жалпы көлеміне қатысты пайыздық үлесін анықтауын мүмкін.

Құрал-жабдықтың технологиялық құрылымн тереңірек талдау мақсатында басқа көрсеткіштер  де  қолданылуы мүмкін. Мысалы, құрал-жабдықтың озық топтарының үлес салмагы, толассыз желілерде орнатылған құрал-жабдықтардың үлес салмағы және т,б секілді.

Информация о работе Негізгі капитал