Негізгі капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 08:11, реферат

Описание

Өндірістің негізгі капиталына өндіріс үдерісіне түкелей қатысатын нысандар жатады. Олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет. Материалдық жағдайын жасайды.

Содержание

1.Өндірістік негізгі қорлардың саралануы?
2.Негізгі қорлардың технологиялық құрылымы?
3.Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері?

Работа состоит из  1 файл

Улжан.doc

— 109.50 Кб (Скачать документ)

Құрал-жабдықтың озық топтарының меншікті үлесі оның теңдестік құнының немесе бірлік санының цех, кәсіпорын, бірлестік немесе саланың осы құрал-жабдық түрінің бүкіл паркінің құнына қатынасын сиппаттайды.

Негізгі қорлардың жұмыс істеу мерзімінің құрылымы негізгі қорлардың әр түрлі жұмыс істеу мерзімі бойынша айырмашылығы бар топтарыдң жалпы құнына шаққандағы меншікті үлесімен сипатталады. Мысалы , станок , ұсталық-престеу құрал-жабдығы немесе басқа да машиналардың меншікті үлес салмагы келесі құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін 5 жылға дейінгі, 5 жылдан 10 жылға дейінгі, 10 жылдан 20 жылға дейін, 20 жылдан оғары деп топтау арқылы анықталуы мүмкін.

Қолданыстағы цех, бірлестік , саланың негізгі қорларының орташа жұмыс істеу уақыты мына формуламен анықталады:

Т꞊∑ТfiFi/∑Tfn

Мұнда, Fi - негізігі өндірістік қордың нақты і-түрінің бастапқы құны,  мың  тенге;

Тfi-негізгі өндірістік қордың і-түрінің нақты жұмы істейтін уақыты, жыл;

n – талдап отырған өндірістік қорының і-түрінің саны.

Кәсіпорындағы, цехтағы құрал-жабдықтың орташа жұмыс істеу уақыты Т осы түрдегі барлық машиналардың нақты пайдалану жылдарының санын ∑Тfi талданып отырған өндірістік қордың осы құрал-жабдығының санына  n бөлу арқылы анықталады:

∑Ti

Егер негізгі капиталдың бастапқы құны өсетін болса, онда сонымен бірге тозу сомасы да өседі,ал керісінше болған жағдайда, олардың теңдестік құны шамадан тыс артып кетеді.

Инфляция жағдайында негізгі капиталды кайта бағалау негізгі капиталдың бағасының жіне өнімінің , жұмыстың, қызметтің өзіндік құнындағы амортизацияның үлесін реттеуді көздейді.

Егер бұрындары қайта бағалауға қатыспаған негізгі капиталдың құны арзандаса, онда төмендеген құнының сомасы шығыс, ал түзулер енгізілген түзу сомасы жай табыс болып табылады.

 

Амортизациялық жеңілдіктер

Амортизация жүйесінде амортизациялық жеңілдіктер маңызды элемент болып табылады. Олар негізінен экономикасы дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесінде пайдаланылады.

Экономикалық әдебиеттерде амортизациялық жеңілдіктер түрінде жеңілдетілген амортизацияны қолдану жиі кездеседі. Сонымен бирге, амортизациялық жеңілдіктер кәсіпорынның өндірістік әлеуетін жаңарту үдерісіне белсенді ықпал ете алады, кәсіпкерлк қызметтің әр қилы түрлерінің дамуын ынталандырады  және т.б.

Амортизациялық жеңілдіктер негізінен мемлекетпен белгілі бір кезеңге бекітіледі және олардың қолданылу аумағы едәуір кең болады.

Амортизациялық жеңілдітер:

-          ҒТП ынталандыруға және ұлттық экономика үшін аса маңызды өнімдер шығаруға бағытталған жеңілдітер;

-          Халық шаруашылығы салаларымен аймақтарды дамытуға бағытталған жеңілдітер;

-          Жекелеген меншік түрлері мен кәсіпкерлік қызмет түрін ынталандыруға арналған еңілдіктер;

Амортизациялық жеңілдіктер – мемлекеттің амортизациялық саясатының маңыздықұрамдас бөлігі және оның негізгі белгілері – аңдамалылығы мен сабақтастығы, олар кәсіпкерлерге болашақта өзінің инвестициялық іс-әрекетін жовпарлап отыруға мүмкіндік береді.

 

1.4.Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері

Негізгі капиталды ттиімді пайдалану – кәсіпорынға түсетін пайданы арттырудаң маңызды шарты болып табылады.

Негізгі капиталды барынша толық пайдалану өндіріс көлемін арттыра отырып, жаңа өндіріс құаттарын жаңартуға деген қажеттілікті төмендетуге алып келеді. Демек, кәсіпорынның пайданы одан әрі дұрыс пайдалануына әкеп соқтырады.

Негізгі қорларды пайдалану жағдайы мен дәрежесі өндірістің техникалық деңгейін , оның даму қарқыны мен ауқымын , оның тиімділігін көрсетеді.

Негізгі қорлардың тиімділігі белгілі бір уақы аралығында өндірілген өнім көлемі мен негізгі қорлар қайтарымымен анықталады.

Негізгі қорларды өндірісте пайдалану тиімділігі бірқатар факторларға байланысты:

-          Біріншіден, кәсіпорынның негізгі қорларының жалпы құнындағы белсенді бөлігінің меншікті үлес салмагына , яғни, олардың құрылымына, себебі, өнім өндіруді тікелей осы белсенді бөлік қамтамасыз етеді;

-          Екіншіден, қайсібір машина, құрал жабдық түрін қолдану дұрымстығын анықтайтын бастапқы сапалық сиппаттамаларына;

-          Үшіншіден, кәсіпорындағы негізгі қорлардың күйіне;

-          Төртіншіден, негізгі қорлардың кәсіпорында пайдаанылу деңгейіне.

Негізгі қорларды пайдаланудың шынайы көрінісін жеке және жалпы көрсеткіштер жүйесі арқылы анықтауға болады.

Бірінші негізгі қордың жеке түрінің пайдаланылуын, олардың жеке кезеңдерінде пайдаланылуын , әрбір өндірістік үдеріс уақытында және оның кезеңдерңің пайдаланылуын, жеке сәттердегі сипаттамасын нақты, белгілі бір шеңберде шеше алады.

Құрал-жабдықты пайдаланудың экстенсивті жұмыс көрсеткіштерін үш топқа біріктіруге болады:

-          Негізгі өндірістік қорлардың уақыт бойынша пайдалану деңгейін бейнелейтін экстенсивті пайдалану көрсеткіштері;

-          Негізгі өндірістік қорлардың өнімділік бойынша пайдалану деңгейін бейнелейтін қарқынды пайдалану көрсеткіштері;

-          Барлық қарқынды және экстенсивті факторлардың жиынтық нәтижесінескеретін негізгі қорлардың интегралдық пайдалану көрсеткіші.

Көрсеткіштердің бірінші тобына мыналар жатады: құрал-жабдықты экстенсивті пайдалану коэффиценті, құрал-жабдықтың жұмыс істеу коэффиценті, құрал-жабдық жұмысының ауысымдылық коэффиценті, құрал-жабдықтың жұмыс уақытының режимдік коэффициенті.

Құрал-жабдықтың экстенсивті жұмысы жайлы әр түрлі көрсеткіштер мен кәсіпорынның , цехтың өндірістік қуатының көрсеткішін анықтаған кезде бастапқы мәлімет ретінде құрал-жабдықтың жұмыс уақытының қоры алынады. Құрал-жабдықтың келесі жұмыс уаұытының қорларын анықтауға болады: орнатылған құрал-жабдық бірлігіне немесе тобына қатысты күнтізбелік, режимдік, жоспарлы және нақты уақыт қорлары.

Күнтізбелік уақыт қоры – бұл жалпы уақыт қоры, ьерілген кезеңдегі күнтізбелік күндер саны тәулітегі сағат санының көбейтіндісіне тең.

Машинаның , агрегаттың нақтылы жұмыс уақыты қоры Ти бір жылдағы күнтізбелік Ткк және демалыс күндерімен Тбк , сонымен қатар жұмыстың ауысым тәртібімен байланысты.

Ол келесі формуламен анықталады:

Тик ꞊(Ткк-Тбк )×Тс –Тмк ×Тс' ,

мұнда, Тсс – тәуліктегі машинаның орташа жұмыс уақыты – жұмыс күндері ауысым тәртібіне сәйкес , ал мереке алды күндері қысқартылған ауысым уақыт ескере отырып орнатылған құрал-жабдық бірлігінде немесе тобында белгіленеді:

Тик ꞊(Tкк - Тбк)×Тс –Тмк ×Тс',

Мұндағы, Тбк - жоспарлы кезеңдегі демалыс және мереке күндер саны;

Тс – жұмыс ауысымының ұзақтығы, сағат;

Тмк – берілген кезеңдегі жұмыс ауысымының қысқартылған мереке алды күндерының саны;

Тс' – мереке және демалыс алды күндерінің жұмыс ауысымы ұзақтығының уақыты, сағат;

m- кәсіпорында қабылдаған жұмыс ауысымының режимі.

Демалыссыз, үзіліссіз жұмыс режимінде 365 жұмыс күні және тәулігіне 24 жұмыс сағаты деп есептеледі. Маусымдық режимде атқаратын машиналар үшін жұмыс күндерінің саны  мен жұмыс уақытының қоры жұмыс маусымының орташа уақытына сәйкес алынады. Нақты қор жұмыс уақытының тиімді қорын есетеуде пайдаланады.

Машина, агрегат, құрал жабдық Тғук жұмысының тиімді уақыт қоры беріген кезеңдегі нақты уақыт қоры мен құрал-жабдықтың бір жіыл ішінде жөндеуге, түзетуге, қайта түзетіп қондыру жұмыстарына жұмсалған мөлшерлі қосындысының уақыт шығындары Тжс арасындағы айырмасына тең, яғни:

Ттуқ ꞊Тиқ –Тже

Сондай-ақ есептеу келесі формула бойынша да жүргізілуі мүмкін:

Ттуқ ꞊Тик [1-(dжс + dжжу )/100],

Мұнда, dжс – берілген құрал-жабдықты жөндеуге жұмсалған уақыттың режимдік қорына пайыздық қатынасы;

dжжу – құрал-жабдықты түзету, қайта түзетіп, ауыстыру және т.с.с жұмыстарға жұмсалған уақыттың режимдік қорына пайыздыұ ұатынасы.

Құрал-жабдықтың орнын өзгерту, жөндеу, түзетуге жұмсалған уаұыт шығындарының көлемі құрал-жабдық түрі мен орындалатын жұмыс түріне байланысты айтарлықтай өзгерип отырады. Бұл шығындардың мөлшері әр қордың түріне қарай нақты жұмыс шарттарын ескере отырып, осы құрал-жабдықты пайдаланатын салаларда қабылданған мөлшерге сәйкес анықталады.

Бір түрдегі машиналардың n бірлігінен құралған бір түрдегі құрал-жабдықтар тобы жұмысының тиімді уақыт қоры ∑Тжс машина сағат, станок-сағат, аппарат-сағат, пеш-сағат арқылы келесі формулемен аныөталады:

∑Тжс ꞊Ттуқ ×n

Жұмыс уақытының нақты қоры берілген кезең ішіндегі құрал жабдықтың шын мәнінідегі жұмыс істеу уақытын бейнелейді және оралымды есеп мәліметтер бойынша анықталады.

Күнтізбелік, режимдік, жоспарлы және нақты уақыт қорлары негізінде құрал-жабдықты экстенсивті пайдалану төменде келтірілген бірқатар көрсеткіштер бойынша есептеледі.

Күнтізбелік уаұыт қорын Ккк пайдалану коэффиценті құрал-жабдықтың жоспарға сійкес жұмысының тиімді уақыт қорының Ттм есептік кезеңіндегі жалпы күнтізбелік уакыт қорына қатынасын Тк білдіреді, яғни, бір машина үшін:

Ккк ꞊Ттм /Тк

Немес құрал-жабдықтар тобы үшін:

Ккк ꞊Ттм np /Tk ny ,

Мұнда, np , ny –тиісінше нақты жұмыс ісеген және орнатылған құрал-жабдық бірліктерінің саны. Біркатар жағдайларды нақты құралжабдықтың жалпы саны туралы мәліметтер пайдалануға болады.

Құрал-жабдақ жұмысының режимдік уақыт қорын пайдалану коэффиценті Ккк келесі формуламен анықталады:

Ккк ꞊Ттм np /Tр ny ,

Мұнда, Ттм, Tр- берілген кезеңдегі құрал-жабдық бірлігі жұмысының тиісінше нақты және режимдік уақыт қоры.

Құрал-жабдық жұмысының жоспарлы уақыт қорын пайдаланы коэффиценті Ккк былай анықталады:

Ккк ꞊Ттм np /Tж ny ,

Мұнда, Тж – берілген кезеңдегі құрал-жабдық жұмысының жоспарлы уақыт қоры.

Құрал-жабдықтың , машинаның , агрегаттың жеке бірлігіне қатысты бұл көрсеткіш экстенсивті жұмыс істеу коэффиценті Кэжк деп аталады және ол төмендегідей есептеледі:

Кэжк꞊Ттм/Тк

Мұнда нақты уақыт пен жоспарлы уақыт қоры бір жылға қабылдануы міндетті емес. Берілген құрал жабдық бірлігінің немесе тобының ауысымдық , тәліктік, он күндік, айлық экстенсифті жұмыс істеуі сарапталуы мүмкін. Сәйкесінше, есептеуге ауысымдық, тәуліклік, он күндік, айлық уақыт қоры алынады. Қарастырылған коэффиценттер пайыз түрінде көрсетілуі мүмкін.

Ауысымдық режимінің пайдалану деңгейін зерттеу құрал-жабдық жұмысының ауысымдық коэффицентін есептеу мен талдаудың маңызы зор.

Құрал жабдық жұмысының аусымдық коэффициенті Кас – машина ауысым мөлшерінде атқарылған жұмыс көлемінің телімдегі, цехтағы, кәсіпорындағы барлық жалпы станоктар санына қатынасы арқылы аныөталады. Ол келесі формула арөылы жазылады:

Ка꞊Тас/n

Немесе

Ка꞊Тисс/Тммс,

Мұнда, Тас – тәулікте нақты орындалған станок-ауысым, машина –ауысым саны;

N – парктегі бар станоктардың жалпы саны;

Тисс – тәулікте нақтыорындалған станок-сағат, машина-сағат саны;

Тммс – бір ауысымдық жұмыстағы станок-сағат, машина сағаттың барынша көп мүмкін саны.

Ауысымдық коэффициенті құрал-жабдықтың әр түрлі, тәуліктік, орташа айлық, жылдық жұмыс кездерінде есептелуі мүмкін.

Келтірілген әдістеме бойынша іске қосылған,қосылмаған барлық құрал-жабдықтардың аусымдық коэффициенті есептеледі. Сонымен бірге істеп жатқан құрал жабдытың аусымдық коэффициенті де есептеледі.

Кәсіпорынның ауысымдық режимін пайдалану коэффициенті Кар берілген кезең ішінде құрал-жабдық жұмысының аусымдылык коэффициентінің Ка осы кәсіпорында, цехта бекітілген жұмыс режиміне qac қатынасы арқылы анықталады:

Кар꞊Ка/ qac

Құрал-жабдықты ауысым бойынша толық пайдалану коэффициенті Кабп келесі формуламен анықталады:

Кабп꞊(n1+n2+n3)/3ny,

Мұндағы, n1,n2,n3 – тиісінше 1,2,3-аусымда жұмыс істеген құрал жабдықтардың бірлік саны;

ny – кәсіпорында, цехта, телімде орнатылған осы топтағы құрал-жабдықтардың жалпы саны;

3 – ауысым саны.

Сондай-ак құрал жабдықты ауысымішілік пайдалану деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді, машиналық және  жалпы уақыт жұмыстарының қатынасын есептеу мен талдыу баса назар аударған дұрыс. Бұл мақсатта келесі көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін.

Құрал-жабдықты ауысымішілім пайдалан укоэффициенті Кain келесі формуламен анықталады:

Кain꞊(Tayk-Tбту)/Таук

Мұнда, Tayk – құрал-жабдық жұмысының ауысымдық уақыт қор, станок-сағат;

Tбту – станоктардың бос тұру уақыты.

Жөндну қызметін көрсету уақытының коэффициенті Кжку мына формуламен анықталады:

Кжку꞊1-∑Тiжкк/∑Тiнк



Информация о работе Негізгі капитал