1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 21:35, доклад

Описание

«1С Кәсіпорын» жүйесі (7.7 версия). 1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ло әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйесінің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: «Оперативтік», «Бухгалтерлік есеп» және «Есептеу» компоненті.
Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды.Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді.Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде еңгізе алады.
«Жедел есеп» компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларды басқаруға арналған.Бұл компоненттердің негізі қалдықтар немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып есептеледі.Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты екі тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық ресурстары үшін орындалуы тиіс.Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша балансты белгілеп қана қоймай, оның «Жедел есеп» компонентінің негізгі тәсілі болып табылады.Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбекті құрайды.Құжаттың басқа құжатқа қатысты жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар тізбегінің бір күндегі бір уақытымен белгілеу қосымша шамасымен анықталады.Құжаттарды «кейінгі күнмен» өткізу және түзету ерекше факт болып есептелінеді және белгілі бір ережелер бойынша орындалады.»Жедел есеп» компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көруге болады.»Есептеу» компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезеңдік есептемені орындайды.Бұл компонентінің негізі болып, кезендік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталған қорытынды есеп журналы болып табылады.Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру обьектісі немесе басқа да анықтамалар жатады.Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін обьектілер түрі анықталады.Журналдағы жол бір күннен бір жылға дейінгі кез келген кезең үшін, анықтамалықтағы бір обьекті бойынша қорытынды есеп беруді бейнелейді.Ақпаратты еңгізудің қолайлылығы ескеріледі.Құжаттарды толтырғанда алдын-ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықтамалықтан тандау арқылы мәндерді еңгізу жүзеге асырылады.Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін онда ол үшін бірнеше журнал құрылады.Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме журналының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен анықталады.Әр журналға күрделі есеп алгоритмі сәйкес келеді.Нақты алгоритмді сипаттау үшін «есептеу түрі» ұғымы енгізілген.Компоненттегі есептеу түрінің саны да шектелмеген.Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен сипатталады.Есептеу түріне мысалы ретінде, «айлықты есептеу», «табыс салығын» немесе «өтелімді «амортизацияны)» айтуға болады.Есептеудің бірнеше түрлетін қандайда бір белгі арқылы біріктіру үшін «есептеу тобы» деген ұғым енгізілген.есептеу тобына мысалы, - «салық салынатын есептеулер», «орташа жалақыны есептеуге енетіндер» және басқалар жатады.

Работа состоит из  1 файл

1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу.doc

— 159.50 Кб (Скачать документ)

Бухгалтерлік  есепті 1С Бухгалтерия  жүйесінде жүргізу

  Жүйенің негізгі мүмкіндіктері:

  1С:  Бухгалтерия жүйесі бухгалтерлік  есептің барлық бөлімінде қолданылады:

  • Банк және касса есебі;
  • Негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі;
  • Тауарлар есебі, өнім өндіру және қызмет көрсету;
  • Валюталық операциялар;
  • Ұйымдармен, алашашақтармен, берешектермен, есеп беруші тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі;
  • Еңбекақы бойынша есеп айырысу;
  • Бюджетпен есеп айырысу;
  • Есептің басқа бөлігі.

   Басқа да есеп жүргізу үшін  өте икемді:

  • Көп деңгейлі шоттар жоспарымен жинақтамалы есеп жүргізу;
  • Бірнеше шоттар жоспарымен жұмыс істеу;
  • Валюталық есеп;
  • Көп деңгейлі талдамалы есеп;
  • Өлшеміне байланысты көп деңгейлі талдамалы есеп;
  • Сандық есеп;
  • Бір деректер базасымен бірнеше кәсіпорындарда есеп жүргізу (желілік).

   Программаға ақпараттарды енгізу бірнеше режимде:

  • Қолмен енгізу режимі;
  • Типтік операциялар режимі;
  • Құжаттау режимі арқылы жүргізіледі.

   Программа жеке немесе желі  бойынша жұмыс істейді.Әр түрлі обьектілермен бір уақытта жұмыс істеу үшін қолайлы көп терезелі интерфейспен қамтамасыз етілген.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар бойынша есеп ақшалайда, заттай жүргізіледі.Жүйеде әртүрлі валюталармен жұмыс жасау қарастырылған.Валюта түрлері мен курстары бойынша анықтамалық жасалған.

   Кез келген бухгалтерлік программамен жұмыс тұрақты немесе шартты-тұрақты деректерді пайдалану арқылы жүргізіледі.Сондықтан, бухгалтерлік программаны жұмысқа дайындаудың ең бірінші, жауапты және кезеңі тұрақты немесе шартты-тұрақты деректерді компьютерге енгізу болып табылады.Шартты-тұрақты деректерді күнделікті жұмыс барысында да енгізуге болады. 1С: Бухгалтерия программасында осындай деректерді сақтауға арналған анықтамалықтар мен сыныптамалар бар.Олардың ішінде ең негізгісі Шоттар жоспары болып табылады.

   Программамен жұмысты бастамас бұрын бухгалтер-пайдаланушы кәсіпорында жүргізілетін негізгі есеп принцинципін және оны жүргізу барысында қолданылатын шоттарды анықтап алып, оны қазақстандық шоттар жоспарына ауыстыруы керек, осы шоттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі және керекті құжаттар алынады.Кәсіпорында нормативтік құжаттармен берілген стандартты шоттар жоспары және басқа да арнайы шоттар жоспары қолданылады.Шоттар жүйесі кәсіпорынның есеп саясатына байланысты.1С: Бухгалтерия жүйесінде есепті бірнеше шоттар жоспарында жүргізілу мүмкіндіктері қарастырылған.

   Шоттар жоспары басты менюдің  «Амалдар (Операции)» пунктінен «Шоттар  жоспары (План счетов)» бөлімін тандау арқылы іске қосылады.Шоттар жоспарының әр жолы бухгалтерлік есептің нақты немесе қосалқы шоттың көрсететін кестесінен тұрады:

   Код – шоттың толық коды (нөмірі);

   Атауы (Наименование) – шоттың қосалқы шоттың атауы;

   Вал. – валюталық есеп жүргізу белгісі.Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша валюталық есеп жүргізілсе, онда «Вал.» бағанасы (+) таңбасы қойылады;

   Кол. – сандық есеп жүргізу белгісі.Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша сандық есеп жүргізілсе, онда «Кол.» бағанасы (+) таңбасы қойылады;

   Заб. – баланстан тыс шоттар белгісі;

   Акт. – активтік шоттар белгісі.Нақты мәндері мынадай мәндерді қабылдайды: А – активтік, П – пассивтік, АП – активті-пассивтік;

   Субконто  1,...,Субконто 10 – Субконто түрінің мәні, бағанада көртелген, берілген шоттың талдамалы есебін анықтайды.Мысалы, кестеде көрсетілгендей Субконто 1 бағанасындағы Негізгі құралдар бірінші деңгейдегі субконто түрі – «Негізгі құрал», ал Субконто 2 бағанасындағы екінші деңгейдегі субконто түрі – «Бөлімшелер» екенін, яғни осы шот бойынша талдамалы есеп жүргізілетінін білдіреді.

   Егер жүйеде бірнеше шоттар қолданылатын болса, онда терезенін жоғарғы жағында шоттар жоспарының атауы көрсетілген кескін (закладка) шығады.Кесте шоттар жоспарын таңдау үшін сол кестенің бірін тандаған жеткілікті немесе басты менюдегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Шоттар жоспарын тандау (Выбрать план счетов)» командасын таңдау керек.

   Шоттар жоспарымен жұмыс істеуге арналған пернелер:

  • Ctrl+Shift+F және  Ctrl+Shift+B – шоттар жоспарына өту;
  • Ctrl+төменгі сызық – нақты шоттың қосалқы шотын қарап шығу немесе менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Келесі деңгей (Следуйщии уровень)» командасын танда;
  • Ctrl+жоғарғы сызық – кері қайту үшін немесе менюдің«Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Алдыңғы деңгей (Предыдущии уровень)» командасын таңдау.Нақты шотты іздеу үшін пернелер тақтасынан сол шоттың нөмерін таңдау жеткілікті.

   Жаңа шот немесе қосалқы шот  еңгізу үшін келесі амалдар  орандалады:

  • Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
  • Ins пернесін басыңыз немесе
  • Программаның басты менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жаңа (Новый)» командасын таңдаңыз.Шоттарды өзгерту үшін басты менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Өзгерту (Изменить)» командасын таңдаңыз немесе
  • --- шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасын --- кнопкасын немесе  Shift+Enter пернелерін басыңыз.Жеке терезелерге түзету еңгізу барысында түзетуді аяқтағаннан кейін Ок кнопкасын немесе терезені басу керек.Құралдар тақтасындағы --- кнопкасы немесе Enter пенесі еңгізілген жазуды сақтайды.

   Шоттар диалогта қарау үшін  келесі іс-әрекеттердің бірін  орындаңыз:

  • Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
  • Программаның басты менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Қарау (Просмотр)» командасын таңдаңыз.
 
Шотты көшіру.

   Шотты немесе қосалқы шотты  шоттар жоспарына көшіру, бар шотты немесе қосалқы шотты көшіру арқылы енгізілуі мүмкін.Ол үшін курсорды керекті шотқа немесе қосалқы шотқа қойып, келесі әрекеттердің бірін орындау жеткілікті:

  • F9 пернесін басыңыз немесе
  • Шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
  • Программаның «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Көшіру (Копировать)» командасын таңдаңыз.
 
Шоттарды  жою.

Шоттар  жоспарына еңгізген шоттар пайдаланушымен жұмыстың барысында жойылуы немесе жойылуға белгіленуі мүмкін.Шотты қосалқы  шотты жою үшін немесе жоюға белгілеу үшін курсорды сол шотқа қойып, келесі іс-әрекеттердің бірін орыңдаңыз:

  • Del пернесін басыңыз немесе
  • Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жою (Удалить)» командасын таңдаңыз.

Экрандағы сұранысқа Иә (Да) деп жауап бергеннен  кейін таңдалған шот жойылады. 

Жойылуға  белгіленген белгіні алып тастау.

   Шоттағы қосалқы шоттағы белгіні  алып тастау үшін курсорды  керекті шотқа/қосалқы шотқа қойып  келесі әрекеттердің бірін таңдаңыз:

  • Del пернесін басыңыз немесе
  • Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жоюдағы белгіні алып тастау (отменить пометку на удаление)» командасын басыңыз.

    Егер  шоттың деректермелері қайталанатын болса, онда ең соңғы еңгізілген деректемелер ғана емес, алдыңғы еңгізілген деректемелер күнімен қоса сақталады.Әр шот бойынша оның мәнін өзгерту тарихы, басқа шоттардың тарихына тәуелсіз сақталадыү 
     
    Анықтамалықтар.

       Талдамалы есеп жүргізу және алғашқы құжаттарды құру барысында анықтамалықтардың құрылымын пайдалану ең негізгі ақпарат болып табылады.1С Бухгалтерия жүйесінде көп деңгеңгейлі анықтамалықтар (10 деңгейге дейін) ұйымдастыруға болады. Бұұл шоттар бойынша шоттар көп деңгейлі талдамалы есеп жүргізуге мүмкіндік беріледі.Жүйеде бағынышыты анықтамалықтар механизмі қарастырылған.Мұндай механизм әр түрлі анықтамалықтардың элементтерін бір-бірімен, мысалы, кәсіпорынмен жасалған шартты, тауарлар мен олардың өлшем бірілігі, тағы басқаларын байланыстыруға мүмкіндік береді.Бағынышты анықтамалықтардағы әрбір элемент негізгі анықтамалықтың нақты бір элементімен байланысты.Жұмыс барысында бағынышты анықтамалық терезесінен таңдалған элементтер жиынтығы негізгі иеленуші анықтамалықтың ағңымдағы элементі болып табылады.Мысалы, ұйымның анықтамалығында курсор нақты ээлементке қойылған болса, онда оның бағынышты келісім шарттар анықтамалығында тек ағымдағы ұйымның келісім шарттары туралы деректер шығарады.

       Анықтамалықпен жұмыс екі режимде жүргізіледі:

  • Анықтамалықтан элементті таңдау;
  • Анықтамалықтағы элементтерді түзету және қарап шығу.

    Қарап шығу және таңдау режимніде  анықтамалықтарды программаның  басты менюнен, құралдар тақтасынан. Басқа формалардың немесе басқа  амлдардың кнопкасын ббасу арқылы ашуға болады.

   Таңдау режимінде субконто мәнін,тұрақтыларды, басқа анықтамалық деректемелерін  немесе құжат деректемелерін  енгізу үшін, F4 пернесін таңдау  арқылы анықтамалықты ашуға болады.Бұл  екі режимнің айырмашылығы сонда  таңдау режимінде анықтамалықтан курсорды керекті элементке қойып, Enter пернесін немесе құралдар тақтасынан керекті кнопканы басу арқылы түзетілетін деректемені немесе тұрақтының мәні ретінде ағымдағы элементті енгізе аласыз.

Информация о работе 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу