1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 21:35, доклад

Описание

«1С Кәсіпорын» жүйесі (7.7 версия). 1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ло әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйесінің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: «Оперативтік», «Бухгалтерлік есеп» және «Есептеу» компоненті.
Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды.Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді.Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде еңгізе алады.
«Жедел есеп» компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларды басқаруға арналған.Бұл компоненттердің негізі қалдықтар немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып есептеледі.Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты екі тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық ресурстары үшін орындалуы тиіс.Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша балансты белгілеп қана қоймай, оның «Жедел есеп» компонентінің негізгі тәсілі болып табылады.Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбекті құрайды.Құжаттың басқа құжатқа қатысты жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар тізбегінің бір күндегі бір уақытымен белгілеу қосымша шамасымен анықталады.Құжаттарды «кейінгі күнмен» өткізу және түзету ерекше факт болып есептелінеді және белгілі бір ережелер бойынша орындалады.»Жедел есеп» компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көруге болады.»Есептеу» компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезеңдік есептемені орындайды.Бұл компонентінің негізі болып, кезендік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталған қорытынды есеп журналы болып табылады.Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру обьектісі немесе басқа да анықтамалар жатады.Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін обьектілер түрі анықталады.Журналдағы жол бір күннен бір жылға дейінгі кез келген кезең үшін, анықтамалықтағы бір обьекті бойынша қорытынды есеп беруді бейнелейді.Ақпаратты еңгізудің қолайлылығы ескеріледі.Құжаттарды толтырғанда алдын-ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықтамалықтан тандау арқылы мәндерді еңгізу жүзеге асырылады.Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін онда ол үшін бірнеше журнал құрылады.Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме журналының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен анықталады.Әр журналға күрделі есеп алгоритмі сәйкес келеді.Нақты алгоритмді сипаттау үшін «есептеу түрі» ұғымы енгізілген.Компоненттегі есептеу түрінің саны да шектелмеген.Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен сипатталады.Есептеу түріне мысалы ретінде, «айлықты есептеу», «табыс салығын» немесе «өтелімді «амортизацияны)» айтуға болады.Есептеудің бірнеше түрлетін қандайда бір белгі арқылы біріктіру үшін «есептеу тобы» деген ұғым енгізілген.есептеу тобына мысалы, - «салық салынатын есептеулер», «орташа жалақыны есептеуге енетіндер» және басқалар жатады.

Работа состоит из  1 файл

1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу.doc

— 159.50 Кб (Скачать документ)
 
 

Проводкалар журналы.

   Проводкалар журналы енгізілген  операцияларды бухгалтерлік операциялар  тізімі түрінде қарауға мүмкнідік береді. Әр операция бір немесе бірнеше проводкалардан тұруы мүмкін.

   Проводкалар журналын шақыру  үшін программаның «Амалдар (Операции)»  басты менюдің «Журналдар (Журналы)»  бөлімін таңдаңыз. Проводкалар журналы  әр жолы проводкалардың корреспонденцияларынан тұратын кесте түрінде бейнеленеді. Проводка журналының бағаналарында проводкаға, сондай-ақ операцияға тиісті проводкаларға байланысты мәліметтер көрсетіледі. Төменде проводка журналының бағаналарының атауы және оның құрамы келтірілген. Бағана атаулары нақты конфигурацияға байланысты болады.

  • Күні-операция күні.
  • Уақыты-операция уақыты.
  • Құжат-осы осы операцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы «Операция» түріне жатады.
  • Нөмір-операция нөмірі. Операция нөмері осы операция құжатының нөмерімен бірдей. Қолмен  енгізілген операциялар арнайы «Операциялар» түріне жатады және жеке нөмірленеді.
  • Түсініктеме-операцияның түсініктемесі. Операцияның қысқаша түсініктемесін көрсететін жол.
  • Операция сомасы-операция сомаы. Осы операцияның жалпы немесе негізіг сомасын көрсететін сандық мән. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе  операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады.
  • Проводка номері-операцияға тиісті проводканың реттік номері. Егер проводкалар журналының жолы проводкалардың корреспонденциясынан, яғни, оның бөлігінен тұрса, онда корреспонденция номері екі жолдан тұрады. Нөмердің бірінші бөлігі проводка нөмерін, ал екінші бөлігі «/» символымен белгіленген корреспонденция нөмерін көрсетеді. Мысалы, 3/2 нөмірі – операцияның үшінші проводкасын, проводаның екінші корреспонденциясын білдіреді.
  • Шоттар жоспары-проводканың дебеттік және кредиттік шоттарын анықтайтын шоттар жоспарының атауы.
  • Дебет шоты-проводканың кредиттік шоты.
  • Субконто- проводка субконтосы. Бірнеше бағана болуы мүмкін. Біріншіден, проводкада дебеттік және кредиттік субконто, екіншіден, көп өлшемді талдамалы есеп обьектісі, яғни дебеті мен кредитінде екі немесе одан да көп субконто мәні көрсетілуі мүмкін.
  • Валюта-проводкадағы валюта атауы. Егер конфигурацияда анықталған болса, валюталық есеп жүргізу үшін қолданылады.
  • Бағам-проводканың ағымдағы валюта бағамы. Егер конфигурацияда анықталған болса, валюталық есеп жүргізу үшін қолданылады.
  • Саны-проводка саны. Егер конфигурацияда анықталған болса, сандық есеп жүргізу үшін қолданылады.
  • Вал.Сомасы-валютамен берілген проводка сомасы. Егер конфигурацияда анықталған болса, валюталық есеп жүргізу үшін қолданылады.
  • Сома-проводка сомасы.
 
 

Көру  аралығы.

   Көру аралығы журналды қарап  шығу барысында нақты уақыт аралығында құжаттардың көрінуін анықтайды. Журналдағы жазудың көріну аралығын қою үшін программаның басты менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Аралық (Интервал)» бөлімін таңдаңыз. Экранға «Журналдың параметрлері (Параметры журнала)» диалогы шығады.

   Сәйкес өріске құжаттардың көріну  аралығының бастапқы және соңғы  күнін теріңіз. Журналда осы  көрсетілген күнге байланысты  ғана құжаттар, операциялар, проводкалар  шығады. 
 

Журналдағы  жазулардың орналасу тәртібі.

   Журналдарды жазу:

  • Күні бойынша
  • Күннің ішінде құжаттың уақыты бойынша,

Егер  жүйеге бірнеше құжат бір күнде  немесе бір уақытта енгізілген болса, онда олар енгізілген тәртібі бойынша  реттеледі. 
 
 

Журналға  енгізілген құжаттармен  жұмыс.

   Барлық құжаттар «Құжаттар журналына»  тіркеледі. Құжаттарды қарап шығуға және түзетуге ашу үшін, журналдағы сол құжатты таңдап Enter пернесін басыңыз. ТҮзету енгізілгеннен кейін оны сақтау үшін «Ок» кнопкасын немесе түзету енгізуден бас тарту үшін «Бас тарту» кнопкасын басыңыз. Бар құжат негізінде жаңа құжат енгізу үшін, журналдағы жаңа құжат енгізуге негіз болатын құжатты таңдаңыз. Программаның басты менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Негізінде енгізу (Ввести на на основании)»  режимін таңдап және құжаттар тізімінен құжаттың түрін таңдап «Ок» кнопкасын басыңыз. Экранда кейбір деректемелері толтырылған құжаттың түрі шығады, қажетті деректемелерді толтырып журналға жазу үшін «ок» кнопкасын басыңыз. Ал құжатты құжатты көшіру үшін құжаттар журналынан сол көшірілетін құжатты таңдап, менюдегі «Әрекет (Действия)»  пунктіндегі «Көшіру (Копировать)» режимін таңдаңыз. Экранда берілген кестеден керекті деректемелерді түзетіп, оны журналға жазу үшін құжаттар журналынан жойылуға тиістіқұжатты таңдап, программаның басты менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Жою (Удалить)»  режимін таңдаңыз.Оны алып тастау үшін барлық терезелерді жауып менюдің «Амалдар (Операции)» пунктінен «Белгіленген обьектілерді жою (Удалить помеченных обьектов)» режимін таңдаңыз. 
 
 

Құжаттар  операциясының проводкасын  қарауға және түзетуге ашу.

   Құжат операциясы проводкаларын  ашу үшін келесі амалдардың  бірін орындаңыз:

  • Құжат үлгісіндегі құралдар тақтасынан немесе журнал терезесідегі --- кнопкасын таңдаңыз,
  • Программа менюінің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Опереция проводкасы (Проводки операции)» командасын таңдаңыз немесе
  • Программа менюіндегі «Әрекет (Действия)»  пунктінен «Құжат (Документ)» бөлімін таңдап, онан кейін «Операцияны ашу (Открыть операцию)» командасын таңдаңыз.
 
 
 

Операциялар журналына өту.

Операциялар журналына өту үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:

  • Құрадар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
  • Программаның басты менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктін ашып, «операциялар журналына өту (Перейти в журнал операции)»  командасын таңдаңыз.
  • Ctri+F11 пернесін басыңыз.
 
 
 

Проводкалар журналына өту.

   Проводкалар журналына өту үшін  келесі амалдардың бірін орындаңыз:

  • Құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
  • Программаның бас менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Проводкалар журналына өту (Перейти в журнал проводок)» командасын таңдаңыз.
 
 
 

Журналдан іздеу.

   Журналдан іздеп табу үшін  курсорды журналдың сол бағанасына  қойып, пернелер тақтасынан ізделетін  мәннің символын таңдаңыз. Журналдан  іздеу курсор тұрған жерден  бастап төмен қарай жүргізіледі. Құжаттар нөмірі бойынша іздеу үшін менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Нөмері бойынша табу )найти по номеру)» режимін таңдаңыз. Экранда «Құжатты нөмері бойынша іздеу (Поиск документа по номеру)» терезесі шығады,  құжаттың нөмерін теріп «Ок» кнопкасын басыңыз. Құжатты кез келген шарт бойынша іздеу үшін менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Іздеу (Поиск)» режимін таңдаңыз. Экранда «Іздеу (Поиск)»  терезесі шығады.

   Керекті мәнді теріп Іздеу  (Поиск) кнопкасын басыңыз. 
 
 

Бастапқы  қалдықты енгізу.

   Бухгалтерлік есепті 1С:Бухгалтерия программасымен жүргізуді жаңа тоқсаннан бастау ұсынылады.

   Бастапқы қалдықты енгізбес бұрын  мынадай амалдарды орындау керек:

  1. кәсіпорында қолданылатын шоттарды анықтау.
  2. субконто түрін және субконтоның өзін анықтау.
  3. талдамалы, сандық, валюталық есеп жүргізу белгілерін қою.
  4. есепті кезеңді анықтау «жыл, жарты ай, тоқсан, ай». Қалдық өткен кезңге (жыл болса өткен жылодың соңғы айына, тоқсан болса өткен тоқсанның соңғы айына, ай болса өткен айдың соңғы күніне) енгізіледі.
  5. операциялардың көріну аралыған анықтау. Қалдықты енгізу күні үшін әдетте айдың соңғы күні алынады.
 
 
 

Қалдықтың дұрыстығын тексеру.

   Қалдықтарды журналға енгізіп  болғаннан кейін оның дұрыстығы  тексеріледі. Ол үшін «Қалдық-айналым  ведомосын»  қарап шығу жеткілікті. Егер қалдық дұрыс енгізілсе, 000 шоты бойынша соңғы Дебеттік және Кредиттік қалдықтар нолге тең болуы керек. Қалдық-айналым ведомсының дұрыстығын тексергеннен кейін кәсіпорынның шаруашылық қызметі басталады. Бұл кезеңде күнделікті кәсіпорында болған шаруашылық операциялары проводка немесе құжат түрінде Журналға енгізіледі және осы енгізілген проводкалар мен құжаттар негізінде керекті есеп беру құжаттары алынады.

Енгізілген  проводкалар негізнде нәтижесінде  нәтижені тоқсан, жыл, ай және кез келген кезеңде алуға болады. Нәтижені есептегеннен кейін программа мынадай тізімдемелерді береді:

  • жиынтық проводкалар
  • қалдық-айналым ведомосы
  • талдамалы есеп обьектісі бойынша қалдық-айналым ведомосы
  • карточка-шоттары
  • талдамалы есеп обьектісінің нақты обьектісі бойынша карточка шоттары
  • шоттарды талдау (күні бойынша, талдамалы есеп обьектісі бойынша)
  • барлық шоттар бойынша талдау есебінің обьектісіне талдау жасау
  • барлық шоттар бойынша талдау есебі обьектісінің карточкасы
  • журнал-ордерлер
  • шоттарды талдау
  • бас кітап
  • шахматка
  • ведомостар және тағы басқалар.

   Журналдарда деректер жыл бойына  сақталады, яғни бұрынғы проводкаларға  түзету енгізуге, қарауға және  тағы басқа да деректерге қол  жеткізуге болады.

    

Информация о работе 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу