Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 05:31, курсовая работа
Курстық жұмыста қозғалған мәселелер нарықта еркін қозғалатын қарапайым және әлеуетті қарапайым акцияларына ие болатын немесе сондай құралдарды шығару үрдісі үстіндегі ұйымдармен байланысты және халықаралық стандарттарда көрсетілген принциптерді біздің еліміздегі ұйымдарға енгізе келе бірегей ақпараттарды беру немесе қазіргі таңда қолданылып отырған әдістерді жақсартумен, әр түрлі кәсіпорындардағы қызметтерінің көрсеткіштерінің бір есеп беру уақытында сәйкес келуімен айналысады. Ал сол нысандарды жүзеге асыратын құралдар негізінен екі көзден қарастырылып отыр:
қаржылық есептің халықаралық стандарттары;
сол стандарттарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жасаған методикалық ұсыныстары.
Кіріспе..........................................................................................3
І. «Акцияға келетін пайда» стандартына сипаттама.
Акция ұғымы және түрлері....................................................5
«Акцияға келетін пайда» стандартының мақсаттары мен қолданылу ортасы..................................................................8
ІІ. Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы.
2.1. Акцияға келетін базалық пайда есебі.....................................10
2.2. Акцияға келетін азайтылған пайда есебі................................16
2.3. Ақпараттың ашылуы мен берілуі...........................................23
ІІІ. Жетілдіру жолдары................................................................25
Қорытынды мен ұсыныстар..........................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................29
Мазмұны
Кіріспе.......................
І.
«Акцияға келетін пайда»
стандартына сипаттама.
ІІ.
Акция келетін пайдасының
есептеу әдістері және
олар бойынша ақпараттың
берілуі мен ашылуы.
2.1.
Акцияға келетін базалық
пайда есебі.........................
2.2.
Акцияға келетін азайтылған
пайда есебі.........................
2.3.
Ақпараттың ашылуы
мен берілуі...................
ІІІ.
Жетілдіру жолдары.............
Қорытынды
мен ұсыныстар.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі:
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдар қаржылық есептің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) көшті. Демек, акционерлік қоғамдар қаржылық есепті халықаралық стандарттарға сай беруге міндеттенеді. Сол себепті жоғарыда аталған институттар үшін ҚЕХС-33 «Акцияға алынатын пайда» ерекше орын алады десек қате болмас. Сонымен қатар, жалпы, акционерлер, әлеуетті(потенциалды) инвесторлар және қаржылық нарықтың сарапшылары кез келген компанияның қаржылық жағдайын бағалағанда акцияларға есептелетін пайда көрсеткіштерін кең пайдаланады. Осыларды ескере келе ,әрине, бұл стандарттың бухгалтерлік есепте алатын орны маңызды да керекті. Зерттеудің негізгі объектілері ретінде акциялардың өздері(түрлері, қасиеттері, ерекшелітері), акцияның екі тәсілі – акцияға келетін базалық және азайтылған пайдалар, кәсіпорында көрсетілуі және соған байланысты ақпараттарды беруі қарастырылады.
Курстық жұмыста қозғалған мәселелер нарықта еркін қозғалатын қарапайым және әлеуетті қарапайым акцияларына ие болатын немесе сондай құралдарды шығару үрдісі үстіндегі ұйымдармен байланысты және халықаралық стандарттарда көрсетілген принциптерді біздің еліміздегі ұйымдарға енгізе келе бірегей ақпараттарды беру немесе қазіргі таңда қолданылып отырған әдістерді жақсартумен, әр түрлі кәсіпорындардағы қызметтерінің көрсеткіштерінің бір есеп беру уақытында сәйкес келуімен айналысады. Ал сол нысандарды жүзеге асыратын құралдар негізінен екі көзден қарастырылып отыр:
Тақырыпты зерттеу барысында жоғарыда аталған көздерден басқа еліміздегі беделді ұйым сарапшыларының еңбектері мен ой-пікірлері қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Бірінші тарауда акцияның түсінігі мен түрлері көрсетілсе, екінші тарауда бір акцияға келетін пайданың базалық және азайтылған түрлерінің есептелу жолдары мен есепте ашылуы талданған. Қорытындыда, негізінен, стандарттың қаржылық ортаға керектілігі туралы шолып көрсетілген.
Курстық
жұмыс 29 беттен тұрады.
І. «Акцияға пайда» стандартына сипаттама.
1.1.
Акция ұғымы мен
түрлері
Акция, Оразалиннің экономикалық сөздігінде (фр. аction – құнды қағаз) – акционерлік қоғамның жарғылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі қаржыны куәландыратын және өз иесіне азамат, заңды құқығы бар адам осы қоғамнан түскен пайданың бөлісін дивиднет ретінде алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам таратылғанда оның мүліктерін үлестіруге қатысуға құқық беретін бағалы қағаз.
Сонымен қатар, акция, Кеулімжаевтің айтуынша, дегеніміз –акционерлік қоғамда, яғни шарушылық субъектісін дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз. Шаруашылық субъектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, қарапайым (жай) және артықшылығы бар – деп аталатын түрлерге бөлінеді.
Қарапайым акциялар – акционерлік қоғамды басқаруға құқық беретін акция түрі. Бір акция осы субъектідегі акционерлер жиналысында шаруашылық субъектіге қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Қарапайым акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынанрезервтер жасалғаннан (толтырылғаннан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі. Сонымен бірге, әлеуетті (потенциалды) қарапайым акциялар ұғымы бар. Әлеуетті қарапайым акциялар – бұл қаржылық құрал немесе қарапайым акцияларға меншік құқығын беретін кез келген төмендегі шарттар:
Артықшылығы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивидентер алу құқыған береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акцияларшаруашылық субъектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде қарапайым акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөледі.
Атаулы (иелік) акциялар дегеніміз – олардың иелері міндетті түрде шаруашылық субъектісінің реестірінде (тіркеу орында) тіркеуге тиісті акциялар. Бұл ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп, басқа да тиісті жазулары жазылған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде шаруашылық субъектісінен барлық акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады. Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары қойылған ( сатушы мен сатып алушы) табыстау туралы келісім-шарт жасалынуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін шарушылық субъектісіне жөнелтіледі. Осыдан кейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған бұл құнды қағазына жаңа сертификат алады.
Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер шаруашылық субъектісінде тіркелмейді. Шарушылық субъектісі, әдетте, ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шарушылық субъектілерінің акционерлері бар деп айтуға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.
Акциялар және облигациялар бағалы қағаздар болып саналады және қаржылық инвестициялар көзі де болып табылады, яғни субъектінің табыс алу маұсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивиденттер және жалға ақысы) инвестицияланған капиталдың өсісі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі).
Акциялар, Топарбаеваның көрсеткеніндей, кәсіпорынның меншік құқығын көрсететіндіктен, ол акционерлік меншік, яғни белігілі бір даму кезеңінде өндіріс масштабы, технология деңгейі, қаржыны ұйымдастыру жүйесі акционерлердің еркін қатысуы негізінде өндірістің жаңа ұйым түрін шығаруға себеп болатын кездегі жеке меншіктің трансформациясы мен даму үрдісінің заңдылы нәтижесі болып табылады.
Бухгалтерлік есепте акциялар қаржылық инвестиция ретінде актив бөлімінде көрсетіледі. Есебі 401 шотында жүргізіледі. 401 «акциялар» шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың, банктердің және т.б. субъектілер акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептеледі. Акция – акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиднеттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқығын беретін бағалы қағаз.
Акциялардың
негізгі көрсеткіші
яғни, оның рентабельділігі,
қасиеттері – оның пайдалылығы.
Акцияға түсетін пайданы
есептеу, оны реттеу
мен қарастыру қаржылық
есептің халықаралық
стандарттары бойынша
33-стандартта жүреді.
«Акцияға келетін пайда» стандартының негізгі мақсаты, Қаржы министрлігіндегі бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснемесі Департаментінің келтіруінше, Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына (БЕХС-орыс.МСБУ) сәйкес акциялардың пайдасын есептеу мен ақпарат беру принциптерін түсіндіріп талқылау болып табылады. Бұл өз кезегінде стандарттың кәсіпорында қолданылуына көмегін тигізеді және әр түрлі ұйымдар көрсеткіштерін бір уақытта туралап көрсету және бір ұйымның әр түрлі есептік кезеңдегі көрсеткіштерін реттеу болып табылады.
Қырғызстан Республикасы бекіткен халықаралық стандартта көрсетілгендей, стандарттағы негізі қаралатын жағдай акцияға келетін пайданы есептеудегі формуламен байланысты делінген. Әр түрлі есеп саясатын қолдана отырып анықталатын «пайда» туралы ақпараттың қолданылуындағы шектілігіне қарамастан, кәсіпорындармен бір әдісті қолданып есептеген көрсеткіш қаржылық есептің сапасын жоғарлатады.
Ал В.Ф. Палийдің көрсетуі бойынша, БЕХС-33 «Акцияға келетін пайда» кәсіпорынның әр түрлі есеп кезеңдеріндегі және әр түрлі компаниялардың бір есептік кезеңдегі қызмет нәтижелерін туралауда қолданылатын бір қарапайым акцияға келетін пайда мөлшері туралы ақпараттарды ұйымда дұрыс көрсету үшін барлық субъектілерге бірдей ережелер орнатады, атап айтқанда «пайданың акциялар санына қатынасы» формуласы қаоданылады. Стандартқа сәйкес оны ашық нарықта айналыста жүретін немесе енді орналастыру үрдісіндегі қарапайым акциялар мен қаржылық құралдарды ұстаушы ұйымдар қолданады деп көрсетілген.
Құнды қағаздар нарығында акциялары немесе қаржылық құралдары еркін айналыста жүрмейтін жабық акционерлік қоғамдар (Ресей заңнамасы бойынша) мен басқа да ұйымдар бұл стандартты қолдануы міндетті шарт болып табылмайды. Ал егер олар өз қаржылық есептерінде акцияға келетін пайда туралы ақпарат ашса, онда олар осы стандарттарта көрсетілген нұсқауларға жүгінуіне міндеттенеді. Бұл әр түрлі кәсіпорындардағы қаржылық есептерді сәйкестендіруге жол ашады.
Бұл стандарт қарапайым акциялары немесе әлеуетті қарапайым акциялары бар ұйымдарға қатысты қолданылады және есепті кезең соңында қаржылық есеп бергенде маңызды болып саналады.
«Акцияға келетін пайда» стандарты, Аудиторлы-консалтингтік орталық директоры – Ю.Лесно ваның пікірі бойынша, келесідей субъектілермен қолданылады, яғни қолданатын ұйымдар типтері мынадай:
Әрине, бұл жоғарыда аталған акция типтері ұйымдардың басым көпшілігінде бар екенін ескерсек, бұл стандарт ұйымдар арасында маңызды болып табылады. Сертификатталған бухгалтер-практик – Нүрсеитовтың айтуындай, «Акцияға пайда» есебі біздің елде өз актуалділігіне ие болып отыр. Ол еліміздегі акционерлік қоғамдардың ҚЕХС-ке өтуімен байланысты.
Сонымен
бірге, бас кәсіпорынның
қаржылық есебімен бірге
көрсетілген біріктірілген
қаржылық есепте акцияға
келетін пайда
көрсеткіші беріледі
және бұл өз кезегінде
бас кәсіпорынның
қаржылық есебіндегі
дәл осындай көрсетштерді
көрсетпеуге де мүмкіндік
береді. Бұл стандарттан
шығатын түсінік қаржылық
есепті қолданатындардың
барлығы толық топқа
деген қызығушылығымен
көрсетіледі, яғни бұл
стандарттарды қолданушылар
ортасы бір кәсіпорын
айласында болмай, біріктірілген
есепте топтың ортақ
көрсеткіші масштабында
да жүреді.