Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 13:10, реферат
Бұл жұмыстың мақсаты нақтылы инвестициялық жобаларды талқылай отырып, олардың тиімділігін бағалау.
Өзімізге мәлім болғандай әрбір кәсіпорын өз қызметі барысында міндетті түрде пайдасын максималдағысы келеді. Осыған орай максималдаудың әртүрлі жолдарын іздейді. Сондай жолдардың бірі инвестицияларды құю болып табылады.
МАЗМҰНЫ
Бұл жұмыстың мақсаты
нақтылы инвестициялық
Өзімізге мәлім болғандай әрбір кәсіпорын өз қызметі барысында міндетті түрде пайдасын максималдағысы келеді. Осыған орай максималдаудың әртүрлі жолдарын іздейді. Сондай жолдардың бірі инвестицияларды құю болып табылады.
Кәсіпорын қандай да бір инвестициялық жобаны бағалау немесе таңдау кезінде, оны зең қойып талдауы керек. Өйткені қаншалықты оны нақты бағалап, нәтиже шығарса, онда ол соншалықты тиімдірек болады. Қаржылық менеджерлер инвестициялық жобаларды бағалаудың әртүрлі әдістерін қолданады. Жалпы олардың негізгілері болып келесілер табылады: таза келтірілген құн, таза терминалдық құн, инвестицияның қайту деңгейі, инвестицияның тиімділік коэффициенті, инвестицияның қайту мерзімі. Бұл көрсеткіштер одан әрі жалғасулары мүмкін, алайда жалпы әдебиеттерде бұларды жиірек қолданады.
Кәсіпорын үшін инвестициялық жоба тек қана пайда табумен байланысты болмайды, ол сонымен қатар кәсіпорынның нарықты жаулап алу саясатына да байланысты болуы мүмкін. Қаржы менеджері өз қызметі барысында кәсіпорынның инвестициялық саясатын даярлайды, сонымен қатар жобаның осы саясатқа сәйкестігін анықтауы тиіс. Яғни қандай да бір компания өзінің инвестициялық саясатын жүргізуі үшін екі жобаны талқылайды.
Инвестициялар тек компанияға үлесін қоспайды, олар тағы да мемлекетке де, халыққа да өз әсерін тигізеді. Яғни одан түсетін пайда зор. Қандай да болмасын жоба, ол әрдайым тәуекелмен байланысты болады. Қаржы менеджері бұл жағдайды да ескеруі керек. Әрине, ол тек инвестициялық тәуекелді ғана емес, оған қоса жалпы тәуекелдерді қарастырып талқылауы тиіс.
Сонымен бірге, ол нарыққа қатысушылар туралы ақпараты болуы керек, мемлекеттің реттеу жүйесін, заңдарды, қор биржаларын, брокерлік фирмалардьң жұмыс істеу механизмін жақсы білуі тиіс. Одан басқа қаржы менеджері құнды қағаз шығарушы кәсіпорын - эмитент туралы толық ақпаратты білуі керек. Сонымен қатар, қаржы менеджері республикадағы құнды қағаздар нарығының даму ағымын байқап тұрғаны жөн.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу сатысында, сондықтан отандық компанияларға сыртқы нарыққа шығу жолдарын іздеу керек. Мұндай жолдардың бірі болып шетел мемлекеттеріне инвестиция құю болып табылады. Кейбір кәсіпорындар нақтылы жобаларды іске асырмай, тек қана қор биржаларында жанама түрде өздерінің бос ақша қаражаттарын жұмсаулары мүмкін. Бұл да инвестициялаудың бір жолы болып табылады. Ал, біздің елімізде күнделікті инвестициялар құйылуда, бұл жағдайдың да өзінше жағымды және жағымсыз әсері бар.
Кез келген кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар әрекетінің маңызды өрісінің бірі — инвестициялық әрекет болып есептеледі.
Кәсіпорындардың қаржы ресурстары — ағымдағы шығындарды қаржылаңдыруға жөне инвестициялауға бағытталады.
Инвестиция — бұл ақша қаражаты, бағалы қағаздар, басқадай мүліктер, оның ішінде мүлікке иелік ету және тағы да басқа белгілі бір пайда табу мақсатымен кәсіпкерлік объектіге салу.
Инвестиция фирмалардың серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі мақсатты орындауға жағдай жасайды, олар:
Кәсіпкерлікпен айналысушы кәсіпорындар инвестицияны әртүрлі түрінде іске асырады, өйткені инвестиция объектілерінің көптеген түрлсрі бар.
Нақтылы инвестиция ол тауар өндірісін және кызмет көрсетуге байланысты нақтылы активке ақша каражатын салу. Бұл салым кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталады. Нақтылы инвестиция нсгізінен жаңадан негізгі қорды салуға, кеңейтуге, қайта тсхникалық жағынан қарулануына немесе жүмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайтадан құру үшін қолданылады.
Қаржы инвестициясы пайда табу мақсатымен — құнды қағаздар түріндегі активтерді алу. Бұл салымдар құнды қағаздар портфелін қалыптастыруға бағытталады.
Венчурлық инвестиция — жаңа технологияға шағын фирмалардың жаңартпашылықтарын қаржыландыруға қажетті тәуекел капиталды салуын айтады.
Аннуитет — инвесторға белгілі бір уақытта тұрақты табыс әкелуші инвестиция. Бұлар негізінен сақтандыру және зейнетақылық қорға каржы салу.
Қысқа мерзімді инвестициялар — ақша қаражаттарын бір жылға дейінгі мерзімге салу. Әлбетте фирмалардың, кәсіпорындардың қаржы инвестициясы қысқа мерзімді болып есептслінеді.
1-сызба. Инвестициялық әрекетт
Инвестициялық әрекеттің субъектілері.
Инвестициялық әрекеттің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жүмыс орындаушылар, инвестициялық объектілерді пайдаланушылар, жабдықтаушылар, әртүрлі кәсіпкерлікпен айналысушы — банктер, сақтандыру және ортақолдық ұйымдар есептелінеді. Инвестициялық әрскеттің субъектілері болып жеке түлғалар және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет және халықаралық ұйымдар есептелінеді.
Инвестициялық әрекеттің негізгі субъектісі - инвестор. Ол меншік, қарыз және қатыстырылатын қаражаттарды инвестиция түрінде жұмсауды іскі асырады.
Негізгі шаруашылық әрекетінің бағытына қарай инвесторларды жеке және институционадық инвесторларға бөледі. Жеке инвестор — негізгі ондірістік шаруашылық әрекеттің дамуына инвестиция түрінде салым салушы жеке және заңды тұлға. Институционалды инвестор — жеке инвесторлардың қаражатын жинақтап, инвестициялық әрекет жасаушы қаржы ортақолдықтар. Институционалды инвесторларға әлбетте құнды қағаздар операцияларына мамандандырылған инвестициялық компанияларды, инвестициялық қорларды жатқызуға болады.
Барлық инвесторлар:
2-сызба. Негізгі
белгілері бойынша
Инвестициялық әрекеттің келесі субъектісі - тапсырыс беруші. Тапсырыс берушілерге инвестициялық жобаларды іске асырушы, бірақта кәсіпкерлік әрекетіне араласпайтын инвестормен уәкіл етілген жеке және заңды тұлғалар жатады.
Мердігерлер болып тапсырыс берушімен келісіммен жұмыс атқарушы жеке және занды түлғалар есептелсді. Мердігерлердің әртүрлі әрекетте жұмыс істеуінс қажетті лицензиясы болуы керек. Инвсстициялық әрекеттің объектілерін пайдаланушыларға кіретіндер:
Инвестициялық әрекеттің субъектілері практика жүзінде қаржы салымдарын іске асыруды орындаушы инвестициялық салада жұмыс істейді.
Инвестициялық салаға жататындар: өндірістік және өндіріске жатпайтын негізгі құралдарға инвестиция салынатын, күрделі қүрылыс саласы;
Жаңартпашылық салаға - ғылыми-техникалық өнімдерді және парасатты әлуетті іске асыруда жатқызады.
Қаржы капиталының айналым саласына: ақша, қарыз және әртүрлі түрдегі қаржы міндеттемелері жатады.
Субъектілердің инвестициялық ә
Инвестицияны басқару
Инвестицияны басқаруга қатысатындар:
3-сызба. Инвестициялық процесті басқару
І-кезең. Кәсіпорын денгейінде инвестицияны басқару елдегі (мемлекеттегі) инвестициялық климатқа талдау жасау. Ол өзіне келесі болжауларды зерттейді:
Ішкі жалпы өнімдер серпіні, ұлттық табыс және өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі;
Ұлттық табысты тарату серпіні жекешелендіру процесінің дамуы;
Инвестициялық әрекетті мемлекеттік заң арқылы реттеу;
Жекелеген инвестициялық нарықтардың дамуы, ақша және қор қарқынының ерекшелігі.
ІІ-кезең. Фирмалардың экономикалык және қаржылық дамуының стратегиясына байланысты нақтылы инвестициялық бағытты тандау. Бұл кезеңде фирма өзінің салалық бағытының инвестициялық әрекетін анықтайды. Бұл үшін жекелеген салалардың ипвестициялық тартымдылығы - олардың конъюнктурасы, серпіні және осы салардың өнімдеріне сұраныстың болашағы зерттелінеді.
Салалар экономикасының инвестициялық тартымдылығы үш бөлімнен тұратын индустриалдық талдау барысына қарай бағаланады:
Саланың даму кезеңдері:
1) Пионерлік саты, өнімдерді сату көлемінің өсуімен және пайданың өсуімен, тәуекелдік және бәсекелестік дсңгейінің жоғарғы деңгейімен сипатталады.
2) Кеңею сатысы, оның негізгі сипаты — сату көлемінің өсуі бір деңгейде, бағаның өсуі тоқтайды, нсмесе аздап кемиді, инвестицияны қатыстыру қарқындайды, машина, жабдықтарды салу шығыны жоғары, төленетін дивидентің өсуімен сипатталады.
3) Тұрақтану сатысы — сату және пайда табу қарқыны азайады, өнімдерді жаңғырту аяқталады, ассортимент тұрақталынады, күрделі шығындардың өсуі тоқталады және олардың кемуі байқалады.
4) Өшу сатысы, саладағы компаниялардың санының азаюымен сипатталынады, соған байланысты пайда, сату және күрделі қаржы мөлшері кемиді.
Инвесторларға ең дұрысы капитады салалардың даму сатысындағы объектілеріне салған тиімді.
Көрсетілген материалдар негізінде көрсетілген саланың кәсіпорнына болашақ қаржы салу түралы шешім қабылданады.
Саланың инвестициялық тартымдылығын бағалаудың негізгі көрсеткіші пайдаланған активтердің пайдасының деңгейі, ол екі вариантта есептелінеді:
- активтердің жалпы суммасына есептеген өнімдсрді сатудан түскен пайда;
- баланстық пайда.
Саланың инвестициялық тартымдылығы бағалаудан басқа, инвестицияны басқару процесіндегі аймақтардың да инвестициялық тартымдылығын бағалайды, өйткені бір саланың кәсіпорындары әртүрлі аймақтарда орналасуы мүмкін. Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы төмендегі факторлармен қалыптасады:
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығын бағалау әртүрлі маңызды факторларды орташа аймақ көрсеткіштерін орташа республикалық көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықтайды.
Алынған нәтижелер негізінде кәсіпкерлікпен айналысатын фирма нақтылы инвестицияны тандауға шешім қабылдайды.
ІІІ-кезең. Инвестициялайтын объектіні таңдау, ол инвестициялық нарықтағы ұсыныстарды талдаудан бастайды, фирманың стратегиялық бағытына және инвестициялық әрекетінің негізгі бағытына сай келетін нақтылы жекелеген инвестициялық жобаны және қаржы құралдарын таңдап алынады.
Информация о работе Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі