Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 13:10, реферат

Описание

Бұл жұмыстың мақсаты нақтылы инвестициялық жобаларды талқылай отырып, олардың тиімділігін бағалау.
Өзімізге мәлім болғандай әрбір кәсіпорын өз қызметі барысында міндетті түрде пайдасын максималдағысы келеді. Осыған орай максималдаудың әртүрлі жолдарын іздейді. Сондай жолдардың бірі инвестицияларды құю болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

invest.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)

Талдау нәтижесіне сәйкес олардың  тиімділігі қаралып, олардың ішінен ең тиімді инвестициялық жобасы іріктеліп алынады.

VІ-кезең. - инвестицияның өтімділігін анықтау. Инвестициялық әрекетті орындау процесінде кәсіпкерлік етуші фирманың - жекелеген инвестиция объектісінің инвестиция климатының өзгеруі нәтижесінің күткен табысқа әсерін есепке алу керек. Сондықтан, болатын құбылыстарды мұқият байқай отырып, өз уақытында жекелеген инвестициялық бағдарламадан шығу туралы шешім қабылдаған жөн. Осындай болатын жағдайды есепке ала отырып, әрбір инвестицияланатын объект бойынша инвестицияның өтімділік деңгейін бағалау ксрек, оның ішінде алдыменен барынша өтімділігі жоғары бағдарламаға жол беріледі.

Инвестицияны  басқарудың маңызды кезеңі - инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қалыптастыру көзін іздеу. Осы кезеңде кәсіпкерлік етуші фирма жоспарланған бағыт бойынша инвестициялық әрекетті орындауға қажетті инвестициялық ресурстарды болжамдайды. Қажетті инвестициялық ресурстарға сай оны қалыптастыру көздері анықталады. Меншік қаржы қаражаттары жетіспеген жағдайда қарыз қаражаттарын қатыстыруға шешім қабылданады.

Жоғарыда айтылған шараларды орындау нәтижесінде инвестициялық портфель қалыптастырылады.

Инвестицияны  басқарудың қортынды кезеңі — инвестициялық тәуекелдікті басқару. Бұл кезеңде алдыменен фирманың барлық инвестицияланған объектілері бойынша кездесетін тәуекелдікті анықтайды, соңынан инвестициялық тәуекелдікті азайту үшін шаралар жасалынады.

 

Инвестициялық әрекетті орындау көздері.

Фирмалардың инвестициялық  әрекеттерін орындау көздері болып есептелетіндер:

  • инвестордың меншік қаржы ресурстары және ішкі шаруашылық резервтері, шаруашылық ету әрекетінен түскен пайда, амортизациялық төлем, сақтандыру компаниясына төленген қаражат және т.б.;
  • инвестордың қарызға алған қаржы қаражаттары,оларға жататындар: банк несиесі, бюджет несиесі және т.б.;
  • инвестордың қатыстырған қаржы қаражаттары: акциялар сатудан, пай-жарнасы, фирма қызметкерлерінің басқадай жарналар - төлемдері;
  • мемлекет бюджетінен инвестициялық қаржы бөлу (аймақтың, салалық мақсатты бағдарламаларға);
  • шет ел инвесторларының қаражаттары - бірлескен кәсіпорындардың жарғы капиталына қатысуға және т.б.

Шет ел инвесторларын  қатыстыру халықаралық экономикалық байланысты дамытады және ғылыми - техникалық жетістіктерді өндріске енгізуге әсер етеді.

Фирма өз инвестициялық әрекетін қаржыландыруына байланысты, үш негізгі инвестицияны қаржыландыру түріне бөледі:

  • өзін өзі қаржыландыру;
  • несиелік қаржыландыру;
  • үлестік немесе аралас қаржыландыру.

Өзін өзі қаржыландыру — фирманың инвестициялық әрекетті толығымен меншік қаржы ресурстары арқылы қаржыландыруын айтады, ол ресурстар фирманың ішкі көздері арқылы қалыптасады. Мұндай қаржыландыру түрі әлбетте қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды орындауда қолданылады, оның рентабельдік мөлшері онша жоғары болмайды.

Несиелік қаржыландыру - әлбеттс қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды орындауда қолданылады, инвестицияның рентабельдік мөлшері өте жоғары болады. Бұл қарыз капиталының ерекшелігі, алдын ала келісілген жағдайға байланысты, несиені қатыстыру керек.

Үлестік қаржыландыру - қаржыландырудың бірнеше көздерінің құрамдастыруын қарайды Инвестициялық әрекетте бұл ең көп тараған түрі.

Нақты инвестицияның  маңызы нақтылы инвестициялау процесі бірнеше кезсңдері және сатылар арқылы орындалады. Халықаралық практикада бұл процесс үш негізгі кезең арқылы орындалады:

  • инвестициялауға дейінгі кезең - бұл жайда нақтылы инвестициялық жоба таңдалынады және оны бағалайды;
  • инвестициялау кезеңі - нақтылы инвестициялықжобаны іске асырумен байланысты;
  • постинвестициялық кезең – инвестицияланған объектіні пайдалану кезеңі.

Инвсстициялауға дейінгі  кезең, нақтылы инвестициялау процесінің негізін құрайды, осы кезеңде альтернативті инвестициялық шешімдер жасалынады, инвестициялық жоба дайындалады. Өз кезегінде бұл ксзең төрт сатыдан тұрады:

    1. инвестициялық идеяны (концепцияны) іздеу сатысы;
    2. инвестициялық жобаны алдынала дайындау сатысы;
    3. инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық және қаржылық тартымдылығын бағалау сатысы;
    4. инвестициялық жобаны қабылдауға ақырғы шешім қабылдау.

Нақтысында, нақтылы инвсстициялау  процесін орындау үшін алдыменен  инвестициялайтын объектіні анықтау қажет. Соңынан инвестициялық идеяны орындаудың барлық аспектісін қарау қажет және инвестициялық жобаны жасау қажет. Ол әлбетте бизнес-жоспар түрінде орындалады.

Нақтылы инвестициялауды орындау  процессі инвестициялық идеяны іздеуден және таңдаудан басталады. Алдыменен кәсіпқой фирма өзінің даму мақсатына байланысты инвестициялық идеяны іздеудің шекарасын белгілейді. Нақтылы инвестицияның орындалуы туралы шешім фирманың келесі мақсатын белгілеу негізінде шешіледі:

  • өндіретін тауар үшін немесе қызмет көрсету үшін нарықтағы үлесті сақтау немесе өсіру;
  • жаңа тауарларды шығарудың қажеттігі;
  • фирманың жақсы атағын қалыптастыру және ұстап тұру;
  • фирманың ресурстарын барынша пайдалануға жету.

Бұл аталғандардан басқа кәсіпкерлік фирма инвестициялық идеяны анықтауда нақты инвестиция саласында жинақталған тәжірибені, өз әрекетінің салалық бағытын, фирма қызметкерлерінің біліктілігін, инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарының барлығы және басқадай факторларды есепке алады.

Инвестициялық идеяны таңдау халықаралық практикада қолданылған сынаптамаларға негізделуіне болады. Бұл сынаптамалар өзіне келесі мүмкіншіліктерді қосады:

- қайта өңдеуге және ондіріске пайдалануға жарайтын пайдалы жер асты байлықтары және табиғи ресурстардың барлығы;

- демографиялық немесе әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен нарықта жаңа тұрпатты тауарларға сұраныстың өзгсруі;

- импорттың көлемі және құрылымының импорттың орнын басушы өндірісті жасауға бағытталған проектілерді жасауға әсер етуі;

- басқа елдердегі өндіріс құрылымының даму беталысы және тәжірибесі;

- тұтынушы-салаларда өндірісті ұлғайту жоспары жөнінде немесе дүниежүзілік нарықта өндірілген өнімдерге сұраныстың өсуі жөніндегі ақпарат;

- өндірісті әртараптандыру мүмкіншілігі;

- жалпылама өнімдерді шығаруда өзіндік құнды азайту үшін, өндіріс көлемін үлғайтудың қажеттігі;

  • жалпы экономикалық жағдай.

Әрине, аталған мүмкіншіліктер негізінде кәсіпкер фирма өте іріленген инвестициялық проектінің идеясын құрауы мүмкін, яғни нақтылы инвестицияны орындау бағытын таңдайды. Егерде таңдалған тұжырымдама фирманың алдына қойған мақсатына сәйкес келсе, оны фирманың басшылары қабылдаса, тұжырымдама толық жасалынады, оған қажетті қосымша ақпараттар жиналады және талдаулар жасалынады.

 

Инвестициялық жобаны жасау.

Инвестициялық жоба күрделі қаржы салымдарының көлемін, және мерзімін анықтауға жасалатын экономикалық негіздеме, оның ішінде қажетті жобалық-сметалық құжаттар, сондай-ақ инвестициялық жобаның орындалуы жөніндегі практикалық әрекеттің мазмұны (бизнес-жоспар).

Нақтылы инвестициялаудың белгілі түріне байланысты фирма жасалынатын инвестициялық жобаға қойылатын талаптарды қалыптастырады.

Инвестициялаудың бұндай түрі үшін, жабдықтарды ауыстыру немесе түрлерін алу, яғни ірі қаржы салымын талап етпейтін инвестициялау түрі фирманың өз қаражаты есебінен қаржыландырылады, бұл жайда инвестициялық жоба ішкі құжат болып есептелінеді. Мұндай жоба, әлбетте, қысқартылған бөлімдерден және көрсеткіштерден құрастырылады, бірақта міндетті түрде инвестициялық проектінің мақсаты, оның негізгі параметрлері, қажетті қаржы ресурстарының көлемі, сондай ақ инвестициялық жобаның тиімділігі және оның орындалуының календарлық мерзімі қаралады.

Инвестициялық жоба белгілі  бөлімдерден құралады,олар төмендегіше.

Инвестициялық жобаның  негізгі бөлімдері:

      1. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы.
      2. Жобаның негізгі идеясы.
      3. Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы.
      4. Инвестициялық жобаны орындау  процесіне қажетті материалдық ресурстардың көлемін негіздеу.
      5. Жобаның орындаулының техникалық негізіне сипаттама.
      6. Жобаның тұрған жері.
      7. Басқаруды ұйымдастыру.
      8. Қажетті еңбек ресурстары.
      9. Жобаның орындалу кестесі.
      10. Жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау.

Кез келген инвестициялық жоба алдымен оған қысқаша сипаттау берумен басталады, өйткені бұл бөлім қортындылаушы бөлім және ол барлық қалған бөлімдер дайындалғаннан кейін жасалынады. Жобаның сипаттамасы барлық ресурстардың тізімін, оның ішінде жобаны орындауға қажетті қаржылық ресурстарды, жобаның орындалу мерзімі және салынған қаражаттың қайтуы, сонымен қатар жобаның экономикалық және қаржылық тиімділігін және әлеуметтік қажеттілігін бағалауды қамтиды.

Инвестициялық жобаның  келесі бөлімі – «Жобаның негізгі идеясы». Бұл бөлімде талданатын жобаның ең маңызды параметрі қаралады.

Нарықты талдау және маркетинг  тұжырымдамасы арналған бөлімде, нарық потенциалын талдаудың нәтижесі, сондай-ақ маркетингтік зерттеудің нәтижесі қаралады, оған жататындар: сұраныс және ұсыныс, нарықтағы баға, нарықты сегменттеу, негізгі бәсекелестер және т.б. Инвестициялық жобаны орындауда қолданылатын маркетингтік тұжырымдама қаралады.

Инвестициялық жобаны іске асыру процесінде қажетті материалдық  ресурстар көлемін негіздеуде қолданылатын шикі заттар және материалдардың жіктелуі, инвестициялық жобаны орындаудың барлық сатысында олардың қажетті көлемі қаралады. Жоба орындалатын аймақтағы негізгі шикі заттар қоры талданады. Шикізаттар және материалдарды жеткізу бағдарламасы жасалынып, оған кететін шығындар бағаланады.

«Жобаның іске асырудың техникалық негізін сипаттаушы» бөлімде өндірістік бағдарлама және кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын талдау қаралады.Осы бөлімде болашақ технология негізделеді, сондай-ақ жобаны орындауға қажетті жабдықтар паркі қаралады.

«Жобаның орындалатын жері» туралы бөлімде жобаны іске асыратын нақтылы аймақты таңдау негізделеді, өндірістік және коммерциялық инфрақұрылымға, нарықтық және ресурстар ортасына талдау жасалынады; аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және инвестициялық климат қаралады. Бұл жерде қоршаған ортаға сипаттама беріледі және инвестициялық жобаны орындауда пайда болатын мүмкінді экологиялық проблемалар бағаланады.

«Басқаруды ұйымдастыру» бөлімінде фирманың ұйымдық құрылымына сипаттама беріліп, оның нақтылы түрі және қазіргі басқару жүйесі негізделеді. Бұл бөлімде ондірістік және басқару қызметкерлерінің еңбек әрекетін ұйымдастыру, олардың еңбек ақысы, сондай-ақ қосалқы шығындар құрылымы және мөлшері қаралады.

«Қажетті еңбек ресурстары» бөлімінде фирманың нсгізгі қызметкерлеріне қойылатын талаптар келтіріледі, қызметкерлеріне қалыптастыру жүйесі және аймақтағы өндіріске маңызды мамандарды іздеу мүмкіншілігі қарастырылады.

Жобаның орындалу кестесі  маңызды бөлімдердің бірі болып есептелінеді, өйткені бұл бөлімде инвестициялық жобаның орындалуының жекелеген сатысы негізделеді және әрбір саты бойынша қаржы, материалдық және еңбек ресурстарына қажеттілік қаралады.

Қорытынды бөлімде жобаны қаржымен қамтамасыз ету сипатталады және оның тиімділігі бағаланады. Бұл бөлімде қажетті инвестиция сомасы, мүмкінді өндіріс шығыны қаралады, инвестициялық ресурстарды алу әдістері негізделеді және инвестицияның тиімділігінің есебі жасалынады.

1.2 Инвестициялык, жобаларды бағалау әдістері

 

Инвестициялық жобаларды  бағалаудың ең қарапайым әдісі өтемділік кезеңін тексеру. Өтімділік кезеңі салынған капитал соммасын жылдық үнеммен салыстыру арқылы анықталады. Қаржы менеджері барлық салынған соманы жылдық үнемделгсн сомаға бөледі, сол арқылы өтемділік кезеңін табады немесе салынған қаражатты қалпына келтіреді. Мысалы, егер жылдық үнем 5 млн.тг болса, ал салым - 10 млн.тг. онда өтемділік кезең екі жылға тең.

Бірақта өтемділік кезеңін  тексеру салым сапасының нақты толық көрсеткіші бола алмайды, егерде кәсіпорын салынған капиталды негізгі құралдарға салып қоймай, сонымен қатар басқа бағытқа инвестициялайтын болса.

Инвестицияның тиімділігін анықтаудың еңбір қолайлы әдісі жүйелік ағымдағы шығынды дисконттауі (есептеу). Болашақ табыс мөлшерін инвестиция көлемімен салыстыру арқылы анықтау ең бір қолайль әдіс ретінде қолданылады.

Бұл әдісті қолдану үшін қаржы менсджерінің төмендегі мәліметтері болуы тиіс:

- жалпы инвестиция соммасы және олардың мерзімі бойынша таратылуы;

- жылдық шығындағы үнемділік (жылдық табыс);

- жабдықтарды іске жарату мерзімі;

- мүмкінді амортизациялық төлем;

- пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі.

Бұл әдіспен бағалау болашақ ақша қаражаты ағымын ағымдағы кезге тарату үшін дисконттау коэффициентін қолдануды ұйғарады.

Дисконттау коэффициентін  таңдау, бағалау әдісін таңдау сияқты, маңызды. Дисконттау коэффициенті — бұл таңдалынған дисконт мөлшерлемесінің деңгейі, және ол инвестордың тілегіне қарай өзгерісте болуы керек. Дисконттау коэффициенті әлбетте, тәуекел шығынын жабуды қамтамасыз ету үшін өзгерісте болады. Өте жоғарғы дисконттау коэффициенті аз дисконттау коэффициентімен салыстырғанда болжамды ақша қаражаты ағымын тез азайтады. Осыған байланысты инвесторлар инвестициялық жобаның тәуекелдігін, өте жоғарғы дисконттау коэффициентін қолдана отырып өтейді. Мұндай әдіс тәуекелді жобаларға капитал салымына жоғарғы табысты қамтамасыз етеді.

Информация о работе Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі