Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2012 в 14:43, курсовая работа
Қаржылық жоспарлау-бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономикалық үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Кіріспе...........................................................................................................3
1-Тарау. Қаржылық жоспарлау ұғымы..........................................................
1.1 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны..............................................................
1.2 Қаржылық жоспарлаудың міндеті.................................................................
2Тарау. Қаржылық жоспарлаудың құрылымы............................................
2.1 Қаржылық жоспарлаудың қағидалары..........................................................
2.2 Қаржылық жоспарлаудың әдістері .................................................................
2.3 Қаржылық жоспарлаудың түрі......................................................................
Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер........................................................................
в) Тәуекелдің теңгерімділігі принципі. әсіресе тәуекелді ұзақ мерзімді инвестициялық меншікті қаражат есебінен (таза пайда, амортизациялық аударым және т.б.) қаржыландырған орынды.
г) Нарықтың қажеттілігіне бейімделу принципі. Ұйым нарық жағдайын, сондай-ақ ағымдағы және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін меншікті қаражатты барлық жағдайда жеткілікті бола бермейтінін ескере отырып, өзінің кредит пен қарыз алуға тәуелділігін ескеруі тиіс.
ғ) Шекті пайдалылық принципі жол беретін тәуекел деңгейде инвестицияланатын капиталдың барынша жоғары (шекті) пайдалылығын қамтамасыз ететін күрделі салымды таңдаған орынды екенін көрсетеді. Батыс компаниялары қаржыны жоспарлауда қолайлы пайда алуға және тауарлық және қаржы нарығында жайғасымды сақтауға ерекше назар аударады. Пайда деп салық салынғаннан кейін ұйымның иелігінде қалатын таза пайда аталады. Сондықтан ұйымның басшылығы қаржы жоспарын әзірлегенде салық ауыртпалығын да, сонымен бірге оны төмендету мүмкіндігін де ескеруі тиіс.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі, бірлік, үздіксіз.
Бірінші қағидат қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) – орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудық жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспалау мемлекетке біріңғай қаржылық саясатты жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржылық ресурстарды бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендетудің және оның нәтижелігін артырудың резервтерін іздесдестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жірдемдеседі.
Биліктің жергілікті органдары бюжеттерінің олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде өңірлердің қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет.
Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспалаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтк даму жоспарларымен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгілеген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кірістіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді.
Жоспарлаудың үздіксіздік
2.2 Қаржылық жоспарлаудың әдістері
Қаржыны жоспарлау стратегиясында ұйымның кіріс орталығы мен шығын орталығын қарастырылады. Кіріс орталығы – ұйымға барынша жоғары пайда әкелетін бөлімше. Шығын орталығы – шығыны барынша жоғары немесе залалды, алайда өндірістік коммерциялық процесте маңызды рөл атқаратын бөлімше. Мысалы, көптеген батыс компаниялары «жиырмаға сексен», яғни капиталдың 20%-ы шығыны пайданың 80%-ы қамтамасыз етуі тиіс деген ережені басшылыққа алады.Демек, капитал салымының қалған 80%-ы тек 20% пайда әкеледі.
Қаржы көрсеткіші бірнеше әдістің көмегімен жоспарланады. Жоспарлау әдісі жоспарлы есеп-қисаптың нақты тәсілі мен жолы болып табылады. Аталмыш әдіске:
Есеп айырысу –талдамалы жоспарлау әдісінде қаржы көрсеткішінің қол жетіскен мөлшерінің негізінде оның келешектегк деңгейі болжанады. Аталмыш әдісте қаржы-экономикалық норматив болмайды, ал көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысы тікелей тәсілмен емес жанама, бірқатар кезең (ай,жыл) ішіндегі олардың серпінін зерделеу негізінде межеленуі мүмкін. Осы әдістің көмегімен тауарлық-материалдық өқндыоық запасына салынған айналым қаражатына қажеттілік, амортизациялық аударым мен пайданың мөлшері белгіленуі мүмкін. Есеп айырысу талдамалы әдісі пайдаланылғанда сараптау бағалары жиі қолданылады.
Қаржы көрсеткішін нормативтік жоспарлау әдісінде корпорацияның ақшалай ресурсқа және ол пайда болатын көзге қажеттілігі алдаын ала межеленген норма мен норматив негізінде анықталады. Аталмыш нормативке салық ставкасы, мемлекеттік бюджеттен тыс қорға салынатын жарна тарифі, негізгі капитал мен материалдық емес активтің амортизация нормасы, банк пайызының есептік ставкасы және т.б. жатады.
Қаржыны жоспарлауда жалпы нормативтік жүйе қолданылады. Аталмыш жүйеге келесі норма мен норматив кіреді:
Республикалық
нолмативтер Қазақстан
Жергілікті норматив жекелеген салаларда қолданылады және оны өкілетті және атқарушы билік органы бекітеді. Оған, әдетте, жергілікті салық пен жиынның ставкасы кіреді. Салалық норматив жекелеген саланың шеңберінде немесе ұйымның ұйымдастыру-құқықтық тобы (акционерлік қошғам, шетел инвестициясымен жұмыс істейтін ұйым, шағын кәсіпорын) бойынша қолданылады.
Ұйымның нормативін шаруашылықты жүргізуші субъект әзірлейді және өндірістік-коммерциялық процесті реттеу, сондай-ақ ресурстың тиімді пайдалануын бақылау үшін пайданылады. Аталмыш нормативке:
Нормативтік жоспарлау әдісі ең қарапайым және қол жеткізімді болып табылады. Норматив пен көлемдік көлемдік көрсеткішті білген жағдайда, жодспарлы қаржы көрсеткішті оңай есептеуге болады. Сондықтан ұйымның қаржыны басқаруда негізгі проблема – бұл ақша ресурстарын қалыптастыру және оны пайдалану үшін экономикалық жағынан негізделген норма мен норматив әзірлеу, сондай-ақ ұйымдық топтың әрбір құрылымдық бөлімшесінің осы норма мен нормативті сақтауын бақылауды ұйымдастыру.
Қаржы көрсеткішін баланстық жоспарлау әдісінде қолда бар қаржы ресурсы мен оған нақты қажеттілікті үйлестіруге болады. Баланстық әдіс ақша қорынан (тұтыну мен жинақтау) түсетін түсім мен төлемді, кіріс пен шығыстың тоқсандық жоспарын, айлық төлем балансын (күнтізбені) және т.б. болжау кезінде қолдынылады.
Мысалы, ақша қоры бойынша баланстық үйлесімінің түрі мынадай болады:
ПР+,
Мұнда: және - Қор қаражатының есепті кезеңінің басы мен аяғының қалдығы;
П – есепті кезең ішінде қорға қаражаттың түсуі;
Р – қор қаражатының жұмсалуы;
Жоспарлы шешімді оңтайландыру әдісінде жоспарлы есеп айырысудың бірнеше нұсқасы жазылып, оның арасынан ең оңтайлысы таңдалады. Мұның өзінде таурдың бірнеше өлшемін пайдалануға болады:
Экономикалық- математикалық модельдеу әдісі қаржыны жоспарлауда қаржы көрсеткіші мен оның мөлшеріне ықпал ететін факторлардың арасындағы өзара байланыстың санын анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш өзара байланыс экономикалық процесті математикалық символ мен тәсілдің (теңдеу , теңсіздік, график, кесте және т.б.) көмегізмен дәл сипатталатын экономикалық – математикалық модельде байқалады. Модельге функционалдық және өзара байланысты байланысқа негізділуі мүмкін. Функционалдық байланыс келесі формуламен көрсетіледі:
Мұнда: - тиісті көрсеткіш;
- көрсеткішімен анықталатын функционалдық байланыс.
Өзара (корреляциялық) байланыс – жалпы түрде және бақылау саны көп болғанда ғана ықтималдық тәелділік. Аталмыш байланыс әр түрлі регрессияның стандартты теңдеуімен көрсетіледі. Мысалы, төмендегі теңдеудің бірфакторлық моделімен көрсетіледі:
Көпфакторлық модель түрлерімен;
Жоспарлау моделін пайдаланған
кезде зерттеу кезеңінің
Шамалы зерттеу кезеңінде (тоқсанда) жалпы заңдылықты анықтауға м үмкіндің бермейді. Алайда кез келген экономикалық заңдылық тұрақсыз және ол ұзақ уақыт ішінде өзгеріске ұшырауы мүмкін, сондықтан тым ұзақ кезеңді де алуға болмайды. Практикада келешекті жоспарлау үшін өткен 3-5 жылдың жылдық қаржы көрсеткіштерін, ал ағымдағы (жылдық) жоспарлау үшін 1-2 жылдың тоқсандық деректерін пайдаланған орынды.
Жоспарлы кезеңде кәсіпорынның
жұмысы айтарлықтай өзгерген жағдайда,
экономикалық-математикалық
Экономикалық-математикалық
Қаржы көрсеткішінің экономикалық-
Экономикалық-математикалық
2.3 Қаржылық жоспарлаудың түрі
Ұйымның ағымдағы және ұзақ мерзімді кезеңдердегі қаржы әлеуетін анықтау үшін қаржы жоспарының (бюджеттің) бірнеше түрін әзірлеуге құқылы.
Ұйымның әзірлеуі мүмкін жедел қаржы жоспарының мынадай түрі болады: