Қаржылық жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2012 в 14:43, курсовая работа

Описание

Қаржылық жоспарлау-бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономикалық үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1-Тарау. Қаржылық жоспарлау ұғымы..........................................................
1.1 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны..............................................................
1.2 Қаржылық жоспарлаудың міндеті.................................................................
2Тарау. Қаржылық жоспарлаудың құрылымы............................................
2.1 Қаржылық жоспарлаудың қағидалары..........................................................
2.2 Қаржылық жоспарлаудың әдістері .................................................................
2.3 Қаржылық жоспарлаудың түрі......................................................................
Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер........................................................................

Работа состоит из  1 файл

арман курсовой.docx

— 51.43 Кб (Скачать документ)
  1. Залалсыздық кестесі (бизнес-жоспардың құрамдас элементі).
  2. Кіріс және шығыс жоспары (балансы) – тоқсан, жарты жыл, жыл.
  3. Инвестициялық жоспар (бюджет) – тоқсан, жарты жыл, жыл.
  4. Бухгалтерлік және таза пайданы бөлу жоспары – тоқсан, жарты жыл, жыл.
  5. Төлем балансы (күнтізбе) – көрсеткіш он күнге бөлінген айға.
  6. Алдағы тоқсанның немесе айдың кассалық жоспары (өтініші) (банк басшысының қалауы бойынша).
  7. Кредит жоспары – тоқсан, жарты жыл, жыл.
  8. Валюталық жоспар – тоқсан, жарты жыл, жыл.
  9. Салық бюджеті – тоқсан, жарты жыл, жыл.
  10. Кіріс пен шығыс бюджеті – тоқсан, жарты жыл, жыл.
  11. Ақшалай қаражаттың қозғалыс бюджеті – ай, тоқсан, жарты жыл, жыл.
  12. Баланс парағы бойынша бюджет (алдағы тоқсанның соңына актив және пассив балансының болжамы).
  13. Айналым активін қалыптастыру және қаржыландыру бюджеті – тоқсан, жыл.

Қаржы жоспары (жедел немесе жылдық) әзірлеудің бірінші сатысында ұйымның жоспарланатынның алдындағы кезеңнің (тоқсан, жарты жыл,жыл) бухгалтерлік және статистикалық есебінен алынған қаржы көрсеткіші талданады. Аталмыш көрсеткішке: тауар (өнім, жұмыс, қызмет) сатудан алынған түсім, пайда, күрделі салым мөлшері, активтің және меншікті капиталдың пайдалылығы, қаржылық тұрақтылықтың, төлем қабілеттілігінің және баланстың өтімділігінің көрсеткіші жатады.

Қаржыны талдау әдіснамасы арнайы экономикалық әдебиетте жеткілікті түрде егжей-тегжей баяндалған. Осы көрсеткішті қаржыны  жоспарлауда пайдалану үшін қаржыгерлерге  оның бірнеше кезеңдегі (ай, тоқсан, жыл) серпінді қатарын жасауды ұсынуға  болады.

Екінші сатыда қаржы жоспарына арнайы есеп пен кесте жасалады (жалпы және таза кіріс есептеледі және ол бағыттар бойынша бөлінеді, сондай-ақ амортизациялық аударым, күрделі салым көзі, айналым қаражатына қажеттілік және т.б. есептеледі).

Бизнес-жоспарлау жөніндегі әдебиетте  оңтайлы шешім таңдау үшін қаржы  жоспарының бірнеше түрін жасау  ұсынылады.

Үшінші сатыда қаржы жоспарының (бюджетінің) орындалуы жөнінде есеп әзірленеді. Есеп қаржыны талдау және алдағы кезеңге жоспар әзірлеу үшін пайдаланылады.

Шет елдің қаржы әдебиетінде  әдетте келешекті (2-5 жылға) және қысқа  мерзімді (ай, тоқсанға, жылға) бюджет жасау  ұсынылады. Қазақстанның бүгінгі күнгі  экономикалық жағдайына қатысты  келешекті жоспар (бір жылдан асатын кезеңге) жасау мүмкін емес. Сондықтан  жедел қаржы жоспарын (айға, тоқсанға) әзірлеумен шектеуге болады.

Акционерлік қоғамда жылдық қаржы  жоспары акционерлердің (м пеншік иелерінің) жалпы жиналысында талқылануы тиіс екенін атап өту қажет.

Қаржы жоспарының мазмұнын және оның жекелегн түрінің тағайындалуын  қарастырайық. Залалсыздық кестесі жұмыс істейтін ұйымның бизнес-жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол сондай-ақ жаңа фирма құрылғанда, инвестициялық жоба және т.б. әзірлегенде де қажет. Өнім сату мөлшерін жодспарлау процесінде жалпы ұйым бойынша бұдан төмен болған жағдайда залал шегілетін бастапқы сыни межел ретіндегі ең төмені осы көрсеткіштің мөлшерін анықтау қажет болады. Әдетте осы мақсатта залалсыздық кестесін (дербес қаржы есеп ретінде) құру ұсынылады.

Ұйым залалсыздық нүктесінен өткеннен кейін пайда ала бастайды. Кесте  өндіріс мөлшері мен өнімнің өзіндік құнының пайдаға жасайтын ықпалын (шартты ауыспалығы және шартты тұрақты шығынға бөліп) көрсетеді.

Осы кестенің көмегімен залалсыздық  нүктесін, яғни берілген баға деңгейінде сатудан алынған тікелей түсім  жалпы шығынның тік сызығымен (сатылған өнімнің өзіндік құнымен) түйісетін  өндірістің мөлшерін табуға болады. Ұйымның  залалсыздық нүктесінен (сыни межелден) өткеннен кейін өндіріс мөлшерінің өсу нәтижесінде ең соңында пайда  алынады.

Келесі қажет құжат- кіріс пен шығыс балансы (жоспары) немесе қаржы ресурсының тсу және кету жоспары. Баланс көрсеткішінің құрамы қаржы түсімінің көзімен және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жұмсалатын жоспарлы шығынмен анықталады. Балансқа түпкілікті қаржы көрсеткіштерінің:пайданың,амортизациялық аударымның, тұтынуға және жинақтауға жұмсалатын қаражаттың есебі қоса тіркеледі.

    

АҚ бойынша  алдағы тоқсанның (жылдың) кірісі мен  шығысының балансы

Кесте

Баланс көрсеткішінің тізбесі  шығынның құрамын және жоспарлы тоқсан (жыл) шеңберінде оның орнын толтыратын көзді анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, ұйымның иелігінде қалатын  таза пайда акцияның иесіне дивиденд төлеуге, күрделі салымды қаржыландыруға, сондай-ақ резервтегі капиталды толтыруға  және т.б. жұмсалады.

Қаржыны жоспарлау көбінесе негізгі  көрсеткіштің болжамының сапасына, нарық жағдаятына, елдегі ақша айналысының жай-күйіне және теңгенің бағамына байланысты болады.

Көптеген бұрынғы мемлекеттік  ұйымдар жақын уақытқа дейін  келтірілген формат бойынша баланс жасап келген. Жолспарлы баланспен  қатар кіріс пен шығыстың есеп-қисап балансы жасалады. Аталмыш баланс межелеген кезеңде қаржы көрсеткіштің орындалуын сипаттайтын жиынтық құжат болып табылады. Есеп-қисап балансы алдағы тоқсанның (жылдың) баласын әзірлейтін база болып табылады:

  • Бас кітап және тиісті журнал-ордер;
  • Жедел қаржы есепбінің деректері;
  • Өткен кезеңінің бухгалтерлік есептілігі (баланс, кіріс пен шығыс жөніндегі есеп және т.б.).

Есеп- қисап балансын жасау шаруашылық қызметтің кемшілік тұстарын табуға, сондай-ақ сату, пайда, кірістілік мөлшерінің өсу резервін анықтауға мүмкіндік береді. Есеп-қисап балансы қаржы жоспарының нысаны бойынша жасалады. Қаржы ресурсының жалпы мөлшері мен жекелеген бап бойынша ауытқудың болуы қаражаттың артығын немесе оның тапшылығын (жоспардан тыс мақсатқа оқшауланғанын немесе жекелеген бап бойынша артық жұмсалғанын) растайды.

Атқарушы (есеп-қисап) баланстың негізінде  ұйым басшылығы үшін негізделген  қорытынды жасалады. Қорытындыда  жекелеген көрсеткіштің орындалмау себебі баяндалады, сондай-ақ кемшілікті жоюдың және ұйым қаржысының жай күйін  нығайтудың нақты жолдары белгіленеді.

Инвестициялық жоспарда (бюджетте) нақты  инвестицияның (күрделі салымының) жалпы мөлшері, ол жұмсалатын бағыт, сондай-ақ қаржыландыру көзі көрсетіледі. 

АҚ бойынша алдағы тоқсанның  инвестициялық жоспары (бюджеті)

                                       

  1. Негізгі  капиталға салынатын күрделі салым
    1. Құрылыс-монтаж жұмысы
    1. Құрастыру талап етілетін машина мен жабдық сатып алу
    2. Құрастыру талап етілмейтін машина мен жабдық сатып алу
    3. Ғимарат және құрылыс сатып алу
    4. Өзгке күрделі шығын
      • Жер телімін бөлу
      • Жобалау іздестіру жұмысы
  1. Материалдық емес актив (түрі бойынша) сатып алуға жұмсалатын күрделі салым

 

 

 

    Барлық күрделі салым

 

  1. Күрделі салымды қаржыландыру көзі
    1. Меншікті қаражат
      • Өндірісті дамытуға арналған таза пайда;
      • Амортизациялық аударым;
      • Мүлікті жоғалтудан шегілген залал өтелетін залал сомасы;
      • Шаруашылық тәсілімен жүзеге асырылатын құрылыстың ішкі қаржы ресурсы;
    1. Қарыз қаражаты
      • Ұзақ мерзімді кредит пен қарыз
      • Бюджеттік кредит
      • Қаржы жалгерлігі (лизинг)
      • Өзге қарыз қаражат
    1. Сырттан тартылған қаражат
      • Меншікті акция эмиссиясы
      • Қатысушы жарғылық капиталға салынатын жарна
      • Қайтарылмайтын негіздегі бюджет қаражаты
      • Өзге де тартылған қаражат

                Барлық қаражат көзі


 

Қазіргі жағдайда күрделі салымның жалпы мөлшерінде меншікті қаражаттың үлесі 50%-дан асуы тиіс өзін-өзі қаржыландыру әдісі ең келешекті әдіс болып табылады. Осы әдіс кәсіпорын қаржысының сыртқы көзден тәуелсіздігіне қол жеткізеді және кредитордың борышына қызмет көрсетуге жұмсалатын шығында қысқарады.

Таза кірісті бөлу жоспары – жалпы және таза кірісті дәстүрлі бөлу есебі. Қажетті жұмыстың бөлігі сату мөлшерін болжағанда, залалсыздық кестесін құрғанда орындалады, өйткені осы жағдайда сатудан алынатын түсімді, оның өзіндік құнын, сондай-ақ күтілетін пайданы есептеу қажет болады.

Төлем балансы кәсіпорынның ағымдағы ақша айналымын басқару жөніндегі негізгі құжат.

Кассалық жоспар (өтініш) – кәсіпорынның қолма-қол ақшалай қаражаты айналымның жоспары, ол касса арқылы ақшалай қаражаттың түсуі мен төлеуін сипаттайды. Қолма-қол ақшаны уақытында төлеу кәсіпорынның өз қызметкерлерімен жасайтын ақша қарым-қатынасын сипаттайды. Әрбір кәсіпорын кассалық жоспарлауды тиісінше ұйымдастырса, бұл жағдай елде ақша айналымының тұрақтануына ықпал етеді. Кассалық жоспардың орындалуын жедел бақылау кәсіпорынның қаржы қызметі мен бухгалтериясына жүктеледі.

Кредит жоспары – банкіден несие алу және оны өтеу жоспары (сонымен бірге кредитке қойылатын пайызды өтеу)

          

АҚ-ның алдағы тоқсанға арналған кредит жоспары

 

                                  Көрсеткіш 

Сома,млн теңге

  1. Несие берешегінің тоқсан басындағы қалдығы,оның ішінде
      • Қысқа мерзімді несие бойынша
      • Ұзақ мерзімді несие бойынша

11813

9000

2813

  1. Несие алу жоспары (кредит пен банк түрі бойынша).
      • Қысқы мерзімді
      • Ұзақ мерзімді

57150

45900

11250

  1. Несие өтеу жоспары, оның ішінде:
      • Қысқа мерзімді
      • Ұзақ мерзімді

61425

45900

12375

  1. Несие берешегінің тоқсан соңындағы қалдығы,
      • Қысқа мерзімді
      • Ұзақ мерзімді

7538

5850

1688


 

Кредит жоспарына несиенің мына түрі кіреді:

    • Өндірістік мақсатқа арналған кредит (негізгі және айналым қаражатын қалыптастыруға);
    • Инвестициялық кредит (жаңа құрылысты немесе жылжымайтын мүлік сатып алуды қаржыландыруға);
    • Өндірістің маусымдық шығынына арналған кредит;
    • Ауыл шаруашылығы кредиті (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағар май сатып алуға) және т.б.

Қарыз алушы мен ьанк арасындағы өзара қарым-қатынас кредит шартында реттеледі. Банк кредит берер алдында  несиенің қамтамасыз етілуін және қарыз  алушының төлем қабілеттілігін тексереді. Қарыз беруші(банк) қарыз алушының кредитті қайтару, сонымен бірге пайыз төлеу жөніндегі міндеттемені орындайтынына көз жеткізген жағдайдада ғана өзіне кредит тәуекелін алады. Банк кредит бергеннен кейін:

    • Кредиттің шартқа сәйкес пайдалануын;
    • Кредитке қойылатын пайыздың және борыш өтелетін жарна сомасының уақытында төленетінін;
    • Кредит беру шартының ережесінің өзгермеуін қадағалайды.

Берілген кепілзаттың құндылығы  төмендеген жағдайда, банк қарыз алушыдан оны күшейтуді немесе кредитті ішінара  қайтаруды талап етуге құқылы.

Шетел валютасындағы ақша айналымы қомақты болған жағдайда, банкідегі  оның қозғалысының жеке есебін валюта теңге үшін сатылған және сатып алынған  соманы тиісінше көрсетіп жүогізуге  болады. Алдағы тоқсанда валюта қаражаты қозғалысының болжамды есебін жасағанда төмендегі баланстық әдісті пайдалану ұсынылады

 

Мұнда:және - валюта қаражаты қорының есепті кезеңнің басы мен соңындағы қалдығы;

П – валюта қаражатының есепті кезең ішінде түсімі;

Р  - валюта қаражатының жұмсалуы.

Валюта жоспар әзірлегенде валютамен өзін – өзі өтеушілік және өзін – өзі ақтаушылық принципін сақтау қажет.

Валютамен өзін – өзі өтеушілік  деңгейі мына тиісті коффициентпен  бағаланады:

                            ,

Мұнда: – валютамен өзін – өзі өтеу коффициенті;

- валютаның есепті  кезең басындағы қалдығы;

          П – валюта қаражатының есепті  кезеңде күтілетін түсімі;

          Р – валюта қаражатының күтілетін  шығыны.

Аталмыш коффициент кәсіпорын иелігіндегі  валютаның сомасынан неше есе  асатынын көрсетеді. 1 мағынасы ұйымның валюталық тұрақтылығын растайды: 1 мағынасы валюта қаражатыныңм тапшылығын немесе шектеулі екенін растайды.

Информация о работе Қаржылық жоспарлау