Қаржылық жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2012 в 14:43, курсовая работа

Описание

Қаржылық жоспарлау-бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономикалық үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1-Тарау. Қаржылық жоспарлау ұғымы..........................................................
1.1 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны..............................................................
1.2 Қаржылық жоспарлаудың міндеті.................................................................
2Тарау. Қаржылық жоспарлаудың құрылымы............................................
2.1 Қаржылық жоспарлаудың қағидалары..........................................................
2.2 Қаржылық жоспарлаудың әдістері .................................................................
2.3 Қаржылық жоспарлаудың түрі......................................................................
Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер........................................................................

Работа состоит из  1 файл

арман курсовой.docx

— 51.43 Кб (Скачать документ)

Валютамен өзін –өзі ақтаушылық коэффициенті () келесі формуламен анықталады:

                             ,

Мұнда: П  – өндірістік – коммерциялық қызметті дамытуға жұмсалатын пайда;

АО – валютаға сатып алынған, өндірісті жаңартуға бағытталған  негізгі құрал-жабдықтың құнынан  амортизациялық аударым;

ВК – банкіден алынған валюталық кредит;

В – валюта биржасынан немесе банкіден теңгеге сатып алынған валюта.

Аталмыш коффициент кәсіпорын тауар (қызмет) сатудан алынатын пайданың, өзге де валютаға сатып алынған негізгі  құрал-жабдықтың есебінен өзінің валютадағы ағымдағы шығынын өтейтінін растайды.

Егер қаражат көзі валюта түсімінің  есебінен шығынды жабуға жеткілікті болса, онда валюта мен өзін – өзі  қаржыландыру ережесі сақталған  болып саналады.

Валюта кірісі мен шығысының  жоспары жасалған келісімшартқа сәйкес тауарды экспортқа сатудан түскен валюта түсімінің қарастырылған мөлшерінің негізінде, тауарды ішкі нарықта сатудан түскен валютаның жоспарлы түсімінің және өзге де жасалады.Өнімнің экспортынан түскен валюта түсімін есептегенде оның теңгеге сатылған бөлігі ескеріледі. Сондықтан кәсіпорынның ағымдағы валюта шотына түскен түсім ғана есепке алынады.

Төлем балансымен салыстырғанда ақшалай  қаражаттың алдағы кезеңдегі қозғалысының болжамында валюта кірісі мен шығысы қызмет түрі бойынша көрсетіледі. Шаруашылық операцияның үш түрі және онымен байланысты тиісінше ақша ағыны болады:

  • Ағымдағы (операциялық) қызмет;
  • Инвестициялық;
  • Қаржы.

Ақша ағынын осылай топтастыру:

  • Ағымдағы ақша ағынын зерттеуге;
  • Кәсіпорынның кредитордың алдындағы өзінің берешегін өтеу қабілетін бағалауға;
  • Акцияның иесіне дивиденд төлеуге;
  • Инвестициялық, инноватциялық және басқа да бағдарламаны іске асыру үшін қосымша ақша ресурсын тарту мүмкіндігін зерттеуге мүмкіндік береді.

Айналым активін қаржыландыру сызбасын жоспарлау айналым активіне қажеттілікті қамтамасыз етуге және осы активтің орнын толтыратын көздің құрылымын оңтайландыруға бағытталады.

АҚ бойынша алдағы тоқсанда (жылы) айналым активін қалыптастыру және қаржыландыру бюджеті кесте 

Айналым активін қалыптастыру және қаржыландыру бюджетін әзірлеу тәртіптемесіне запасты, алдағы тоқсанның (жылдың) дебиторлық және кредиторлық берешегінің мөлшерін болжамды есебі кіреді.

Кәсіпорынның кірісін, шығысы мен  капиталын бюджеттендіру процесінде қаржы кқрсеткішінің болжамы  одан әрі егжей-тегжейленеді.




Информация о работе Қаржылық жоспарлау