Аудиторлық қорытынды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 10:44, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті аудиторлық есеп беруосы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Негізінен экономика саласы болсын не басқада салаларда атқарылып болған істің нәтижесі болады. Сол сияқты қаржы саласында аудит жүргізіледі және оның шаруашылық субъектіге өзіндік үлесін қосады. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы, шаруашылық әдістерін және фирмаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады.

Работа состоит из  1 файл

Аудиторлық қорытынды.docx

— 51.51 Кб (Скачать документ)

 

Аудиторлық  тексеруге жататын қаржылық қорытынды  есептің дайындалуына және оның дұрыстығына  ұйымның басшысы жауапты. Аудиторлық ұйым осы қаржылық қорытынды есеп бойынша өзінің есеп беруі үшін жауап  береді.

Жалпы қаржылық қорытынды есепте көрсетілген ақпараттарға әсерін тигізетін ескерту маңызды  болып табылады. Келісе алмаушылық болған жағдайда тек сол ғана қаржылық қорытынды есепте дұрыс емес немесе толық емес ақпараттардың бар  екендігін көрсетеді; белгісіздік  жағдайында ол аудитордың ескертусіз (шартсыз) есеп беру жаса алмауына әкеліп соқтырады.

Маңызды және елеулі ескертулердің арасындағы айырмашылық маңыздылық дәрежесімен  анықталады. Бір аудитор үшін елеулі немесе басқасы үшін маңызды болып  табылатын ескертулерді анықтау  үшін шүбәсіз (құнды) факторлар жоқ. Маңызды ескертулер тәжірибеде өте  сирек кездеседі, теріс Аудиторлық есеп беру еш уақытта жасалынбайды, ал биржада бағаланатын кезкелген  компания үшін қандай да болмасын шарты  қорытынды ерекше жағдай болып табылады. Шартты (ескертулер бар) есеп беру жасау  белгілі бір зардап шегуге әкеліп соқтыруы мүмкін, мысалы қор биржасында кәсіпорын өзінің бағасын төмендетіп алуы мүмкін.

Есеп беру жасаудың барлық жағдайларында аудитор  ескертулердің барлық маңызды себептерін дәл бейнелеуге, сонымен бірге  кәсіпорын шегетін зардаптарды, егер оларды бағалау мүмкін болса, көрсетуге  тиісті.

Ескертулері бар (шартты) Аудиторлық есеп беру жасауды  қажет ететін жағдайларды анықау және бағалау. Ескертулері бар Аудиторлық есеп беру ең болмаған жағдайда ғана жасалуға тиісті. Берілген қорытындының типі (түрі) жайында аудиторда күмән туындайтын болса, онда ол мәселені ескертулерсіз  шешуге мүмкіндік алу үшін кәсіпорын  басшылармен кеңесуге тиісті. Әдетте кәсіпорын басшылыры ескертулерден  аулақ болуға тырысады және сондықтан  көбінесе өзінің позициясын өзгерте  алады немесе аудитор кәсіпорын  тарапынан ешқандай шара қолданылмайтын болса ескертулер жасалынатындағы  туралы клиентке емеурін білдірген  жағдайда үлкен көлемде ақпараттар бере алады. Осы айтылғандардың негізінде  ескертулері бар қорытынды жасау  кезінде төмендегі тұжырымның пайдаланылатындығын  атап көрсетуге болады: келісе алмаушылықтардың болуынан туындағанды «қоспағанда».

Арнайы  мақсатағы аудиторлық және теріс  аудиторлық есеп беру. Арнайы мақсаттағы келісімдер бойынша есеп беру –  бұл, аудитор (аудиторлық ұйым) мен клиенттің  арасындағы келісімшарттың міндеттеріне сәйкес арнайы дайындалған қорытынды.

 Арнайы  мақсаттар төмендегілер болуы  мүмкін:

  • қаржылық қорытынды есептің жекелеген көрсеткіштері жөніндегі қорытынды;
  • корпоративтік табыс салығы бойынша қорытынды есеп беру жөніндегі қорытынды;
  • кәсіпорынның төлей алу қабілеті және жарғылық капиталының құралуы жөніндегі қорытынды;
  • келісім-шарттардың орындалуы және дебиторлық, кредиторлық борыштардың шын бар екендігі жөніндегі қорытынды;
  • шоғырландырылған (біріктірілген) қорытынды есептің нақтылығы жөніндегі қорытынды және т.б.

Арнайы  мақсаттағы қаржылық қорытынды есептің  растау кезінде аудиторға өзінің қорытындысында сілтеме жасау және ереже-нұсқауларға қайшы келмейтіндігіне  көз жеткізу керек.

Аудиттің  отандық тәжірибесінде, әдете, аудит  жүргізіліп болғаннан кейін орындалған жұмыстарды қабылдау актісі жасалынады.

Маңызды ескертулер тәжірибеде өте сирек  кездеседі, теріс аудиторлық есеп беру еш уақытта жасалынбайды, ал биржада  бағаланатын кезкелген компания үшін қандай да болмасын шарты қорытынды  ерекше жағдай болып табылады.

Әдетте  кәсіпорын басшылыры ескертулерден  аулақ болуға тырысады және сондықтан  көбінесе өзінің позициясын өзгерте  алады немесе аудитор кәсіпорын  тарапынан ешқандай шара қолданылмайтын болса ескертулер жасалынатындағы  туралы клиентке емеурін білдірген  жағдайда үлкен көлемде ақпараттар бере алады.

Аудитор қаржылық қорытынды есеп бойынша  теріс Аудиторлық есеп беружасауға  мәжбүр болған кезде, қорытынды бөлімде  төмендегілер қарастырылуға тиісті :

 «Біздің  пікіріміз бойынша, жоғарыда бейнеленген  фактілердің әсер етуінен қаржылық  қорытынды есеп 2011 жылғы 31 желтоқсанға кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімді және дәл көрінісін бере алмайды (немесе дәл көрсете алмайды)».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТƏУЕЛСІЗ  АУДИТОР  ЕСЕБІ

 ___________________________

(Сəйкес  адресат) 

 

Қаржылық  есептілік бойынша есеп

 

Біз  АВС компаниясының  қаржылық  есептілігіне  аудит  жүргіздік, ол  2011  жылдың 31  желтоқсандағы жағдай  бойынша бір жыл ішіндегі  белгіленген мерзіммен аяқталған бухгалтерлік  балансынан,  табыс жəне  шығындар   есебінен,   капиталдағы   өзгерістер  есебінен  жəне  қаржы айналымының есебінен, сонымен қрса есеп саясаты мен басқа да түсіндірмелі ескертудің маңызды элементтерін қысқаша сипаттаудан тұрады.

 

Қаржылық  есептілікке  басшылықтың  жауапкершілігі

 

Қаржылық  есептіліктің  дайындығы  мен  дұрыстығына  жауапкершілік  Қаржылық  есептіліктің  халықаралық  стандарттарына  сəйкес  басшылыққа  жүктеледі.  Бұл  жауапкершілік алаяқтық пен  қателерге байланысты маңызды бұрмалаулардан тұрмайтын қаржылық  есептіліктің  дайындығы  мен  дұрыстығына   байланысты   ішкі   бақылауды  дайындау, енгізуден жəне   сəйкес  есеп  саясатын  таңдау  мен   қолдану,  жағдайларға    сəйкес   бухгалтерлік   бағалаудан  тұрады.  

 

Аудитор  жауапкершілігі

 

Біздің  жауапкершілік  жүргізілген  аудит  негізінде  қаржылық   есептілік  бойынша  пікір  білдіру.  Аудит  аудиттің  халықаралық  стандарттарына  сəйкес  өткізілді.  Аталған  стандарттар  əдептану  талаптарын  орындауды,  жоспарлауды  талап  етеді  жəне  аудит қаржылық  есептіліктің  маңызды  бұрмалаулардан  тұрмайтындығына  сенім  білдіру 

мақсатында  жүргізілді.

 

Аудит  қаржылық  есептіліктегі  сомалар  мен  анықтауларды  растайтын  аудиторлық дəлелдер алуға қажет  шараларды орындайды. Таңдалған  шаралар алаяқтық пен  қателерге  қатысты   маңызды  бұрмалаулар   тəуекелділігін   бағалау   жөніндегі   аудитор  пікіріне  байланысты. Мұндай тəуекелділіктерді  бағалауда аудитор жағдайларға  сəйкес субъектінің қаржылық есептілігінің  дайындығы мен нанымдылығына  қатысты аудиторлық шараларды дайындайды.Аудит  сондай-ақ  қолданылған  есеп  саясаты  мен  басшылық  жасаған  бухгалтерлік бағалардың сенімділігін, сондай-ақ қаржылық есептілікті жалпы  бағалаудан  тұрады.   

 Біз   жасаған  дəлелдер   пікірді   білдіруге   жеткілікті  жəне  нанымды   деп  есептейміз.

 

ПІКІР

 

 Біздің  пікіріміз  бойынша  қаржылық  есептілік  АВС  компаниясының  2011  жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша қаржылық жағдайын, сондай-ақ қаржылық  есептіліктің  халықаралық стандарттарына  сəйкес  көрсетілген күнмен  аяқталған жылдық  қаржы айналымы  мен қаржы нəтижелерін нанымды жəне  сенімді көрсетті  деп ойлаймыз. 

 

Басқа заңдар мен реттеуші талаптар  бойынша  есеп

________________________________________________________________

(Бұл тараудың  мазмұны  мен  үлгісі аудитордың  басқа  есептер жөніндегі есебінің cипатына   байланысты.)

_____________________

(Аудитордың  қолы)

 ____________________

(Аудиторлық  есеп  күні)

 ____________________

(Аудитор  мекен - жайы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Бухгалтерлік  баланстың дұрыстығына аудиторлық  тексеру жаппай әдіспен жүргізілді.

 Аудитті жүргізудің жалпы  қабылданған әдістері, пайдаланушының  күтуі және бизнесті жүргізу  практикасы аудитордың процедураны  «қаржылық есеп беру бойынша  пікірі шындыққа сәйкес келмейді»  деген минималды тәуекелмен білдіретіндей  жоспарлауы мен орындауын талап  етеді.

Аудиторлық тексеру кезінде  айтылған пікір пайдаланушы үшін кәсіби стандарт сақталды, елеулі мәліметтер жинақталды және осы пікірді дәлелдеу үшін бағаланды дегенді білдіреді.

Аудиторлық  тексерістер  тек  олар  қоғамдық  мүддені  білдіретін  жəне  ол  үшін мүмкіндіктер  болған (қысқа  мерзімді  перспективада)  жағдайда  міндетті  болуға тиіс:  Аудиторлық  тексерістер  заңнаманың  негізінде  міндетті  тəртіпте  жүргізілетін ұйымдардың  саны  қолда  бар  білікті  аудиторлардың  санымен  шамалас  болуға  тиіс. Экономикалық  саясатты  əзірлеушілер  аудиттың  заңнамалық  белгіленген  талаптарын, олар  Қазақстандық  аудиторлардың  мүмкіншіліктерінен  асып  кетпейтіндей,  біртіндеп енгізуге тиіс.

Аудиторлық  қорытынды Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясына үш беттен тұратын 3 дана етіп дайындалды.

 Аудиторлық  қорытындының әрекет ету мерзімі  – берілген күннен бастап үш  ай.

Аудиторлық  тексеруге жататын қаржылық қорытынды  есептің дайындалуына және оның дұрыстығына  ұйымның басшысы жауапты. Аудиторлық ұйым осы қаржылық қорытынды есеп бойынша өзінің есеп беруі үшін жауап  береді.

Жалпы қаржылық қорытынды есепте көрсетілген ақпараттарға әсерін тигізетін ескерту маңызды  болып табылады. Келісе алмаушылық болған жағдайда тек сол ғана қаржылық қорытынды есепте дұрыс емес немесе толық емес ақпараттардың бар  екендігін көрсетеді; белгісіздік  жағдайында ол аудитордың ескертусіз (шартсыз) есеп беру жаса алмауына әкеліп соқтырады.

Маңызды және елеулі ескертулердің арасындағы айырмашылық маңыздылық дәрежесімен  анықталады. Бір аудитор үшін елеулі немесе басқасы үшін маңызды болып  табылатын ескертулерді анықтау  үшін шүбәсіз (құнды) факторлар жоқ. Маңызды ескертулер тәжірибеде өте  сирек кездеседі, теріс Аудиторлық есеп беру еш уақытта жасалынбайды, ал биржада бағаланатын кезкелген  компания үшін қандай да болмасын шарты  қорытынды ерекше жағдай болып табылады. Шартты (ескертулер бар) есеп беру жасау  белгілі бір зардап шегуге әкеліп соқтыруы мүмкін, мысалы қор биржасында кәсіпорын өзінің бағасын төмендетіп алуы мүмкін.

Есеп беру жасаудың барлық жағдайларында аудитор  ескертулердің барлық маңызды себептерін дәл бейнелеуге, сонымен бірге  кәсіпорын шегетін зардаптарды, егер оларды бағалау мүмкін болса, көрсетуге  тиісті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. «Қаржы жүйесін тұрақтандыруда кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлардың рөлі» тақырыбына өткізілген бухгалтерлер мен аудиторлардың ІІ Халықаралық құрылтайының (форумының) баспасөз – релизі, 18 қыркүйек 2009 жыл.
  2. Аудит негіздері» - Алматы қаласы, «Экономика» баспасы - 2011 жыл авт.: Абленов Д. О.
  3. «Аудит» - Алматы қаласы, «Экономика» баспасы - 2010 жыл,             авт.: Шарипов А.Қ.
  4. «Қаржылық аудит және талдау» - Алматы қаласы, «Экономика» баспасы - 2010 жыл авт.: Абленов Д. О.
  5. Қ.К.Кеулім жаев «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»  2008ж. Алматы
  6. Б.С. Мырзалиев «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі» 2008ж. Алматы
  7. А.Бименова «Банктегі бухгалтерлік есеп» 2010ж. Астана
  8. Ф.С.Сейдахметова «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп» 2008ж. Алматы
  9. Е.О.Нұрсейтов «Ұйымдағы бухгалтерлік есеп» 2009ж. Алматы
  10. Б.Оразбекұлы, Ж.Ш. Абдыкалиева, Р.К. Тұрсынбекова «Шаруашылық саласындағы Есеп ерекшеліктері» 2011ж. Талдықорған
  11. Н.А.Құдайбергенова «Бухгалтерлік есеп принциптері» 2011ж. Алматы
  12. Б.Оразбекұлы «Бухгалтерлік есеп және Аудит негіздері» 2011ж. Алматы
  13. Абленов Д.О.  Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005.
  14. А.А.Сәтмырзаев, Б.Е.Укашев  Аудит теориясы (оқу құралы). Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғ.А.Сейтқасымов. – Алматы: «Ұлағат» университеті, 1998, - 156 бет.
  15. Әжібаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004, 527 стр.
  16. Бычкова С.М Аудиторская деятельность. Теория и практика. – СПб.: Изд-во «Лань», 2000.
  17. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Типтік бағдарлама экономика мамандығын дайындайтын студенттеріне арналған. – Алматы: Экономика, 2000. – 17 бет.
  18. Кочинев Ю.Ю. Аудит. – СПб.: Питер, 2005, - 304 стр.
  19. Қ.К.Кеулім жаев «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»  2008ж. Алматы
  20. Б.С. Мырзалиев «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі» 2008ж. Алматы
  21. Н.Қабылова, Ш.Доспалинова,Е.Оразалинов «Бухгалтер» (бухгалтерлік есеп негіздері) 2008ж. Астана

Информация о работе Аудиторлық қорытынды