Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
-------------------------------------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать документ)
 

Курстық жұмыс: 
 

Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы. 

Мазмұны:

Кіріспе

---------------------------------------------------------------------------------------------        4-5 бет

I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------            6-9 бет

II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------         9-14 бет

III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------     14- 28 бет

IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------     28-34бет

Қорытынды :

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------     34 бет

Қолданылған әдебиеттер

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------        35бет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе: 

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды. 

Назарбаевтың жетекшілігімен «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» әзірленіп мемлекет дамуының басым бағаттары айқындалды. «Қазақстан – даму стратегиясының» іске асырылуының нәтижесінде 1999 жылдың аяғына таман Қазақстанда экономиканың тұрақты және шапшаң өсімі, өндіріс көлемінің ұлғаюы, қаржы ресурстарын жинақтау үрдісі белгіленді. 

1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана). 

Назарбаевтың экономист және саясаткер ретінде жәке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көпте­ген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Эко­номиканың қарқынды өсуі мемлекет басшысына ауылды дамыту, кедейшілікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамыту, т. б. ша­раларды көздейтін ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Осы реформалардың нәтижесінде Қазақстан экономикасына 30 млрд. АҚШ долл. көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Президенттің тапсырмасы бойынша Индустриалды-инновацияның даму стратегиясы әзірленіп, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. 

Елдің ішкі саясатында Назарбаев Қазақстан қоғамын демократияландыру мәселесіне мән береді. Қазақстанда демократи­ялық институттардың дамуы дәйекті жүргізілді, елде саяси плюрализм мен көп партиялық жүйе орнықты. 

Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттілікті сақтап қалу ең басты мақсат деп санайды. Оның баста­масымен ұлттық қауіпсіздікті нағайту мақсатында лаңкестікпен, экстремизм мен сепаратизмнің өзге көріністерімен күрестің мемлекеттік бағдарламалары бекітіліп, ТМД мемлекеттерінің лаңкестікке қарсы орталығы құрылды (2000). 

Назарбаев қазіргі заманғы әлемдік өзгерістерді және елдегі саяси-әлеуметтік реформаларды ескере отырып, Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын жасап, оның стратегиялық, мақсат-міндеттерін, негізгі принциптері мен басты бағыт­тарын айқындады. Өзара байланыс ауқымын кеңейту мақсатында Назарбаев Кеден одағын нығайту, еркін сауда аймағын құру және ТМД органдарын жетілдіру жөнінде бірқатар жаңа бастамалар көтерді. Назарбаевтың 1994 ж. наурызда ұсынған Еврази­ялық одақ құру туралы идеясы ерекше маңызға ие болды. Оның ойынша, бұл одақ ТМД елдері ықпалдасуының болашақтағы ны­саны ретінде Еуразия өркениетіне серпіліс береді. 

Назарбаевтың түрлі мәдениеттері, діндер, өркениеттер арасында жүйелі сұхбат орнату бағытында жүргізіп отырған салиқалы саясаты ерекше мәнге ие. 

Назарбаев ғылымның дамуына, білім беру жүйесін реформалауды іске асыруға қомықты үлес қосып келеді. Ол Қазақстан ха­лықтары ассамблеясының жетекшісі (1995) және Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төреғасы (1992), сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстан халықтарының достығы қорының құрметті төрағасы ретінде елде азаматтық келісім ахуалын орнықты­рып, Еуразия кеңістігінде, күллі әлемде бейбітшілік пен татулықты сақтауға, халықаралық, саяси, экон., мәдени ынтымақтас­тық аясын кеңейту үлесін қосып келеді. 

1992 ж. Назарбаевқа «ТМД-дағы аса маңызды республикалалардың бірінде жаңа саяси, экон. және әлеуметтік жүйені да­мытып, нығайтуға сіңірген қомақты үлесі үшін» «Капри сыйлығы» берілді. 

1998 ж. Желтоқсанда Түркия Республикасының 75 жылдығына орай «Түркі әлемі халықтарының арасындағы қарым-қатынас­ты дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығы, 1999 ж. 8 маусымда «Түркі әлеміне қызмет еткені үшін» сыйлығы, 1996 ж. 22 маусым­да прогресті дамытуға сіңірген еңбегі үшін Кранс-Монтана халықаралық форумының арнаулы жүлдесі, т. б. табыс етілді. Сон­дай -ақ Қазақстан Республикасының Президенті Ресейдің жоғары мемлекетінің наградасы – Қасиетті апостол Андрей Пер­возванный (12.10.1998), Өзбекстанның «Буюк хизматлари учун» (Үздік табыстары үшін), Румын елінің аса мәртебелі наградасы — «Стяуа Ромынией» (Румыния жұлдызы), т. б. ордендермен марапатталды. 1999 ж. 26 қазанда Назарбаевқа «Алтын Атлант» сыйлығы мен халықаралық технология академиясының мүшелік допломы және Ниобий медалі берілді. 

Информация о работе Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы