Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
-------------------------------------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать документ)

Біз аталған санат үшін сегіз айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде арнайы жәрдемақылар енгізе аламыз. Бұған жыл сайын 3 миллиардтан аса теңге қажет болады. Осындай қаражат тауып, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап №2 Тізім бойынша арнайы жәрдемақылардың төленуін қамтамасыз ету қажет. 

Осылайша, мен атап берген барлық әлеуметтік төлемдерді көбейтуге жұмсалатын қаражатқа қажеттілік 2008 жылы шамамен 108 миллиард теңгені құрайды. 

Бүгінгі таңда мемлекеттің қазақстандықтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту үшін осындай үлкен қаражат жұмсау мүмкіндігі пайда болды. Ендеше біз бұл мүмкіндікті іске асырамыз. 

Тоғызыншыдан, үш жылдың ішінде 100 мектеп пен 100 аурухана еліміздің нақ осындай нысандарға мұқтаж болып отырған өңірлерінде салуды тапсырамын. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды біз стратегиялық міндет дәрежесіне көтеруге тиіспіз. Біз мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің көмегімен әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму тетігін қалыптастыру қажеттігіне жеттік деп білемін. 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ – ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ЖЕДЕЛДЕТУ 

Қазақстан-2030” Стратегиясын дәйектілікпен орындау өзіміздің алдағы ілгерілеуіміз үшін берік негізді қамтамасыз етті. Бізде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшін барлық негіз бар, біз мұндай тарихи мүмкіндікті уысымыздан шығармайтын боламыз. 

Сол үшін де Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдап алынды. 

Бұл – біздің бұдан былайғы дамуымыздың бірден-бір дұрыс арнасы. 

Біз осы заманғы әлемде Қазақстанға және қазақстандықтарға лайықты орын, бүкіл ел халқының әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын қамтамасыз ету үшін сыртқы рыноктарға шығып, сенімді орнығуға міндеттіміз. 

Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің: 

Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет; 

Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек. 

ІV. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ 

Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту. 

Және мұның қажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы. 

Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізге экономиканың барлық деңгейінде – бүгінгі де, сол секілді ықтимал мүмкін болатын нақты да перспективалы бәсекелестік артықшылықтарымызды қажеттілікпен әрі сарабдалдықпен анықтауға және пайдалануға тура келеді. 

Жүйелілік – біздің осы заманғы әлемде таяудағы онжылдықта алға жедел жылжуымыздың басты қағидасы, міне, осы. 

Бұл үшін бізде барлық алғышарттар бар. 

Біздің иелігімізде: орасан зор аумақ; ұтымды географиялық және коммуникациялықөліктік орналасуымыз; елеулі табиғи ресурстарымыз бар. 

Біз өңірлік экономикада көшбасшылық шептерге шықтық, халықаралық әріптестерімізбен сындарлы қатынастар орнаттық, саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қол жеткіздік. 

V. ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ 

Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуге тиіспіз. 

Бірінші міндет –  экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. 

Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның орындалуына қатаң бақылау қажет болады. 

Информация о работе Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы