Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
-------------------------------------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать документ)

1997 жылы сіздер  мен ұсынған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын қолдадыңыздар, онда біздің қоғамның келешек мүмкіндіктері мен біздің мемлекеттің ұлық мұратына деген көзқарас таныстырылған болатын. 

Бұл әлі қанаты қатая қоймаған жас тәуелсіз мемлекеттің ұлы таңдауы еді. Сол кезде осы Стратегия турасында күмән аз бола қоймағанын білемін. 

Сол уақытта, естеріңізде болар, біздің жинақтаған қорымыз негізінен зілбатпан әлеуметтік-экономикалық проблемалардан және егеменді даму мен либералдық реформалардың азын-аулақ алғашқы тәжірибелерінен ғана тұратын. 

Сол тұста, 10 жыл бұрын, біз өз таңдауымызда қателескен жоқпыз. 

Нақ сол уақыттан Қазақстан нарықтық экономиканың теоремалары мен демократиялық дамудың аксиомаларын бірінен кейін бірін игере отырып, дәйектілікпен ілгері адымдай бастады. 

Біз мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демокра¬тиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік. 

Біз ішкі тұрақтылыққа қол жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп, өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде орнықты. 

Біз үшінші дүниенің мемлекеті болуды қойдық. Бұл өткен 10 жылдағы жұмысымыздың басты қорытындысы. 

Енді келесі онжылдықтағы одан арғы жұмысымызды белгілеп бергім келеді. 

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫНЫҢ АРТУЫ 

2000 жылға қарағанда ІЖӨ-ні еселеу жөніндегі біздің міндетімізге келесі жылы-ақ қол жеткізуге әбден болады. Бұл – тар өрісті мақсат емес, экономикалық өсудің жай нанымды көрсеткіші де емес, бұл – қазақстандықтардың өмірін жақсарта берудің біздегі нақты мүмкіндіктер. 

Өткен жылдары біз көптеген аса маңызды әлеуметтік міндеттерді шеше алғанымызды сіздер білесіздер, олардың өмір сапасын жақсартқаны сөзсіз. 

Біз оқып жатқандардың шәкіртақысын ұлғайттық, оларға білім алу гранттары мен несиелерін бердік. Бюджет саласының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілердің жалақысын дәйектілікпен өсіріп келеміз. Аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балалары үшін ай сайынғы жәрдемақы, сондай-ақ көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеудеміз. Балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір санаттарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. 

Жыл сайын зейнеткерлік жәрдемақылардың мөлшері индекстеліп, арттырылуда. Бұрынғы еңбек өтіліне байланысты зейнетақылық төлемдерді сараланған түрде ұлғайту жүзеге асырылды, бұл бір миллионнан астам адамды қамтыды. Сондай-ақ әлеуетті құрылымдар ардагерлерінің зейнетақылары өсті. Барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер елімізде уақтылы – тиісті айында төленіп келеді. 

Бұрын уәде бергеніміздей, экономиканың тұрақты дамуы бізге қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл – біздің саясатымыздың әлеуметтік қорытындылары. 

Мен бүгін Үкіметке халқымыздың әл-ауқатын жақ¬сарту жөніндегі жұмысты жалғастыра беруді тапсырамын. 

Бұл үшін:

Біріншіден, ана мен  баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз бере отырып, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап, баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 34740 теңгеге дейін немесе 2 есе арттырылсын. 

Баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақы:

Информация о работе Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы