Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:30, курсовая работа
1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекешелендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.
Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
-------------------------------------------------------------------
Екіншіден, аграрлық саясат
саласында Үкімет оның салаларының өнімділігі мен кірісін өсіру,
отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік
артықшылықтарын
дамыту есебінен агроөнеркәсіп кешенін тұрлаулы дамыту бағдарламасын іске асыруы
керек.
Үшіншіден,
заңнамалық базаны
жетілдіру, жер қойнауын пайдаланудың кешенді
мониторингін және жер қойнауын пайдаланушылар
міндеттемелерінің орындалуын жүзеге асыру қажет.
Төртіншіден, Үкімет жер қойнауын пайдалану, машина
жасау және
ауыр индустрия салаларында қазақстандық қызмет көрсету рыногын дамыту жөнінде
пәрменді
шаралар әзірлеуге
тиіс.
Үкімет
пен мемхолдингтерге “Атамекен” кәсіпкерлер
одағымен
кеңесе
отырып, аса ірі компаниялар үшін олардың индустриялық әртараптандыру стратегияларын қалыптастыру
жөніндегі
талаптар мен ұсыныстарды тұжырымдауды тапсырамын.
Тоғызыншы бағыт – Жоғары технологияларды енгізуге
және
инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия
жүргізу
Біріншіден, өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды негізге ала отырып,
технологиялар трансфертін белсенді әрі байыпты
жүргізуіміз
керек. Сырттан жаңа технологиялар әкеліп, оларды жетілдіруді
жүзеге
асыратын, сондай-ақ отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізумен шұғылданатын
конструкторлық бюролар мен жобалау ұйымдарының желілерін құруға жәрдемдесу қажет.
Екіншіден, жоғары
технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде
венчурлық
негізде қаржыландыруды қолдайтын құрылымдар
жасақтау
керек. Қазақстан ғалымдарының үздік әзірлемелерінің “сыртқа”
кетуіне жол беруге болмайды.
Үшіншіден, Қазақстан
бизнесінің
инновациялық белсенділігін көтермелеу шарт. Ғылыми-зерттеу және конструкторлық қызметтегі
зор күш-жігер
жеке меншік сектордың еншісіне тигені жөн.
Төртіншіден, зерттеу жұмыстарына
мемлекеттік тапсырыстар жасауды бір
жүйеге
келтіру қажет,
сонда ғана
бұл
жұмыстардың нәтижесіне
экономиканың нақтылы секторында сұраныс
туатын болады.
Бесіншіден, зияткерлік
меншік пен сауда белгілерінің қорғалуын
нығайтып,
технологиялық сектордың дамуына ықпал ету керек. Танысу мен қаржыландыру үшін
ашық
болатын инновациялар мен патенттер банкін құру қажет.
Бұл
– “Қазынаның” міндеті.
Оныншы бағыт – Экономикалық өсу мен
бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік
орталықтарын қалыптастыру
және
олардың
жұмыстарын
бастауы
Едәуір экономикалық әлеуеті бар көшбасшы қалаларды басымдықпен
дамыту есебінен өңірлік орталықтарды және экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің “өзекті арналарын” үйлесімді қалыптастыру өңірлік
дамуды қамтамасыз
етуде маңызды
рөл
атқарады. Үкімет
тұтастай
алғанда
ел экономикасын өркендетудің орталықтары ретінде дамыту үшін
олардың
мүмкіндіктерін
зерделей келіп осындай орталықтарды анықтауға тиіс.
Небәрі он жылдың ішінде шалғайдағы шағын қаладан осы заманғы мүмкіндігі мол шаһарға айналған біздің байтағымыз – Астананың экономикалық өркендеудің аса маңызды орталығына айналғаны, әлбетте, қазақстандықтарға ғана емес, баршаға аян.
Егер біз әлемнің айтулы
астаналарымен шындап бәсекеге түскіміз келеді екен, онда өзіміздің осы
мүмкіндіктерімізді
одан әрі
еселей беруіміз керек.
Біріншіден, Астананың оңтүстік-шығыс бағытындағы оң және сол
жағалауда
кемінде екі жаңа орталық салуға кірісуіміз керек.
Екіншіден, Астанадағы Ұлттық биотехнологиялар
орталығы
жаңа ғылыми
кешенінің құрылыс қарқынын
жеделдетудің маңызы үлкен.
Үшіншіден, Үкімет
жаңадан
іске қосылатын әлемдік
деңгейдегі
республикалық ғылыми инновациялық медицина
орталықтарының негізінде
Астанада медициналық кластер құру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыра беруі керек.
Төртіншіден, Астанада құрлықтағы су
ресурстарын зерттеу мен қорғау мәселелерін кешенді тұрғыда
шешуге тиіс Еуразиялық су орталығын құру қажет.
Информация о работе Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы