Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
-------------------------------------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать документ)

Астана қаласының әкімі мен Үкіметке орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде қол жеткізуге болатын әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты индикаторларын айқындауды тапсырамын. 

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы мәселе де көкейкесті. 

Біз инфрақұрылымды дамытуды, еңбек ресурстарының жинақылығын және өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз ету әрі солардың негізінде “өсу тетіктерін” қалыптастыру арқылы Қазақстанның кеңістіктік шоғырлануына қол жеткізу мақсатын алдымызға қойып отырмыз. 

Біріншіден, бұл міндетті Қазақстанды өңірдің “экономикалық жолбасшысына” әрі осы заманғы қызмет көрсету мен жоғары технологиялық индустрия орталығына айналдыру арқылы іске асыру керек. Мемлекеттік және жеке секторлардың топтасуы үдерісін пайдаланып, айталық, қазірде құрылған “Сарыарқа” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын ескере отырып, мәселен, Астана қаласы, Ақмола мен Қарағанды облыстарының нысаналы өңірлік даму жоспарларын жасау негізінде нақтылы “өсу орталықтарын” құру қажет. 

Екіншіден, мұндай “экономикалық өсу орталықтары” барлық қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс, онда мектепке дейінгі, орта және кәсіптік-техникалық білім беруге баса көңіл бөлінуі керек. 

Үшіншіден, “өсу тұғырларын” сонымен қатар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) желісін дамыту негізінде де жасақтаған дұрыс. Олардың қызметі аграрлық, көлік-логистикалық және басқа секторларда инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Үкіметтің ӘКК-ге қажетті мемлекеттік меншік пен активтерді беріп, кәсіпкерлердің қатысуымен корпорацияларды дамыту мәселелерін шешкені дұрыс. 

Үкімет пен әкімдер бірлесіп, біздің өнеркәсіпті, сауда мен жоғары технологияларды дамыту жөніндегі жоспарларымызды ескере отырып, осы орталықтарда өнеркәсіп орындары мен индустриялық аймақтарды орналастыру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуге тиіс. 

Он бірінші бағыт – Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізінде стратегиялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ осы саладағы басқару сапасын көтеру 

Үкіметке әкімдермен бірлесіп, осы заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспарын әзірлеуді тапсырамын, бұл міндеттер: 

- біздің халықаралық инфрақұрылымдық рынокқа кірігуімізді;

- өңірлердің экономикалық белсенділік орталықтарын дамытуды;

- көліктің алуан түрлері арасындағы технологиялық өзара ықпалдастығын;

- бизнес пен азаматтардың шығасысын кеміту міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. 

Бұл жоспарды іске асыру үшін біз мемлекеттік холдингтердің мүмкіндіктерін барынша пайдалануға және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде инфрақұры¬лымдық даму тетігін қалыптастыруға тиіспіз. 

Біріншіден, біздің көлік инфрақұрылымын нысаналы түрде қолдап, жаңартып және кеңейтіп отыруымыз керек. Біз еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалануға тиіспіз, бұл үшін өзіміздің көлік жүйемізді әлемдік жүйеге кіріктіруіміз керек. 

Екіншіден, әуе тасымалы саласын белсенді дамыту керек. Біз аэропорттарымыз бен авиация саласын ұлттық экономиканың талаптары мен халықаралық деңгейге сәйкес келтіруіміз қажет. Әуе қызметінің сапасын, қауіпсіздігін арттыру және құнын төмендету үшін жергілікті авиация рыногындағы бәсекелестікті дамыту үшін барлық жағдай жасалуы керек. 

Осы инфрақұрылымды дамытудың тиісті бағдарламасы 2007 жылдың соңына дейін әзірленуге тиіс. 

Үшіншіден, темір жол тасымалы мен оны басқаруды кезең-кезеңімен нарық негізіне көшіру арқылы еліміздің темір жолдары желісін жаңарту турасында әңгіме қозғаған орынды. Бұл орайда Темір жол көлік-логистикалық орталықтары осындай көлік қызметіне деген бүгінгі және болашақтағы сұраныс ескерілетіндей деңгейде құрылып, кеңейтілуге тиіс. Темір жол саласы қауіпсіздігі, жеткізу мен қызмет көрсету шапшаңдығы жағынан әлемдік стандарттарға, ал тарифі жөнінен саланың негізді талаптарына сәйкес болуға тиіс. 

Көлік және коммуникациялар министрлігі “Самұрық” мемхолдингімен бірлесіп, қолданыста жүрген Темір жол көлігіндегі тасымалдау ережелерін қайта қарап, экономикалық дамуымыздың неғұрлым жоғары деңгейіне сәйкес келетін жаңа ережелерін әзірлеуі керек. 

Төртіншіден, телекоммуникациялар саласында монополиясыз¬дандыру мен еркін бәсекені дамыту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу міндеті алда тұр. Бұл салаға басқа инвесторлардың келуі үшін тарифтерді қайта теңдестіру жұмысын да аяқтайтын кез жетті. Әлемдік желінің біздің мектептерімізге, кәсіпорындарымыз бен үйлерімізге келуін арттыру үшін интернет-қызметтің құнын төмендетуге жағдай туғызу керек. 

Бесіншіден, су көлігі инфрақұрылымын дамытуға да дәл осындай жауапты тұрғыдан келу қажет. Каспий қайраңының қарқынды игерілуі жаңа порттар мен теңіз көлік кемелерін керексінеді. Кеме жасау верфьтерінің жаңа қуаттарын жасақтау мен қолданыстағы теңіз бен өзен порттарын жаңарту бағдарламаларын іске асырған жөн. 

Информация о работе Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы