Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:30, курсовая работа
1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекешелендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.
Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
-------------------------------------------------------------------
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік
даму институттарын белсендірек тартып,
сонымен қатар
жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми
білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін
барынша мүдделілік
туғызып
отырған
білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек
тарту өзіміздің білікті
оқытушылар құрамы
мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас
бөлігі
болуы керек.
Жетіншіден, ақпараттық технологиялар
мен ақпаратты
таратудың
жаңа
нысандарына бағдарланған мамандандырыл¬ған білім
беру бағыттарын құру
міндеті де алдымызда тұр.
Он тоғызыншы бағыт – “Парасатты экономика”
негіздерін қалыптастыру
Әлемдік
шаруашылық
байланыстары жүйесіне белсене кіріккен
осы заманғы
белді мемлекеттердің барлығы дерлік бәрін де “парасатты экономиканың” жолына
тіккен еді. Ондай экономика құру үшін, ең алдымен, өзіміздің “адами қазынамызды” молайтуымыз
керек екені анық.
Бастапқы кезеңде біз мыналарға назар аударуымыз керек:
Біріншіден, тұтас
алғанда әлемдік
технологиялық даму деңгейіне сәйкес өзіміздің жаңа экономикамызға қажетті білімнің баршаға ортақ базасын ұдайы жаңартып отыру үшін ілгері талаптар қойып,
тиісті инфрақұрылым қалыптастыру қажет.
Екіншіден, білім
беру бағдарламаларын
іске асыру мен ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін
инновациялық білім беру консорциумдарын құруға тікелей қолдау
көрсету
міндет.
Үшіншіден, ғылыми-зерттеу
институттары мен жоғары оқу орындарының мемлекеттің немесе жеке меншік сектордың ғылыми-зерттеу
және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тапсырыстарын,
гранттар, бірлескен ғылыми басылымдар және т.б.
алу үшін
бірлесіп, конкурстарға қатысу практикасын кеңейте
беру қажет.
Төртіншіден, жаңа технологиялар беруші
компанияларға осы технологиялармен
жұмыс
істеуге тиіс қазақстандық құрамды міндетті түрде оқытуды ұсынған жөн.
Бесіншіден, кәсіпкерлердің жеке
меншік сектордың ғылыми-технологиялық қамтылуы
мен бәсекеге қабілеттілігіне
мүдделі
болуына қажетті
алғышарттар
туғызу
да маңызды.
Сондай-ақ
кәсіпкерлердің қазақстандық мамандарды
оқыту
жөніндегі
контрактілік міндеттемелерін орындауын қалтқысыз
бақылап
отырудың
да маңызы үлкен.
ІV.
ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК
САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА
– АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ
МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ
ЖӘНЕ
ЖҰМЫС
ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
Осыдан екі жыл
бұрын
біз дәйекті әлеуметтік
жаңаруға қарай
бет бұрдық. Көп нәрселерге қол жеткіздік.
Біз үшін ең бастысы – маңызды әрі көкейкесті өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандықтарға:
- отбасын қамсыздандыру;
- тұрғын үй иелену;
- денсаулықты нығайту;
- зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар туғызу болып табылады.
Өзіміздің алдыңғы тәжірибемізден
және әлемнің басқа елдерінің тәжірибесінен
біз екі маңызды қорытынды
шығара
аламыз.
Біріншісі. Мемлекет
тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы
сипат алған
жағдайда ғана
нәтижелі
болады. Мемлекет қоғамның осындай көмеккке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс
жүзінде өзіне
алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп балалы
аналар, ардагерлер, мүгедектер.
Екінші. Ең пәрменді әлеуметтік саясат өнімді
еңбекке
ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау
болып келді, әрі солай болып қала береді. Біз, ең алдымен, қандай
да бір себептермен жұмысынан айырылып қалған адамдардың еңбекке
оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар
жастар ортасында жұмысшы мамандықтарының, әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен
насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет.
Жиырмасыншы бағыт –
Тұрғын үйдің қол жететіндей
болуын қамтамасыз
ету және
жылжымайтын мүлік нарығын дамыту саласындағы дәйекті
саясат
Біріншіден, Үкімет талдау жасап, Тұрғын үй-коммуналдық саласы
бағдарламасының: құрылыс
индустриясын дамыту, қол жетерлік жалға берілетін тұрғын үй кешендерін салу, жер учаскелерін
бөлу
ресімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысының дамуын
ынталандыру сияқты бағыттарын іске асыруды мүмкіндігінше
жеделдетуге тиіс.
Информация о работе Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы