Банктің есеп айырысу операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 21:40, курсовая работа

Описание

Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражатты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субьектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі – есеп айырысу.

Содержание

Кіріспе
І бөлім. Есеп айырысу операциялары
1.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
1.2. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу есебі.
1.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі.
ІІ бөлім. Инкоссалық өкімдермен есеп айырысу есебі
2.1. Инкоссалық өкім.
2.2. Чектермен есеп айырысу есебі.
2.3. Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі.
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны

Работа состоит из  1 файл

Есеп айырысу операциясы.doc

— 167.50 Кб (Скачать документ)


 

ЖОСПАР

 

Кіріспе

І бөлім. Есеп айырысу операциялары

1.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

1.2. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу есебі.

1.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі.

 

ІІ бөлім. Инкоссалық өкімдермен есеп айырысу есебі

2.1. Инкоссалық өкім.

2.2. Чектермен есеп айырысу есебі.

2.3. Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі.

Қорытынды

Қосымшалар

Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

              Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражатты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды  және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субьектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін  төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі – есеп айырысу.

              Осы есеп айырысу міндеті – қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады.  Кәсіпорын және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.

              Банктік шот – бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік  қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік қызмет көрсетуді  жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау  және банктік операциялар жүзеге асыруы бойынша банк пен клиент арасындағы келісімшарттық қатынасты бейнелеу әдісі.

              Клиенттің есеп айырысу  шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу – кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізілідеі. Келісім клиенттің шот ашуға  жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісім шартқа сәйкес банк клинетке есеп айырысу және басқа да  шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша  шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.

              Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: келісім мәні; салық төлеушінің нөмірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке тұрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты қолдау тәртібі, сондай-ақ банк көрсететін қызмет пен оны  төлеу тәртібі. Банктік келісімшарт екі тарап келісетін басқа да шарттарды  қарастыруы мүмкін.

              Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

-         клиенттің салық есебінен тұрғандығын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы;

-         мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;

-         жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін – бекітілген ереженің көшірмесі;

-         қол қойылыпы, мөр басылған  катрочка үлгісі;

Бұл кезде бір данасы банк клиентінің іс құжатында сақталуы тиіс.

              Банктер теңге және шет ел валютасында  шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар: ағымды, жинақтық және байланыстырма (корреспонденттік) шоттарға бөлінеді. Ағымды және жинақтық шоттар – заңды және жеке тұлғалардың  оқшауланған  бөлімшелерінің банктік шоттары, ал байланыстырма (корреспонденттік) шоттар – банк операцияларының жекелеген түрлерін өткізетін банктік емес мекемелер банктердің банктік шоттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім. Есеп айырысу операциялары

1.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

 

              Қатысушыларға байланысты банктің есеп айырысу операциялары  негізгі екі топқа бөлінеді:

      клиенттік есеп айырысу  операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатынасы;

      негізгі субъект банк  болып табылады, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар

 

Жіктелу критерийлері

Қатысушылар құрамы

Төлем құралдары

Операцияның атқарымдық бағыты

Есеп айырысу нысандары

Банкаралық

Төлем тапсырамалыр мен есеп айырысу

Шот ашу бойынша  операциялар

Аккредитивтік операциялар

Клиенттік

Төлем талап тапсырамары мен есеп айырысу

Шот жүргізу бойынша операциялар

Аударым операциялар

Ішкі банктер

Чекпен есеп айырысу
Вексельмен есеп айырысу

Карточкамен есеп айырысу

Кассалақы операциялар

Акцептік операциялар

Талаптарды беру операциялары

 

Авальді операциялар

Инкоссалық операциялар

 

Клирингтік операциялар

 

              Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктік келесі есеп айырысу  операцияларын бөліп көрсетуге болады:

      аккредитивтік операциялар;

      инкоссалық операциялар;

      аударым-операциялары;

      клирингтік операциялар;

Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына

байланысты есеп айырысу операциялары былайша  жіктеледі;

-         төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;

-         чектермен есеп айырысу ;

-         вексельдермен есеп айырысу;

-         төлем қарточкаларымен есеп айырысу;

-         қолма-қол есеп айырысу,

Атқарымдық негіздеріне, есеп айырысу мәні мен жүзеге асыру

кезеңдеріне қарай  банктік есеп айырысу операциялары былайша бөлінеді:

-         ағымды, мерзімдік есеп айырысу және басқа да шоттар операциялары;

-         әр түрлі шоттарды жүргізу, қаржыларды өтеу және қосу , сыйақы мен комиссиялық ақылар қосу операциялары;

-         кассалық операциялар (қолма-қол ақшаны қолма-қол емес ақшаға айналдыру операциялары және керісінше);

-         тиісті құжаттарды  төлеуге  төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын) алуға байланысты  акцептік операциялар;

-         төлем алу құқығын беруге  байланысты акцептік операциялар;

-         төлем алу құқығын беруге байланысты операциялар: факторингтік, есептік, инкоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі);

-         банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктік авальді (кепілді тапсырмасының) операциялары.

Банктегі есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру 2000 жылғы 25 сәуірдегі №179 «Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол емес төлем және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелеріне» сәйкес реттеледі. Осы ережелерде есеп айырысу  құжаттарын рәсімдеу және есеп айырысуды жүзеге асыру  тәртібі көрсетілген.

                            Банк аударым операцияларының үлкен көлемін жүзеге асырады, яғни заңды және жеке тұлғалардың  қаржы аударымдарын  жүзеге асыру тапсырыстарын орындай бойынша операциялар.

                            Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банктік төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың  есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:

-         төлем тапсырмаларымен;

-         төлем талап-тапсырмаларымен;

-         инкоссалық өкімдерімен;

-         чектермен;

-         аккредитивтермен;

-         вексельдермен;

-         банктік карточкалармен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу есебі.

 

              Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуге банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебінен аудару туралы берген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі  төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс:

-         құжаттың аты;

-         оны жазу күні, айы, жылы, құжат нөмірі. Күн – санмен, ай – сөзбен, жыл – санмен көрсетіледі;

-         ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерімен кодтық белгіленуі;

-         санмен және сөзбен көрсетілетін төлем сомасы;

-         салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеунөмірі.

Ақша аударымы  резидент емес бенефициар есебінен жүргізілсе (ақша

жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші  банкке бекітілген  үлгіде шетел валютасында ақша аударымына өтінішті ұсынады. Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке аударымы туралы берген төлем құжаты болып табылады.

              Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін  басқа да құжаттарды  талап етуге міндетті. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша  төлем тапсырмасында  немесе ақша аударымы өтінішінде  валюталау күнін көрсетеді.

              Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем құжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің  банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде,  сондай-ақ оны орындаумен байланыстырады шығындар үшін ақша алу құқы беріледі.

              Алушы-банк төлем тапсырмасын  акцептеу үшін, аталған төлем тапсырмасын орындауға жеткілікті ақша сомасы жөнелтушінің банктік шотында  болуы тиіс. Қажетті ақша сомасын қамтамасыз ету ақша жөнелтуші  қаржысының есебінен немесе келісімдер көрсетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.

              Төлем құжатын  бюджет және басқа  да Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен заңдылығында  қарастырылған  мақсатқа ұсынғанда, қаржы жетіспесе төлем ордері қолданылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы №133 қаулысымен бекітілген, клиент пен оған  қызмет көрсетуші  банк арасында қолма-қол емес төлемдерді  жүзеге асыру Ережесіне сәйкес)

              Төлем құжатымен есеп айырысуды  жүзеге асыру кезінде шоттардың  келесі  корреспонденциясы құрылады:

2.        Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға  бір банкте қызмет

көрсетілсе, онда келесі өткізбе құрылады:

Дт 2203 «Клиенттердің  ағымдағы есепшоттары» ақша жөнелтуші

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» бенефициар

3.        Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әр түрлі банк қызмет

көрсетсе, олардың арасындағы есеп айырысу корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі:

              Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»

              Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты»

Немесе

              КТ 1052 «Банктің басқа банктердегі  корреспонденттік есепшоты»

              3. Есеп айырысуды  жүзеге асырғаны үшін  банк комиссиялық ақы ұстайды:

              Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

              Кт 4601 «Банктің аударым  операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі.

 

              Төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың жөнелтушіге жеткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы  қызмет көрсетуші банкке жолданған  есеп айырысу және  тиеу құжаттары  негізінде берген талабы.

              Төлем талап-тапсырмасының бенефициар бланкте жазады және бенефициар банкінде  немесе жөнелтуші  банкке тізілммен (реестр) бірге төрт данада ұсынылады, егер төлем электронды  жолмен жүзеге асырылса, екі дана.

              Бенефициар банк төлем талап-тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкоссалаушы  банк міндеттемесін алады.

              Инкоссалаушы  банк міндеттемесі  төлем талап-тапсырмасын инкассоға алумен байланысты,  бенефициармен  жасалған келісім  немесе қолданыстағы  заңдылық негізінде пайда болады. Бұл кезде инкоссалаушы  банк өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

-         Төлем талап-тапсырмасын  төлемге немесе акцепте кезекті ұсыну;

-         Бенефициарға акцептен бас тарту немесе төлем туралы төлем талап-тапсырмасын қайтару туралы хабарлама жолдау;

-         Төлем талап-тапсырмасының орындалғандығы туралы бенефициарға хабарлау.

Тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып, инкассолаушы банк төлем

талап-тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялар күннен кешіктірмей қызметтің  орындалуын анықтайды. Инкассоға инициатордан  инкассолаушы  банктің  төлем талап-тапсырмасын қабылдай инкассолаушы  банктің операциялық  күні ағымында  жүргізіледі және оны инкассоға  қабылдау кезінде тізілімнің барлық данасына күні және  түсу уақыты қойылады. Ал жөнелтуші банк аталған құжатта төлем талап-тапсырмасын алған күні мен алу  уақытына белгілейді.

              Бенефициар банк аралық деректемелердіңтолтырылу  дұрыстығын

тексеріп, төлем талап-тапсырмасымен жөнелтуші банкке жолдайды, ал бір данасы  банк белгісімен бенефициарға  қайтарылады.  Жөнелтуші – банк  төлем  талап-тапсырмасын  алып, оларды тіркейді, барлық данасына  алу күін (жоғары, оң жақтан) қояды және акцепт үшін  ақша жөнелтушісіне жолдайды.

              Бұл кезде ол жөнелтуші  банкке түскен күннен бастап  үш күн ішінде

банкке төлем талап-тапрсырмасын  ұсынуға міндетті. Төлем талап-тапсырмасын тек жөнелтуші  шотында  ақша болған  жағдайда  ғана қабылданады.

Информация о работе Банктің есеп айырысу операциялары