Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 22:14, курсовая работа

Описание

Мемлекет қоғамның әртүрлі ортада қызығушылығын білдіреді, сәйкес саясатты ұйымдастырады және іске асырады – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және тағы басқаларды. Мемлекеттің реттеу қызметі экономика саласында бюджетті-қаржылық, ақша-несиелік, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі объект пен субъектінің арақатынасы ретінде болатын бағалы механизм формасында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болған соң өзінің салық жүйесін қалыптастыруға қажет болды. Мемлекет салықтар тек қана бюджеттік кіріс жағын құрып қоймай, сонымен қатар экономикаға реттеу жүргізіп отырады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................................
5

1
БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1
Бюджетпен есеп айырысудың мәні мен мазмұны................................ ..............
8
1.2
Бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеу ерекшіліктері...............
14
1.3
Салық есептілігі................................ ................................ ................................ ............................
23

2
«ERK–TRUST» ЖШС–де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕСЕБІ

2.1
«ERK–TRUST» ЖШС–нің қаржылық–экономикалық сипаттамасы......
27
2.2
Бюджетпен тікелей салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
33
2.3
Бюджетпен жанама салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
41

3
«ERK–TRUST» ЖШС-де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1
Бюджеттік төлемдерді талдау................................ ................................ ............................
45
3.2
Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары................................ ....
47


ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................ ....................................................
52

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ........................................................................
55

Қосымша А. «ERK–TRUST» ЖШС– нің 2009 ж. Бухгалтерлік балансы............................................................................ .....................................................................

57

қосымша б. «ERK–TRUST» ЖШС– нің 2009 ж. Пайда мен залал туралы есебі ..................................... ...................................................................... .......... .......... ....

58

Работа состоит из  1 файл

finu4et.doc

— 353.50 Кб (Скачать документ)

Салық кодексі мен  Қазақстан Республикасыньщ басқа да заң актілерінің арасында қайшылыктар болған кезде, салық салу мақсатында Салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салыктық емес зандарға енгізуге тыйым салынады.

Салық зандары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және занды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қолданады.

Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережелерін қарастырады /9/.

Мемлекеттің тиімді салық  салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше  принциптері бар.

Салықтардың созылымдылық принципі – бұл принциптің мәні мынада, яғни, мемлекет өзінің күнделікті сұранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады.

Салық салудың Салық  Кодексімен басқару принципі былайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады.

Салық салудың шындық принципі – болып салық салудың экономикалық принципі табылады. Салық салудың шындық принципіне сәйкес, әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.

Салық салудың үнемділік  – прuнципіне сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.

Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері Салық Кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуі тиіс.

Қазакстан Республикасының  салык заңдары салық салудың  бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда:

  •   бірінші, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі;
  •   екінші, салық салудың айқындығы;
  •   үшінші, салық салудың әділдігі;
  •   төртінші, салық жүйесінің біртұтастығы;

–  бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.

Ал, енді осы принциптерге жеке–жеке тоқталып өтетін болсақ:

1) салық салудың міндеттілік принципі – салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетгі болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтың негізі борышы, парызы болып саналады;

2) салық салудың айқындық принципі – Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері әрбір салық төлеуші үшін айқын болуы тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық заңдарында белгіленген;

3)  салық  салудың әділдік принципі – Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады;

4)  салық жүйесінің біртұтастық принципі – Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады;

5)  салық заңдарының жариялылық принципі –  салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

Бұл принциптердің қолданылуы салық салудағы кедергілерді жойып, салық салу жүйесін ретке келтіреді

Табыс — ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.

Салық төлеушілердің, яғни жеке және заңды тұлғалардың салық төлеу көздерінің айырмашылықтары бар.

Салық төлеушілердің табыстары, бұл кімнің табысы болып саналатынына байланысты болады және бірнеше нысандары бар:

– дивидендтер, рента;

– сыйақы, ұтыстар, роялти;

– жалақы, зейнетакы, стипендия, сақтандыру.

Қор – мемлекеттің, кәсіпорынның немесе жеке тұлғаның әлде бір мақсатқа арналған ақша қаражаты немесе материалдык құндылықтар.

Жинақ – кәсіпорынның немесе жеке тұлғалардың банкілерге және жинақ мекемелеріне салған, әдетте, талап ету мерзімі көрсетілмеген ақшалай каражаттар.

Айналым қаражаттары – өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға авансыланған ақшалай қаражаттың жиынтығы.

Қарыз қаражаттары – бір жақ (қарыз беруші) екінші жаққа (қарыз алушыға) меншікті немесе оперативті басқаруды, ақшаны немесе түр–түсі белгіленген заттарды табыстайтын, ал қарыз алушы сол тектес және сапасы сондай затты немесе ақшаны кайтаруға міндеттенетін шартқа сәйкес берілетін каражаттар.

Рента – алушыдан кәсіпкерлік кызметті талап етпейтін капиталдан, мүліктен немесе жерден ұдайы алынып отыратын табыс; көптеген капиталистік елдерде – меншік иесінің мемлекеттік заем облигациялары бойынша алатын табысы.

Жалақы – біріншіден, әрбір кызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі табысы; екіншіден, еңбек үшін сыйақы.

Салық мөлшері — салық төлеушінің табысына карай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

Салықтың шекті мөлшері – табыстың әр қосымша бірлігінен түсетін үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.

Салықтың жеңілдік мөлшері болады, оны мемлекет өз тарапынан белгілі бір салық төлеушілерге әлеуметтік жағдайьн ескере отырып, салық ставкалары бойынша жеңілдік жасайды (мәселен, салықты төлеу мерзімін ұзартады, мүгедектерге немесе жалғыз басты азаматтарға, көп балалы аналарға, мемлекетке еңбек сіңірген азаматтарға және басқа да).

Салықтың орташа мөлшері деп салық төлеушінің табыстарын орта есеппен алады да, сол сомадан салық төлейді. Мысал ретінде патентті алуға болады. Бюджетке түсетін салық түсімдерін есептеу үшін салықтың орташа мөлшері қолданылады.

Ал, нөлдік салық мөлшері, бұл салық төлеуден босатылады (мысалы, қосылған құн салығында нөлдік ставка бойынша салық төлеушілер бар).

Салық жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және баска да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару.

Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.

Қазіргі кезде кең таралған салық  жеңілдіктерінің түрлерін С.Г.Пепеляев ұсынған еді, яғни олар 3 топқа бөлінеді:

    • алып тастау;
    • жеңілдіктер;
    • босату.

Алып тастау – салық салудың жекелеген обьектілері салық салудан алынып тасталады.

Жеңілдіктер – салық базасын қысқарту.

Босату – салық ставкаларын төмендетуге бағытталған жеңілдіктер /11/.

Салық экономикалық категория  ретінде және өзінің қалыптасуы барысында  мынадай үш қызметті атқарады.

Ең бірінші кезектегі  атқаратын қызметі, бұл — қазыналық.

Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге нормативтік кұкықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың казыналық қызметі–түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттің бюджет саясаты жүзеге асырылады.

Салықтың келесі қызметтерінің бірі – бақылау (реттеу).

Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады (салық жеңілдіктері жасалады, салық ставкаларын төмендетеді). Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады.

Салықтардың бақылау  қызметінің арқасында салық жүйесінің  тиімділігі бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау  қамтамасыз етіледі.

Салықтың келесі атқаратын қызметтерінің бірі — қайта бөлу.

Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақтысында жұмсалуына қадағалау жасайды.

Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы  экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде колдануға мүмкіндік береді.

Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін  жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе–теңдікті ұстап тұрады.

Салық – бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне «қайдан келеді және қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.

Мұның мақсаты – мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.

Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше  қызметтері атап көрсетілген. Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің көмегімен мемлекет өндірістің және басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.

Салықтардың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында әрекеттің қандай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Салықтардың тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық жаңару, халық санының өсуі үшін әр түрлі шаралар жасайды.

Салықтардыц шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан Республикасында бұл қызмет әртүрлі  пайыздық салық ставкаларымен қатар және нөл пайыздық салық ставкалары арқылы жүзеге асуда /12/.

Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – айлық, токсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджетінде салықтардың  меншікті салмағы 90 пайызын құрайды. Сол себепті оның есебін ұйымдастыру, салық базасын дұрыс анықтау үлкен мәнге ие екендігі түсінікті.

 

1.2  Бюджетке  төленетін міндетті төлемдерді есептеу ерекшіліктері

 

Салық Кодексі республикалық  және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа  міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан  Республикасы заңдарымен реттелетін кеден  баж салығы, алымы мен төлемдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін заңды құжат болып табылады. Салық Кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған қаражаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды  және басқа да мінтедді төлемдерді енгізу мен аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты  бірыңғай болып табылады.

Салық бюджетке төленетін  міндетті төлем болып саналса, ал салық салу салық түрлері бойынша  енгізу, бекіту, есептеу және төлеу  тәртібіндегі мемлекеттің жалпы  ережелерін қарастырады.

Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның  оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Нарықтық экономика  және мемлекеттік салық саясатының мақсаты – бюджеттің кіріс  бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық төлеуші, салық  міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық  базасын, салық мөлшелемесін, салық  кезеңін білуге міндетті. Оларға нақты  түсінік беріп кетсек, Салық базасы – салық салу объектісінің құны, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады. Салық мөлшерлемесі салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын білдіреді. Салық мөлшерлемесі салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді. Ал салық кезеңі ол салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі болады, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы анықталады, салықтың және бюджетке төленетің басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептелінеді.

Информация о работе Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары