Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 22:14, курсовая работа

Описание

Мемлекет қоғамның әртүрлі ортада қызығушылығын білдіреді, сәйкес саясатты ұйымдастырады және іске асырады – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және тағы басқаларды. Мемлекеттің реттеу қызметі экономика саласында бюджетті-қаржылық, ақша-несиелік, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі объект пен субъектінің арақатынасы ретінде болатын бағалы механизм формасында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болған соң өзінің салық жүйесін қалыптастыруға қажет болды. Мемлекет салықтар тек қана бюджеттік кіріс жағын құрып қоймай, сонымен қатар экономикаға реттеу жүргізіп отырады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................................
5

1
БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1
Бюджетпен есеп айырысудың мәні мен мазмұны................................ ..............
8
1.2
Бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеу ерекшіліктері...............
14
1.3
Салық есептілігі................................ ................................ ................................ ............................
23

2
«ERK–TRUST» ЖШС–де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕСЕБІ

2.1
«ERK–TRUST» ЖШС–нің қаржылық–экономикалық сипаттамасы......
27
2.2
Бюджетпен тікелей салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
33
2.3
Бюджетпен жанама салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
41

3
«ERK–TRUST» ЖШС-де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1
Бюджеттік төлемдерді талдау................................ ................................ ............................
45
3.2
Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары................................ ....
47


ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................ ....................................................
52

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ........................................................................
55

Қосымша А. «ERK–TRUST» ЖШС– нің 2009 ж. Бухгалтерлік балансы............................................................................ .....................................................................

57

қосымша б. «ERK–TRUST» ЖШС– нің 2009 ж. Пайда мен залал туралы есебі ..................................... ...................................................................... .......... .......... ....

58

Работа состоит из  1 файл

finu4et.doc

— 353.50 Кб (Скачать документ)

Салық кодексінде салықтардың  келесі түрлерін қарастырады:

  • корпоративтік табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • қосылған құн салығы;
  • акциздер;
  • экспортқа рента салығы;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы;
  • әлеуметтік салық;
  • көлік құралы салығы;
  • жер салығы;
  • мүлік салығы;
  • ойын бизнесі салығы;
  • тіркелген салық;
  • бірыңғай салық.

Корпоративті табыс  салығы. Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған бөлімшелер кіреді.

Қазақстан Республикасында  корпоративті табыс салығы салықтардың  ішінен ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымды.

Корпоративті  табыс салығын салу бойынша объектісі болып мыналар табылады:

  • салық салынатын табыс;
  • төлем көзінен салық салынатын табыс;
  • Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

Корпоративті табыс  салығы бойынша бюджетпен еспеп айырысу 3110 «Төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы» пассивті шотта жүргізіледі.

Қазақстан Республикасындағы  көздерден тек қана төлем көзінен  салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында  қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместі қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеуші, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Корпоративтік табыс салығын төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен бір мезгілде өзі орналасқан жердегі салық органына қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді.

Жеке тұлғалардан ұсталатын  табыс салығы. Жеке табыс салығы – жеке тұлғалардың ең бірінші  кезекте төлейтін салығы болып табылады. Себебі, тапқан табыстарынан немесе табыс  көздерінің бір бөлігін салық ретінде аударып отырады.

Қазақстан Республикасының Президентінің  халыққа арналған Жолдауында жеке табыс  салығының мөлшерлемесін төмендетіп, салық төлеу тәртібін оңтайлы  етіп, белгілі бір жүйеге келтіруді  атап өтті, яғни оны жеке тұғаларға  халықтың әлеуметтік жағдайын жаксаруына қосқан үлесі ретінде қарауға болады.

Жеке тұлғалар бойынша бюджетпен  есеп айырысу есебі 3140 пассивті шотында  жүреді. Есепті жыл бойы салық салынатын  табысқа ие болған жеке тұлғалар салық  төлеушілер болып табылады.

Жеке табыс салығы бойынша негізінен екі салық салу объектілері бар:

  • төлем көзінен салық салынатын табыстар;
  • төлем көзінен салынбайтын салықтар.

Салық салу объектілері осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер  ескеріле отырып, салық салуға жататын  табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Дара кәсіпкерлерді Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық  салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.

Жеке табыс салығының мөлшерлемесі соңғы жылдары елеулі өзгертілген  жоқ. Қолданылып жатқан 2010 жылғы Салық кодексінің 158 бабында жеке табыс салығы 10%-ды құрады, ал Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түрідегі табыстар мөлшері 5% болып қалды.

Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары тағы да басқа табыстары кіреді. Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарына инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын жылжымайтын мүліктің, құнды қағаздардың, заңды тұлғаларға және басқа да материалдық емес активтерге қатысу үлесі; шетелдік валюта; асыл тастар және асыл металдардан, олардан жасалған зергерлік бұйымдардан, құрамында асыл тастар және металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антикварианттар. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.

Төлем көзінен алатын табысына салынатын салықтар. Төлем көзінде салынатын салық төлеушінің табысынан алынады, олардың қатарына-еңбеккерлердің табысы. Төлем кезінде  салық салынатын, еңбеккерлердің табысына жұмыс берушілердің ақшалай немесе заттай нысанда есептеген еңбекақысы жатады, оған әрекет етіп тұрған салық заңында қарастырылған, салық шегерімін азайтатын сомасы, материалдық олжасы, әлеуметтік және материалдық игілік тағы басқа табыстар кіреді:

  1. бір жолғы төлемдерден түскен табыс. Бұндай төлем түрлері алдын-ала жасалған келісім-шарт бойынша анықталады;
  2. жинақтау зейнеткерлік қорларынан төленетін зейнеткерлік төлемдері, бұл өз кезегінде айлық есептік көрсеткіштерді азайтады;
  3. жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;
  4. жеке тұлғаға төленетін ұтыстар, марапаттаулар, дивиденттер, табыстың бұл түріне 15% деңгейінде салық салынады;
  5. стипендия, бұларға да салық салынады, сондай-ақ стипендия мәдениет, ғылым тағы да басқа қайраткерлерге арналады;
  6. сақтандыру қоры бойынша табысы.

Төлем көзінен салық  салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салық салынбайтын табысқа салық төлеушінің келесі табыс түрлері жатады:

–  мүліктік табысы;

– жеке кәсіпкерлердің  салық салынатын табысы;

– адвокаттардың табысы және нотариустардың табысы;

– басқа да табыстар.

Егер Кодекстің 182-бабында өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынбайтын табыс Кодекстің түзетулерін ескере отырып, салық салуға жататын табыс пен Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. Кодекстің белгіленген салық шегерімдері, егер көрсетілген шегерімдер қызметкердің табысын айқындаған кезде жүргізілмеген болса, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады .

Әлеуметтік  салық. Әлеуметтік салық — заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.

Әлеуметтік  салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде: әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер, тағы да басқадай төлемдер.

Тұрақты мекеме арқылы жұмыс істейтін заңды тұлғалар – резидент, резидент еместерге  әлеуметтік салық 11%  ставака бойынша  есептеледі.

Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзі үшін тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.

Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.

Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың, жұмыстың, қызметтердің айналысына  қосылған, сату айналымына салынатын  құн  бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құн салығы болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.

Қазақстан Республикасында  қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мына тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:

– дара кәсіпкерлер;

– мемлекеттік мекемелерді  қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;

– қызметін Қазақстан  Республикасында филиал, өкілдік  арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

– сенімгерлікпен басқару  құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда  пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;

– Қазақстан Республикасының  кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан  Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн  салығын төлеушілер.

Қосылған құн салығының  негізгі салық салу объектілері  мыналар:

–  салық салнатын айналым;

– салық салынатын  импорт табылады.

Сондай-ақ еңбекақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін  тауарлардың құнына қосылған құнға  салынатын салық енгізіледі. Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан  әкелінетін тауарларға салық салынады.

Қазақстан Республикасында  тауарлар, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша, Қазақстан Республикасында  қосылған құн салығын төлеуші  болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.

Қазақстан Республикасының  кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, Қазақстан Республикасының  аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

Қосылған құн салығының  ставкасы 12 процентті құрайды және салық салынатын айналым мен  салық салынатын импорттың мөлшеріне  қолданылады.

Қосылған  құнға салынатын салық "Қосылған құнға салынатын салық" шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады.

Акциз салығы. Акциздік салық  дегеніміз - сатылатын тауарлардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциз салығы Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынады. Яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері,құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

Акцизделмейтіндерге мыналар  жатады:

  • акцизделген тауарларды сыртқа (экспортқа) сатқан жағдайда;
  • мемлекеттік өкілетті органдармен анықталған квота шегіндегі этил спирттері;
  • медицинаға арналған құрамында спирт бар өнімдер.

Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын  тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында  ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады /15/.

Акциз ставкалары Салық  Кодексінің 280-бабында көрсетілген  мөлшерлемелерде төленеді. Акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен  кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей  бюджетке аударылуға жатады.

Көлік құралына салынатын  салық. Көлік құралына салық төлеуші болып иелігінде салық салынатын объектілері бар жеке тұлғалар және иелігінде салық салынатын объектілері бар, оларға шаруашылық жүргізуге және оларды жедел басқаруға құқылы заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Көлік құралдарынан түскен салықтар жолды жөндеуге жұмсалады және жер мен мүлік салықтарымен бірге бюджекте түсетін жергілікті салық болып саналады.

Бұл салықты төлеушілердің  қатарына жатпайтындарға келесілер табылады:

– Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекіткен көлік құралдарында қажеттілігі бар нормативтерінің  межесінде бірыңғай жер салығын  төлеушілер;

– ауыл шаруашылық өнімдерің  өндірушілер, оның ішінде өз ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру барысында қолданатын арнайы ауыл шаруашылық техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер. Арнайы мамандандырылған техниканың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

Информация о работе Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары