Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 22:48, реферат
Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама» деп аталған қаулысымен енгізілген.
Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі-мемлекеттік және
Кіріспе 3-4
1 Ұйымдардың есеп саясаты
1.1 Есеп саясатының мәні мен міндеті. 5-6
1.2 Есеп саясатын қалыптастыру. 6-17
2 Есеп саясатының өзгеріске түсуі
2.1 Есеп саясатының ұйымдық және техникалық 18-19
аспектілері.
2.2 Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары. 19-22
Қорытынды 23-24
Пайдаланылған әдебиеттер 25
Ай-күні | Түскені,теңге | Сатылғаны,теңге | Қалдығы,теңге |
1 сәуір |
|
| 400*15=6000 |
5 сәуір | 300*17=5100 |
| 400*15=6000 300*17=5100 |
7 сәуір |
| 100*15=1500 100*17=1700 | 500*15=7500 |
15 сәуір | 400*13=5200 |
| 500*15=7500 400*13=5200 |
18 сәуір |
| 300*13=3900 | 500*15=7500 100*13=1300 |
24 сәуір | 100*12=1200 |
| 500*15=7500 100*12=1200 |
Жинағы |
| 7100 | 10000 |
ТМБ-ны бағалау әдістерін өзара салыстыру
Әдістер | Сатылғаны,теңге | Қалдығы,теңге |
Орташа баға | 7560 | 9960 |
ФИФО әдісі | 7500 | 9000 |
ЛИФО әдісі | 7100 | 10000 |
8. Өндірістік шығындар есебі және өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау.
Ұйымның өндірістік шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдісін таңдап алуы технологиялық және ұйымдық құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Өндірістік өзіндік құнды қалыптастыру және калькуляциялау жүйесінде әр түрлі тәсілдерден тұратын әдістер қолданылады.
Өндірістік шығындар және өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін мына төмендегі әдістер қолданылады:
- процестер;
- тапсырыстар;
- нормативтік әдістер. Бұл әдістер- көп тараған және жиі қолданылатын әдістер.
9. Берешек және алашақ қарыздар есебі.
Есептің осы объектісі бойынша есеп саясатын жасау үшін мына әдістерді:
- күмәнді қарыздар бойынша резервтер құру;
- сатылған өнімдер;
- орындалған жұмыстар;
- көрсетілген қызметтер көлемінен пайыз құру ;
- шоттарды мерзіміне қарай төлеу әдістері қолданылады.
Қоюшы ұйымдар өз өнімдері мен тауарларын жөнелте отырып, жұмыстар орындап, қызметтер көрсетіп, жөнелтілген өнімдер және т.б. үшін ақшаның түсетіндігіне толық сенім білдіре алмай тәуекелшілікке де түсуі мүмкін. Осыған байланысты ұйымдар дайын өнімдерді сату есебінен болашақтағы күмәнді қарыздарды жабу резервін құруына болады. Күмәнді қарыздарға белгіленген мерзімде жабылмаған және заңдастырылмаған жағдайдағы берешектердің қарыздары жатады. Күмәнді қарыздарды жабу үшін резерв сомасын есептеуге екі түрлі әдіс қолданылады.
Біріншісі, сатылған өнімдер, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердің жалпы көлеміне қарай пропорционалды пайыз құру әдісі бойынша өткен кезеңдегі берешектер қарызын талдау арқылы және берешектердің сенімсіз қарыздары сомасы көлемінің жалпы берешектер қарызының ішіндегі пайыздық үлесін анықтау арқылы құралады.
Екіншісі, шоттарды мерзіміне қарай төлеу әдісі бойынша берешектер қарызын жабу дәрежесіне қарай классификациялық топтарға бөліп, күмәнді қарыздар бойынша болжау пайызын шығару арқылы шоттардаға сомалар төленіп отырады.
10. Еңбек ақы төлеу есебінің саясатында еңбек ақы төлеудің түрлері мен жүйесі, есептесу тәртібі, еңбек ұйымдастырудың қалыпты жағдайдан ауытқу факторлары, өндірістегі ақаулар мен тоқтап қалушылық себептері, сыйақы төлеу, қосымша еңбек ақы есептеу тәртібі, жеңілдік сағаттар, демлыс уақытына еңбек ақы төлеудің тәртібі, компенсациялар мен жәрдем ақы т.б. есептеу мен төлеудің жолдары мен ерекшеліктері қаралады.
Сонымен қатар есеп саясатында еңбек ақы өрісіне тән бухгалтерлік есеп счеттарының, субсчеттардың жүргізілу тәртібі, дмалыс уақытын төлеу резервін құру, есептеу мен есеп айырысу құжаттарының тәртібі көрсетіледі.
11. Ақшаларға тән есеп саясатында кассалық операциялар жүргізу, шетелдік валютадағы ақшалар есебін жүргізу ерекшеліктері, дүкендер, сату нүктелеріндегі, жеке баланс жасамайтын филиалдардағы, кассадағы ақша қалдығын түгендеу т.б. ақша қозғалысына тән ерекшеліктер қаралады.
12. Табыстар мен шығындар жөніндегі есеп саясатының мазмұнында негізгі қызметтен және негізгі қызметке жатпайтын табыстар мұқият шектеліп көрсетілуі керек.
Негізгі қызметтен түскен табыстар төмендегілерді сатудан түеді:
1) Тауарлы-материалды босалқылар:
- дайын өнімдер;
- тауарлар;
- материалдар;
- аяқталмаған өндіріс.
2) Орындалған жұмыстар:
- құрылыс-монтаж;
- зерттеу-жобалау;
- геологиялық барлау;
- ғылыми-зерттеу;
- басқалар.
3) Қызмет көрсету:
- тасымалдау (жүктерді жеткізу, жолаушыларды тасымалдау ж.б.);
- байланыс;
- коммуналды және энергетикалық;
- күзет және қоймалау;
- жалдағы активтер бойынша (негізгі құралдарды уақтша пайдалану мен иелік ету, интеллектуалды меншік құқылығын көрсету);
- делдалдық;
- басқалар.ұрақсыздықтары
Негізгі қызметке жатпайтын табыстар мыналар:
1) Ұзақ мерзімді (айналыс сыртындағы) активтерді сату:
- материалды емес активтер;
- негізгі құралдар;
- инвестициялар;
- ұзақ мерзімді берешектердің қарызын.
2) Дивиденттер:
- акциялар, облигациялар, басқа да құнды қағаздар бойынша;
- басқа да ұйымдардың жарғылық капиталға үлес қосуынан;
- бірлескен қызмет нәтижесінен;
3) Пайыздық түрдегі табыстар:
- берілген қарыздар мен зайымдардан;
- сатылған қарыздардан;
- басқалардан.
4) Басқа да табыстар:
- шетелдік валюта айырбастау операциялары бойынша жағымды курстық айырым;
- шаруашылық келісім-шарт талаптарының бұзылғаны үшін басқалардың төленген айып-пұлы, өсімдер, тұрақсыздықтары;
- қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құнының ағымдағы өзгерістеріне сай;
- заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған активтер;
- заңды және жеке тұлғалардың осы ұйымға шектірген зиянын төлеуден;
- есепті жылы анықталған өткен жылдың табысы;
- басқалардан.
5) Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (апат, табиғат құбылысы, өрт, сақтандыру, материалды құндылықтарды жоюдан түскен жарамды материалды құнынан т.б. себептерге сай түскен табыстар).
Есеп жөніндегі құжатқа түскен табыстар ағынын көрсететін құжаттарды және табысты қамтамасыз етуге жауапты адамдардың жауапкершілік міндеттері қысқаша жазылуы керек.
13. Қарыз қаражаттары жөніндегі есеп саясаты.
Мұнда қысқа және ұзақ мерзімді займдар сомасын, бухгалтерлік есеп шоттарына жазудың тәртібі, займдарды жабудың мерзімі, есептелінген пайыздар, акция ұстаушыларға белгілі соманы белгілі уақытта төлеу міндеттемесінің қарыздарын жабудың тәртібі көрсетіледі.
14. Салық есебінің саясаты.
Салық және салық салымы жөніндегі есеп саясаты мына төмендегі сұрақтардың маңызын шешуге арналған:
- пайдаға салынатын салықтың базалық көрсеткішін анықтауға;
- бюджет алдындағы салықтық міндеттемелердің қалыптасуына;
- мүліктерді бағалауға;
- шеккен зиянды салық кезеңдеріне қарай таратуға;
Мұндай жұмыстарды орындау үшін ұйымдар бухгалтериясында арнайы бөлім құрылып, бұл бөлім өз қызметіне тән құжаттар үлгісін жасап, салық есебін мұқият жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
Салық есебіне тән есеп саясатын қалыптастыру барысында салық есебін жүргізудің ұйымдық- техникалық және әдістемелік аспектілері толығымен қаралып, мұндай шаралар Салық Кодексі заңының шеңберінде іске асырылады. Мұның үшін:
- салық есебін ұйымдастырудың тәртібі;
- есеп ақпараттарын өңдеудің тәртібі ;
- салық есебін жүргізудің әдістері;
- салық есебінің сенімді жүргізілуіне байланысты басқа да аспектілер толығымен қаралып, есеп саясатында зерделенуі керек.
Сонымен қатар салық есебін жүргізуге арналған аналтикалық жіктеу мен тіркеу регистрларының үлгісі компьютерлік технологияға салынып, салық есебін өңдеу мен жүргізудің техникалық тәртібі қаралады.
Егер ұйымдар қызме атқарудың бірнеше түрлерімен айналысатын болса, онда есеп саясатында табыстар мен шығындар өрісіндегі ерекшеліктердің мазмұны әрбір атқарылатын қызметтер бойынша толығымен көрсетіледі. Мұндай жағдайда өнімдер, тауарлар, жұмыстар сатудан түскен табыстардың және сату сыртында түскен табыстардың қалыптасу тәртібін ашып көрсеткен жөн.
Сонымен қатар есеп саясатына табыстар мен шығындарды тану, мысалы, табыстарды есепті кезеңде тану процесін түскен ақша, тауарлар, жұмыстар, қызметтер және мүліктік иелік құқымен тікелей байланыстырып қараған жөн.
Салық есебіне тән табыстар мен шығындарды классификациялық топтарға бөлу принципі бухгалтерлік есепке тән классификациядан ерекше жағдайда болуы мүмкін. Салық есебін жүргізу үлгілерінде табыстар мен шегерімдер, тұрақты және уақтылы айырымдардың тізімі жасалады.
Салық есебі саясаты жөніндегі ақпараттар мен мәліметтер қаржылық қорытынды есеп мазмұнын толық түсінуге бағытталуы қажет.
Есеп саясатының сапалы және оңтайлы әдістерін таңдап алып, тәжірибеде ұтымды жолдармен қолдана білудің маңызы зор.
Мұндай шаралар іске асырылған жағдайда ұйымдар қызметінің нәтижесін, бұлардың қаржылық жағдайын шындық және объективтік тұрғыда бағалау мүмкіндігі қалыптасады.