Есеп саясатының мәні мен мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 22:48, реферат

Описание

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама» деп аталған қаулысымен енгізілген.
Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі-мемлекеттік және

Содержание

Кіріспе 3-4
1 Ұйымдардың есеп саясаты
1.1 Есеп саясатының мәні мен міндеті. 5-6
1.2 Есеп саясатын қалыптастыру. 6-17
2 Есеп саясатының өзгеріске түсуі
2.1 Есеп саясатының ұйымдық және техникалық 18-19
аспектілері.
2.2 Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары. 19-22
Қорытынды 23-24
Пайдаланылған әдебиеттер 25

Работа состоит из  1 файл

Ұйымның есеп саясаты.doc

— 187.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері

 

Ұйым шеңберінде іске асырылатын есеп саясатын жасау мен қалыптастыру төмендегі сабақтастық кезеңдерден тұрады:

- арнайы комиссия құрылып, мұның мақсаты мен атқаратын міндеті;

- есеп жүргізудің жаңа әдістері айқындалып, бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптері талаптарына жауап беретін мазмұнда ұйым басшысының бұйрығы шығарылады;

- есеп саясатын сапалы жасау үшін жауапты есеп қызметкерлері мен қатар өнім өндіру технологиясына заң актілері мен нормативтік материалдарды, қаржы жүйесі ерекшеліктерін жақсы білетін тәжірибелі мамандар қатыстырылады;

- есеп саясатын қалыптастырудың кезеңдік шаралары, қажетті құжаттар мен есеп объектілерінің тізімі жасалынады;

- есеп объектілерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді таңдап алу, бұлардың қысқаша мазмұнын өкілетті органдарға хабарлау мен келістіру шаралары белгіленеді.

Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілеріне мыналар жатады:

- ұйымдардың ұйымдық құрылымы, оның көлемі мен сипаттамасы, қызмет көрсету ерекшеліктері;

- ұйымның жарғысы, құрылтайшылар мен үлес қосушылар, акционерлер мен тұрақты клиенттер тізімі, жұмысшылар мен жауапты басшылар тізімі;

- акционерлермен өткізілетін жиылыс, кездесулер т.б. ұйым қызметіне байланысты маңызды шаралар.

Осы жоғарыда айтылған мақсатты шаралар мен атқарылатын мәселелер стандарттық үлгіде емес, ішкі ерекшеліктерге сай жазба түрде икемді, жинақы және сапалы жазылуы керек.

Есеп саясатының қысқаша мазмұны ұйым басшысының шығарған бұйрығында көрсетіледі. Әдетте есеп саясатына тән шығарылған бұйрық үш тараудан тұрады. Олар:

- бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;

- есеп жүргізудің техникалық тәсілдері;

- негізгі есеп объектілеріне тән қолданылатын әдістер.

Есеп саясатының ұйымдық және техникалық мәселелерін сипаттаушы материалдар ақпараттық көздер, анықтамалық тұжырымдар және ішкі ережелер түрінде қолданылады.

Есеп саясатын жасауға қатысты жауапты мамандар, әсіресе ұйымның бас бухгалтері ресми қолданудағы құжаттар мазмұнын қайта қарап, нұсқаулар мен ережелердің және т.б. қолданбалы ресми құжаттардың тиімді және тиімсіз жақтарын зерделеуі керек.Әрқашанда ұйымның бас бухгалтері кәсіби тұрғыда табандылық көрсетіп, өзінің білімі мен тәжірибесін есеп саясатын сапалы жасауға жұмсауы қажет. Икемді, зерделі жасалған есеп саясаты осы ұйымның ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Бәсекелестік жағдайда сапалы жасалынған осы ұйымның есеп саясатының кейбір маңызды тұстары басқа да ұйымдар тәжірибесінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар нарықтық қатынастар, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына және ұйымдар өрісіндегі технологиялық, шаруашылық ерекшеліктерге сай жасалынған есеп саясаты есеп жүргізудің әдіснамалық концепциясы болып та қаралады.

Айтылғандарға орай, есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіндегі принциптерден, әдістер мен тәсілдерден, негізге алынған концепциялар мазмұнынан, қазақстандық және халықаралық стандарттар талабынан және қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру талаптарынан туындайтындығын білген жөн. Есеп саясаты сапалы жасалып, тәжірибеде оңтайлы қолданылған жағдайда ұйымдардағы инвестициялық саясат, қаржылық қатынастар, келісім- шарт т.б. өзара келісімге түсетін әрекеттер, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың икемді негізі қаланып, бухгалтерлік есептің тұнықтылығы қалыптасады.

Сонымен есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілерінің мазмұны төмендегі құжаттардан:

- бұйрықтар;

- ішкі ережелер;

- құжат айналысының графигі;

- нұсқаулар;

- акционерлер жиналысының қаттамасы;

- ұйымның жарғысы;

- құрылтайшылық келісім;

- заңды тұлғаны тіркеуден өткізудің анықтамасы т.б. бухгалтерлік есепке тән құжаттардан тұрады.

Есеп саясатының мазмұнды сапалық дәрежесі қаржылық қорытынды есеп даярлап тапсыруға, бухгалтерлік баланс құрылымына, есеп жүргізудің үлгісіне, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит қызметінің маңызына қарай сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары

 

Есеп саясатының мазмұны мына төмендегі жағдайларда: ұйымның стратегиялық бағыты, мұның қайта құрылуы, қызмет бағытының өзгеріске түсуіне байланысты қайта қаралуы мүмкін. Сонымен қатар қаржы салымшы инвесторлардың тұжырымды талабына сійкес есеп саясаты жүйесіне қосымшалар мен өзгерістер де енгізілуі мүмкін.

Ресми түрде ұйымдардың есеп саясаты мына жағдайларға байланысты өзгертіледі:

- Қазақстан Республикасы заң актілерінің бухгалтерлік есеп жүйесіне тән өзгеріске түсуіне;

- Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі нормативтік актілердің, әдістемелік нұсқау-ережелердің өзгеріске түсуіне;

- заңды тұлғалардың қайта құрылуына (біріктірілу, бөлу, қосылу факторларына байланысты);

- меншік иесі мен жаңа бағыт ұсынған басшылардың өзгеруіне;

- активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, шаруашылық нәтижесі мен қаржы нәтижесі шеңберіндегі шаруашылық факторларының өзгеруіне мен қайта бағалануына.

Сонымен қатар ұйымдар қызметіне жаңа технологиялар енгізіліп, өндірістік процесс қайта модернизацияланған және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптерін қабылдаған жағдайда есеп саясаты өзгеріске түседі. Қандай жағдайларды болмасын есеп саясатының өзгеріске түсуі арнайы тәртіппен қаралып, жан-жақты негізделуі керек.

Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың және ресми органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік құжаттар мен материалдарға жүгінуі керек.Сонымен қатар бухгалтерлер білімі мен кәсіби деңгейі жоғары дәрежеде танылған басқа бухгалтерлердің іс-тәжірибесін және есеп саясатын қалыптастыруға жақсы негіз болатын бұған дейін жарияланған қаржылық есеп қорытындыларын зерттеп пайдалануы керек.

Есеп саясатын өзгерту процесі жөніндегі шешім есепті жыл ішінде іске асырылуы қажет. Егер есеп саясатының өзгеріске түсуінің әсерінен ұйымның қаржылық көрсеткіштері де өзгеріске түсетін болса, онда өзгеріске факторлары арнайы есептеу жолдарымен дәлелденіп, әрбір өзгеріс мазмұны бағалануы керек. Қаржылық және бухгалтерлік қорытынды есеп жасау процесінде теріс факторлар мен қателер жіберіліп, сенімсіздік жағдайлар пайда болса, мұндай факторлардың барлығы да талданып, неден туындап, нелермен байланысты екендігі есеп саясатында жазылып, тиісті орындарға хабарланады. Осындай бағытпен есеп саясатын зерделеу нәтижесінде тапсырылатын қорытынды есеп барынша тұнық сапада сипатталады. Сонымен қатар есеп мәліметтерін пайдаланушы менеджерлер, инвесторлар, несиелендірушілер, қоюшылар т.б. үшін сенімділік жағдай туындайды.

Есеп саясаты ұзақ мерзімге арналып жасалынуы керек. Мұндай талапты орындау барысында есеп саясаты өзгеріске түсіп қана қоймай, мұның маңызы қосымша ережелер, нұсқау және басқа да материалдармен толықтырылып отырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бекіткен «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі Концептуалды негізінде» «Қаржылық қорытынды есеп саясатын ашып көрсететін, қосымша материалдар мен басқа да ақпараттардан тұратын қосымша түсініктеме беріледі» делінген. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қорытынды есеп пен бухгалтерлік баланс тапсыру мазмұнын қосымша түсіндіруге арналған ақпаратты- түсіндірме хат деп атайды.

Түсіндірме хат тәуекелшілік пен кейбір маңызы толық ашылмаған белгісіз факторларды қосымша түсіндіруге және ұйымдардың қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етуші анықталмай қалған ресурстар (пайдалы қазба байлық) мен міндеттемелер т.б. мазмұнын ашып көрсетуге арналады. Бухгалтерлік қорытынды есеп құрамына қосымша түрінде берілетін түсіндірме хат ұйым қызметі өрісіндегі есепті жылдың мәліметтерін өткен жылдармен салыстыру және бухгалтерлік баланстың маңызды баптарын қосымша бағалауға да арналған.

Егер қаржылық және бухгалтерлік қорытынды есеп жүйелерін дайындап тапсырған кездегі мәліметтер жеткіліксіз жасалып, мұндай кемшіліктер ұйымның қаржылық және шешім қабылдаушылық қызметіне кері әсерін тигізетін болса, онда мұндай фактілер түсіндірме хатта қосымша есептеулер жүргізу және талдап жазу арқылы түсіндіріледі.

Кезеңдік (айлық, тоқсандық) қорытынды есеп жасау барысында есеп саясатының мазмұнын түсіндірме хат арқылы ашып көрсетудің қажеті жоқ. Кезеңдік есеп беру негізінен ішкі пайдаланушыларға арналады. Ал ресми мазмұндағы есеп саясаты негізінен сыртқы пайдаланушылар талабын қанағаттандырады. Осыған орай ұйымның қаржылық көрсеткіштерін сыртқы пайдаланушы тұлғалар осы ұйымның қаржы жағдайының болашағына, өндірістік процесті ары қарай жетілдірудің жолдарына, басқару мен шаруашылық қызметінің тиімділігіне байланысты шаралар белгілеуі керек.

Ұйымдардың экономикалық қызметіне байланысты сыртқы тұлғалардың қабылдайтын шешімдерінің қысқаша мазмұны түсіндірме хатта жазылуы керек. Түсіндірме хаттың мазмұны жекелеген атаулар мен тарауларға бөлініп, бірнеше жылдар бойы өзгеріске түспейтіндей ұштастырылып отыратын жағдайда жазылғаны жөн. Яғни түсіндірме хатта жазылып көрсетілген тараулар мен атаулар бухгалтерлік есеп әдіснамаларындағы немесе бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы тараулармен сәйкес мағынада болғаны жөн. Қандай сипат пен дәрежеде болмасын түсіндірме хатты сапалы рәсімдеу қаржылық қорытынды есептің тұнықтылығы мен сапасын жақсартуға аса зор үлес қосуы керек.

Есеп саясаты мен бухгалтерлік қорытынды есеп мазмұнын ашуға арналған түсіндірме хат әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушылар сипатына қарай түсіндірме хат есеп саясатының мазмұнын толық және қысқартылған түрде баяндайды. Қазақстандық есеп әдіснамалары мен нұсқау-ережелерімен таныс емес тұлғалар, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлескен ұйымдар талабын қанағаттандыру мақсатында жасалатын есеп саясатына қосымша берілетін түсіндірме хат толық түрде жазылуы керек. Қалған жағдайлардың барлығында түсіндірме хаттың қысқартылған вариантын орындап, есеп жүйесінде қолданылған әдістер мен тәсілдердің қысқаша мазмұны мен тізімі қаралады.

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Қорытынды

 

Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер, қосымшалар мен дәлдік шаралары негізілді. Осыған орай есеп саясатын жасау барысында ұйымдар ең әуелі бухгалтерлік есепке тән заңдар мен нормативтік актілерді, ҚР Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің шығарған қаулылары мен ережелерін, Қаржы министрлігінің арнайы бұйрықтарын, хаттарын т.б. ресми материалдарды басшылыққа алуы керек. Алайда есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар бостандығы сақталып, бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің көптеген мәселелері (мысалға, есеп процедурасының әдіснамалығы) мемлекеттік тұрғыда реттелетіндігін де есте сақтаған жөн.

Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттығы әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды варианты болмайды. Мұның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және ұйымдық мәселелеріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылық және салық есебі араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік баланс жасалынып қорытылмайды. Көрсетілген есептің әрбір жекелеген түрлерін жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қолданылады. Есептің әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды есебі жасалмайды.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген типтегі ұйымдар, құқылы тұлғалар өзара экономикалық қатынастарға түседі. Бұлардың мақсат мүддесі де әр түрлі жағдайда танылып, әр түрлі дәрежедегі көптеген шаруашылық фактілерін орындайды. Яғни әрбір ұйым өзінің қаржылық жағдайын жақсарту және көрсету үшін өзінің ішкі ұйымдық ерекшеліктерін есепке алуы керек. Ішкі ұйымдық ерекшеліктерін басқарудың стратегиялық және тактикалық шараларынан, басқару құрылымынан, шаруашылық қызметінің түрлері мен көлемінен, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібінен және ақпараттарды өңдеу мен беру сияқты факторлардан туындайды. Маңызы жағынан жоғары дәрежедегі мұндай факторларды нақтылы іске асыру барысында есеп жүргізудің көптеген әдістері мен ережелері, құқықтық және нормативтік актілер қолданылады. Әдіснамалық процестің барлық әдістері мен тәсілдерін қолдану нәтижесінде ұйымның есеп саясатын қалыптастыруға болады.

Тәуелсіз жолдармен таңдалып алынған есеп ережелерін әрбір ұйымдар есеп саясатын қалыптастыру мақсатында жылдан жылға тұрақты түрде қолданғаны жөн. Есеп ережелерінің ішкі әдіснамаларын жасау жалпыға бірдей танылған есеп принциптері мен қаржылық қорытынды есеп элементтері негізінде жасалынуы керек.

Әрбір жанама жағдайдағы оқиғалардың қайшы жағы болатындығын, мұның өзі экономикалық қарама-қайшылық тудыратынын білген жөн. Барлық ұйымдар қызметіне тән байырғы есеп саясатын жасау өте қиын және ауыр процесс.Әйткенмен де есеп саясатының мазмұнын ашып көрсету арқылы дербес түрде шешімдер қабылдап, қаржылық қорытынды есеп өрісіндегі объективтік ұғым қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

                                 Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1 Ә.Әбдіманапов «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп принциптері» Алматы, 2006

2 С.Баймұханова «Қаржылық есеп» Алматы, 2007

3 С.Мырзалиев, А.Сәтмырзаев «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі» Алматы, 2008

4 Кеулімжаев, Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп негіздері және теориясы» Алматы, 2006

5 Ф.С Сейдахметов «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2008

6 В.К.Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2001

7 Қ.Р-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі» заңы, 28.02.07 №234-III

8 www.uchet.kz

9 www.buhgalter.kz

10 www.zakon.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 



Информация о работе Есеп саясатының мәні мен мақсаты