Халық банк АҚ депозиттер мен несиелері, олардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 10:27, реферат

Описание

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды.

Работа состоит из  1 файл

Банк тарихы.docx

— 87.78 Кб (Скачать документ)

    Банк тарихы

 «Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-ның негізі  қайта құрылған Қазақстан Республикасы  Жинақ банкінің базасында қаланған.

Еліміздегі  алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі  жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса  бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында  ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.

«Халық» тобының құндылықтары

Клиентке  бет ұстау: Біздің Клиенттердің жетістіктері – ол біздің жетістіктеріміз. Біз клиенттеріміздің сұраныстарын түсінуге тырысамыз және клиенттерге олардың мақсаттарына жетуге көмектесетін ең тиімді шешімдерді ұсыну үшін барлық ресурстарымызды қолдануға міндеттенеміз.

Сенімділік: Біз халықаралық құқықтың көпшілікке танылған принциптері мен нормаларын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық» тобы бизнес жүргізетін басқа елдерің заңнамасын, ішкі ереже мен «Халық» тобының ережелерін мүлтіксіз сақтаймыз. Біз қызметтердің барлық салаларында бизнесті әрқашан мінсіз адал жүргізуге ұмтыламыз. Біз корпоративті басқарудың еуропалық стандарттарына талпынамыз және акционерлер, Клиенттер, іскер серіктестер, мемлекеттік билік органдары, қызметкерлер үшін «Халық» тобы қызметінің ең таза саясатын ұстанамыз. Сенімділік біздің ең құнды активіміз – «Халық» тобының іскерлік абыройын сақтап қалудың негізгі факторы.

Жетекшілік: Біз нарықтың барлық сегменттеріндегі Клиенттеріміздің барлық топтарына қызмет көрсетуде жетекші позицияға талпынамыз. Біздің басшылар ұйымның барлық деңгейлерінде жұмысқа деген құштарлығын көрсету жағынан үлгі болып табылады. Біздің басшылар бағыт береді, жаңа бастауларды қоштайды, «Халық» тобының жұмысын орындауына барынша қолғабыс көрсетеді.

Әлеуметтік  жауапкершілік: Халықтың сұраныстары мен мүдделеріне көңіл бөлу «Халық» тобы қызметінің негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Біз қоғамның дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешіміне белсенді үлес қосудамыз.

Әділдік: Біздің серіктестерімізбен қатынастарымыз сыйластық пен көмек көрсету, ынтымақтастық, сенімділік және корпоративті ниеттестік негізінде құралған. Біз бүкіл «Халық» тобы бойынша идеялармен, біліммен және тәжірибемен алмасуды қоштаймыз және тиімді командалық жұмысты қолдаймыз. Біз қызметкерлеріміздің кәсіптік деңгейінің өсуінің, әлеуметтік қорғалуының қамын ойлаймыз. Біздің ұйымымыздағы сыйақылау, тану және мансапты жоғарылату әділдік принциптерінде негізделеді және жеке қызмет нәтижелері мен «Халық» тобының табысына енгізген үлесіне байланысты.

Кәсіпқорлық: Біз кәсіптік қызметтің жоғары стандарттарына ұмтыламыз, біз жаңа идеялар мен инновацияларға ашықпыз, біз батыл және дәйекті түрде әрекет етеміз. Біз Клиенттермен мықты және ұзақ мерзімді қатынастарды қамтамасыз ететін Клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық операцияларды уақытылы және тиімді шарттарда іске асырамыз.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ жоғары халықаралық  беделі бар және «Халық», оның ішінде «HALYK» және «НАРОДНЫЙ» брэнді арқылы көрсететін банктік қызметтер нарығында 87 жылғы табысты тарихы бар Қазақстан  Республикасындағы ірі қаржы  институты болып табылады. Бұл брэндтер Қазақстан Республикасының уәкілетті органының шешімімен Қазақстандағы әйгілі тауар белгілері болып танылды, және қажетті құқықтық қорғау беріліп олар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ атына тіркелді. Сонымен қатар, «ХАЛЫҚ» и «HALYK» тауар белгілері Банк атына тауар белгілері ретінде Қазақстан Республикасында, Ұлыбританияда, сондай-ақ Әзірбайжан Республикасы, Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі, Люксембург Ұлы герцогтығы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Монғолия Республикасы және Тәжікстан Республикасы сияқты Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің мемлекет-мүшелерінде тіркелді. 

Айтылғанның негізінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қандай болмасын бұзушылықтарды болдырмау  жөнінде, сондай-ақ  кез-келген үшінші тұлғаларға жоғарыда көрсетілген тауар  белгілеріне Банк құқықтарының бұзуына  жол бермейтіндігі туралы ескертеді. 
 
 

         Рейтингтер

Moody's Investors Service

Шетел валютасындағы  ұзақ мерзімді депозиттер

Ba2
   
Шетел валютасындағы қысқа мерзімді депозиттер Not prime
   
Қаржылық  тұрақтылық рейтингі D-
   
Рейтинг болжамы Тұрақты
   
Standard and Poor`s

Контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингі

B+
Контрагенттің қысқа мерзімді рейтингі B
   
Рейтинг болжамы Тұрақты
   
Fitch Ratings

Шетел валютасындағы  эмитенттің дефолт ұзақ мерзімді рейтингі

BB-
   
Шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг B
   
Тұрақтылық  рейтингі bb-
   
Жеке  рейтинг D
   
Қолдау  рейтингі 4
Ұзақ мерзімді рейтингке болжамы Тұрақты
 

 

  Ұзақ мерзімді даму стратегиясы

Ұзақ  мерзімді кезеңде Халық Банкі  Тобының үйлестірілген және сапалы өсуінің негізі мынадай стратегиялық мақсаттарға жету болып табылады:

- Бөлшек, корпоративті және ШОБ секторларындағы  клиенттер мен ықтимал клиенттер  үшін сенімді серіктес-банк мәртебесін  нығайту;

- Көрсетілетін  қызметтер мен өнімдердің жоғары  сапасы;

- Көрсетілетін  қаржы қызметтерінің жиынтығын  кеңейту, оның ішінде банктік  емес еншілес компаниялардың (зейнетақы  өнімдері, сақтандыру, лизинг, брокерлік  қызметтер және активтерді басқару)  өнімдерін екі жақты сату арқылы;

- Филиалдық  желіс және қаржы қызметтерін  ұсынудың өзге арналарын дамыту  және жақсарту;

- көрші  елдердегі еншілес банктік ұйымдарына  инвестициялардың оңтайлы партфеліне  қол жеткізу;

- Тәуекел-менеджмент  стандарттарын жетілдіру және  инвестициялар арқылы адам ресурстары  мен ақпараттық технологияларға  операциялық тиімділікті жақсарту;

- Топтың  акционерлік капиталын ұлғайту;

- Болашақта  бизнес жүргізу стандарттарын  жақсарту және банктік өнімдердің  жиналымы мен сапасын жетілдіру  үшін жетекші халықаралық банктік  ұйыммен стратегиялық серіктестік  құру. 
 
 
 

      Депозиттер

Ақша  бала сияқты! Ол да кәсіпқой мамандардың  өзіне көңіл бөліп, қамқорлығына алуын талап етеді. Сонда  олар  ертеңгі күннің қамын қамдап,  жаныңызға жайлылық ұялата отырып, күн санап емес, сағат санап өседі.  Ақша жаңа ақшаны тартуы керек. Қаражатыңызды жайлы әрі тиімді орналастырудың ең сенімді жолы-Халық Банкінің депозиттері.  Біз сіздерге теңгедегі, АҚШ долларындағы және евродағы депозиттердің кең жиынтығын  қуана ұсынамыз, олардың әрқайсысы өзінше бірегей әрі дәл Сіз үшін ыңғайлы. Түскен пайызды ай сайын алып отырғыңыз келеді ме? «Халықтық Зейнетақылық» депозитін таңдап, ай сайын алып отырыңыз! Қаражатыңызды мерзімінен бұрын қайтарып немесе депозитіңізді толықтырып отырғыңыз келеді ме? Онда  «Halyk-әмбебап» депозиттері сіз үшін.  Өз балаларыңыздың болашағын ойлайсыз ба? Олар үшін «Halyk-балалар үшін» депозитін ашып қойыңыз.   

Сіздің  жинақ ақшаңыздың сақталып қалуына   Халық Банкінің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығы ғана емес, мемлекеттік салымдарға кепілдік беру Қоры да кепіл болады!  

Халық Банкінің депозиттері  ақшаңызды сақтап қана қоймай, оның арта түсуіне көмектеседі. Депозиттердің талаптарымен танысуларыңызды сұраймыз. Өзіңізге барынша лайықты депозитті таңдап аласыз деген сенімдеміз.

«Халықтық – стандартты» депозиті.

Бізбен  бірге ақша жинақтаңыз! Ай сайынғы капитализация - жылдық 8%.

1. Салым салу мерзімі 1,3,6,9,12, 18, 24,30,36 ай.

2. Капитализация:ай сайын.

3. Салым бойынша сыйақы төлеу салым мерзімі аяқталғанда жүзеге асады. 

4. Салымды  толықтыру мүмкіндігі қарастырылмаған.

5. Салымның  бөлшектеп алу м.мкіндігі қарастырылмаған.

6. Салымның минималды көлемі: 15 000 теңге немесе АҚШ 100 доллары, әлде 100 евро.

7. Сыйақы мөлшері салым мерзімі бойына Банктік салымның келісім-шарты немесе келісім-шарттың қосымша келісімі басқа мөлшерді бекітпеген жағдайда тұрақты болып қалады.  
 

«Халықтық – стандартты» депозиті бойынша пайыздық мөлшерлемелер:

валюта % ставка 1 3 6 9 12 18 24 30 36
KZT 
 
 
жылдық 4,40 7,00 7,70 7,90 8,00 8,00 8,00 8,00 8,00
эфф. 4,60 7,30 8,10 8,30 8,40 8,40 8,40 8,40 8,40
USD жылдық 1,50 2,00 4,55 4,70 4,80 4,80 4,80 4,80 4,80
эфф. 1,50 2,00 4,70 4,90 5,00 5,00 5,00 5,00 5,00
EUR жылдық 1,00 1,75 3,50 3,70 3,80 3,80 3,80 3,80 3,80
  эфф. 1,00 1,80 3,60 3,80 3,90 3,90 3,90 3,90 3,90

  «Халықтық – зейнетақылық» депозиті.

Ерекше  шарттар: 50 жастан үлкен жеке тұлғалар немесе қарт жеке тұлғалар салымшылар бола алады.

1. Ерекше  шарттар: зейнетақы куәлігін көрсеткен  50 жастан үлкен жеке тұлғалар  немесе қарт жеке тұлғалар  салымшылар бола алады.

2. Салым мерзімі 6ай және 12 ай.

3. Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі аяқталғанға дейін өзгеріссіз қалады.

4.Сыйақы  төлеу: ай сайын, әрбір 30 күн  сайын банктік салым келісім-шартына  тұрған күннен бастап төленеді.

5.Салымды  толықтыру мүмкіндігі: қосымша салымның  минимальды көлемі – 500 тенге,  немесе  5 АҚШ доллары, әлде 5 евро  болған жағдайда рұқсат етіледі.

6. Салымды бөлшектеп алу мүмкіндігі қарастырылмаған.

7.Салымның минимальды көлемі: 2 000 теңге, немесе 20 АҚШ доллары, немесе 20 евро.

Салымды ашу салымшының таңдауы бойынша  қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысанда  жүзеге асырылады.

«Халықтық – стандартты»  депозиті бойынша  пайыздық мөлшерлемелер:

валюта % мөлшерлеме 6 ай. 12 ай.
теңге жылдық 5,50 8,00
эффективті 5,70 8,40
АҚШ доллары жылдық 4,20 4,70
эффективті 4,30 4,90
евро жылдық 3,20 3,70
эффективті 3,30 3,80
 
     

«Halyk – әмбебап» депозиті

Информация о работе Халық банк АҚ депозиттер мен несиелері, олардың ерекшеліктері