Халық банк АҚ депозиттер мен несиелері, олардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 10:27, реферат

Описание

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды.

Работа состоит из  1 файл

Банк тарихы.docx

— 87.78 Кб (Скачать документ)

Мақсатты  топ: ҚР-ның резиденті болып табылатын жеке тұлғалар.

                 Бағдарламаның талаптары:

  • Кредит беру мерзімі – 30 жылға дейін.
  • Кредит берілетін валюта – АҚШ доллары, теңге.
  • Кредит сомасы – 5 000 АҚШ долларынан жоғары.
  • Сыйақы мөлшерлемесі тенгемен 15,5%- дан 16,5%-ға дейін, АҚШ долларында – жылдығы 14%- дан 15%-ға дейін.
  • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: Тенгемен 16,8%-дан жоғары, АҚШ долларында –  15,1%-дан жоғары.
  • Табысты құжат арқылы растау міндетті түрде талап етіледі.
  • Міндетті талабы – бастапқы жарна жылжымайтын мүліктің бағалау сомасының 20% бастап мөлшерінде болуы керек, қосымша кепіл кезінде бастапқы жарна 0%
  • Сақтандыру бүкіл кредиттеу мерзімі бойынша Банкпен жүзеге асырылады: жеке (өмірлік/келеңсіз оқиғадан), мүліктік (кепілзатты)*.
  • Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі – 7 жұмыс күні.

Кредит  бойынша қамтамасыз ету:

      Негізгі және қосымша қаматамасыз ету ретінде  мыналар қабылдануы мүмкін:

  • сатып алынатын және/немесе қолда бар, пайдалануға дайын тұрған жылжымайтын мүлік;
  • жеке тұлғаларға тиесілі коммерциялық жылжымайтын мүлік; жер телімі.

«Салынып  жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алуға» бағдарламасы

Пайдалану мақсаты: Кредит салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алуға беріледі.

Мақсатты  топ: РҚ резиденті болып табылатын жеке тұлғалар.    

Бағдарламаның талаптары:

  • Кредит беру мерзімі –6 айдан 30 жылға дейін.
  • Кредит берілетін валюта – теңге, АҚШ доллары.
  • Кредит сомасы – 5 000 АҚШ долларынан бастап.
  • Сыйақы мөлшерлемесі - теңгемен 15.5% - 16.5%-ға дейін, АҚШ долларында - жылдығы 14%-дан 15%-ға дейін.
  • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: теңгемен 16.8%-ға дейін, АҚШ долларында –  15,0%-дан бастап.
  • Табысты құжат арқылы растау міндетті түрде талап етіледі.
  • Міндетті талабы – кредит сомасының кемінде 30% мөлшеріндегі бастапқы жарна төленуі тиіс.
  • Сақтандыру бүкіл кредиттеу мерзімі бойынша Банкпен жүзеге асырылады: жеке (өмірлік/келеңсіз оқиғадан) және мүліктік (кепілзатты)*.   
  • Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 7 жұмыс күні.

Кредит  бойынша қамтамасыз ету:

Негізгі қамтамасыз ету ретінде:

  • Сатып алынатын салынып жатқан жылжымайтын мүлік;
  • Коммерциялық/коммерциялық емес сипаттағы, жеке тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін.

«Жеке тұрғын үй салуға және үйді жөндеуге» бағдарламасы

Пайдалану мақсаты: Кредит жеке тұрғынүй құрылысына (құрылысты аяқтауға), сондай-ақ коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын мүлікті жөндеуге беріледі. Тұрғын үйлік жылжымайтын мүлік Банктің есебінен «Жеке тұрғынүй салуға және үйді жөндеуге» бағдарламасы бойынша салынған жағдайда тұрғын үйді жөндеуге заем беріледі. 

Мақсатты  топ:  Жеке меншік құқығы бойынша төмендегілерге иелік ететін ҚР резиденті жеке тұлғалар:

- құрылыс  жүргізуге рұқсат етілген  жер телімдері - тұрғын үй құрылысына/аяқтауға берілген заемдар бойынша;

- пайдалануға  дайын тұрғын үйлік жылжымайтын  мүлік – тұрғын үйді жөндеу  берілетін заемдар бойынша.

Бағдарламаның талаптары:

  • Кредит беру мерзімі –   6 айдан 15 жылға дейін.
  • Кредит берілетін валюта – теңге, АҚШ доллары.
  • Сыйақы мөлшерлемесі - теңгемен 16,5%, АҚШ долларында – жылдығы 15%.
  • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: АҚШ долларында–  16,3%-дан бастап, тенгемен 17,7%-дан бастап
  • Кредит сомасы – кемінде - 5 000 АҚШ доллары, кредиттің ең жоғарғы сомасы заемшының төлем қабілетіне байланысты.
  • Кредитті табысты құжатпен растау арқылы, сондай-ақ растамай-ақ алуға болады.
  • Міндетті талабы – меншікті қаражатымен қатысу. Банктік салым мөлшері сатып алынатын жылжымайтын мүлік/құрылыс жұмыстары құнының 15%  құрауы тиіс.
  • Сақтандыру бүкіл кредиттеу мерзімі бойынша Банкпен жүзеге асырылады: жеке (өмірлік/келеңсіз оқиғадан), мүліктік (кепілзатты)*.
  • Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 7 жұмыс күні.

Кредит  бойынша қамтамасыз ету:

Тұрғынүйлік жылжымайтын мүлік құрылысына берілетін  кредит бойынша кепіл ретінде  мыналар қабылдануы мүмкін:

1. өтініш берушінің табыстарын құжат арқылы растамай кредит берген жағдайда:

А. негізгі  қамтамасыз ету – қолда бар  жылжымайтын мүлік;

Б. қосымша  қамтамасыз ету – банктік салым, оның сомасы  заемшының қатысуы үшін қарастырылған меншікті қаражаты мөлшерінен кем болмауы керек;

2. Өтініш берушінің табысын құжат арқылы растай отырып кредит берген жағдайда- негізгі қамтамасыз етудің болуы.

Тұрғын үйлік жылжымайтын мүлікті жөндеу жұмысына берілетін кредит бойынша кепілдік  ретінде  пайдалануға дайын жылжымайтын мүлік болып табылатын негізгі қамтамасыз ету қабылдануы мүмкін.   

«Автокөлік  сатып алу үшін»  бағдарламасы

Мақсатты  пайдалану: Заемдар жаңа, сондай-ақ пайдаланылған автокөліктерді сауда  ұйымдарынан және арнайы рыноктардан  сатып алу үшін беріледі. Осы бағдарламаның  шеңберінде берілген заемды мақсатты пайдалану міндетті болып табылады және қадағаланады.
Мақсатты  топ: Жеке тұлғалар – ҚР резиденттері, олардың Банктің жалақы жобасына қатысу /қатыспауына байланысты емес.
Бағдарламаның талаптары:  
Кредиттеу мерзімі 3 айдан 7 жылға дейін.
Сыйақы  мөлшерлемесі: автосалоннан  сатып алынатын автомобиль кепіліне – теңгемен 15,5% СТЖМ 17,1%-дан, доллармен - 13,0%, тиімді 14,2%-дан

рынокта сатып  алынатын автокөлік немесе жылжымайтын  мүлік кепіліне – теңгемен 16,5%, тиімді 18,2%-дан, доллармен - 14,0%, тиімді 15,3%-дан   

Кредит  валютасы Теңге, АҚШ доллары
Заем  сомасы өтініш берушінің  төлеу қабілеттілігіне байланысты.
Бастапқы  жарна   автокөлік құнынан 30%-дан кем емес (автосалондар желісі және «Astana Motors» мен «Mercur» компанияларының серіктестерінен сатып алынатын болса 20%-дан кем емес)* 
Табысты құжатпен растау - өз қаражатымен  50%-дан жоғары қатысу жағдайында  – табысты құжатпен растау  қажет етілмейді,  от 30%-дан жоғары болса – табысты растау міндетті түрде. 

Клиенттерді «Astana-Motors»  және «Mercur» автосалондары арқылы автомобильдерді сатып алу үшін кредиттеу кезінде:

- өз қаражатымен  50%-дан жоғары қатысу жағдайында  – табысты құжатпен растау  қажет етілмейді,  от 20%-дан жоғары болса – табысты растау міндетті түрде.

Кредит  бойынша қамтамасыз ету:  Банк талаптарына  сәйкес сатып алынатын автокөлік, сондай-ақ Банк талаптарына сай қамтамасыз етудің басқа түрлері.  
Қамтамасыз етуді бағалау – жаңа, сондай-ақ пайдаланылған автокөлікті сатып алған жағдайда жүргізіледі.
Сақтандыру Мүліктік сақтандыру (кепіл мәнін) қолданыстағы тарифке  сәйкес іске асырылады  
Кредит  өтінімін қарастыру  мерзімі 3 жұмыс күні.
 

 Сатып алынатын автокөліктің пайдаланылған мерзімі  бойынша шектеулер:

  • ТМД елдері, Қытай, басқа елдер – 3 жылға дейін.
  • Корея, АҚШ – 7 жылға дейін.
  • Жапония, Еуропа – 10 жылға дейін. 
 
 
 
 
 

Банктің жалақылық жобасына қатысушы жеке тұлғаның кепілдігімен «Кепілсіз  кредиттер» («Халықтық») кредит беру бағдарламасы

Мақсатты  топ: ҚР-ның резиденті болып табылатын жеке тұлғалар, Банктің жалақы жобасына қатысушылар. Заемшының/кепілгердің жасы -   23 жастан кіші болмауы керек.

Пайдалану мақсаты: Тексерілмейді.

Бағдарламаның талаптары:

  • Кредит беру мерзімі –3 айдан 3 жылға дейін.
  • Заем берілетін валюта: теңге.
  • Базалық сыйақы мөлшерлемесі - жылдығы 22%.
  • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: теңгеде –   30,0%-дан бастап
  • Заем сомасы –  80 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін  (заемшының төлем қабілетіне байланысты).
  • Жалақының талап етілетін ең төмен деңгейі   - кемінде 15 000 теңге.
  • Жобаға сараптама жасау қарастырылмаған.
  • Сақтандыру - қарастырылмаған.
  • Кредиттік өтінішті қарастыру мерзімі - 3 жұмыс күні.

Кредит  бойынша қамтамасыз ету:

1.   Жеке тұлғаның, Банктің жалақылық жобасына қатысушының, Банктен зейнетақы алушы және Банктің талаптарына сәйкес келуші зейнеткерлердің кепілдемесі;                                                                                                                            2.   Заемшының болашақта  түсетін ақшасы;                                                                  Құжаттарды алу үшін құжаттардың ең аз пакеті:

1.    Өтініш-анкета; Түпнұсқасы
2.    Компанияның қолдаухат-анықтамасы Түпнұсқасы
3.    Өтініш берушінің  жеке басын куәландыратын құжат Көшірмесі
4.    Жалақы жобасына қатысушы емес жеке тұлғаның заемдары бойынша  кепілгердің жеке басын куәландыратын құжат Көшірмесі
5.    Өтініш берушінің  СТН және ӘЖК анықтамасы Көшірмесі
6.    Кепілгердің СТН  анықтамасы Түпнұсқасы
7.    Өтініш берушінің  жинақтаушы зейнетақы қорындағы  ЖЗШ-нан соңғы 6 айдағы үзінді  Түпнұсқасы
8.    Заемшының кредит бюросына ол туралы белгіленген нысанда  жазбаша ақпарат беруге  келісімі Түпнұсқасы
9.    Заемшының кредит бюросынан ол туралы белгіленген  нысанда жазбаша ақпарат алуға   келісімі Түпнұсқасы
 

 Назар аударыңыз! Кредит маманы қосымша құжаттарды талап етуге құқылы!      Халық Банкі ЖЗҚ салымшылары үшін - сыйақы мөлшерлемесінен минус1% . Екінші қайтара заем алған кезде және оң кредиттік тарихы болған жағдайда Халық Банкі ЖЗҚ салымшылары үшін - сыйақы мөлшерлемесінен минус 2%

Болашақта түсетін ақша кепілдігімен «Кепілсіз кредиттер» («Халықтық») кредит беру бағдарламасы

Мақсатты  топ: ҚР-ның резиденті болып табылатын жеке тұлғалар, Банктің жалақы жобасына қатысушылар. Заемшының жасы - 23 жастан кіші болмауы керек.

Пайдалану мақсаты: Тексерілмейді.

Бағдарламаның талаптары:

  • Кредит беру мерзімі –  3 айдан 3 жылға дейін.
  • Заем берілетін валюта - теңге.
  • Базалық сыйақы мөлшерлемесі - жылдығы 22%.
  • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: теңгеде – 30,2% бастап
  • Заем сомасы –   100 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін.
  • Жалақының талап етілетін ең төмен деңгейі   - кемінде 15 000 теңге.
  • Жобаның сараптамасы - қарастырылмаған.
  • Сақтандыру - қарастырылмаған.
  • Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 3 жұмыс күні.

Кредит  бойынша қамтамасыз ету: Заемшының болашақта  түсетін ақшасы;          Кредит алу үшін құжаттардың ең аз пакеті:  

1 Өтініш берушінің  жеке басын куәландыратын құжат Түпнұсқасы мен көшірмесі
2 ӘЖК (әлеуметтік-жеке код) Түпнұсқасы мен көшірмесі
3 Өтініш берушінің  СТН анықтамасы Түпнұсқасы мен көшірмесі
4 Жалақы шотына түсімдер 6 айдан кем түскен, бірақ кемінде 1 рет түскен жағдайда соңғы 6 айдағы жалақы туралы анықтама Түпнұсқасы
5 Өтініш берушінің  жинақтаушы зейнетақы қорындағы  ЖЗШ-нан соңғы 6 айдағы үзінді Түпнұсқасы
6 Азаматтарды тіркеу кітабы (түпнұсқасы және көшірмесі) немесе адрес бюросынан алынған анықтаманың түпнұсқасы  

Информация о работе Халық банк АҚ депозиттер мен несиелері, олардың ерекшеліктері