Халық банк АҚ депозиттер мен несиелері, олардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 10:27, реферат

Описание

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды.

Работа состоит из  1 файл

Банк тарихы.docx

— 87.78 Кб (Скачать документ)

Назар аударыңыз! Кредит маманы қосымша құжаттарды талап етуге құқылы!                 Оң кредиттік тарихы бар клиенттер үшін минус 1%

  • Халық Банкі ЖЗҚ салымшылары үшін - сыйақы мөлшерлемесі минус 1%. 
    Екінші қайтара заем алған кезде және оң кредиттік тарихы болған жағдайда Халық Банкі ЖЗҚ салымшылары үшін - сыйақы мөлшерлемесі минус 2%. 
 

    «Зейнетақылық кредит» бағдарламасы

Кредиттің мақсаты: Тұтынушылық мақсаттар.

Мақсатты  топ: Зейнетақысын  банктен алатын зейнеткерлер.

Бағдарламаның талаптары:

  • Кредит мерзімі -   2 жылға дейін.
  • Кредит берілетін валюта – теңге.
  • Кредит сомасы –  500 000 теңгеден 1000 000 теңгеге дейін.
  • Сыйақы мөлшерлемесі - жылдығы 22%.
  • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: теңгеде –   26,7%-дан бастап
  • Бастапқы жарна - қарастырылмаған.
  • Жасына қойылатын шектеу- өтеу сәтінде 70 жасқа толмаған болуы керек.
  • Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 3 жұмыс күні.                                          Кредит бойынша қамтамасыз ету:
  • кредит сомасы  500 000-ға дейін болғанда — жеке тұлғаның кепілдемесінсіз, болашақта түсетін зейнетақы кепілдігіне;
  • кредит сомасы 1000 000-ға дейін болғанда — жеке тұлғаның кепілдемесімен  (жалақылық жобаға қатысушының/зейнеткердің жасы өтеу сәтінде 70 жастан аспауы керек);
 

 Зейнетақылық  кредит алу үшін не істеу керек:

1. Халық Банкінің бөлімшесіне келіп, өтініш жасау;                                     2. Мынадай құжаттар пакетін тапсыру;                                                                                 -  Жеке куәлік (бар болса кепілгердің де).                                                                                   - СТН және ӘЖК (бар болса кепілгердің де).                                                                            - Зейнетақылық куәлік (бар болса кепілгердің де).                                                                        - Жеке тұлғаның кепілдігі (қажет болғанда).                                                                                                     - Зейнеткер емес кепілгердің қатысуымен:                                                                                                          - 1) кепілгердің соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама (әрекет ету мерзімі заем берілген сәтте оны тіркеген күннен бастап 30 күннен аспауы тиіс);-                             2) кепілгердің  жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын соңғы 6 айдағы үзінді немесе жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлғалар жөніндегі Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес  жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғандығын растайтын құжат.                                                                         Назар аударыңыз! Кредит маманы қосымша құжаттарды талап етуге құқылы!                                                                                                            3. Белгіленген нысандағы өтінішке қол қою. Кредитті өтеу автоматты түрде клиент ақшасын ағымдағы/карточкалар базасындағы ағымдағы шот есебінен шығару арқылы іске асырылады.

«Кезек  күттірмейтін мұқтаждық  үшін» бағдарламасы

Пайдалану мақсаты: Заем тұтыну мақсатына беріледі, алайда заемның  пайдаланылу мақсаты тексерілмейді.                                                                  

Мақсатты  топ: Банктің жалақылық жобасына  қатысу/қатыспауына қарамастан ҚР резиденті болып табылатын жеке тұлғалар.                  Бағдарламаның талаптары:

  • Кредит беру мерзімі –3 айдан 8 жылға дейін.
  • Кредит берілетін валюта – АҚШ доллары.
  • Кредит сомасы – өтінім берушінің төлем қабілеттілігіне байланысты.
  • Сыйақы мөлшерлемесі: АҚШ долларында -  жылдығы 16,5%, теңгемен -  17,5% -ға дейін.
  • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: АҚШ долларында –18,9%, теңгемен - 20,1%
  • Табысты растау  - міндетті түрде.
  • Сақтандыру – жеке (келеңсіз оқиғалардан және еңбек қабілетін жоғалтудан) және мүліктік (кепілзатты) сақтандыру Банк арқасында өткізіледі.
  • Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 5 жұмыс күні.                                               Кредит бойынша қамтамасыз ету:

1. Kоммерциялық / коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын мүлік;                             2. Банктің талаптарына сәйкес келетін қолда бар автокөлік.  
Contact Center: 
2 590 777 (Алматы қаласы үшін)  
8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін)

Алғашқы кредит желісі

Халық Банкі «Алғашқы кредит желісін» ұсынады! Кредит желісін бір рет ашып, Сіз оны ұзақ уақыт бойы пайдалана аласыз. Кредит желісі шеңберінде  өзіңізге қажетті соманы  өзіңізге қажет болған кезде алуыңызға болады. Қалған уақытта пайыз есептелмейді, бірақ кредит желісі қашан да қол жетімді болып қалады. «Алғашқы кредит желісі». Ең бастысы-ыңғайлы! 

Бағдарламаның талаптары:

  • Кредит беру мерзімі -  3 айдан 8 жылға дейін.
  • Кредит желісі берілетін валюта – АҚШ доллары.
  • Сыйақы мөлшерлемесі: АҚШ долларында - жылдығы 17,5%-дан 16,5%-ға дейін.
  • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: АҚШ долларында –  18,9%-дан; теңгемен - 20,1% 
  • Заемды пайдалану мақсаты тексерілмейді.
  • Меншікті қаражатымен қатысу - талап етілмейді.
  • Табысты растау  - талап етілмейді.
  • Сақтандыру бүкіл кредиттеу мерзімі бойынша банкпен жүзеге асырылады: жеке (өмірлік/келеңсіз оқиғадан), мүліктік (кепілзатты).
  • Кредит кез келген тұтыну мақсаттарына беріледі.

Кредит  бойынша қамтамасыз ету:Кепіл ретінде  коммерциялық/коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын мүлікті, қолда бар автокөлікті ұсынуға болады.  

«Банк салымының кепілдігімен»  бағдарламасы

Мақсатты  топ: Банктің жалақылық жобасына қатысу/қатыспауына қарамастан ҚР резиденті және резиденті емес жеке тұлғалар.

Пайдалану мақсаты: Тексерілмейді.

Бағдарламаның талаптары:

  • Кредит беру мерзімі –  1 айдан 5 жылға дейін.
  • Кредит берілетін валюта – заем бойынша қамтамасыз ету болып табылатын салым валютасына бара-бар.
  • Кредит сомасы –   50 000 теңгеден салым сомасының  90%-на дейін.
  • Салым бойынша Банктің сыйақы мөлшерлемесіне маржасы -жылдығы 3 - дан 6%-ға дейін.
  • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: теңгеде – 13,7%-дан бастап
  • Меншікті қаражатымен қатысу - қарастырылмаған.
  • Сақтандыру - қарастырылмаған.
  • Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 3 жұмыс күні.
  • Жобаның сараптамасы- қарастырылмаған.

Кредит  бойынша қамтамасыз ету: Банкте ресімделген салым. 
 

«Білім  беру кредиттері»  бағдарламасы

Пайдалану мақсаты: Заемдар оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін беріледі:

  1. «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен заем берілгенде – ҚР аумағында орналасқан, аттестациядан өткізілген жоғары оқу орындарында;
  2. егер қамтамасыз етуге жылжымайтын мүлік  ұсынылса – ЖОО орналасқан жеріне және оқыту нысанына байланысты. 

Мақсатты  топ: Жасы 16-дан кіші емес ҚР резиденті болып табылатын жеке тұлғалар.

Бағдарламаның талаптары:

  • Кредит беру мерзімі -   6 айдан 10 жылға дейін.
  • Кредит берілетін валюта – теңге.
  • Кредит сомасы - өтінім берушінің төлем қабілетіне байланысты.
  • Базалық сыйақы мөлшерлемелері – жылдығы 15% (Қаржы орталығының кепілімен), жылдығы  17% (жылжымайтын мүлік кепілімен).
  • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі –теңгеде жылдығы 16,4% -дан бастап.
  • ЖОО-дағы оқуы аяқталғанға дейін негізгі міндетті төлеу бойынша жеңілдік кезеңін ұсыну мүмкіндігі (6 жылдан аспай, қосымша 6 ай).
  • Табысты растау  - міндетті.
  • Сақтандыру - Егер қамтамасыз етуге жылжымайтын мүлік ұсынылса – мүлікті (кепілзатты) сақтандыру.
  • Банк кредиттеу мерзімінің толық уақытына шейін жеке сақтандыруды (өмірін/келеңсіз оқиғадан жүзеге асырады). 
  • Заемның мақсатына қарай пайдаланылуын қадағалау – міндетті түрде. Заемның мақсатына қарай пайдаланылуының растамасы болып  заем сомасын ЖОО-ның шотына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларының көшірмелері табылады.   
  • Міндетті талабы – жобаға көп дегенде екі қосарлы заемшы қатысады.
  • Өтінімді қарастыру мерзімі – 7 жұмыс күні.

Кредит  бойынша қамтамасыз ету:

  1. негізгі қамтамасыз ету ретінде – «Қаржы орталығы» АҚ кепілдеме міндеттемесі және қосымша – жеке тұлғаның (қосарлы заемшының) кепілдемесі;
  2. коммерциялық/коммерциялық емес мақсаттағы, жеке тұлғаларға тиесілі пайдалануға дайын қолда бар жылжымайтын мүлік.  
 

 Қазынашылық өнімдер мен қызметтер

      Халық Банкінің қазынашылығы  өз клиенттерімен ашық әріптестік қатынасты толыққанды дамытуды мақсат етіп қояды. Қазақстанның биржалық валюталық рыногының және мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының жетекшісі бола отырып Банк клиенттерге  ең тиімді ынтымақтастық талаптарын ұсынады.  Банк клиенттері тәуекелдерді басқару және инвестициялау жөніндегі консультацияларды алады және клиент үшін ыңғайлы талаптар бойынша мәмілелер жасайды.

      Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету

         Біз өзіміздің филиалдық жүйеміздің Қазақстандағы ең кеңінен тарамдала жайылған жүйе болып табылатынын мақтан тұтамыз. Бүгінгі таңда біздің клиенттерімізге 685 бөлімшенің есігі ашық. Шалғай жатқан елді мекендерді қоса алғанда еліміздің қай түпкірінде жүрсеңіз де  Сіз міндетті түрде Халық Банкінің бөлімшесін таба аласыз. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес өкілдері үшін келесі қызмет түрлерін ұсынамыз:

  • Шоттарды ашу және жүргізу
  • Аударма операциялары
  • Кассалық операциялар
  • Құжаттамалық операциялар
  • Саудалық және құрылымдық  қаржыландыру 
 

 Карточкалық шоттағы  операциялар бойынша хабарлама

    Карточкалық шоттан жүргізілген әрбір операциядан кейін (іссапарлар немесе өкілеттік шығындар үшін ақы төлеу, кеден төлемдерін жүргізу, POS-терминалдар арқылы есеп айырысу, банкоматтан қолма-қол ақша алу, т.б.) Сіз SMS-хабары түрінде  мынадай ақпарат аласыз:  

  • карточканың нөмірі (өнімнің қысқартылған атауы және карточка нөмірінің соңғы таңбалары түрінде, мәселен, VISA 1234);
  • карточкамен жасалған операцияның тұрпаты және нәтижесі;
  • операция сомасы;
  • операцияның жүргізілген жері;
  • операцияның орындалған уақыты. 

     

    Операцияның атауы   Тариф  мөлшері  
    Қосылу  және қайта тіркелу 1   40 теңге  
    Ажырату1   0  
    Карточка  шоты бойынша барлық операциялар  мен авторизациялар туралы хабарлама  2   Айына 350 теңге  
    Клиенттің сұратуы бойынша карточкадағы ақша қалдығы туралы ақпарат беру   40 теңге  
    Клиенттің сұратуы бойынша карточкадан  жүргізілген соңғы 10 операция туралы ақпарат беру   60 теңге  
    Төлем карточкасын оқшаулау 3   0 теңге  
    Карточка  бойынша «Мобильдік банкингке» оқшаулау қою/оқшаулауды бұзу   40 теңге  
    Клиенттің сұратуына сәйкес карточка бойынша  берешек туралы ақпарат беру     40 теңге  
 
    
Корпоративтік кредит беру

    Корпоративтік клиенттерге кредит беру шеңберінде айналым капиталын қысқа мерзімді қаржыландыру, инвестициялық мақсаттарға  орта және ұзақ мерзімді қаржыландыру жүзеге асырылады. Заемшыларға банк заемдары, овердрафттар, кепілдіктер мен аккредитивтер сияқты қаржы құралдарының ауқымды спектрін пайдалану мүмкіндігі беріледі.     

    Банктің өз қаражаты есебінен болсын, сондай-ақ шетелдік қаржы институттарының  қаражатын тарту есебінен болсын қаржыландыру мүмкіндігі бар. Бұл ретте шетелдік кредит желілерінің қаражаты мына мақсаттарға беріледі:

  • құрал-жабдықтарды жеткізуші елдердің экспорттық агенттіктерінің (ЭКА) сақтандыру өтемі бойынша құрал-жабдықтар жеткізілімін қаржыландыру;
  • экспорттық және импорттық сауда операцияларына коммерциялық мәмілелер бойынша қаржыландыру.                  

    Банк  кредиттер мен шартты міндеттемелер  бойынша бәсекелік сыйақы мөлшерлемелерін  ұсынады. Қаржыландыру құны қаржыландыру мерзіміне, валютасына, құрал түріне және жоба бойынша тәуекелдік деңгейіне қарай әртараптандырылған.

    Корпоративтік клиенттерге кредит берудің артықшылықтары:

  • Кредиттік өтінімді жедел қарастыру;
  • Берілетін қаржыландырудың құны мен мерзіміне жеке тәсіл қолдану;
  • Астаналық және аймақтық компанияларды қаржыландыру;
  • Банкте көрсетілетін қызметті жетілдіру үшін корпоративтік клиенттерге кешендік дербес қызмет көрсету қарастырылған.
    

Информация о работе Халық банк АҚ депозиттер мен несиелері, олардың ерекшеліктері