Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:56, курсовая работа
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Кіріспе ................................................................................................ ……………3
І Бөлім. Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу ..................................................... 5
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері ...................................................... 6
ІІ Бөлім. Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар
2.1 Инфляцияның түрлері ................................................................................ 8
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар ............... …………..10
2.3 Филлипс қисығы ............................................................................... ……12
ІІІ Бөлім. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
3.1 Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және
ерекшеліктері .............................................................................................15
3.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары ………........17
3.3 Инфляцияға қарсы саяcат .......................................................................18
Қорытынды бөлім ...............................................................................................21
Пайдаланылатын әдебиеттер ................................................ …………………22
3 бөлім. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
3.1 Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және ерекшеліктері
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндіріс диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жұйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.
Кеңес экономикасының 70 – шы жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
1) Өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақты ;
2) Ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік ;
3) Шикізат өндірісі мен дайын ( түпкі ) өнімдері өндірісінің арасындағы диспропорция ;
4) Әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік ;
5) Материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.
Бұл диспропорцияларкеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10 – 15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше сес жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан.
Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90 – 95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 % тұтыну товарларының 60 % сырттан тасымалданатын. Кеңес жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы қалыптасқаны белгілі.
1991 – 1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. Доллардан артып кеткен болатын. 1993 – 1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000 % - тен 20 % - ке дейін төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны ( теңгені ) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың
ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өспелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегіайтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегінен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық – түлік өндірісі 50 – 60 % - ке қысқарды.
Инфляция жағдайында Үкімет « Қымбат ақша » саясатын ұстауға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монатарлық ( ақша – қаржы ) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі – үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті.
Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, ағымдық ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық ақша – несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001 – 2003 ж.ж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның әкімшілік – экономикалық аймақтарының ( облыстарының ) экономикалық - әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық – қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.
3.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдаяттың ( конъюнктураның ) уақытша жандатуына ықпал жасайтын фактор болады.
Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай
қиындайды.
Қарқынды инфляция шаруашылықты бұзады, ірі корпорацияларға да, кіші бизнеске де айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция кезінде конъюнктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау мүмкін емес болғандықтан бизнеске тәуелдік ( риск ) жоғарылайды, ескерлік әрекеттер күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әртүрлі өсуі экономикадағы салааралық сәйкессіздіктерді ( диспропорцияларды ) ұлғайтады, тұтынушылық сұраным құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін – нарықты объективті өлшем құралы болу қызметін дұрыс атқармайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша – несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау ( бартер ) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал ( қазына ) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономикада « Танзи Оливер әсері » деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді ХХ ғасырдың 70 – жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты ( түсімді ) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде ( кварталында ) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайындабюджеьке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталғанша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интернациялануы ( ұлттық шеңберден шығуы ) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуымен мүмкіндік беруді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды ( ақшалай ) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты ( реалды ) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.
3.3 Инфляцияға қарсы саясат
Құнсызданудың ( инфляцияның ) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономисттер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па ?
Бұл екіұшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ – та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемдеу іс – шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады ( табыстады индексациялау және т.б. )
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді ) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранмыға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады.
Екінші әдістеме жаңа классикалық бағыттар экономисттер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша – несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы ( процент ) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Басқаша айтқанда, мемлекет сұранмыды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс – шаралар жүргізілуі қажет. Жаңа классикалық экономисттердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын ( бюджет тапшылығы, монопология, қағаз ақша т.б. ) толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен - өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынан баяулатып, реттеп мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс – шаралар саясатын қолдану керек. Бұл
саясат жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімді саясаты, біріншіден, халықтық инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді.
Ол үшін кез – келген үкімет инфляцияға қарсы саясаты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің іс – шаралары негізінде ( өндірісті ынталандыру, монопологиямен күресу, т.б. ) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды.
Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс – шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан да оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.
Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқының уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктер береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтауын қамтамасыз етеді.
Күнделікті сұранымды қысқарту арқылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал өндіріс шығындары қысқарады.
Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1 % - ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2 % - ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ - нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4 % - ке төмен қалыптасты.
Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтері 60 – жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе бермеген.
Инфляция зардаптарын бейтараптандыпу мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, несие экспанциясын тежеу, ақшаны эмиссиялаудықатаң бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізіледі. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Инфляция экономикалық «аурудың» ерекше түрі.