Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:56, курсовая работа

Описание

Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................ ……………3
І Бөлім. Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу ..................................................... 5
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері ...................................................... 6
ІІ Бөлім. Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар
2.1 Инфляцияның түрлері ................................................................................ 8
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар ............... …………..10
2.3 Филлипс қисығы ............................................................................... ……12
ІІІ Бөлім. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
3.1 Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және
ерекшеліктері .............................................................................................15
3.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары ………........17
3.3 Инфляцияға қарсы саяcат .......................................................................18
Қорытынды бөлім ...............................................................................................21

Пайдаланылатын әдебиеттер ................................................ …………………22

Работа состоит из  1 файл

Инфляция курсовая работа.doc

— 174.00 Кб (Скачать документ)

              Баяу инфляция саясаты өндіріс пен нарық ( сұраным ) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

              Қарқынды инфляция ( бағалардың жылына 20 % - 200 % - ке дейін өсу түрі ) – экономика үшін өте қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.

              Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлімінің өсуінен көп сес артып кетеді.

              Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасын тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.

              Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті - MV=PQ қолдана отырып осыны қалаай түсіндіруге болады? Егер  M – n есе өскен болса, баға деңгейі сонша есеге өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V- көрсеткішін де есепке алу қажет. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған жағдайда қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады. Нәтижесінде ақшаның айналым жылдамдығы ﴾V﴿ күрт өседі, ал бұл айналымға қажетті ақша көлемнің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан бағаның өсу қарқыны айналымдағы ақша массасының өсуінен сан есе артады.

              Сонымен, инфляцияны тосу факторын қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетуінің негізгі бір себебі ретінде қарастыру болады.

              Жоғарыда сөз болғандар инфляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да құнсыздану ( инфляция ) жағдайы  қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты олардың ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша ( табыс ) құнсызданады.

 

           

              Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі ( ставкасы ) да өседі.

              Нарықта тепе-теңдік ( тұрақтылық ) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке товар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.

              Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен « жоспарлайды ». тосын инфляция бағаларды кенеттен және өз өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды.

              Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың « инфляциялық тосу психологиясын » туғызады. Егер тосын инфляция ( бағаның кенеттен өсуі ) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғандар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды және бағаның өсуі қаншама болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеп мақсатында сатып алуды күрт қысқартады.

              Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

              Бұл жерде біз қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда болатын белгісі Италия экономисі есімімен аталатын         « Пигу әсері » немес « нақты кассалық қалдықтың әсері » деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, « Пигу әсері » икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен.

Біраз батыс экономистерінің пікірінше, « Пигу әсері » экономикада нақты болатын жағдайды ғана емес, тек теориялық болжамды білдіреді. 

 

              

2.2              Инфляцияны  түсіндіретін  балама  концепциялар

 

              Батыс  елдердің экономистері жасаған теорияларда альтернативті          ( балама )  концепция ретінде « сұраным инфляциясы » және « шығын инфляциясы » анықталады. Бұл концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері ( механизм – моделі ) қарастырылады.

« Сұраным инфляциясы » жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе – теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы  және  тұрғындардың  тұтынушылық  мүмкіншіліктерінің   артуы

негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға деңгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады.

Сұраным инфляциясын график түрінде былай суреттеп көрсетуге болады.

 

       

 

             

 

              Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады. ( AD – AD ) және экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады ( Р – Р ), яғни инфляция қалыптасады.

« Шығындар инфляциясы » - өндіріс шығындарының өсуінен туындаған бағалардың жаппай өсуін білдіреді. Өндіріс шығындарының өсуі монополиялық немесе олигаполиялық бағалардың қалыптасуынан, мемлекеттің қаржы саясатынан, шикізат пен энергия ресурстарына бағаның өсуінен және басқа себептерден болады.

Шығындар инфляциясын график түрінде суреттеп көрсетуге болады.

 

 

             

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды ( AS – AS ), баға деңгейі өседі           ( P – P ), өндіріс көлемі қысқарады ( Q – Q ), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Бағалардың жаппай өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өндіріс шығындарын арттырады, яғни инфляцияның одан да жоғары көтерілуіне себеп болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әртүрлі салалары үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды. Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбекақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.

20 ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің  бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі 19 ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада       « стагфляция »  деп  аталады.  

   

                 

2.3             Филлипс  қисығы

 

Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтайықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын экономисі О.Филлипс осы ықпалды өлшем көрсететін сұраным инфляция үлгісін ( моделін ) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбекақы кесмідері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты ( функцияны ) анықтаған.

              Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5 – 3 % - тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру қысқартуға болады.

              Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р. Липси есімді экономист жасаған екен. Кейінен Американ экономистері Р. Солоу және П. Саиуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбекақы кесімін ( ставкасын ) тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауға қолданылады. Х сызығында жұмыссыздық деңгейі ( % - пен ), Ү сызығында – товар бағаларының өсу қарқыны ( % - пен ) көрсетіледі. Филлипс қисығы осы көрсеткіштерінің арақатынасын белгілейді.

Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы, U1 ( P1 – инфляция деңгейіндегі ) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында белгілі ақша – несие және қаржы – бюджет іс – шараларының жүргізілуі қажет болады. Жұмыссыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай жасалады, ЖҰӨ - нің өсуі жалпы сұраным өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі өскенде ұсыным, өндіріс ақыны өседі, түптеп келгенде ЖҰӨ өседі. Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның ішінде еңбекке қосымша сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың үлес салмағы U2 – ге дейін қысқарған болсын, онда инфляция қарқыны P2 – ге дейін көтеріледі. Бұл экономиканың ( қызуын ) арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан, үкімет енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады, « қымбат » ақша – несие саясатын іске қосады. Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық сәл өседі, оның деңгей U3 – ке жетеді.

Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс қисығын қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде ( 5 – 10 жыл ) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсінуге болады.

 

                   

Осы жағдайлар арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: үкіметті жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс - әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен.

Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс қисығы концепциясына сәйкес инфляцияның өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы өспейтін болады.

Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек Факторына қосымша сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция деңгейінен артық көтеру талабы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер қосымша жұмысшыларды жұмысқа алуды тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын қысқартып, жұмыссыздықты арттырады. Бұл мәселеге 60 – шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударған еді. Оның айтуынша, жұмыссыздықпен инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс - әрекет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықталған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы мүмкін.

Стагфляцияны Филлипс қисығы арқылы да суреттеп көрсетуге яғни, Филлипс қисығының солдан – оңға қарай жылжуымен сипаттауға болады. Филлипс қисығы оңға жылжығанда бағалардың өсуі жұмыссыздықтың өсуімен қатар қалыптасады.

Филлипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция баламасын талдау құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында ( мысалы, 70 – жылдары энергия ресурстарына бағаның тосын өскен кезіндегідей ) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберу мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұрақты экономикалық заңдылықты көрсетпейді.

Филлипс қисығының орнына 1979 жылдан бастап АҚШ – та және Англияда « жұмыссыздықтың табиғи деңгейі » деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынандай: ұзақ мерзімде жұмыссыздық деңгейі оның табиғи  деңгейінен артпаса ғана қоғамда баяу инфляция қалыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.

Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлерінен құрылған болса, жұмыссыздықтың табиғи ( тепе – теңдік ) деңгейі еңбек нарығының құрылымымен анықталады.

Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін сақтап, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуга арналған экономикалық саясат әрқашан онды нәтиже бере бермейді. Бұд саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып мынандай бір мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін

  

                          

төмендегенде  де  бағалардың  өсуі  бірден  тоқтамайды  екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өсіп отыр. Мысалы, АҚШ – та жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60 – жылдары 4 % - ке тең болса, 80 – жылдардың екінші жартысында 6 – 7 % - ке дейін өскен екен.               

Информация о работе Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны