Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:56, курсовая работа
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Кіріспе ................................................................................................ ……………3
І Бөлім. Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу ..................................................... 5
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері ...................................................... 6
ІІ Бөлім. Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар
2.1 Инфляцияның түрлері ................................................................................ 8
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар ............... …………..10
2.3 Филлипс қисығы ............................................................................... ……12
ІІІ Бөлім. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
3.1 Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және
ерекшеліктері .............................................................................................15
3.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары ………........17
3.3 Инфляцияға қарсы саяcат .......................................................................18
Қорытынды бөлім ...............................................................................................21
Пайдаланылатын әдебиеттер ................................................ …………………22
Инфляцияға саясаттың маңызды элементтерінің бірі қаржыны сауықтыру және халық шаруашылығын тұрақтандыру, шығыны көп және табыстылығы төмен шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны өсіру арқылы емес өндірістің тиімділігін арттыру негізінде жетуге болады.
Батыс елдерінде инфляцияны сұранымның жыл сайынғы өсу қарқынының өнім өндіру қарқынан асып кетпеуімен түсіндіреді. Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқарумен бір мезгілде болады. Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның барынша айқын себебі жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының инфляциясы.
Мемлекеттің ақша жүйесін өзгерту, жүргізіліп жатқан экономикалық реформадан, яғни бір мезгілде жүзеге асырылатын экономиканы тұрақтандыру, бейтараптандыру, жекешелендіру шараларынан тыс жағдайда өте қауіпті болуы және гиперинфляцияның күшеюіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Қорытынды
Мен осы « Инфляция : мәні, формалары, салдары, себептері » атты курстық жұмысты қорытындылай келе, мынандай шешімге келдім :
Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраныстың арасында қалыптасқан сәйкессіздігі. Нақтырақ айтсақ, бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Бағалардың өсуі және өсу қарқыны ашық инфляция жағдайында айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бұларға инфляцияның баяу түрін, қарқынды инфляция, гиперинфляцияны жатқызуға болады.
Сонымен қатар, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса даинфляция жағдайы қалыптасуы мүмкін. Оның бұл түрі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша құнсызданады. Инфляцияның салдарын, соның ішінде, экономикалық және әлеуметтік салдарына тоқтала отырып, әлемдік тәжірибедегі мемлекеттердің оған қарсы саясатына тоқталған болатынмын. Соған қоса, Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері мен инфляцияға қарсы саясатына тоқталдым. Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктері мен негізгі себептері бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық сәйкессіздіктерінен пайда болды.
Қазақстан Республикасының Президентінің « Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламада еліміздегі макроэкономиканы тұрақтандырудың бір жолы ретінде мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту, монетарлық және несиелік саясатты жүзеге асыру ұсынылған еді. Дүниежүзілік, соның ішінде, қазақстандық экономика негізге алып отырған Чикаго экономика мектебі монетаризм ілімін дайындаған болатын. Бұл экономикалық ілім бойынша ақша – несие саясатында инфляцияға қарсы күрестің басты құралы ретінде айналыстағы ақшаның санын қатал қадағалау принципі қолданды.
Мен осы курстық жұмысымды аяқтай келе, көздеген мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Себебі мұнда жинақтал,ан мағлұматтар курстық жұмыстың мақсатын игеру барысында көмектеседі деп есептеймін. Сонымен қатар, курстық жұмыста инфляцияның мәнін, формаларын және ерекшелігін толық аштым деп ойлаймын.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. Бисенғазиев М.Е. « Макроэкономика »
Орал БҚМУ 2000 ж.
2. Сахариев С.С., Сахариева А.С. « Жаңа кезең – экономикалық теориясы » оқулық.
Алматы 2004 ж.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік ( 2030 ж. дейінгі ) даму стратегиясы.
Алматы 2001 ж.
4. Көшенова Б.А. « Ақша, несие, банк, валюта қатынасы »
Алматы « Экономика » 2002 ж.
5. Осипова Г.М. « Экономикалық теория негіздері »
Алматы 2002 ж.
6. Шеденов Ө.К, Байжомартов Ұ.С, Жүнісов Б.А.
«Жалпы экономикалық теория»
Алматы – Ақтөбе, 2002ж.
7. Қазамбаев А.М. « Баға және баға белтілеу »
Орал 2001 ж.
8. Саниев М.С. « Ақша, несие, банктер »
Алматы 2001 ж.
9. Сәбден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен барамыз.
Алматы 2000 ж.
10. Сейітқасымов К.С. « Ақша, несие, банктер »
Алматы 2001ж.