Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 21:58, курсовая работа
Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшуімен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.
КІРІСПЕ
I. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы түсінік
және оның мәні мен мазмұны
1.1. Инвестиция түсінігі және оның түрлері
1.2. ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
1.3. ҚР-ғы инвестициялық саясатқа әсер етуші факторлар
II. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1. Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу
2.2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары
III. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
10
жоспар
КІРІСПЕ
I. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы түсінік
және оның мәні мен мазмұны
1.1. Инвестиция түсінігі және оның түрлері
1.2. ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
1.3. ҚР-ғы инвестициялық саясатқа әсер етуші факторлар
II. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1. Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу
2.2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары
III. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшуімен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.
Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға ене бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін кәсіпорындарға қаржылық қатысуға негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы инвестор елдің тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен қатар, белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру болып табылады.
Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға, экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына өз әсерін тигізеді.
I. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты олар таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялық стратегия кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.
Инвестициялық саясатты жүзеге асыру барысында мақсатқа сай келесі белгілерді сақтау керек:
1. Жоғары - экономикалық, ғылыми - техникалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікке жету;
2. Салынған капиталдан кәсіпорындар қолайлы табыс табуы керек;
3. Қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану;
4. Инвестициялар тиімділігін жоғарылату үшін мемлекеттің араласуын қолдау;
5. Шетел инвестицияларынан несие жеңілдіктерін алу;
6. Инвестициялық тәуекелділікті азайту.
Коммерциялық тәуекелділіктің әсер етуі жобалау табысының өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдер тапсырыс берушілер арқылы азайтылу мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуы. Коммерциялық емес тәуекелділіктен қорғауды Қазақстан Республикасының үкіметімен қадағаланады.
Жалпы инвестициялық саясаттың мәні өте зор. Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру - шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.
1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.
Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі несие рейтингі берілген.
Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай - газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.
Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы «Шеврон» корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.
Инвестициялардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай кәсіпорындардың бәрі жұмыс істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.
Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ, біріншіден инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет, ол бізге тиімді ме деген сұрақтар туындайды. Әрине қажет, себебі:
Кәсіпкерлік қызметті дамытуға;
Елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту;
Мемлекеттер арасындағы достастықты нығайту үшін;
Кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интелектуалдық потенциалын өзара байыту үшін;
Экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату үшін;
Ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту үшін;
Импортты алмастыру өндірісін дамыту үшін.
1.3. ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар
Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.
Жалпы еліміздің бизнес - климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін ұпаймен (балл) бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.
Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт, бүгінде шетелдік кәсіпорындар өздерінің салалық, өндірістік кешенін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республика салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол-ұлттық экономиканың даму деңгейі болып саналады. Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі шаралардың кешені:
1.мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;
2.табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
3.экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;
4.инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;
5.нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;
6.банктік жүйенің тұрақтылығы;
7.саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.
Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2,7млн..км) ЕЭО (2,3 млн.км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар, территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз.
Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы: көмір бойынша - 685,5 млрд., мұнай-222,5 млрд. АҚШ доллар.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн.тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн.тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд.теңгеге жетті.
Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорыны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000-2004 жылдарға арналған екіжақты келісімшарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықталып, іске асырылды. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спорттық ғимараттар жөндеуден өтіп, қала іргесіндегі Теңге ауылында жаңа мектеп салынды.
Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жүргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет.
1. Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциялар мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық, алдын-ала болжау және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызады.
2. Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттарға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық “ойын ережелері” анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.
3. Инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау. Биліктің барлық деңгейінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
4. Отандық және шетел инвесторларының қызметі үшін тең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.
5. Келісімшарттар мен халықаралық келісімдердің шарттарын сақтау Қазақстанға деген сенім деңгейін жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі.