Инвестициялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 21:58, курсовая работа

Описание

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшуімен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.

Содержание

КІРІСПЕ
I. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы түсінік
және оның мәні мен мазмұны
1.1. Инвестиция түсінігі және оның түрлері
1.2. ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
1.3. ҚР-ғы инвестициялық саясатқа әсер етуші факторлар

II. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1. Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу
2.2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары

III. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc

— 179.00 Кб (Скачать документ)

Жобаның өтелу күні болып, операциялық қызметтен алынған ақша ағымының жинақталған сомасы инвестицияға жұмсалған шығын мөлшеріне тең болған күн танылады.

Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестицияның тиімділігін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың aca маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын сату көлемін өзгерткеннен, оның кәсіпорыны қанша пайда табатындығын есептегеннен гөрі, сату көлемі қандай болған жағдайда оның кәсіпорыны зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтқанда, зиянсыздық нүктесін табу қажет.

Зиянсыздық нүктесі - кәсіпорынның өз шығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі.

Кәсіпорын қанша пайда табады деген мәселе, өндіріс көлемі зиянсыздық нүктесінен жоғары болғанда туындайды, егер өндіріс көлемі зиянсыздық нүктесінен төмен болса, бір ғана мәселе, яғни кәсіпорын банкроттыққа дейін неше күн жұмыс жасай алады деген сұрақ туындайды.

Маржиналдық табысты талдауда айтылғандай зиянсыздық нүктесін есептеу үшін айнымалы және тұрақты шығындардың мәндері қолданылады. Алайда, мүлдем тұрақты шығындардың болмайтындығын ескеру қажет, олар да уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады. Зиянсыздық нүктесін есептеу кәсіпорын құрылымында немесе оның қаржыландырылу жүйесінде езгерістер болған жағдайда қайтадан жүргізілуі мүмкін. Мұндайда тұрақты шығындар ретінде кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы жалпы шығындарының орташа мәні алынады.

Инвестицияның тиімділігін стратегиялық жоспарлауды талдауда белгілі бір өндіріске, оның дамуы мен жаңартылуына салынған капитал салымының тиімділігін есептейді. Кәсіпорын зауыт ашу, жабдық сатып алу жөнінде шешім қабылдар кезде, бүгінгі күрделі салымын келешектегі табыстылық нормасымен салыстыруы тиіс.

Мұндай салыстыруды жасау үшін болашақтағы табыстың  бүгін  қанша  тұратындығын  айқындап  алу қажет. Бұл үшін инвестициялардан түсетін табыс құнын есептеп, оны инвестиция мөлшерімен салыстыру қажет. Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз - бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне қарай айналатын сомасы.

Бүгінгі таңда, мамандар инвестицияның тиімділігін тұрақты бағамен есептемейді. Бұл үлкен қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әр түрлі топтары бойынша инфляция индекстері 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде ауытқып тұрады. Соған орай, есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігінің ертеңгі ақшаға тең еместігі, тек инфляцияға ғана, байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеуілдету, өнімді өндіру және өткізу уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды ескеру қажет.

Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдауда, әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады және де бүгінгі деңгейді болашақтағыға келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады.

Аталмыш әдістерді қолдану, қаржылық талдауда, құнды қағаздар мен несиелер бойынша пайыздар есептеуде, лизинг операцияларында, инвестицияланған капиталдан алынатын табысты анықтауда, кеңінен таралған. Басқаша айтқанда, дисконттау және есім әдістері мынадай белгісіз шамаларды табу қажет болған жағдайда қолданылады:



10

 

• пайыз деңгейі (мысалы, капиталды пайдаланғаны үшін);

•  жыл сайынғы төлемдер ;

• кезең саны (ай, тоқсан, жьш);

• ағымдық деңгей мәні;

• болашақтағы деңгей мәні.



10

 

Осы әдістерді қолдануда мынандай талаптарды ескеру қажет:

•  бүгінгі және болашақтағы деңгейлерді есептеуде қолданылатын айнымалылардың мәндері белгілі болуы тиіс;

• пайыздар деңгейі тұрақты.

Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдау жүргізу барысында мынандай кең таралған қателіктер жіберіледі:

1) сәйкес пайыздық мелшерлемені талдауда шатасу;

2) осы пайдаланудың реттілігін сақтамау.

Пайыз, жалпы алғанда, инвестор үшін капитал құны болып келеді. Инвестициялық жобаға қаржылық талдау жасауда екі мөлшерлемені қолдануға болады.

Нақты пайыздық мөлшерлеме инфляцияны ескермегендегі капиталдан алынатын табыс. Егер нақты пайыздық мөлшерлемелер қолданылатын болса, онда жобадағы барлық бағалар мен капитал құны тұрақты бағамен алынуы тиіс. Керісінше, ағымдық пайыздық мөлшерлеме - бұл инвестордың жеке нарық тұрғысынан алғандағы табыс мөлшерлемесі, сондықтан да онда инфляция ескеріледі. Ағымдық және нақты мөлшерлемелерді байланыстыратын теңдік мынадай түрде болады:

Ағымдық пайыз мөлшерлемесі = Нақты пайыз

мөлшерлемесі + Инфляция деңгейі.

Жоғарыда аталған екі қатенің ішінде, инфляциялық жобаға қаржылық талдау жасаудағы ең кеңінен тарағаны, пайыздық мөлшерлемелер қолданудағы ретсіздік болып табылады. Егер тұрақты бағаны қолданатын болсақ, нақты пайыздық мөлшерлемені қолдану қажет.

Кәсіпкердің мәселелері жобаны жасау мен оның тиімділігін талдаумен бітпейді. Сонымен қатар, инвесторларды жобамен жете таныстыруы, мұның тиімділігіне олардың көзін жеткізуі, сондай-ақ, жобаның тиімді іске асуын қамтамасыз етуі керек болады. Дегенмен, бұл міндеттер қатарында, стратегиялық жоспарлау Президенттің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан -2030» жолдауы тұрғысынан алғанда, нарық жағдайында оны бірінші рет іске асыратын біздің көптеген кәсіпорындарымыз үшін елеулі қадам болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК  ТӘЖІРИБЕСІ

 

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекетті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру мәселесіне тоқталар болсақ, жалпы шетел капиталының ағымы және оны тиімді мемлекеттік реттеу экономикаға оң әсер етеді. Инвестициялар экономикасы  орташа және төменгі даму деңгейі дамушы елдердегі, оның құрамына Қазақстан да енеді, жеке кәсіпкерлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Қаржы құралдарын мобилизациялау мемлекеттің экономикалық дамуы мен отандық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына, өндірістің түрлі саласына жаңа технологиялар тартуға мүмкіндік тудырады. Алайда, Республика экономикасына шетел капиталының ассимиляциясы жолында кедергі келтіретін жағдайлар бар: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның және нарықтық жағдайдың жетілмегендігі.

Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары Республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге  “арзан” капиталға жолды оңайлату индикаторы.

Қазақстанда және басқа ТМД елдеріндегі тура шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесі мен практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді екенін көрсетті, ал маңыздылары келесілер табылады:

  саяси тұрақтылық;

елде жүргізілетін экономикалық реформалардың нарықтық объективтілігі;

  қолайлы инвестициялық климат;

  басқа елде ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі мен мүмкін табыс көлемі;

  құқықтық қорғалуы,ашықтығы және тұрақтылығы;

  жарамды, қолайлы өндірістік және нарықтық инфрақұрылым;

  табиғи ресурстардың баршылығы мен құны;

  валютаның еркін конверттелуі мен пайданы репатриациялау мүмкіндігі.

Теріс тенденциядан құтылып және тура шетел инвестицияларының өсуіне қол жеткізу үшін шетел инвестицияларын ынталандыру бойынша кешенді мемлекеттік бағдарлама дайындалды. Шетел тәжірибесін есепке ала отырып осы бағыттағы Қазақстан үшін енуі қажет шаралар:

  қызмет етуші шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін жеке салалар мен аймақтарда құру жергілікті билік пен шаруашылық субъектілер арасында меншікті нақты айқын бөлу;

  тұрақты экономикалық және сыртқы сауда заңнамасын құру, концессия және өнімді бөлу бойынша нормативті базаны қоса алғанда;

               салық ауыртпалығын төмендету мен салық құрылымын оңайлату;

               жерге жекеменшік енгізу, шетел инвестицияларын сақтандыру механизмдерін құру;

Бюджеттен тыс инвестициялар үшін мемлекеттік приоритеттер мен сәйкес жеңілдіктер жүйесі мемлекеттік қаржыландыру орнын басуы керек. Аталған мәселе бойынша макро деңгейде бірнеше аспектілерді бөлуге болады: мынадай жағдай қалыптасқан, инвестициялық іс-әрекетте приоритеттер мен жеңілдіктер жүйесі жаңа құрылып жатқанда, мемлекеттік қаржыландыру интенсивті төмендеуде.

Инвестиция салу туралы шешім қабылдануының негізгі шарты инвестициялық жобаның тиімділігін шынайы бағалау. Бұл секілді мәселелер өзінің инвестициялық саясатын өзін-өзі қаржыландыру мен өзін-өзі қайтару принципі негізінде құрайтын кәсіпорындар деңгейінде де, жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлуші инвестициялық институттар деңгейінде де, сонымен қатар ғылыми және өндірістік бағдарламаны қаржыландыру мен қолдауға бюджеттік ассигнация бөлуші органдар масштабында пайда болады.

Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды экономикаға тарту үшін келесі шарттар бекітілген:

  республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу жолымен, өндірістік қорларды мақсатты инвестициялауға амортизациялық шегерімдерді қолдану процесіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

  халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру;

  инвестициялық климатты жақсарту және шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету, келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау;

  үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау және кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту;

  әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;

  инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қор нарығының дамуын жүзеге асыру;

  есептеу тәсілінің қарапайымдылығы мен ашықтығын және аймақтың өмірін қамтамасыз етуші факторларды алушы рейтингтік бағаның ортақ жүйесін әзірлеу;

  аймақтың инвестициялық әлеуетін жетілдіру, яғни әлеуетті инвестициялық ресурстар жиынтығын жетілдіру.

Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік ынталандыру: АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия тәжірибесі.

Елдің өнеркәсіптік құрылымын модернизациялау аясындағы макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты – қарқынды инвестициялық үрдіс үшін жағдай жасау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өнеркәсіптік құрылымын аз уақыт ішінде модернизациялаған елдер (Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, кейбір Батыс Европа елдері) жалпы ұлттық өнім құрамындағы  инвестицияның жоғары үлесімен ерекшеленді. Өнеркәсіп құрылымын модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру АҚШ-та 60 жылдардың басында да, 80 жылдарда да жүргізілді.

       Қазақстан тәуелсіздігін алған соң газ тасымалдау жүйесінің магистраль бөлімін басқарумен отандық мемлекеттік құрылым " Казахгаз " шұғылданды. Бірақ нәтижелі шаруашылық қылу үшін күрделі салуларды талап етті, бұл тек  жұмыстардың шапшаң орындалуы мен  бүкіл құбырлар жүйесінің жұмысқа жарамды күйде қалуы үшін ғана емес, сонымен қатар олардың дамуын қамтамасыз ету үшін де қажет. Қалыптасқан объективті жағдайлардың себебімен "Казахгаздың" бұл проблемаларды шешуге қауқары жетпеді, сол себепті үкіметтік деңгейде шетелдік инвесторларды тарту шешімі қабылданды. 1997 жылдың жазында Қазақстан Республикасы мен бельгиялық компания “Трактебель С. A” арасында ішкі және халықаралық газ тасымалдайтын жүйелердің концессиясы жайында келісім-шарт жасалды. Келісім шарт бойынша алғашқы мезгіл – 15 жыл сонымен қатар барлық шарттардың орындалуы барысында келісім-шартты созу мүмкіншілігі де қарастырылды. Концессияға жүйенің маңызды бөліктері енді, олар - 10 магистральді газ құбырлары, 21 қайта айдау құрылғылары бар компресссорлық станциялар және үш жер асты газ қоймалары .

Сонымен қатар, концессионердің келуімен елде газ тұтыну дереу төмендей бастады, себебі инвестор өз ішкі қорларын пайдаланып газ жеткізумен айналыспай  тек газ тасумен ғана шұғылданды. Ал бұл тұтынушыларға  бағалардың жоғарылауын сонымен бірге, газ және электр энергиясының үзілді-кесілді берілуін білдіретін. Әлеуметтік қорғанышқа  дағдыланған тұтынушылар жалақының кеш берілуінің себебінен уақытылай төлей алмау салдарынан  жылу - және электржабдықтаудың кесілуімен және осымен орайлас  жабдықтаушылармен соттасумен алғашқы рет кездесті. Куәгерлердің айтуы бойынша оңтүстік аймақтағы қалалар үш жыл  газ және жылу жеткіліксіздігінен азап шекті, сол себепті мұздап қалған қарапайым халық бақтардағы және скверлердегі жасыл желектерді шауып отын ретінде қолдана бастаған. Ал Алматыда наразылық митингілері дағдыға айнала бастады , әсіресе "ұрпақ" атты зейнеткерлер қозғалысы ерекшеленді.

Информация о работе Инвестициялық саясат