Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 21:58, курсовая работа
Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшуімен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.
КІРІСПЕ
I. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы түсінік
және оның мәні мен мазмұны
1.1. Инвестиция түсінігі және оның түрлері
1.2. ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
1.3. ҚР-ғы инвестициялық саясатқа әсер етуші факторлар
II. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1. Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу
2.2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары
III. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі халықаралық шетел инвестицияларын тарту республикадағы инвестициялық процестің жедел әрі тиімді дамуының бірден-бір жолы болып отырғаны анық. Шетел инвестицияларын тарту отын энергетика, металлургия, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өндіруөнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты басты салаларда құрылымдық – инвестициялық саясатты жүргізу қаражаттың жетіспеушілігімен және ішкі нарықты халық тұтынатын азық-түлік өнімдерін молайту қажеттілігімен байланысты.
Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын ең маңызды элементі болып табылады. Экономикалық реформаларға сәйкес халықаралық капитал мен инвестицияларды тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфляцияны тежеуге, жеке инвестициялардың инвестициялық белсенділігінің артуына және өндірістің құрылымдық өзгерісіне барынша септігін тигізуі керек.
Негізінен бүгінгі күні республикада шетел капиталын тарту үшін қажетті экономикалық орта мен кепіл жүйесі қалыптасқан: Азаматтық, Кеден, Салық кодекстері іске қосылған, «Шетел инвестициялары туралы» Заң қабылданып, сыртқы экономикалық іс-әрекет толығымен ымырашылдыққа келтірген, ең бастысы, маңызды инвестициялық жобалар үшін үкіметтік кепіл институты қызмет етуде. Үкімет өнеркәсіпке инвестициялық салымдардың басты маңызды деген бағыттарын анықтаған.
Осы мәселелерді шешуде капиталды жұмылдыру және нарықтық жағдайларға сәйкес келетін жаңа формадағы болудың тиімді механизмін құру үлкен маңызға ие. Осындай механизмнің негізі нарықтық қатынастардың орнауы жағдайында инвестициялар болмақ.
Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана көңіл бөлмей, оның мақсатты бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан, инвестициялар жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсаланатын табыстардың маңызды бөлігін құрайтын, жаңа технология, материалды және тағы басқа еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту мен жаңартуға кететін шығындар болып табылады, яғни ақшалай капиталдың ерекшелігі – инвестиция капиталдың құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы капиталдың ұлғаюымен байланысты.
Шетел инвестицияларының ағымын кәсіпорны акцияларын сатып алу, шетел банктерінің несиелері деп бөліп қарастырсақ, Қазақстандағы инвестициялардың ұйымдастырушылық формасының қалаулы түрі – мемлекеттік кәсіпорындармен біріккен кәсіпорындар құру болып отыр. Сонымен қатар, инвесторлар өзін Қазақстан нарығында таныстырудың маңызды жолы – жаңа еншілес компаниялар құруға, жаңа саудалық байланыстар орнатуға бейім.
Қазақстанның бай табиғи ресурстары мен олардың нарықтық потенциялы мемлекетті инвестициялауға әсер ететін стратегиялық бірден-бір фактор болып отыр. Қазақстанның мұнай және газ кендері шетел инвесторларын қызықтыратын негізгі бағыт болып табылады. Қалған экономика секторларын инвестициялау көлемі біршама аздау болса да, тау-кен, геологиялық сапа және кәсіпқойлық қызмет көрсету мен көлік салаларында инвестициялық белсенділік басымырақ.
Қазақстан Республикасын инвестициялау кедергілерінің ең маңыздысы ретінде бюрократиялық қатынастар, салықтар, қаржылық тәртіп, құқықтық инфроқұрылым және т.б. факторлар болып отыр. Қазақстанға инвестициялар ағымын арттыру үшін, ең алдымен, шетел инвесторларының пікірінше, мемлекет құрылымының реформасын, коррупцияға қарсы күресті мейлінше тиімді жүргізу керек.
Экономикалық аймақтарға шетел инвестициясын тартуды ынталандырудың басты шартты болып Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде тәуелсіздігінде жатыр. Бұл мемлекеттің нарықтық қатынастарға өтуге бағытталған әлеуметтік, экономикалық, инвестициялық жіне сыртқы экономикалық саясатты дербес өңдеуге мүмкіндік береді. Ұлттық нарықтық қатынастарды құрған кезде алдыңғы әкімшілік-әміршілік экономиканы реформалаудың тәжірибесін есепке ала отырып, экономикалық мемлекетті басқаруда мемлекеттің рөлін күшейту үшін қажетті шарттарды жүзеге асырды. Жинақталған тәжірибие өтпелі экономика жағдайында Қазақстанның халық шаруашылығын және оның аймақтарын дамытудың индикативті жоспарын өңдеп іске асыру негізінде аймақтарды басқаруды ұйымдастыру мүмкіндігін берді.
Индикативті жоспарлау салалық және теориялық пропорциялармен қатар экономикалық аймақтар байланысында мемлекеттік реттеуді күшейту салдарынан мемлекеттің тұтастық экономикасы шеңберінде аймақтардың даму өзара қатынасы мен комплекстік принципінің жүзеге асу мүмкіндігін берді. Бұл қоғамда әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылыққа жетуге мүмкіндік туғызды. Экономикалық аймаққа шетел инвестициясын тартуды ынталандырудың маңызды жағдайл мерзімді «қазақстан - 2030» даму стратегиясы;
- Экономиканың жан-жақты тәртіптері мен оның аймақтық секторлары және де оның дамуындағы маңызды бағыттардың негіздері;
- Экономиканың либерализациялануы мен экономикалық реформалаудың тереңдеуі;
- Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторының негізінде инвестиция рөлінің әсіресе шетел инвестициясының өсуі.
Шетел инвестициясын кең көлемде тарту жөніндегі қарастырылған жағдайлар қоғам инфрақұрлымының дамып жатқан салаларымен (көлік, байналыс, сауда, және т.б.) қалыптасқан жеткілікті күшті өнеркәсіптік, құрылыстық және аграрлық потенциалымен қуаттанды
рылмаған. Маманданған инженер-техникалық және қызметкерлер кадрларының қазіргі экономиканың қиын өндірістік және ғылыми-техникалық мәселелерді шеше білу қабілеттілігі және тәжірибесінің арқасында шетел инвестициясын тартудың төзімді негізі құрылды. Республиканың экономикалық өсуінің маңызды факторларына негіз болған республиканың соңғы жылдардағы инвестициялық процестің активтендірілу барысында айқындалған басымды тенденцияны атап өтпеуге болмайды.
Сонғы жылдары инвестициялық саясатты жүзеге асыру басты принцип болып отыр. Шетел капиталын Респуликаға тарту тікелей инвестициялар, мемлекеттік заемдар, несие ресурстары, халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдар ұсынатын портфельді инвестициялар түрінде жүзеге асырылады. Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысына шетел инвестицияларын тартудың маңызды ерекшелігі олардың көлемінің, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджеттік қаражаттардың ұлғаюымен байланысты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, жалпы ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Бұл саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерін ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуға және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Өнімді инвестициялар жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды және капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады. Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді, қуаттылығын көбейту, өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация және бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты, ауқымы және мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады.
Сонымен қатар, бұл саясат республиканың экспорттық әлуетін арттыру, яғни шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Біз инвестициялық жағдайымызды жоғарғы қарқында дамыту үшін ең бірінші кезекте шетел тәжірибесін қолдануымыз керек. Соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Шығыс Азия сияқты елдер. Сонымен қатар, инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін мынандай шарттар бекітілген болатын: республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу, халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру; үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау, әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;
Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары Республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда кәсіпорын - инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге “арзан” капиталға жолды оңайлату индикаторы болып табылады.
Қорыта келе менің ойымша, болашақта да инвестициялық саясат ҚР-ның экономикасын әрі қарай дамытып, кәсіпорындарымыздың қарқынды деңгейде дамуына, бәсекеге төтеп беріп, дайын өнім шығаруға, халқымыздың тұрмыс-жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында жоғары жетістіктерге жететініне сенімдімін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Бөкенов.А.Ж, Ақанаева.Т.А. Корпоративтік қаржы. – Қарағанды: Изд.ҚРУ, 2005,189-191бет.
2.Ихданов.Ж.О, Орманбеков.Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.- Алматы:экономика, 2002, 136-172 бет.
3.Каренов.Р.С. Основы государственного регулирования - Алматы:Білім, 1999, 148 бет.
4.Мамырова.М.К. Эффективности инвестиций в промышленном производстве: Монография.-Алматы: экономика, 2001
5.Мейірбеков.А.Қ, Әлімбеков.Қ.Ә Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы-Алматы: Экономика,2003.
6.Инвестиция туралы заң. //Г.Орталық Қазақстан/ 18 қаңтар,2003 жыл
7.Назарбаев.Н.А. Қазақстан-2030, 11 қазан 1998 жыл.
8.Назарбаев.Н.Ә.//Жаңа кезең-жаңа экономика//Г.Орталық Қазақстан,2005.4-қаңтар,2-5 бет.
9.Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы- Алматы: Атамұра,2005.
10.Назарбаев.Н.Ә.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы – //Орталық Қазақстан / 2007 жыл 28-ақпан.