Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 20:22, курсовая работа
Бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі әлемдің қаржы институттары мен БАҚ-ты, сонымен қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр. Банк ісі саласын тілге тиек ететін баспасөз құралдары да Ислами банктер жайлы жарыса жазуда.
Исламдық банк жүйесі — Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйм салынған. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Кіріспе..................................................................................................................3
I. “ИСЛАМ ДАМУ БАНК” ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 “Ислам Даму банк” жүйесінің тарихы..........................................................5
1.2 “Ислам Даму банкінің” Басқармасы.............................................................6
1.3 “Ислам Даму банкінің” Қазақстанда пайда болуы......................................7
II. “ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ” ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1 Ислами банк жүйесінің прициптері...............................................................8
2.2 “Ислам Даму банктік” өнімдерінің негізгі типтері.....................................12
2.3 “Ислам Даму банк” қаржылық жағдайын талдау........................................16
2.4 Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері..............21
III. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ИСЛАМИ БАНКТЕР
3.1 Қазіргі кездегі ислами банктер....................................................................25
3.2 Ислам Әріптестік Ұйымы..............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................29
§ •Ысырап жасамау;
§ •Заңсыз және ретсіз монополияға тиым салу;
§ •Тауарға қойылатын бағаның шектен тыс қымбат болмауы;
§ •Шариғат пайдалануға тыйым салатын заттар мен тауарларды жасауға және сатуға тыйым салу;
§ •Ұрланған және ұқыпсыз заттарды сатуға тиым салу;
§ •Алдап-арбамау, алаяқтық жасамау;
§ •Бастыпқы капиталдың шариғат үкімдеріне сай адал жолмен келуі.
Жоғарыда аталған принциптер Ислам банк жүйесіндегі банк институттары үшін орындауға әбден мүмкін прициптер болып табылады. Тағы бір айта кетерлік жәйт, Ислам банктер жүйесінде ''Ақша сасымайды'' деген ұстаным жарамайды. Шариғат бойынша ақшаның қандай жолмен келгендігі және қандай мақсат үшін жұмсалатындығы өте маңызды.
Ислам даму банкінің қағидалары
Бастапқыда Исламдық банкинг өте қарапайым болған. Мұрабаха қағидасы өзінің қарапайымдылығы және тәуекел факторының төмендігі үшін қолданысқа алынды. Исламдық шектелген және шектелмеген Мұдараба шарттары инвестициялау мақсатында депозиттерді жинау үшін қолданылды.
Ислам банкингі саласындағы
жаңа өзгерістерге капиталдың Араб және
Ислам өңірлеріне келе бастаған кезінде
пайда болды және халықтың қажеттіліктері
мен сұранысын
Кәдімгі коммерциялық банктердің Исламдық банкингке кіруіне байланысты бұндай тез өсіп келе жатқан нарықта бәсекелестік те күшейіп келеді. Соның әсерінен Истисна, іргелес Истисна, Мүшарака, азаятын Мүшарака, Салам, іргелес Салам, операциялық Ижара, қосалқы жалға беру, қаржылық Ижара, Мудараба мен инвестициялық Уакала және басқа да көптеген жаңа қаржыландыру құралдары қолдануға енді.
Инвестициялық қорлардың әр түрі және Сукук те дилерлерге ақшалай емес тауарлар мен қызметтерді сату арқылы қаржы тартудың жақсы көзі ретінде қолданысқа енді.
Егер коммерциялық банктер бір шарттың негізінде жұмыс жасайтын болса, Ислам банкингінде әр құралдың оны басқа құралдан өзгеше ететін өзіндік мәні мен айрықша сипаты бар.
Шариғат деген не:
Бұл – Құран мен Сүннеттің бағыт-бағдарынан тараған, Ислам дінінің барлық аспектілерін, соның ішінде сенім мен қолданыс тәжірибесін сипаттайтын ислам құқығы болып табылады.
Исламдық Банкингтің тұжырымдамасы
Шариғаттың банк саласындағы ұстанымдары мен ережелері өте кең көлемді талқылауды қажет етері анық, алайда, төменде келтірілген мәлімет Сізге бұл салада жалпылама түсінік беруі тиіс.
«Өсім алмау» мәселесі Исламдық банкингтегі жалғыз ғана тұжырымдама емес. Ол Исламдық банкингтің тірегі болып табылатын Ислам экономикасының негізгі тұжырымдамасы мен идеологиясының маңызды бөлігі.
Жалпылай айтсақ:
Өсімақы алуға тыйым салынады. Сауда рұқсат етіліп, дәріптеледі.
Дүниедегі қорлар Алланың қолында және олар адамның пайдалануына сеніммен тапсырылған.
Адам өз істері үшін Алланың алдында жауап береді.
Байлық бай адамдардың арасында ғана шоғырланбай, Зекет тұжырымдамасы мен мирас құқығы арқылы адал таралуы тиіс.
Алыпсатарлық пен қаражаты орынсыз ысырапшылдық жасау заңсыз деп есептеледі
Біреудің ұтуын, екіншісінің ұтылуын болдыратын істерге тыйым салынады (құмар ойындары тұжырымдамасы)
Әділдік, адалдық, ашықтық
пен қарапайымдылық қоғамдағы тең
мүмкіндіктердің өркендеуіне
Ақша – бұл айырбастау құралы.
Қаржыландыру активтермен қамтамасыз етіледі.
Сараңдық пен пайдақорлық қатарлас адамдардың құқықтарының жаншылуына әкеп соғады.
Сонымен, Исламдық банкинг деген – бұл Исламның жоғары этикалық және моральдық құндылықтырана негізделген қазіргі заманғы жүйе. Бұл жүйе неғұрлым тиімді болса, Ислам экономикалық жүйесінің мақсаттары мен міндеттері оңай жетілетін болады.
Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат Шариғат негізіне сүйене отырып, ИКҰ-ға мүше болған және болмаған мұсылман елдеріне экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеуі үшін қаржылай көмек көрсету. Әсіресе ИКҰ-ға мүше болған экономикасы нашар дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды қолдауға көбірек көңіл бөлу.
1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды қаржыландырды, оның ішінде сауда-саттық пен арнайы көмекке байланысты 12 млрд. ислам динары жұмсалды. Бүгінгі кезде халықаралық және аймақтык қаржы мекемелерімен бірлесіп жобаларға берілген қаржы мөлшері 170 млн. АҚШ долларына жетті.
Шариғат негізіне сүйеніп, банк коммуналдық шаруашылыққа, жол құрылысына, көпір, үй, коммуникациялар т.б. жобаларға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мектеп салу, денсаулық сактау объектілеріне, мәдениет, жалпы білім жүйесіне пайызсыз несиелер береді.
Банк өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын бірігіп игерудегі жобаларға қаржы бөлуге қатысады, тез арада пайда келтіретін жобаларға, лизинг және қарызды мерзімінен кейінірек қайтаруға мүмкіндік жасайды.
Банк өзіне мүше болған мемлекеттерге техникалық көмек, кеңес беру, жобалардың технико-экономикалық негізін жасау, сондай-ақ құрал-жабдық сатып алу үшін зерттеу жұмыстарын және жобаның атқару фазасы кезінде оқыту жұмыстарын жүргізеді.
Банк өз портфеліндегі 1 млрд. АҚШ доллары тұратын өтімді бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
Ислам банкі қалай жұмыс істейді
Исламдық банкинг деген – бұл Исламның жоғары этикалық және моральдық құндылықтырана негізделген қазіргі заманғы жүйе. Бұл жүйе неғұрлым тиімді болса, Ислам экономикалық жүйесінің мақсаттары мен міндеттері оңай жетілетін болады.
Аталған тұжырымдамаға сәйкес барлық қаржыландыру операциалары «активтермен қамтамасыз» етіледі. Осы тұжырымдама негізінде Исламдық банкинг Мұрабаха, Мұдараба, Мұшарака, азаятын Мұшарака, Ижара, Истисна, Салам, Сукук, Уакала және басқа да әр түрлі қаржыландыру құралдары арқылы материалдық активтер мен қызметтерді сатып алуға, лизингке беруді, және құрылыс жүргізу шарттарын жасауға мүмкіндік береді.
· Олар ақша қаражатын депозит арқылы қарызға алу идеясын қабылдамайды және ешқашан клиенттерге өсім пайдасы үшін қарызға ақша бермейді.
· Банк Мұдариб ретінде клиенттен (Раб-әл-Мәәл) депозитті қабылдап, ақша қаражаттан банктерге түскен табысты алдын ала келісілген арасалмақ бойынша банк пен салымшылар арасында үлестіреді.
· Олар салымшыға пайда мөлшерін бекіте алмайды. Олар тек алдыңғы уақыттардағы пайда мөлшерлеріне сүйене отырып, болжанып отырған пайда көлемін көрсете алады.
· Ислам банктері Мұдараба және Мүшарака мәмілелері арқылы қаржыландыратын клиенттерідің бизнестегі үлестерін және иелену тәуекелін бөліседі.
· Клиенттің несиені төлеу мүмкіндігінің орнына олар ең алдымен жобаның сенімділігіне назар аударады, өйткені қаржыландырылған жоба табыс әкелген кезде ғана олар табыс таба алады.
· Олар Исламның әдепік ұстанымдары
мен ережелерін сақтай отырып, рухани
құндылықтарға көп көніл
Мұдараба, негізінде, капиталы бар мен тәжірибесі бардың бірлігіне негізделеді: олардың бірініші тарабы капитал ұсынса, екіншісі тәжірибесі мен басқаруды ұсынады. Бұның себебі «халал» (заңды) пайда табуда; аталған пайда олардың арасында алдын ала жасалған келісім бойынша үлестіріледі, сонымен бірге шығындарды капиталдың иегері тартады. Капитал салушы Раб-әл-Мәәл, ал банк Мұдариб деп аталады.
Иджара
Жалға беру – бұл активтерді сату емес оның пайдасын немесе пайдалану құқығын сату не белгілі бір сыйақыға айырбастау.
Ол шарт ретінде белгіленуі мүмкін, яғни жалға беруші біреудің пайдалануына белгілі бір дүниеден немесе қызметтерден түсетін пайданы келісілген жалға беру төлемдерге айырбастап белгілі бір мерзімге ұсынады. Банктік тәжірибесінде бұл екі ірі категорияға бөлінеді:
1. Операциялық лизинг.
Бұнда жалға беруші активін келісілген мерзімге және жалға беру құнына біреуге жалға береді; жалға алушы аталған мерзім бойы активтің жалғыз иегері болып есептеледі. Лизинг мерзімі аяқталысымен, актив жалға берушіге қайтарылады.
2. Ижара (IjarahMuntahiyaBiTamleek / Кейіндеп меншік құқығынның өтуімен жалға беру).
Бұл операциялық лизингке ұқсас, бірақ лизинг мерзімінің соңында активтің меншік құқығы жалға берушіден жалға алушыға ауысады.
Истисна
Бұл сатып алушы (Мустасни) сатушыдан (Сани) болашақта келісілген мерзімде дайындалатын немесе салынатын активті белгілі бір бағаға (Истисна құны) сатып алуы туралы Шарт. Истисна құны алдын ала немесе бірнеше кезеңмен активтің жасалуы кезінде немесе жеткізілу кезінде не жеткізгеннен кейін төленуі мүмкін.
Мұрабаха
Тауарды өзіндік құнына келісілген пайда мөлшерін қосып сату. Пайда мөлшері тауардың өзіндік құны немесе жалпы сомманың белгілі бір пайыздық көлемі ретінде есептелуі мүмкін.
Мүшарака
Бұл екі немесе одан да көп тараптардың инвестициялауға капиталмен қатысуға келісетін шарты. Пайда түскен жағдайда, пайда қатысушылар арасында келісілген пайыз бойынша есептеліп, үлестіріледі. Кез-келген шығын туындаған жағдайда, шығын қатысушылар арасында олардың капиталдық үлестеріне сәйкес бөлінеді.
Уакала
Банктер Уакаланы ірі салымдар үшін жиі қолданады. Капиталы бар клиент өз атынан инвестициялар жасауға Ислам банкін өз агенті ретінде тағайындайды, яғни өз қорын басқару жарнасын төлейді немесе төлемейді .
2.2 “Ислам Даму банктік” өнімдерінің негізгі типтері
Исламдық Банкі өнімдері( қыметтері) 5 топқа топтастырылады:
1. Мудараба және Мушарака -серіктестікке негізделген банк өнімі немесе(пайда мен шығынды бөлу );
2. Мурабаха, Иджара, Салям, Истисна, Кард Хасан-мәмілелерге негізделген банк өнімі немесе «мәмілелер бойынша борыш»;
3. Вакала(аккредитив)-банк комиссиясын( тарифтерін) немесе коммиссиондық өнімдер төлеуге негізделген банк өнімі;
4. Хавала, Кафала,Рахн- кепілдерді қамтамасыз етуге негізделген банк өнімі;
5. Ислам банкінің депозитті өнімдері: ағымдағы шоттар( Вадия,Амана, Кард Хасан); сақтық шоттар ( Вадия,Амана, Кард Хасан немесе Мудараба); инвестициялық шоттар (Мудараба)
Ислам банк қызметтерінің басқа да түрлері( брокерлік қызметтер, ақшалай аударымдар, валюталық операциялар).
*Мудараба- жобалық қаржыландыру, сонымен қатар синдикация мен ислам бағалы қағаздарын (Сукук) шығару мақсаты үшін пайдаланылады. Ислам банкінің белгілі бір клиенттің жобасын (арнайы кәсіпорынды) инвестициялық қаржыландыруды қамтамасыз етуге қатысуы сенімгерлік серіктестіктің негізі болып табылады. Ислам банкі, мұндай қаржыландырудың аясында «ақшалай қаражаттың иесі» (Раб-аль-маль) болып табылады. «Сенім білдірілген серіктес» (Мудариб ) деп аталатын ислам банкінің клиенті өзінің сараптық білімдері мен дағдыларын инвестициялайды және ұйымдастыруды, жобаны басқаруды жүзеге асырады, жобаның басқарушылық, кадрлық және техникалық құрамдастарын қамтамасыз етеді. Жобаны іске асырудан түскен пайда ислам банкі мен клиенттің арасында алдын-ала белгіленген келіссөздерге сәйкес үлесте бөлінеді. Іске асырудан түскен шығын ислам банкінің нәтижесіне жатады. Бұл жағдайда Мудариб жобаға салынған уақыты мен күшін жоғалтады. Осылайша, исламда адам еңбнгі мен білімі бағаланады және ескеріледі.
*Мушарак – ислам банкінің белсенді операциялары аясында экспорттық- импорттық қаржыландыру, жобалық қаржылаандыру мен синдикттуларда, ислам бағалы қағаздарын (Сукук) шығаруда қолданылады. Мушарак негізгі мәмілесі- ислам банкі мен клиенттің қандай да болмасын бизнес-жоспарға бірлесіп қатысуы мен аталған жоспарды бірлесіп қаржыландыру болып табылады. Пайда ислам банк мен клиенттің арасында алдын-ала келісілген үйлесімділікте бөлінеді. Шығын серіктестікке үлестік қатысуға сәйкес пропорцияда бөлінеді. Сондай-ақ әлемдік тәжірибеде ең алдымен жылжымайтын мүліктермен мәмілелерде, сондай-ақ жобаларда серіктестік тәсілі ретінде пайдалануы мүмкін мушарактың азайғыш мушарак түрі танымыл болып келеді. Азайғыш мушарак меншік үлестің біртіндеп тұтастай белгілі бір активке(жылжымайтын мүлік нысаны немесе инвестициялық жоба) қаржыландыратын тараптан меншігінде болады- активтің келешегі бар иесі жалға алу төлемдерін немесе инвестициялық жобадан түскен пайданың бөлігін активті қоса иеленушіге, яғни қаржыландыратын тарапқа активтің аталған бөлігін қолдпнғаны үшін төлеуі тиіс.
*Иджара және Иджара да Иктина. Олар лизингілік және жобалық қаржыландыру мақсаты үшін банктің белсенді операцияларының аясында қолданылады. Иджара мәмілесінің негізі клиентке қандай да болмасын белгілі активті қолдануға (жалға, лизингке) айтылған мерзімі аясындағы жалға беру төлемдері болып табылады.
Қаржылық лизингтің
дәстүрлі моделдерден негізгі
*Салям және параллельді Салям. Салям импорттық-экспорттық қаржыландыру мен айналымдағы капиталды қаржыландыру мақсаты үшін банктің белсенді операцияларының аясында қолданылады. Салям мәмілесінің негізі ислам банкінің қандай да болиасын белгіленген активінің ағымдағы бағасы бойынша мерзімі ұзартылған жеткізулерді сату болып табылады. Аталған мәміледе ислам банкі Садямның басқа жақта параллельді шарт жасасуы арқылы пайда табады, яғни активтерді саудалық үстеме бағасымен алып сатады. Мұндай операция әлемдік тәжірибеде «параллельді салям» атауына ие болды.
Мәміленің экономикалық мағынасы клиентке активті болашақта жеткізудің нарықтан төмен баға бойынша клиенттің алдын-ала (нақты қаржыландыру) тұрады.
*Ислам банкінің депозиттік өнімдері. Ислам банкінің депозиттік өнімдерінің негізі:
- қайтарымдылығы;
- өтімділігі;
- шұғылдылығы;
- қорғалуы;
- тұрақтылығы.
Депозитті өнімдердің түрлері: