Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 20:22, курсовая работа
Бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі әлемдің қаржы институттары мен БАҚ-ты, сонымен қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр. Банк ісі саласын тілге тиек ететін баспасөз құралдары да Ислами банктер жайлы жарыса жазуда.
Исламдық банк жүйесі — Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйм салынған. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Кіріспе..................................................................................................................3
I. “ИСЛАМ ДАМУ БАНК” ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 “Ислам Даму банк” жүйесінің тарихы..........................................................5
1.2 “Ислам Даму банкінің” Басқармасы.............................................................6
1.3 “Ислам Даму банкінің” Қазақстанда пайда болуы......................................7
II. “ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ” ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1 Ислами банк жүйесінің прициптері...............................................................8
2.2 “Ислам Даму банктік” өнімдерінің негізгі типтері.....................................12
2.3 “Ислам Даму банк” қаржылық жағдайын талдау........................................16
2.4 Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері..............21
III. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ИСЛАМИ БАНКТЕР
3.1 Қазіргі кездегі ислами банктер....................................................................25
3.2 Ислам Әріптестік Ұйымы..............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................29
5. Клиент өз талабы
бойынша инвестициялық
6. Инвестициялық депозит туралы шарт клиенттің ақшаны пайдалану тәсілдерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін анықтауы бойынша талаптарды не клиенттің ақшасын оларды біріктіру құқығынсыз өзге клиенттердің ақшасынан бөлек пайдалану бойынша талаптарды көздеуі мүмкін.
7. Ислам банкі ақшаны
пайдаланудың тәртібі мен
8. Клиенттің талабы
бойынша ислам банкі
9. Егер шартта өзгеше
көзделмесе, инвестициялық депозитке
ақша салған клиент ислам
10. Ислам банкі инвестициялық
депозиттің ақшасы салынған
Егер инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар ислам банкінің кінәсінен болса, ислам банкі осындай залалдардың туындағаны туралы клиентке хабарлауға міндетті.
52-7-бап. Ислам банкінің
бағалы қағаздарды шығару ерекш
Ислам банкі борышты, сыйақының кепілдік берілген мөлшерін немесе құнынан процент түрінде сыйақы төлеуді көздейтін артықшылығы бар акцияларды, облигацияларды немесе өзге де борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, акциялар немесе өзге де бағалы қағаздар шығаруға құқылы.
III. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ИСЛАМИ БАНКТЕР
3.1 Қазіргі кездегі ислами банктер
Қазіргі заманның ислами банктерінің тарихы XX ғ. 60-жылдарынан бастау алады. 1963 жылы Египетте жергілікті экономист Ахмад әл-Наджардың бастамасымен құрылады. Банк шариғат заңдылықтарының негізінде құрылып, мақсаты халықтың жинақтаған қаржыларын пайдалана отырып табыс әкелетін жобаларды қаржыландырудың арқасында пайда табу болды. 1967 жылы банк исламдық радикализмге қарсы күрестің құрбаны болып, жабылып қалады. Бірақ банктың негізін қалаушы Ахмад әл-Наджар болашақта мұндай қаржылық институттардың сәтті қызмет ететініне сенімді болды. Ол Сауд Арабиясына көшіп кетеді. 70-жылдары мұнайдың бағасы қарқынды түрде өскен болатын. Бұл жағдай исламдық негізде банк құру үшін оңтайлы кез болатын. Алдымен 1975 жылы Ахмад әл-Наджардың қатысуымен Ислам Даму Банкі құрылды (ИДБ). Соңынан Біріккен Араб Әмірлектерінде (БАӘ) ''Dubai Islamic Bank'' атты ислами банк дүниеге келді. Олардың соңынан Faisal Islamic Bank (Египет, 1977 ж.), Faisal Islamic Bank (Судан, 1977 ж.) және Bahrain Islamic Bank (Бахрейн, 1979 ж.) банктері өз қызметтерін бастап кетті. Алғашқы кездегі скептицизм (күдік) бірте-берті жойылып, банктердің жарқын болашағына деген сенім арта түсті. Осылайша, ислами банк жүйесіне деген байсалды қатынас орнай бастады. Аз уақыттың ішінде Ислам банк ісінің сенімді әрі болашағы бар банк жүйесі екендігі түсінікті болды.
Осы күндері бүкіл әлем бойынша 50-ден астам елде 300-гежуық ислами банк қызмет етеді. Олардың активтері шашамен 700 млрд. -- 1 трлн. АҚШ долларына тең, қызмет ету аумағы тек қана араб елдерінде ғана емес, сондай-ақ, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралияда таралған. Олардың тұтынушылары мен клиенттері тек қана мұсылмандар емес, ірілі-ұсақты батыстың компаниялары бар. Әлемдегі алдыңғы қатарлы банктер – JP Morgan, Deutsche Bank, ABN Amro, IAG, Citibank Chase Manhattan және Hong Kong & Shanghai Banking Corporation – өздерінің құрылымында ислами банкке арналған арнайы бөлімдерін ашқан.
Қаржы дағдарысына дейінгі Исламдық банктердің жылдық даму динамикасы қарқынды түрде артып, 10-15% құрады. 2012 жылы ислами банктерге тиесілі активтердің құны 1,6 трлн. АҚШ долларына жетеді деп күтілуде.
Ислам банктерінің ең үлкен орталықтары Иранда ($235 млрд.), Сауд Арабиясында ($92 млрд.), және Малайзияда ($67 млрд.) орналасқан. MENA ақпараттық агенттігінің мәліметтерінше ислам негізіндегі қаржылардың 56% Таяу Шығыста шоғырланған.
''Сукук'' ислами құнды қағаздары (облигация)
''Сукук'' сөзі араб тілінде ''заңды құжат'', ''акт'', ''түбіртек'' деген мағыналарды білдіреді. Ал қазіргі Исламдық Банктер жүйесінде құнды қағаздар эквиваленті ретінде пайдаланылады. Сукук – шариғат заңдылықтарын сақтай отырып әрекет ететін құнды қағаз. Оның тарихы Ислам дінінің алтын ғасырынан бастау алады. Сукук бойынша берілген қарыз ақша үшін ешқандай үстеме ақы қосып толеу міндеті жүктелмейді. Жобадан түскен пайдадан ғана серіктестер өзара тиісті олжаларын бөліп алады.
Қазіргі кездегі Сукук құнды қағаздарына тек қана мұсылман елдер емес, сонымен бірге батыстық елдер де қызығушылық танытуда. Батыс елдерінің арасынан алғашқы болып Ұлыбритания ''Сукук'' құнды қағазына қызығушылық танытуда. Тіпті, жақын арада қолданысқа енгізу мәселесін де қызу талқылап жатыр.
2006 жылдың басында Бахрейндегі Сукук арқылы іске асырылған несиелердің мөлшері 18 млрд. долларды құрады.
Осы жылы Ганконг өзінің салық саясатындағы кейбір заңдарына өзгерістер енгізбек. Ол жайында елдің қаржы хатшысы Джон Цанг мәлімдеді. Өзгерістер арқылы Ганконг ислами заңдылықтарды бұзбайтын Сукук құнды қағаздарын пайдалану мүмкіншілігіне ие болмақ. 2009 жылы Малайзиямен жасалған келісім бойынша Ганконг ол елдің көмегіне жүгінбек. Көрші жатқан Ресей Федерациясында 2010 жылы үш компания исламдық лизинг жүйесіне көшпек.
3.2 Ислам Әріптестік Ұйымы
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ)(2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ)) 1969жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИҚҰ-ның басшысы – Бас хатшы, ал атқарушы органы – Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар.
ИЫҰ-ның пайда болуының негізінде діни оқиға жатқанын естен шығармағанымыз абзал. Израильдің сионистік топтары Ислам әліміндегі ең қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртеп жібергеннен кейін, осындай шектен шыққан оқиғалардың алдын алу үшін Ислам конференциясы ұйымы құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда ұйымның құрамында Ислам даму банкі мен Ислам білім беру ұйымдарының жұмысы жемісті болып тұр. Ал саяси мәселелердің түйінін тарқатуға ұйымның мүмкіндігі болмауда. Ислам елдері конференциясы ұйымының қанат жаюына Батыс елдері мүдделі емес. Мәселен, Мысыр кезінде Араб әлемін айрандай ұйытатын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке орай, олар Израильмен соғыста жеңіліп, Израиль мен АҚШ-тың құпия келісімін қабылдауға мәжбүр болғанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін Мысыр мен өзге Араб елдері арасында салқындық пайда болғаны белгілі. Бүгінде Араб елдері арасында Израильдің тек Мысырмен ғана дипломатиялық байланысы орнаған
ИЫҰ-ға 57 мемлекет мүше, 5 мемлекет бақылаушы дәрежесіне ие
Ислам Әріптестік Ұйымы картасы: мүшелері (жасыл) мен бақылаушылары (қызыл), Үндістан мен Филиппин
Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.
ИҚҰ-ның қатарына енгеннен
кейін Қазақстан Бас
Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.
Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.
ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің
жақындасуы және өркениет диалогы дамуы
мәселелерінің артуына
ҚОРЫТЫНДЫ
Исламдық қаржы саласындағы көптеген қаржы құралдары мен әдістері Шариғат нормалары бойынша бірдей болмауына байланысты, исламдық ғалымдар арасында осы нормалар мен ережелерді түсіндіруде келіспеушіліктер бар. Осындай проблеманы исламдық қаржыландыру саласындағы ережелерді стандарттайтын IFSB сияқты исламдық ұйымдардың көмегімен ғана шешу мүмкін. Сонымен қатар, исламдық қаржылық қызметтердің индустриясы салыстырмалы түрде жаңа болғандықтан, қазіргі уақытта республикада осы салада қажетті дайындығы бар білікті кадрлар өте аз. Соған қарамастан, проблема барынша жеңіл шешілуі мүмкін. Нарықта осындай қызметкерлерге сұраныс неғұрлым жоғары болған сайын, олар соғұрлым тез пайда болады. Сонымен қатар, халықаралық сарапшылармен өткізілетін кеңестерде елде исламдық қаржы секторының өсуіне көмегін тигізеді.
Қазақстанда исламдық қаржыландыруды ілгері дамыту бойынша жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі. Қазақстанда исламдық қаржыландыруды одан әрі дамыту Исламдық қаржыландыруды дамытудың жол картасы іске асырылуына қарай біртіндеп жүзеге асырылады. Үкімет пен мемлекеттік органдар исламдық қаржы жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Атап айтқанда, исламдық банк операцияларының салық және бухгалтерлік есебін және исламдық бағалы қағаздарды жетілдіру, сондай-ақ исламдық сақтандыруды енгізу үшін заңнамалық талаптарды құру бойынша жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ, инвесторларды тарту және ислам банктерін, такафул компанияларын, исламдық инвестициялық қорларды, консалтингтік компанияларды ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр және одан әрі жүргізіледі. Қазақстанда исламдық қаржыландыруды және банкингті одан әрі дамыту мақсатында, халықаралық ынтымақтастықты күшейту үшін түрлі форумдарды, конференцияларды, тренингтерді, семинарларды келешекте өткізу жоспарлануда. Республикада ТМД елдері арасында осы секторды дамыту саласында өзін көшбасшы деп атау үшін барлық алғышарттары бар, бірақ ол үшін біз біршама жұмыс істеуіміз керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы