Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:35, реферат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі
Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға дейін ауыстыру көзделді.
Жалпы, салықтық жүктеменің төмендеуі тек 2009 жылы кәсіпорындарға 500 млрд. теңге босатуына және оларды экономиканы дамытуға жұмсауына мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жедел түрде қабылданды. Ішкі сұранысты ынталандыру және отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік сатып алу тек қазақстандық өнім берушілерге басымды түрде бағытталатын болады. Жедел шешімдер қабылдау, кепілдіктер, ұзақ мерзімді тапсырыстар беру есебінен отандық бизнеске нақты көмек көрсету үшін мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнамалар әрекетінен шығарылды.
Үкімет әлемдегі қаржы және шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлау мүмкіндігіне байланысты 2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қажеттілікпен қалыптастырды. Осы кезеңдегі бюджет кірістері мұнайдың бір баррелі үшін 60 АҚШ долларындағы әлемдік бағасын негізге ала отырып есептелген. Үкімет орта мерзімді кезеңде фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлерін түзетті. 2009 жылы бюджет кірістері мұнайдың әлемдік бағасының бір баррелі үшін 40 АҚШ долларына төмендеуін ескере отырып нақтыланды. Басымды емес шығыстар қысқартылды, ал бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру кейінгі мерзімге қалдырылатын болады. Бұл ретте әлеуметтік шығыстар қысқартылған жоқ.
2009 – 2010 жылдары республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 3,4-3,5% көлемінде жоспарланған, ал 2011 жылы ЖІӨ-ге 2,4%-ға дейін төмендетілетін болады.
Үш жылдық республикалық бюджет ағымдағы жағдайда экономикалық белсенділікті қолдау үшін түйінді құрал болып табылады. Жиынтықты сұраныс пен іскерлік белсенділік бірінші кезекте, басымды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды қаржыландыруға, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне сұранысты және экономикадағы жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталатын бюджет шығыстарының жоғарғы деңгейін сақтау есебінен қамтамасыз етіледі.
Тұтастай алғанда, 2009 – 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1,5 трлн. теңгеден аса өседі.
Бағдарламаның мақсаты мен бағыты
Шикізат ресурстарына әлемдік бағаның құлдырауы әсерінен және капиталдың сыртқы нарығына қол жеткізудің болмауына байланысты Қазақстан экономикасына жаңа әлемдік экономикалық шындықтарға бейімделудің күрделі кезеңін бастан өткізуге тура келеді, бұл экономикада құрылымдық өзгерістердің болуын талап ететіні сөзсіз.
Қазақстан экономикасының ғаламдық құлдырау кезеңіне Қазақстан алтын-валюта резервтерінің және Ұлттық қордың берік қорымен кіруде. Олардың жалпы көлемі 2008 жылғы 1 қарашада 47 млрд. АҚШ долларынан астамды құрады. Мемлекеттік борыштың мөлшері ЖІӨ-нің 1,5%-ынан аспайды, бюджет тапшылығы төмен деңгейде тұр және ЖІӨ-нің 2%-ынан аспайды.
Үкімет қалыптасқан жағдайды экономиканы сауықтыруға және оның болашақта тиімді жұмыс істеуі үшін негіз қалауға пайдалануда. Жинақталған резервтер Қазақстан экономикасын түзеу процесін жақсартуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады.