Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:35, реферат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі
1. Қаржы секторын тұрақтандыру
2. Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу.
3. Шағын және орта бизнесті қолдау.
4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
5. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.
Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады. Олар мыналарға бағытталатын болады:
1) қаржы секторын тұрақтандыруға – 4 млрд. АҚШ доллары (480 млрд. теңге);
2) тұрғын үй секторын дамытуға – 3 млрд. АҚШ доллары (360 млрд. теңге);
3) шағын және орта бизнесті қолдауға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);
4) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);
5) инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге).
Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі, «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» қоры) және «ҚазАгро» ұлттық холдингі (бұдан әрі – «ҚазАгро» холдингі) осы қаражаттың нысаналы және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.
Жоспарды іске асыру бойынша Үкіметтен негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болады. Ол үшін Үкімет «Самұрық-Қазына» қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.
«Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазАгро» холдингі тиісінше 4 млрд. АҚШ доллары және 1 млрд. АҚШ доллары сомасына облигация шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырады. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілетін болады.
Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк - жағымды ақша-кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады.
Үкімет пен Ұлттық Банк төлем балансының және валюта бағамының жағдайын бақылайтын болады.
Экономикада жинақталған салалық теңгерімсіздіктердің ішкі және сыртқы өзгеруші жағдайларын ескере отырып, Үкімет 2009 жылы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі әлеуметтік–экономикалық даму стратегиясын әзірлейді. Ол:
экономиканың сыртқы күштерге тұрақтылығын арттыруды;
елде инвестициялық климатты жақсарту үшін құрылымдық реформалар жүргізуді;
инфрақұрылымды жаңғыртуды;
адами капиталды дамытуды;
экспортты, бірінші кезекте, агроөнеркәсіптік секторды дамыту есебінен жедел әртараптандыруды;
мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруды;
елдің сыртқы борышын тиімді басқаруды ескере отырып, таяудағы он жылға арналған нақты басымдықтар мен даму индикаторларын белгілейді:
Бұл нәтижелерге бағдарланған жоспарлаудың жаңа қағидаттарын ескеретін елдің бірінші ұлттық стратегиялық даму
бағдарламасы
болады.
Қаржы секторын тұрақтандыру
Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.
Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық кредиттеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.