Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:35, реферат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі
Үздік әлемдік практика инфрақұрылымды дамыту экономикалық белсенділікті қолдау және дағдарыс кезінде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі барынша тиімді құралдардың бірі болып табылатындығын көрсетіп отыр.
Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға «Самұрық-Қазына» қоры қосымша 1 млрд. АҚШ долларын (120 млрд. теңге) бөледі және 2009 жылы 3 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылатын болады. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» қорының жобаларын қаржыландыруға зейнетақы қорларының қаражаты тартылатын болады.
Электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Үкімет келесі жылдан бастап әр жылдарға бөле отырып кемінде жеті жыл мерзімге арналған энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша шектеулі тарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың инфляциясын ескере отырып жыл сайын түзететін болады. Электр энергиясына арналған шекті тарифтер жаңа активтерді құруға, электр энергетикасындағы қазіргі энергия жинақтайтын қуаттарды кеңейтуге, жаңартуға, қайта жаңалауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін болады.
Электрожелілік активтерді дамыту үшін тарифтерге инвестициялық құрауышты енгізу көзделуде. Осыған байланысты Үкімет электр желісіне қосылғаны үшін төлемді толығымен алып тастайды.
Үкімет
энергияны үнемдеу және энергияның қайта жаңартылатын көздерін пайдалану жөніндегі
шаралар кешенін қосымша пысықтайтын болады.
***
Үкімет халықтың нақты табыстарының сақталуы жөніндегі барлық шараларды қабылдайды және Мемлекет басшысының 2009 – 2011 жылдары әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыны және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Атап айтқанда, 2009 және 2010 жылдары зейнетақының, жалақы мен стипендиялардың мөлшері 25%-ға ұлғаятын болады. 2011 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-ға дейін ұлғайтылатын болады.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері жыл сайын 9%-ға ұлғайып отырады.
2010 жылдан бастап, сондай-ақ 4-ші және одан көп бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақының мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке дейін және бал бір жасқа толғанға дейін күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,5 есе ұлғаятын болады.
Кәсіпорындарда өндіріс көлемі төмендеген жағдайда Үкімет ірі компаниялармен қызметкерлердің жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс істейтін болады.
Қажет болған кезде Үкімет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, қоғамдық жұмыстардың белсенді түрлерін қолданып және өңірлерде жаңа жұмыс орындардың ашып, оның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілердің ауқымды құрылысы арқылы, оның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы шеңберінде халықтың жұмыспен өнімді қамтылуын арттыру жөнінде қосымша іс-шаралар көздейтін болады.
Ішкі нарықта тауарлардың тапшылығына және бағалардың өсуіне жол бермеу мақсатында Үкімет
бірінші кезекте қажетті тауарлардың - ет, құрғақ сүт, өсімдік
майы, қант
және
күріштің тұрақтандыру қорларын қалыптастыру
жөніндегі
жұмысты
жалғастырады.
Қорытынды
Тұтастай алғанда тұрақтандыру шараларын іске асырудан Қазақстан экономикасы қосымша 2 172 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алады, олардың ішінде, мыналардың есебінен:
Ұлттық қор қаражаты – 1 200 млрд. теңге;
Ұлттық Банк шаралары – 350 млрд. теңге;
жаңа Салық кодексін қолдану шеңберінде салықтық жүктемені төмендету – 500 млрд. теңге;
Стресті активтер қорын құру – 122 млрд. теңге.
2007 – 2008 жылдары қабылданған шаралардың және Жоспарды іске асырудың нәтижесінде Қазақстанда 2009 – 2010 жылдары ЖІӨ-нің нақты өсімі жылына 1 – 3 % деңгейінде күтіледі. Инфляция деңгейі 2009 және 2010 жылдардың соңына қарай 7 – 9 % шегінде ұстап тұрылатын болады. Алдағы екі жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі 8%-дан аспайды