Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 12:03, курсовая работа

Описание

Жаңа жүйеге ауысу шешімін қабылдай отырып, бұл жобаны іске асыру жұмысшыларының екі сатыда орындалатынын ескерген жөн. Бастапқы қаржылық есептілікті қысқа мерзім ішінде ХҚЕС немесе ҰҚЕС талаптарына сәйкестендіру мақсатымен есептік күнге құрылған баланстық жеке баптарын түрлендіру жолымен жүзеге асырылатын ауысу күшіне дайындау қажет. Ауысу жолы басында, мүмкін ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік туралы Заңның принциптеріне сәйкес өңделген есептік саясат бойынша адал да ұзаққа созылатын бухгалтерлік есеп жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе

І. Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру
1.1 Кассаның орны және есепке алуды ұйымдастыруға негізгі талаптар
1.2 Кәсіпорынның кассасындағы нақты ақшаның қозғалысы құжатпен
қамту
1.3 Кассадағы ақша қаражатын тексеру және түгендеу тәртібі

ІІ. Кассалық операциялар есебі
2.1 Кассадағы ұлтық валютадағы операция есебі
2.2 Кассадағы шетел валютасындағы операциялар есебі
2.3 Есеп беретін адамдармен есеп айырысу есебі


ІІІ.«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктігінің касса операциясын жүргізу
тәртібі, және есебі
3.1.Кассадағы ақша қаражаттарын жүргізу тәртібі және есебі
3.2«1С: Кәсіпорын» бағдарламасында кассадағы операциялары
бойынша құжаттарын рәсімдеу


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

касса.doc

— 206.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Жоспар

 

 

         Кіріспе

 

І. Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру

         1.1 Кассаның орны және есепке алуды ұйымдастыруға негізгі талаптар

1.2 Кәсіпорынның кассасындағы  нақты ақшаның қозғалысы құжатпен

   қамту

1.3 Кассадағы ақша қаражатын тексеру және түгендеу тәртібі

 

ІІ. Кассалық операциялар есебі

2.1 Кассадағы ұлтық  валютадағы операция есебі

2.2 Кассадағы шетел  валютасындағы операциялар есебі

2.3 Есеп беретін адамдармен  есеп айырысу есебі

 

 

ІІІ.«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» жауапкершілігі

   шектеулі серіктестіктігінің касса операциясын жүргізу

    тәртібі,  және есебі

3.1.Кассадағы ақша қаражаттарын  жүргізу тәртібі және есебі

       3.2«1С: Кәсіпорын» бағдарламасында кассадағы операциялары

           бойынша құжаттарын рәсімдеу

                                                 

 

    Қорытынды

  Қолданылған әдебиеттер

      Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

                                        Мазмұны

 

 

       Кіріспе...........................................................................................................3

 

І. Кассалық операцияларды  есепке алуды ұйымдастыру

         1.1 Кассаның орны және есепке алуды ұйымдастыруға негізгі

             талаптар...................................................................................................5

1.2 Кәсіпорынның кассасындағы  нақты ақшаның қозғалысы

     құжатпен қамту................................................................................7

1.3 Кассадағы ақша қаражатын тексеру және түгендеу

     тәртібі................................................................................................11

 

 

ІІ. Кассалық операциялар  есебі

2.1 Кассадағы ұлтық  валютадағы операция есебі................................13

2.2 Кассадағы шетел  валютасындағы операциялар есебі....................14

2.3 Есеп беретін адамдармен  есеп айырысу есебі................................16

 

 

ІІІ.«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» жауапкершілігі

     шектеулі серіктестіктігінің касса операциясын жүргізу

    тәртібі,  және есебі

3.1.Кассадағы ақша қаражаттарын жүргізу тәртібі және

   есебі...................................................................................................18

       3.2«1С: Кәсіпорын» бағдарламасында кассадағы операциялары

           бойынша құжаттарын рәсімдеу .............................................................20

                                                 

 

    Қорытынды.............................................................................................21

     Қолданылған әдебиеттер.......................................................................22

     Қосымша..................................................................................................23

 

 

Кіріспе

Соңғы өзгерістерге сәйкес көптеген компаниялар алдында ХҚЕС немесе ҰҚЕС-на өту және 2008 жылы жұмыс шоттар жобасы жөніндегі кездейсоқтық мәселелер тұр. Жаңа жүйеге ауысу туралы шешім қабылдай отырып, бүкіл әдістемемен ықпал ету ерекшеліктерін ескеру қажет.

Жаңа жүйеге ауысу  шешімін қабылдай отырып, бұл жобаны іске асыру жұмысшыларының екі сатыда орындалатынын ескерген жөн. Бастапқы қаржылық есептілікті қысқа мерзім ішінде ХҚЕС немесе ҰҚЕС талаптарына сәйкестендіру мақсатымен есептік күнге құрылған баланстық жеке баптарын түрлендіру жолымен жүзеге асырылатын ауысу күшіне дайындау қажет. Ауысу жолы басында, мүмкін ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік туралы Заңның принциптеріне сәйкес өңделген есептік саясат бойынша адал да ұзаққа созылатын бухгалтерлік есеп жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Қаржылық есептілікке қойылатын негізгі талаптар.

ХҚЕС немесе ҰҚЕС сай  қаржылық есептілік қолданушыларға ХБЕС 1 және №2 ҰҚЕС сәйкес жылына бір  реттен кем емес берілуі тиіс. Алайда компания ХБЕС 34-ті пайдаланып аралық қаржылық есептілікті қалыптастыруға да құқылы.

   Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын әзірлеуді қажет етті.

   Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп обьектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардыңң талаптарына және кәсіпорын  қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

         Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызмет-теріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұpaды.  
 Ақшалай есеп айырысулардың өзi eкi формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлiнедi. Айналыстағы ақша алма-кезек бiресе айналыс құралы, бiресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша, қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегiнде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкiн. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айна-лымдары өзара тығыз байланысты және бiр-бiрiне тәуелді. Өйткенi ақша, үнемі бiр айналыс аясынан екiншiсiне өтiп, бiрақ, айналыс аясынан кетпей oғaн одан әрі қызмет жасай береді.

Нарықтық экономикада  кәсіпорындар арасында еңбек құралдары  мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:

1. Банк жүйесі арқылы  қолма-қол ақшасыз аудару жолымен;

2. Қолма-қол ақшамен  төлеу түрінде.

Ақшаларды сақтау және қолма-қол  ақшасыз есеп айырысуды жүргізу  үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:

  • ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шорттарын;
  • шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
  • бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
  • республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
  • Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

Қолма-қол ақшаларды  қабылдау, сақтау жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. касса—бұл  қолма-қол ақшалар  мен өзге құндылықтарды  қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларының есебі ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады

   Кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарықтық  экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен мәнін арттыруда аса маңызды болмақ.

Курстық жұмыстың мақсаты  «Касса операциясының» есебін ҚЕХС, ҚЕҰС-на сай ұйымдастырылу жолдарын оқып үйрену. Мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер төмендегідей:

1.1 Есепте кассалық  операцияларды жүргізу мен көрсету  тәртібі

1.2 Кассалық операцияларды  құжаттық ресімдеу мен есептеу.

2.1 Касса операциясының  есебі

2.2 Кассадағы шетел  валютасындағы операциялар есебі

2.3 Есеп беретін адамдармен  есеп айырысу 

3.1. Ұйымда кассаны тексеру және түгендеу мен оны жүргізу тәртібі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              І. Кассалық операцияларды есепке  алуды ұйымдастыру

       1.1 Кассаның орны және есепке алуды ұйымдастыруға негізгі талаптар

 

Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланылады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.

Ақша қаражаттарының, есеп айырысудың және несие операцияларының  бухгалтерлік есебінің міндеттері:

  • Қолма-қол ақшасыз аудару жолымен және қолма- қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
  • Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.
  • Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
  • Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.
  • Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
  • Есеп айырысу—төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

Шаруашылықтың ішіндегі нақты қолма-қол ақшаны қабылдау, тарату және сақтау операциялары шаруашылықтың кассасы арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды, жанар-жағар майға төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жіберу үшін есеп айырысуға арналған.

Касса—есеп айырысу  операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік  заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік  береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады

 Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама дыбыстық белгілер орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр касса қызметкерінде, ал кілттің екінші данасы арнайы ыдысқа салынып кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында сақталады. Касса қызметкерлері әрбір жұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшалардың түгелдігіне  касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді.

       Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет.

Кассадағы ақшалай қаражатты  сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі  есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші  субъект дербес жасайтын Кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.

Қабылдаған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық  жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін басшы  оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады. Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері әкімшілік өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезеңде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық операцияларды атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Кәсіпорынның  кассасындағы нақты ақшаның қозғалысын 

                                      құжатпен қамту

 

Банк мекемесінен алынған нақты ақша  сол алынған күні кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына  кіріске алынуы тиіс. Ол үшін кассир кассалық кіріс ету  ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе оның сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты, күні, айы, жылы жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кассалық кіріс ету ордері мына үлгілі түрде болады:

 

 

«Нұрай» фирмасы 

Ұйымның аты-жөні

 

№55 кассалық кіріс  ету ордері

25      03      2009

Күні, айы, жылы

«Нұрай» фирмасы

Ұйымның аты-жөні

 

№55 кассалық кіріс  ету ордеріне квитанция 

 

25      03          2010

Күні, айы, жылы

Кімнен қабылданды Алматы сауда қаржы ісінен

Қандай мақсатқа: іс сапар шығындары үшін

Сомасы жазумен: бір миллион теңге 00 тиын.

Бас бухгалтердің қолы:

                           Рысқалиев

Касса қызметкерінің  қолы:                    Әлиева

25.03.2010жыл

Мөртаңба орны

Корреспонден-

циялаушы шот

Талдамалық

есеп коды

Төленетін

сома

Мақсаттық

коды

1030

77

1000000

7

Кімнен қабылданды Алматы сауда қаржы банкісінен

Қандай мақсатқа: Іссапар шығындары үшін

Сомасы жазумен: бір миллион теңге

Қосымша:

Бас бухгалтердің қолы:                         Рысқалиев

Касса қызметкерінің  қолы:                  Әлиева

Информация о работе Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру