Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 12:03, курсовая работа

Описание

Жаңа жүйеге ауысу шешімін қабылдай отырып, бұл жобаны іске асыру жұмысшыларының екі сатыда орындалатынын ескерген жөн. Бастапқы қаржылық есептілікті қысқа мерзім ішінде ХҚЕС немесе ҰҚЕС талаптарына сәйкестендіру мақсатымен есептік күнге құрылған баланстық жеке баптарын түрлендіру жолымен жүзеге асырылатын ауысу күшіне дайындау қажет. Ауысу жолы басында, мүмкін ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік туралы Заңның принциптеріне сәйкес өңделген есептік саясат бойынша адал да ұзаққа созылатын бухгалтерлік есеп жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе

І. Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру
1.1 Кассаның орны және есепке алуды ұйымдастыруға негізгі талаптар
1.2 Кәсіпорынның кассасындағы нақты ақшаның қозғалысы құжатпен
қамту
1.3 Кассадағы ақша қаражатын тексеру және түгендеу тәртібі

ІІ. Кассалық операциялар есебі
2.1 Кассадағы ұлтық валютадағы операция есебі
2.2 Кассадағы шетел валютасындағы операциялар есебі
2.3 Есеп беретін адамдармен есеп айырысу есебі


ІІІ.«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктігінің касса операциясын жүргізу
тәртібі, және есебі
3.1.Кассадағы ақша қаражаттарын жүргізу тәртібі және есебі
3.2«1С: Кәсіпорын» бағдарламасында кассадағы операциялары
бойынша құжаттарын рәсімдеу


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

касса.doc

— 206.50 Кб (Скачать документ)

 

      

            ІІ. Кассалық операциялар есебі

2.1 Кассадағы  ұлтық валютадағы операция есебі

 

Кассадагы операциялар  есебі – 1010 «Кассадағы нақты ақша»  бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

1010 — «Кассадағы  нақты ақша» және оған келесі  субшоттар ашылады:

1011-«Кассадағы  нақты ақша» теңгеде

1012«Кассадағы  нақты ақша валютада»

Шоттың дебеті бойынша  кассаға қабылданған ақша қаражаттары, кредиті бойынша жіберілген ақша қаражаттары есепке алынады.

Дебеттік қалдығы кассадағы  ай басына қалдықты көрсетеді.1010шотының

кредиттік айналымы ж/о  №1,ал дебеттік айналымы №1ведомісінде  кассир есебі негізінде есепке алынады.Әрбір  кассир есебіне ж/о және ведоміс  №1де арнайы жол бөлінеді

« Бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы мен ҚР Қаржы Министрінің 22.06.2007ж. №221 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне» сәйкес осы кіші бөлімі бойынша төмендегі бухгалтерлік проводкалар тізімін қолдану ұсынылады

Ақша қаражатының  есебі үшін қолданылатын шоттар корреспонденциясы:

 

р/р

Операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

Кассаға түскен ақшалар (1010 шоты)

1

Сатылған тауарлардан (орындалған жұмыстан, қызметтен) түскен ақшалар:

  • ҚҚС бағасына қосылмаған
  • ҚҚС сомасына

1010

1010

6010

3130

2

 

 

Сол сияқты, сатылған активтер үшін (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қорлар, қаржылық активтер):

  • ҚҚС бағасына қосылмаған
  • ҚҚС сомасына

1010

1010

6210

3130

3

Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешектерін жабу үшін ақшалар келіп түсті

1010

1210

4

 

Сол сияқты, сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешектерін жабу

1010

 

2110

5

Пайдаланылмаған подотчеттық  сомалар келіп түсті

1010

1251

 

Кассадан берілген ақшалар (1010 шоты)

1

Подотчетка 

1251

1010

2

Аванстық есеп бойынша артық жұмсалған соманы ағымдағы пайда жабу

1251

1010

3

Аванстық есеп бойынша  артық жұмсалған соманы келесі пайда  жабу

3390

1010

4

Қызметкерлердің қарызы

  • Қысқа мерзімді
  • Ұзақ мерзімді

 

1253

2153

 

1010

1010

5

Сатудан түскен түсімнің есебінен есеп шотты толықтыру

  • Касса есебі бөлімінің операцияларын көрсету
  • Банктегі шот есебі бөлімінің операцияларын көрсету

 

 

1020

1030

 

 

1010

1020


 

 

2.2 Кассадағы  шетел валютасындағы операциялар  есебі

Субъектілер заңдар рұқсат еткен жағдайларда шетелдік валютамен  кассалық операциялар жасауға рұқсат беріледі. Шетелдік қолма-қол валюта есебі «Шетелдік валюта операциялары есебі» 9БЕС-ға сәйкес өтеді. Валютаның әр түрі бойынша атқарылған операциялар шетелдік валютамен көрсетілетін жеке кассалық кітап жүргізу қажеттігін қаперде ұстанған жөн. Шетелдік валютаға қатысты бағамдық айырмалар теңге бағамы төмендеуге байланысты, теңге бағамы өскен жағддайда көрсетіледі.

Шетелдік валютамен  операциялар жөніндегі бухесептегі  жазбалар операция атқарылған күнгі  ҚР ұлттық банкінің бағамы бойынша саналған ҚР валютасымен бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі тиіс.

Мұндай кезде субъект:

    1. Мүлікті (тауарлы-материалдық қорларды, негізгі құралдарды және т.б. айналым активтерін) шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады.
    2. Төленуге немесе алынуға тиіс сомасы шетелдік валютада белгіленген несиелерді алады немесе береді.
    3. Өзгедей жолмен активтерді шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады, шетелдік валютамен өзіне міндеттеме немесе сол міндеттемелер бойынша валютамен есептеседі.

Валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар, сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жүргізілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар, сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жүргізілуге тиісті.

Шетелдік валютамен  есеп айырысу, әдетте, мынадай нысандарда жүргізіледі:

  • Банктік аударым—бұл бір банктің төлем тапсырмасының басқа банкке пошта немесе телеграф бойынша салып жіберуімен жүргізілетін есеп айырысу опрациясы.
  • Құжаттамалық инкассо—бұл импортшыдан (төлеушіден) ақша сомасын немесе тауар құжаттарына қарсы белгілі бір мерзімде төленетіндігін растауды алуға экспортшының (кредитордың) өз банкіне берген тапсырмасы.
  • Құжаттамалық аккредитив—бұл импортшы-клиентінің тапсырмасы негізінде экспортшының пайдасына берілген банктік ақшалай міндеттеме.

Валюталық шоттар бойынша  операциялар мынадай құжаттармен  ресімделеді:

А) қолма-қол валютаның келіп түсуі валюталық кіріс ордерімен ресімделеді;

Ә) Қолма-қол валютаның берілуі—валюталық шығыс касса ордерімен (тапсырмамен);

Б) Шетелде жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару аударым  өтінішімен ресімделеді.

Валюта бағамының тербелісі  бағам айырмасының туындауына себепші болады. №9 БЕС-на сәйкес бағамдық айырма—бұл шетелдік валютаның бір ғана бірлігін бағам өзгерісі кезінде бухгалтерлік есептің жүйесі мен қаржылық есептемеде көрсету нәтижесінде туындайтын айырма.

Бағамдық айырма туындайтын жағдайлар:

А) импорттық операциялар кезінде тауарларды кедендік ресімдеу мен жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі дебиторлық немесе кредиторлық берешектерді қосымша бағалау немесе бағасын кеміту жолымен олар үшін ақша қаражаттарын аудару күндерінің арасында келісімшарттық құнның ұлттық валютадағы баламасы.

Субъект 2000 АҚШ долларына  шикізат сатып алған, кедендік ресімдеу құнындағы бағам 1 доллар үшін 75,3 теңге  болған кезде сомасы 150600 теңге құраған  Дт1310 Кт3310—150600теңге. Төлем күніндегі  төлем бағамы—75,7 теңге Дт3310 Кт 1050—151400теңге (2000*75,7). Бағамдық айырма (теріс) Дт7430 Кт3310—800теңге.

Егер төлем күні доллар бағамы 75,15 теңге болса, онда Дт3310 Кт1050—150000теңге (2000*75,15). Оң бағамдық айырма болады Дт3310 Кт6250—00теңге.

Ә) экспорттық операциялар кезінде келісімшарттық құнның сату күні мен ақша қаражаттарының келіп түсуі күндерінің арасындағы ұлттық валютаның баламасы.

Шетелдік сатып алушыға 5000 АҚШ долларының өнімі жөнелтілді. Кедендік ресімдеудің есеп айырысу—ақша құжаттарын жазу күніндегі бағам 1 доллар үшін 75,3 теңге болған. Тауардың құны 376500 теңге құрап, жөнелтілген өнімнің өзіндік құны 305000 теңге болды.

  1. Жөнелтілген өнімнің нақты өзіндік құнына Дт7010 Кт1320—305000.
  2. Жөнелтілген өнімнің келісімді құнына Дт1210 Кт6010—376500.
  3. Бағам 75,6 теңге болған кезде төлем жасалды, яғни Дт1050 Кт1210—378000 (5000*75,6).
  4. Оң бағамдық айырма Дт 1210 Кт 6250—1500.
  5. Егер төлем күні доллар бағамы 75,05 теңге болса, Дт1050 Кт1210—375250 (5000*75,05)
  6. Теріс бағамдық айырма Дт7430 Кт1210—1250.

Валютаны сатқан және сатып алған кезде Ұлттық Банктің бағамы мен биржалық бағамның арасында айырма пайда болады. Бұл айырма бағамдық қайшылық болып саналып, кезеңнің шығысы немесе кірісі ретінде таныалды. Салық есебінде жиынтық жылдық табысты анықтаған кезде оң бағамдық айырма шегерімге жатады, ал терісі жылдық жиынтық табысты арттырады.

 

2.3 Есеп беретін адамдармен есеп айырысу есебі

Қазақстанның халық  шаруашылығында кассалық операцияларды  жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес шаруашылық субъектілері кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк мекемесімен келісім бойынша субъект бастығы белгіленген мөлшерде және мерзімге операциялық, шаруашылық және басқа шығындар үшін  қолма-қол ақшаны есеп беруге кассадан береді. Есеп беруге берілген қолма-қол ақшаның жұмсалмаған бөлігі алынған мерзімі аяқталғаннан кейінгі 3 күннен кешіктірместен кассаға қайтарылуға тиіс. Қолма-қол ақшаны есеп беруге алған тұлға жұмсалған сомалар туралы есептемені мерзім аяқталғаннан кейінгі 5 күннен кешіктірместен субъектінің бухгалтериясына өткізуге міндетті. Қолма-қол ақша қаражаттарын есеп беруге беру тек кәсіпорын қызметкерлеріне және бұрын есеп беруге берілген ақшалар бойынша толық есеп бергенде жүргізіледі. Есеп беру сомаларын жұмсау туралы есептемені белгіленген уақытта тапсырмаған және аванстың пайдаланылмаған қалдығын кассаға қайтармаған тұлғалардан бухгалтер заңда көзделген тәртіпке сәйкес аталған борышты жалақысынан ұстап қалуға құқылы. Есеп беретін сомалардың жоғарғы үлес салмағы қызмет бабындағы іссапарға қатысты болады. қолма-қол ақшаларды берудің және оларды іссапар шығыстары үшін пайдаланудың тәртібі қолданыстағы заңдармен реттеледі. Іссапарға жіберілген қызметкердің:

  • іссапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгі жол жүру шығындарын;
  • тұрғын үй-жайды жалдау шығындарын;
  • тәулік ақысын;
  • ұсынылған құжаттарға  сәйкес өзге шығындарын шаруашылық субъектісі өтейді.

 Жол жүру шығындары жолаушыларды сақтандыру жөніндегі сақтандыру төлемдерін, билеттерді алдын ала сату қызметіне төлемді, кертпе-жастық пайдалану ақысын қоса алғанда, әуемен, теміржолмен, су және жалпы пайдаланудағы автомобильмен жол құны мөлшерінде  өтеледі. Іссапар орнына жетудің және қайтудың жол жүру құжаттары болмаған жағдайда, шығындар көлікпен жол жүрудің ең төменгі құны бойынша өтеледі.

Тұрғын үй-жайын жалдау жөніндегі шығындар мейманханадағы орынды сақтау құнын қоса алғанда, ұсынылған  құжаттар негізінде (люкс нөмірінен  басқа) өтеледі. Егер құжаттар өткізілмесе, үй-жайды жалдау жөніндегі шығындар норманың 50 пайызы мөлшерінде өтеледі.

Қызметкер іссапардан оралғаннан кейінгі 3 күннің ішінде іссапарға байланысты жұмсалған сомалар аванстар есептеме тапсыруға міндетті. Аванстық есептемеге қоса берілетіндер: белгіленген тәртіппен ресімделген іссапар куәлігі, жол жүру құжаттарының түбіршегі, үй-жайды жалдау туралы құжаттар.Басшылар іссапарға байланысты белгіленген нормадан тыс қосымша төлемдерді кәсіпорын қарамағында қалған пайда есебінен жүргізуге рұқсат етеді. Қызметкерді шетелге іссапарға жіберген кезде шетелдік валютадағы іссапар шығындарын өтеудің тиісті нормаларын басшылыққа алу керек.

Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың жинақтамалы есебі 1251—«Қысқа мерзімді қызметкерлер борышы» шотында жүргізіледі. Шот активтік, дебеттік сальдосы есеп беретін субъектіге берешек сомасын көрсетеді. Шоттың дебеті бойынша өндіріп алынған артық шығыс сомасы мен шығыс касса ордері негізінде есеп беруге қайтадан берілген сомалар көрсетіледі. Кредиті бойынша аванстық есептемеге сәйкес пайдаланылған сомалар мен кіріс касса ордері бойынша пайдаланылмағандар ретінде көрсетілген сомалар көрсетіледі.

  • Шаруашылық шығындарына, операция мұқтаждықтарына, іссапарларға есеп беруге қолма-қол ақшалар берілгенде

Дт1251 Кт1010

  • Аударым жолымен есеп беруге сомалар берілді (ұшаққа билет сатып алу) Дт 1251 Кт 1040, 1050
  • Жол жүру билеттері сатып алынды және чекпен төленді
  • Дт 1251 Кт 1070
  • Есеп беретін тұлға сатып алған тауарлы материалдық құндылықтард кіріске алынды

    Дт 1310-1315, 1317, 1330 Кт 1250

  • Аванстық есептемелер тапсырылған бойда есеп беру сомаларын есептен шығару Дт 7210, 8048 Кт 1251
  • Есеп беретін сомаларын қайтару Дт 1420 Кт 1251
  • Жұмсалмаған есеп беру сомаларын  қайтару Дт 1010, 1020 Кт 1251
  • Жұмсалмаған есеп беру сомаларын жалақыдан ұстап қалу

 Дт 3350 Кт 1250

  • Есеп беретін тұлға алдындағы кәсіпорынның берешегі
  • Дт 1251 Кт 3390

 

ІІІ.«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің касса операциясын жүргізу тәртібі, және есебі

3.1.Кассадағы ақша қаражаттарын жүргізу тәртібі және есебі

 

«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің Тараз филиалы немесе бұрынғы суперфосфат зауыты облыстағы ірі кәсіпорынның бірі болып саналады.

2001 жылы зауыт «Казфосфат» ЖШС-тің  құрамына кірді. Осы уақытқа  дейін филиалдың өндіріс алаңдарында  аммофос, жемдік фторсызданған  фосфат, сульфо көмір өндіріс цехтары және автокөлік көмекші цехтары да консервацияда болды.

Бұл күнде «Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС-нің Тараз филиалының қызметі өндіріс қуатын және шығарылатын  өнімнің сапасын арттыра отырып оның ассортиментін ұлғайтуға, сонымен қатар өндіріс қалдықтарын азайтуға, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған. Техникалық және экономикалық жетік талдаудан кейін даму бағдарламасы көзделген.

Информация о работе Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру