Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 12:03, курсовая работа

Описание

Жаңа жүйеге ауысу шешімін қабылдай отырып, бұл жобаны іске асыру жұмысшыларының екі сатыда орындалатынын ескерген жөн. Бастапқы қаржылық есептілікті қысқа мерзім ішінде ХҚЕС немесе ҰҚЕС талаптарына сәйкестендіру мақсатымен есептік күнге құрылған баланстық жеке баптарын түрлендіру жолымен жүзеге асырылатын ауысу күшіне дайындау қажет. Ауысу жолы басында, мүмкін ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік туралы Заңның принциптеріне сәйкес өңделген есептік саясат бойынша адал да ұзаққа созылатын бухгалтерлік есеп жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе

І. Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру
1.1 Кассаның орны және есепке алуды ұйымдастыруға негізгі талаптар
1.2 Кәсіпорынның кассасындағы нақты ақшаның қозғалысы құжатпен
қамту
1.3 Кассадағы ақша қаражатын тексеру және түгендеу тәртібі

ІІ. Кассалық операциялар есебі
2.1 Кассадағы ұлтық валютадағы операция есебі
2.2 Кассадағы шетел валютасындағы операциялар есебі
2.3 Есеп беретін адамдармен есеп айырысу есебі


ІІІ.«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктігінің касса операциясын жүргізу
тәртібі, және есебі
3.1.Кассадағы ақша қаражаттарын жүргізу тәртібі және есебі
3.2«1С: Кәсіпорын» бағдарламасында кассадағы операциялары
бойынша құжаттарын рәсімдеу


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

касса.doc

— 206.50 Кб (Скачать документ)

Бұл бағдарламаның мақсаты –  ішкі және халықаралық нарық сұраныстарын, өніс сапасын арттыру, ассортиментін ұлғайту және өзіндік құныны төмендетуді қанағаттандыру.

Суперфосфат, аммофос өндірісі құрал-саймандары негізінде нитроаммофостың жаңа технологиялары енгізілген.

2003 жылы бес жылдық консервациядан  кейін жемдік фторсызданған фосфат өндірісі цехы пайдалануға берілді.

Цех құрал-саймандары негізінде жоғарғы  құнарлылықты пайдалы заттары баржемдік  фосфат алуда жаңа технология бойынша  өндіріс-тәжірибелік сынақтар жүргізген.

Жаңа қалдықсыз технологияның  арқасында міне, үш жыл бойы еш теңдесі жоқ суперфосфат алуда, соның арқасында ауаға зиянды заттардың шығарылуы төмендеген.

Өндіріс процесстерінің жетілдірілуіарқасында шығарылған өнімнің көлемі ұлғаюда. Өндірістің жобалық қуатының арқасында жылына 164 тоннааммофос, 80 мың тонна суперфосфат және 50 мың тонна нитроаммофос өндірілген

      «Казфосфат»  «Минералды тыңайтқыштар» жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктігінің нақты ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін арнайы  кассасы бар.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және де ақша төлеген адамға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне кәсіпорынның, ұйымның, субъектінің аты, ақша төлеуші адамның немесе субъектінің аты-жөні. Қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақша төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бухгалтердің қолдары қойылуы қажет.

Мысалы, «Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар»  ЖШС кәсіпорынның кассасына 2 мамырда  №112 кіріс кассалық ордерімен көрсетілген  қызмет үшін 20000 теңге қабылданды.

        Кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу ведомстары, сондай-ақ кәсіпорынның, ұйымның бас бухгалтері мен басшысының қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы басқа құжаттар бойынша беріледі.

         Осы кәсіпорынның  кассасынан 3 мамырда №334 шығыс кассалық  ордермен Кырықбаеваға есеп беруге 21300 теңге көлемінде төленген.

         Кассалық  кіріс ету және кассалық шығыс  ету ордерлерін немесе олардың  орнына жүретін құжаттарды кассаға бермес бұрын бухгалтерия қызметтер тіркеу журналына тіркеп жазады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы –қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу ведомостары қолданылады. Бұл ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отыруға тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді. Кассалық кітап беттері номерленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып куәландыру керек. Күн сайын кәсіпорынның, ұйымның касса қызметкері кассадағы нақты ақша қаражаттарының қалдығын жұмыс күнінің соңында санап және оның сомасын кассалық кітапқа жазады.

        1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша» және 1012 «Кассадағы шетел валютасы түріндегі нақты ақша» деп, аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялар есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордерінің ведомосында жүргізіледі.

     Тәжірибе өткен «Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар ЖШС 2011ж

10 мамыр 3945452 теңгеге кассалық  кіріс 1291486 теңгеге кассалық шығыс  операциялары жасалынған, кассаның  айдың басындағы қалдық сомасы 1050744 теңге болса, айдың соңындағы  қалдық сомасы 3704711 теңгені құраған.

     «Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС 2011 жылдың мамыр айында касса бойынша төмендегідей операциялар жүргізілген:

1. Көрсетілген қызмет үшін кассаға  төленді:

                    Дт 1210           Кт 1010          416493 тг

2. Кассадан есеп берушілерге төленді:

                    Дт 1250           Кт 1010          3205813тг

3. Есеп айырысу шотынан кассаға  алынды:

                    Дт 1010          Кт 1040          3500000тг

4. Персоналға еңбек ақы төленді:

                   Дт 3350          Кт 1010            3496228тг

 

    1. «1С: Кәсіпорын» бағдарламасында кассадағы  операциялары бойынша құжаттарын рәсімдеу

Кәсіпорынның ақша қаражаттары  кассада немесе банк шоттарында болады. Сомасы мен қозғалысы және әр елдің  валютасы бойынша  ақша қаражаттары  бөлек – бөлек сақталады. Жеке касса терезесі ашылатын «Ақша қаражаттары» анықтамасы қолданылады, бұл жерде теңге мен шет ел валютасы, сонымен қатар халықаралық және шет ел валюталарының банк шоттарының қозғалысын жүргізеді.Әр елдің валютасына жеке – жеке касса немесе банк шотынның анықтамасын ашуға болады.

1С: Кәсіпорын 7.7 бағдарламасындағы  банк операцияларының маңызды бөлігі болып төлемдерді қабылдау, қолма – қол ақшаны қабылдау  үкімі және банктік есптеу шотына тапсыру болып табылады. Бағдарламаға кіру үшін Құжаттың Басты мәзірі немесе Журнал арқылы кіруге болады. Төлемдерді қабылдау тетігін ашу үшін бухгалтерлік панелдегі пиктограммалардың көмегіне жүгінеміз.   Төлемдерді қабылдау автоматты түрде контрегенттің көмегі арқылы толтырылады, мысалы шот – фактура арқылы қабылдаудан алуға болады.Төлемдерді қабылдауда мына анықтамалар қолданылады: «Төлемдерді тағайындау коды» және «Бюджеттік классификация коды», Анықтама\Банк мәзіріндегі, төлемдер.Төлемдерді тағайындау кодында ақша қаражаттарынесептеу, мысалы, операцилық тауардың коды – 700, қызметі  – 800, зейнетақы жарнасын есептеу – 010, бюджетке салық төлеу – 910. Бюджеттік классификация кодында бюджетке бөлінетін салықтың атауын сипаттайды, бұл кодтар бюджеттік есеп беруде өте маңызды рөл атқарады. Салықтық есеп беруде есептеулер, яғни сомалары автоматты түрде өз орындарына қойылады.Бұл есептеуді анықтау үшін терезенің ең төменгі бөлігіне «Салықты есептеу» батырмасын қосамыз.  Шетелдердегі бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару “Аудару берілетін өтінішті” жазу арқылы рәсімделеді,ол төменде келтіріліп отыр.

    Валюта шоттары  бойынша операциялардың есебі 1050 – “Ел ішіндегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақша” және 1012 – “Шет елдердегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” – шоттарында жүргізіледі.

    Аталған және  басқа да құжаттардың негізінде  банк валюталық шотының бет  есебіне тиісті жазуын жазады,ал  оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.

 

БТА банкі Қазақстан                                                Күні 22.02.2011ж.

            банк штампы

                               №123 ВАЛЮТАЛЫҚ КІРІС ОРДЕРІ

«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС АҚ кәсіпорны                    №40 тобы

шоттың дебеті

шоттың кредиті

Валютаның қоды

Валютамен есептелген сомасы

Теңгемен есептелген сомасы

000060001

056070265

001

5012.00

38912,00

ЖИЫНТЫҒЫ,ТЕҢГЕ

38912,00

Мазмұны:Сатылған өнім үшін түскен түсімі

Қайдан қабылданды:”Саясат” АҚ

Жауапты орындаушы:          қолы

Бақылаушы                  қолы          Кассир                қолы     


 

                                                    Қорытынды

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі  барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайды. Сол уақыттардағы есеп айырысулардың барлығы ақшамен есеп айырысу арқылы жүреді. Ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізіліуді қажет етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүгізіліп отырады. Есеп айырысу операциясының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

● Ақшалар  арқылы есеп айырысу оепрацияларын толық, уақытылы және дер кезінде есептеу ;

● Кәсіпорындардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдалануын  бақылау;

● Есеп айырысу, төлеу  тәрітібін бақылау;

● Кәсіпорын ақшаларының  кіріске алынуы мен шығыс етілуін  дұрыс есептеу.

Ақшалар шоттарындағы тек ғана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Ақша бағаналары бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

Қолма-қол ақшаларды  қабылдау, сақтау жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. касса—бұл  қолма-қол ақшалар  мен өзге құндылықтарды  қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларының есебі ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.

«Кассалық операциялар есебі» тақырыбында жазылған курстық жұмыстың толық мақсатын ашу үшін мен келесі бөлімдерді қарастырдым : бірінші бөлім «Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру»,бұл бөлімде кассаның орны және есепке алуды ұйымдастыруға қойылған  негізгі талаптармен кәсіпорынның кассасындағы нақты ақшаның қозғалысы құжатпен қамту тәртібі және кассаны ревизиялау толық ашылды.Екінші бөлімде кассалық операциялар есебі,яғни кассадағы ұлтық валютадағы операция есебі,кассадағы шетел валютасындағы операциялар есебі және есеп беретін адамдармен есеп айырысу тәртібімен есебі қарстырылды.Үшінші бөлім нақты кәсіпорын бойынша кассалық операциялар есебі көрсетілді.Жалпы курстық жұмыс мақсатына жетті деп ойлаймын.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының  «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы.
  2. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары және ХҚЕС әдістемелік нұсқаулар.
  3. ХҚЕС бойынша бухгалтерлік есептегі шоттар жоспары.
  4. Қазақстан Республикасының Кодексі «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» (жыл сайын өзгертулермен және толықтырулармен)
  5. «Төлемдер және ақша  аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының заңы
  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
  7. Бухгалтерлік  есептің регистрлері және оларды толтыру бойынша нұсқаулар.
  8. Кеулімжаев К.К.  «Кәсіпорындағы қаржылық есеп» оқулық  Рахымбекова Р.М. Алматы. 2003 ж.
  9. Радостовец В.К. Радостовец Р.М. Шмидт О.И. «Бухгалтерлік есептің  теориясы және салалық ерекшеліктері» Алматы 2000ж.
  10. Радостовец В.К. Радостовец Р.М. Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2002ж
  11. Салина А.П. «Бухгалтерлік есептің принциптері» Алматы «Экономика» 2003ж
  12. Сейдахметова Ф.С. «Қазіргі бухгалтерлік есеп» оқу құралы. Алматы 2005 ж.
  13. Кәсіпорын жарғысы.
  14. Журналдар «Бухгалтер бюллетені»
  15. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.     «Қаржылық есеп» Алматы, Экономика, 2001ж.
  16. Сейдахметова Ф.С., «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп» Алматы: LEM баспасы 2008ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру