Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау

Автор работы: m*******@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 16:07, курсовая работа

Описание

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар кіреді.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы............................................................................................................3
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы....................................................................................................................6
1.1. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары.........................................................................................9
2.1. Объектілерді түгендеу жұмыстары
2.2. Қателерді түзету

ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау.....................................................................16
3.1. Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
3.2. Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері
3.3. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
3.4. Қаржылық есеп беру элементтері
3.5. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру
3.6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
3.7. Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба.
ІV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау......................................................................................................................27
4.1. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидалынған есеп беруі
4.2. Негізгі және тәуелді заңды тұлғалардың консолидалынған қаржылық есеп беруі
4.3. Бірлескен қызмет бойынша қатысулық үлесті қаржылық есеп беруде көрсетудің ерекшеліктері
4.4. Байланысқан тараптар туралы ақпараттарды ашу
Қорытынды................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Қаржылық есеп беру.doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар: 

  • Кіріспе............................................................................................................2
 

Қазақстан Республикасының  Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы............................................................................................................3

І. Қаржылық есеп берудің  сипаттамасы мен  маңызы....................................................................................................................6

1.1. Қаржылық  есеп берудің негізгі қағидалары

ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша  түгендеу және басқа  да дайындық жұмыстары.........................................................................................9

2.1. Объектілерді  түгендеу жұмыстары

2.2. Қателерді  түзету  
 

ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау.....................................................................16

3.1. Қаржылық  есеп беруді пайдаланушыларды  жіктеу

3.2. Стандарттар  және қаржылық есеп беруді  дайындау ережелері

3.3. Бухгалтерлік  есептің тұжырымдамалық негізі 

3.4. Қаржылық есеп беру элементтері

3.5. Қаржылық-шаруашылық  қызметі туралы есеп беру

3.6. Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы  есеп беру

3.7. Қаржылық  есеп беруге жасалған түсініктеме  жазба.

ІV. Консолидалынған  қаржылық есеп беруді жасау......................................................................................................................27

4.1. Негізгі  және еншілес заңды тұлғалардың  консолидалынған есеп беруі 

4.2. Негізгі  және тәуелді заңды тұлғалардың  консолидалынған қаржылық есеп  беруі

4.3. Бірлескен қызмет бойынша қатысулық үлесті қаржылық есеп беруде көрсетудің ерекшеліктері

4.4. Байланысқан  тараптар туралы ақпараттарды  ашу 

  • Қорытынды................................................................................................39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

 Менің  курстық жұмысымның тақырыбы  «Қаржылық есеп беру». Соған  сәйкес Қаржылық есеп беру  деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі  қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

 Қаржылық  есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына  заңды тұлғаның қаржылық жағдайы  туралы сенімді, мәнді және  пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар кіреді.

 Қаржылық  есеп беру заңдар мен принциптер  негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.

 Және  де бұл тақырыпқа сай мынадай  бөлімдер қарастырылады:

І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы

ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары

ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау

ІV. Консолидалынған  қаржылық есеп беруді жасау.

 Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін. Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды анықтау үшін қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп айтамыз.

 Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.

Есеп  беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.

                               3-тарау Қаржылық есептілік

 

13-бап. Қаржылық есептілік элементтері

1. Активтер, міндеттемелер және капитал қаржы  жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.

 Активтер  – дара кәсіпкер немесе ұйым  өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап  отырған, болашақта экономикалық  пайда алу күтілетін ресурстар.

 Міндеттеме  – дара кәсіпкердің немесе  ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

 Капитал  – дара кәсіпкердің немесе  ұйымның активтеріндегі барлық  міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан  кейінгі үлес.

2. Кірістер  мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.

 Кірістер  – есепті кезең ішінде активтердің  түсімі мен өсімі немесе міндеттемелердіңазаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

 Шығыстар  – есепті кезең ішінде активтердің  қолдан кетуі немесе азаюы  немесе міндеттемелердің пайда  болуы нысанында экономикалық  пайданың азаюы, олар капиталға  қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады. 

14-бап.  Қаржылық есептілік  элементтерін бағалау  және есепке алу 

1. Қаржылық  есептілік элементтерін бағалау  – аталған элементтер бухгалтерлің  есеп пен қаржылық есептілікте  танылатын және тіркелетін ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

2. Қаржылық  есептілік элементтерін есепке  алу әдістері және тану тәртібі халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді. 

15-бап.  Қаржылық есептілік

1. Қаржылық  есептілік дара кәсіпкердің немесе  ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпартты білдіреді.

2. Мемлекеттік  мекемелердің қаржылық есептілігін  қоспағанда қаржылық есептілік  мыналарды қамтиды:

  1. Бухгалтерлік баланс
  2. Пайда мен зияндар туралы есеп
  3. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
  4. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
  5. Түсіндірме жазба.

 Қаржылық есептілікті жасау тәртібі мен оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

3. Егер  ҚР-ның заңнамалық актілерінде  өзгеше көзделмесе, мемлекеттік  мекемелердің қаржылық есептілік  көлемін, оны жасау нысандары  мен тәртібін уәкілетті орган  белгілейді.

4. Қаржылық  есептілікке ұйымның басшысы,  бас бухгалтері және жеке кәсіпкер қол қояды. 

16-бап.  Қаржылық есептіліктің  халықаралық стандарттары

 Қаржылық  есептілікті жасауды ұйымдар  Қаржылық есептіліктің халықаралық  стандарттары комитеті Қорының  оларды ресми аударуға және  ҚР-да жариялауға жазбаша рұқсаты  бар ұйым мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жарияланған халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. 

17-бап.  Шоғырландырылған  қаржылық есептілік

 Еншілес  ұйымдары бар ұйымдар негізгі  ұйымның қызметі жөніндегі қаржылқ  есептіліктен басқа ҚР-ның бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға және ұсынуға міндетті. 

18-бап.  Есепті кезең

1.  Жылдық  қаржылық есептілік үшін есепті  кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды  қоса күнге күнтізбелік жыл  болып табылады.

2. Жаңадан  құрылған ұйым үшін бірінші  есепті жыл ол мемлекеттік  тіркеуден өткен кезден басталып  сол жылдың 31 желтоқсанын қоса  қамтиды. 

19-бап.  Қаржылық есептілікті  табыс ету

1. Ұйымдар:

  1. Құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға;
  2. ҚР-ның статистика органдарында тіркелу орны бойынша ҚР-ның мемлекеттік статистика органдарына;
  3. ҚР-ның мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретіне сәйкес қаржылық есептілікті ұсынады.

2. Қаржылық  есептілік ҚР-ның ұлттық валютасымен  көрсетіліп ұсынылады.

3. Ұйымдар  жылдық қаржылық есепбін есепті  кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.

4. 18-бапта көрсетілген мерзім шегінде құрылтайшылар аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін айқындауға және жылына бір реттен сирек болмайтын өзге кезеңділікті белгілеуге құқылы.

5. Шоғырландырылған  қаржылық есептілікті ұсыну осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

6. Жария  мүдделі ұйымдар жылдық қаржылық  есептілікті уәкілетті орган  бекіткен тізбеге, нысандарға  сәйкес мерзімді баспасөз басылымындарында жариялауға міндетті.

 Қаржылық  ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті  ҚР-ның заңдарында белгіленген  тәртіппен жариялайды.

7. ҚР-сы  Үкіметінің шешімі бойынша, жария  мүдделі ұйымдар үшін депозитарий  құрылуы мүмкін, бұл ұйымдар осы  депозитарийге уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық есептілікті өткізуге міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Қаржылық есеп берудің  сипаттамасы мен  маңызы

 Есеп  беру деп кәсіпорынның өткен  кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін  кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

 Қаржылық  есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына  заңды тұлғаның қаржылық жағдайы  туралы сенімді, мәнді және  пайдалы ақпараттарды беру болып  табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.

 Қаржылық  есеп беру басқарушы органдардың  жұмысын және субъектінің ресурстарын,  міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық қызметтерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Информация о работе Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау