Кредиторлық қарыздар айналымдылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 16:21, реферат

Описание

Кредиторлық қарыздар айналымдылығы

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 74.90 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

I-тарау  Қаржылық жоспарлаудың теориялық  аспектілері..................................4

1.1 Қаржылық  жоспарлаудың мәні, әдістері мен  қағидаттары...........................4

1.2 Қаржылық жоспарлаудың жүйесі...................................................................9

1.3 Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер................................14 

ІІ-тарау Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау..............16

2.1 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау................................................................16

2.2 Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау...........................................22

2.3 Қаржыны  жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі........................................28 

ІІІ-тарау Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары..................................................................................................................30

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары................................................................................................30

3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру.....................................................................32

Қорытынды......................................................................................................37

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................38 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                         

  
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Қаржылық  жоспарлау мен болжау бұл қаржы  механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына  жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің  барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы  қарқынын қамтамасыз етуге, халықты  әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық  заттай элементтері турасында, ақшамен  қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

     Қаржының  табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету  көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде  ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын  ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін  жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.

     Қаржылық  көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы  операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте  ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет  пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы  ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).

     Қаржылық  жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы  жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

     Қаржылық  жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға  жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау  басқарудың элементі ретінде қаржы  саясаты құралдарының бірі болып  табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік  туғызады.

     Қаржылық  жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің  қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің  сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық  қаржы жоспарына дейінгі қаржы  жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда  белгілі  бір  мерзімге   белгіленген  кірістер  мен  шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.  

І-тарау Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері

1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 

     Қаржылық  жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы  саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті  ақшаның көлемі мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды  үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

     Жоспарлау:

    1. экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
    2. қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
    3. тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

      Қаржылық  жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:

      а) автоматтық (өткен жылдың деректері  келесі жылға көшіріледі). Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне  көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым  әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

      ә) статистикалық (өткен жылдардың  шығыстарын қосып, өткен жылдардың  санына бөледі);

      б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).

     Нарықтық  экономика жағдайында жоспарлау  басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын  алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада  қаржы жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік  процестерге жасалынса, нарықтық экономикада  айырбас сферасына сүйенеді, бұл  сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді  өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.

     Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен  қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін  анықтаудың әдісі ретінде, бірақ  жоспарлаудың элементтері болатын  болжаудың қажеттігін анықтайды.

     Қаржылық  жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

     Қаржылық  жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды  функциясы болып табылады. Оны  мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың  жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

     Шаруашылықты  жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші  көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде  жүргізіледі.

     Қаржылық  болжау мемлекеттің мүмкін болатын  қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді (жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан  бұрын болады, қоғам дамуының белгілі  бір кезеңіне арналған қаржы саясатның  тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың  мақсаты болжанған кезеңдегі  қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың  көздерін және пайдалануды анықтау  болып табылады. Болжамдар қаржы  жүйесінің органдарына қаржы  жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқауларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін  белгілеуге мүмкіндік береді.

     Қаржылық  болжау әр түрлі әдістерді қолдануды  қажет етеді:

    • экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерін динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
    • корреляциялық регрессиялық талдау;
    • тікелей сараптамалық бағалау әдісі.

     Шаруашылық  жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен  бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық үйлестіруші рөлді  орындайды және қарды қызметінің субъектілеріне эконмикалық реттеушілер  арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы  мемлекеттік теттеуде және экономиканы  ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталды.

     Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында  батыс Еуропа және шығыс Азия елдерінің  тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік  бюджетті жасау жұмыстары қалыптасады.

     Индикативтік  жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі  басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең  және жан жақты сараптама жасау  арқылы әлеуметтік экономикалық дамудың  нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы  белгіленеді. Арналған индикативтік жоспардың  басты мақсаты экономикада бәсекелестікті арттыру.

     Индикативтік  жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты  болжанған дамуды қамтамасыз ету  үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын  анықтау.

     Индикативтік  қаржы жоспарларының мемлекеттік  секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің  басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға  экономикалық тетіктерді реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттрді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген  аморизацияны және басқаларды пайдалану  арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляяцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің  қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдарлың нормалары.

     Әлеуметтік  экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде  өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының  дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен  оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану  есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қарастыру  резервтері есебінен қаржы ресурстарын  көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. өндіріске қолда бар материалдық  ресурстарды таратуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару  аппаратын ұстау шығындырын қарастыруды  және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары  қарастырылады. Сөйтіп қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.

     Қаржылық  жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды  мына қағидаттарға негізделеді:

     Орталықтандарылған  және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің  үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларының  жасағанда екі негіздің (бастаудың) орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша  дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау  мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы  ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдардың нақтылы  жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін  іздестірудегі шығармашылық белсенділігін  дамытуға жәрдемдеседі.

Информация о работе Кредиторлық қарыздар айналымдылығы